Мемлекеттік жекешелік әріптестік туралы



Дата12.02.2020
өлшемі52 Kb.
#28803


Мемлекеттік жекешелік әріптестік туралы
Қоғамдық маңызды жобаларды іске асыруға бизнесті белсенді тарту мақсатында, 2015 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жекешелік әріптестік туралы» № 379-V Заңы қабылданды. Осы Заң мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің (одан әрі - МЖӘ) құқықтық шарттарын, оны жүзеге асыру тәселдерін айқындайды және МЖӘ жобасын дайындау және іске асыру үрдісінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, МЖӘ шарттарын жасасу, орындау және тоқтатуды реттейді.

Халықтың әлеуметтік және өзге де қызметтердің тұтынушылықтарын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда МЖӘ құралдарын пайдалану жуырда ғана басталды.

МЖӘ саласында жобаларды іске асыру кезінде құқықтық қатынастарды реттейтін бірініші заңнамалық акт 2006 жылы қабылданған «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңы болып табылады, ол жалғыз МЖӘ– келісім-шарт нысанын көздеген.

МЖӘ туралы Заңымен, келісім-шарт нысанына қосымша ретінде институциялық тәсілімен жобаларды іске асыру мүмкіндігі енгізілген. Олардың қаржыландыруы бизнестің өз қаражаты, мемлекеттік бюджеттің және ұлттық компаниялардың қаражаты есебінен жүргізе алады.

Осындай жобаларды іске асыруы стратегиялық объектілерді қоспаған, экономиканың барлық саласында жүзеге асыруға қабілетті.

МЖӘ қатысушылардың шеңбері айтарлықтай кеңейтілді. Инвесторлар, жеке және ұлттық компаниялар үшін мүмкіндіктер ашылды. Жергілікті атқарушы оргадардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеті артты, оның құзыретіне 8 миллиардов тенгеге дейін өңірлік жобаларды әзірлеу, сараптамасын жасау және іске асыру мәселелері берілді.

Сонымен бірге, жаңа субъектілерді тарту күтіледі, одан МЖӘ жобаларының тартымдылығы мен перспективалығын күшейтеді. Бизнес үшін тікелей жаңа және жеткілікті кең нарыз ашылады. Егер бұрын МЖӘ объектісі ретінде жылжымайтын мүлік қана қаралса, енді қазір ол әртүрлі технологиялар, инновациялар және интеллектуалдық меншік объектілері.

Мемлекет жекешелік секторға жобаны іске асырудың толық циклын, оның ішінде идеядан бастап, жобалау, қаржыландыру,оның одан кейінгі қызмет көрсеткенге дейін құру берді. Жаңашылдықты енгізгенге дейін мемлекет күрделі шығындарды және объектілерге қызмет көрсету бойынша сатып алуды жүзеге асырды, ал енді бастапқыда қызметтерді сатып алуды ғана көздеген сервистік модельге ауысуы мүмкін.

Әлеуметтік жобалардың тартымдылығын арттыру бойынша әрекетті шараның бірі тұтыну кепілі ретінде мемлекеттің қолдауы болып табылады, ол орташа мерзімді және ұзақ мерзімді негізінде әлеуметтік салада мемлекет тапсырысын орналастыруға мүмкіндік береді.

Меншігінде дайын объектілері бар (бала бақшасы, медмекеме, спорт клубы, мәдениет үйі) кәсіпкерлердің мүмкіндіктері де ескерілді. Иесі жобаның бастамасын жасауға, егер альтернативалық ұсыныс болмаған жағдайда, тікелей келіссөз негізінде конкурсты өткізбей, МЖӘ шарт жасасуға құқығы бар.

Қостанай облысында мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекет пен бизнестің әріптестігінің мысалы бар, мұнда кәсіпкер өз алаңында бала бақшаны салады, ал мемлекет осы объектіні күтіп-ұстау және қазмет көрсету шығындарын жабады, ал балалардың тамағы ата-ананың төлемі есебінен жүргізіледі.

Сонымен бірге,бизнес үшін аса қызығушылық танытатын инвестициялық шығындардың компенсация, сондай-ақ осы жоба шеңберінде жүргізілген тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша субсидиялау мүмкіндігі болып табылады. Салынған қаражатты қайтару кепілдігі ретінде, мемлекет бизнеске МЖӘ шарттың шегінде қабылданған міндеттердің секвестілеуден қорғанысты ұсынады және қызметтерді тұтыну кепілдігін береді.

Осы бағыттағы алдағы жұмыстарда белсенді қатысып жатқан жобаларға консультациялық ілеспе және концепциялардың тиісті сараптамасын өткізу, конкурстық құжаттаманы және шарттарды жасасу бойынша құзыреттілігі бар, өңірдегі мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша операторы ретінде «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (одан әрі - ӘКК) болып табылады.

ӘКК институциялық насында МЖӘ жобаларында қатыса алады, яғни жобаларды іске асыру үшін арнайы біріккен кәсіпорындарды құрады. Қолданыстағы функцияның бірі жобалардың бірге іске асыру және қауіпті бірдей бөлу түрінде екі жақ тараптары үшін аса тартымды ынтымақтастық нысаны болып табылады.

Жақын арада әріптестік жобаларды жоспарлау және іске асыруды реттейтін заңдық күші бар актілерді қабылдау күтіледі, онда МЖӘ іске асыру механизмі мен құралы нақты жазылатын болады.

Ағымдағы сәтте іске асырудың қарапайым тәртібі мынадай:

1) «бюджет компараторы» принципі бойынша ықтимал объектілерді айқындау, оның мағынасы өз өзін ақтайтын жобаларды анықтау, мемлекет бюджетін бір уақытта төмендету арқылы жеке инвестицияларды тарту қабілеттілігі кіреді;

2) қатысушылардың өзара әрекеттесудің оңтайлы сызбалары жасалып, іріктеледі;

3) ықтимал әріптестер конкурспен іріктеледі;

4) МЖӘ шарттары жасалады;

5) жобаның мониторингі және іске асыруы жүзеге асырылады, ол аяқталғаннан кейін келісімге қарай құрылған активтер мемлекетке немесе бизнеске беріледі.

МЖӘ іске асырылған жобалардың мысалы ретінде келесі жобалар болып табылады:

- энергетика саласында: «ЭӨЖ 500 ш. салу «Солтүстік Қазақстан – Актөбе облысы». Жобаның бастамашысы «МехЭнергоСтрой» ЖШС, «KEGOС» АҚ электр желілерін басқару бойынша қазақтснадық компаниясы» ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі болып шықты. Жекешелік әріптес – «Батыс - Транзит» АҚ. Жобаның құны – 190,0 млн. АҚШ доллары. Шарт мерзімі: 2005 – 2022 жылдары. Осы жобаны іске асыру нәтижесінде Ақтөбе облысының электр қуатының дефицитін жабу үшін кернеуі 220 және 500 квт., 487 км. электр өткізу желісі салынды;

- көлік саласында: «Станциялар «Шар – Өскемен» жаңа темір жол желісін салу және пайдалану» объектісі. Жобаның бастамашысы ҚР Көлік және коммуникация министрілігі болып шықты. Жекешелік әріптес – «Досжан Темір Жолы» АҚ. Жобаның құны 97,92 млн. АҚШ доллары. Шарт мерзімі: 2005 – 2028 жылдары. Осы жобаны іске асыру нәтижесінде Ресей Федерациясының аумағы бойынша транзитті өткізіп, «Станция «Шар – Өскемен» жаңа темір жол бағыты құрылды, жүкті жеткізу мерзімі 14 сағатқа қысқартылды.

МЖӘ жобаларын алға тарту бойынша жан-жақты, кешенді жұмысы қаланың дамуында көрінеді, жеке инвестициялардың ағымын көбейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Жеке инвестицияларды объектілердің құрылысына, жетелдеруге және техникалық қазмет көрсетуіне ынталандырса, халық үшін нақты нәтижелерін әкеледі. Бірақ ол үшін бизнестің және мемлекеттік органдардың тығыз өзара әрекеттесуі қажет.



МЖӘ дамыту мәселесі бойынша толық ақпаратты Қазақстан мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының сайтынан алуыңызға болады, олардың қызметі МЖӘ саласында инвестициялық жобаларды зерделеу, сараптамасын жасау және бағалау жүргізуге бейімделген: www.kzppp.kz

Қызығушылық танытқан жағдайда, Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөліміне электрондық адреске: otdpredkost@mail.ru хабарлауды сұраймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау