Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
48-бап. Стационарды алмастыратын көмек
1. Стационарды алмастыратын көмек - бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан
сегіз сағатқа дейін медициналық
бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті,
мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.
2. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
49-бап. Жедел медициналық көмек
1. Жедел медициналық көмек - денсаулыққа келетін елеулі зиянның алдын алу
немесе өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық
көмекті талап ететін
аурулар мен жай-күй туындаған кездегі медициналық көмек ұсыну нысаны.
2. Жедел медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау саласындағы заңнамасында белгілеген тәртіппен жедел медициналық көмектің
мамандандырылған ұйымдары мен қызметтері құрылады.
3. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
50-бап. Санитариялық авиация
1. Санитариялық авиация - пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда
медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы
салдарынан
медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек
ұсыну нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әртүрлі көлік
түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не
науқасты тиісті медициналық
ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
2. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
51-бап. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек
1.Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек - әлеуметтік, табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде апаттар медицинасы қызметінің
медициналық көмек көрсету нысаны.
2. Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек ұсыну тәртібін, оның түрлері
мен көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013
№ 121-V
Конституциялық
заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
52-бап. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту
1. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту туа біткен және жүре келе
пайда
болған аурулардан, сондай-ақ қатты, созылмалы аурулар және жарақаттар
салдарынан зардап шегетін азаматтарға көрсетіледі.
2. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымдарында,
сондай-ақ санаториялық-курорттық ұйымдарда жүргізіледі.
3. Азаматтарға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы
заңнамасында және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген
тәртіппен санаториялық-курорттық емделуге жолдамалар беріледі.
4. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды
медициналық оңалту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
53-бап. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі
1. Паллиативтік көмек аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы дауасыз
науқастарға мамандандырылған
құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда
(хоспистарда) немесе үйдегі стационар нысанында дәрігердің басшылығымен
көрсетіледі.
2. Мейірбике күтімі дәрігер бақылауы талап етілмейтін жағдайларда
мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (мейірбике
күтімі ауруханаларында) немесе үйдегі стационар нысанында жүзеге асырылады.
3. Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
54-бап. Дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік)
1. Дәстүрлі медицина әдістеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық
терапия, рефлекс-терапия, фитотерапия және табиғаттан алынатын құралдармен емдеу
жатады.
2. Медициналық білімі бар, тиісті лицензия алған адамдардың дәстүрлі медицина
саласындағы қызметке құқығы бар.
3. Халық медицинасы (емшілік) - халық жинақтаған емшілік құралдар туралы,
сондай-ақ емдеу және гигиена тәсілдері мен дағдылары және оларды денсаулықты
сақтау, аурулардың алдын алу мен оларды емдеу үшін
практикада қолдану туралы
эмпирикалық мәліметтердің жиынтығы.
4.
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10
N 36-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Жаппай емшілік сеанстарын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын
пайдалана отырып өткізуге тыйым салынады.
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10
N 36-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
55-бап. Зертханалық диагностика
1. Зертханалық диагностика - ауырудың (жай-күйдің) болу немесе болмау
фактісін пациенттен алынған биоматериалдарды зертханалық зерттеу жолымен анықтауға
бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені.
2. Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының
және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені,
сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
56-бап. Патологиялық-анатомиялық диагностика
1. Патологиялық-анатомиялық диагностика патологиялық-анатомиялық ашып қарау
барысында мәйіттің тіндері
мен ағзаларындағы, сондай-ақ науқастың хирургиялық
операция және (немесе) биопсия жолымен алынған ағзаларындағы (ағзаларының
фрагменттеріндегі) және тіндеріндегі өзгерістердің жиынтығын талдау арқылы диагноз
қою мақсатында жүргізіледі және ол тікелей тексеріп-қараудың (макроскопиялық
зерттеулердің), үлкейткіш аспаптарды (микроскопиялық зерттеулер), өзге де
технологияларды пайдалану арқылы зерттеулердің нәтижелеріне, сондай-ақ клиникалық-
анатомиялық салыстыруларға негізделеді.