саны (шекті көлемі) шеңберінде - алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының
немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, төтенше айғақтары бойынша жолдаманың
болу-болмауына қарамастан берілетін стационарлық медициналық көмек;
4) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық
ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаттары
үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі кіреді.
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік
заттармен қамтамасыз ету:
1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде -
медициналық ұйымдар бекіткен және белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен
келісілген дәрілік формулярларға сәйкес;
2) амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде - белгілі бір аурулары
(жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті
қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар мен бейімделген емдік
өнімдер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі
қызметтер берушіні таңдауды және оның шығындарын өтеуді тиісті бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен
жүзеге асырады.
5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі
шарттарды жасасуда артықшылықты құқыққа денсаулық сақтаудың аккредиттелген ұйымдары
ие болады.
Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.28
№ 22-V
(2012.07.01 бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
35-бап. Ақылы медициналық қызметтер алудың негіздері мен
тәртібі
1. Ақылы медициналық қызметтерді мемлекеттік және жекеше медициналық ұйымдар,
аурудың бейіні және медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы сәйкес келгенде
жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді.
2. Ақылы медициналық қызметтер:
1) пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-
санитариялық көмек мамандарының және денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз
алғашқы медициналық-санитариялық көмек, дианостикалық және емдік қызметтер көрсету;
2) дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;
3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне
кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу;
4) тиісті жолдамасыз санаториялық емдеу;
5) медициналық айғақтарсыз медициналық-генетикалық зерттеулер жүргізу;
6) азаматтарды жұмысқа кіру және оқуға түсу үшін медициналық зерттеп-қарау;
7) ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті сақтандыру бойынша медициналық
көмек көрсету;
8) қосымша сервистік қызметтер ұсыну;
9) осы Кодекстің 87-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде
ұсынылады.
3. Ақылы медициналық қызметтер пациент пен осы көрсетілетін қызметтерді
ұсынатын денсаулық сақтау субъектісінің арасында жасалатын шарт негізінде
көрсетіледі.
Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарт мынадай негізгі
талаптарды:
1) медициналық көмектің түрлері мен көлемін;
2) медициналық көмек көрсету мерзімдерін;
3) медициналық және медициналық емес қызметтерге арналған тарифтерді және
оларды төлеу тәртібін;
4) тараптардың құқықтары мен міндеттерін;
5) шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу және оның қолданылуын тоқтату
тәртібін;
6) тараптардың шарт міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны
үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті белгілеуін қамтуға тиіс.
4. Ақылы қызметтер көрсетудің түрлері мен олардың баға прейскуранты
мемлекеттік, жекеше медициналық ұйымдардағы және жекеше медициналық практикамен
айналысатын жеке тұлғалардағы көрнекі ақпарат арқылы халықтың назарына жеткізіледі.
5. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің бағасы
медициналық, сервистік қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығын түрлерін және
өзге де қосымша шығыстарды ескере отырып айқындалады және ол жарты жылда бір реттен
аспайтын жиілікпен қайта қаралуы мүмкін.
Ақылы қызметтер көрсетудің бағасы тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемі үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгілейтін осыған ұқсас
медициналық қызмет тарифінен төмендетілмей белгіленеді.
6. Азаматтарға ақылы қызметтер көрсеткен кезде есепке алу және есеп
құжаттамасын жүргізу уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша жүзеге асырылады.
7. Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар өтініш жасаған кезден бастап оларға ақылы
медициналық қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуі үшін Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
8. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің тәртібі мен
шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3-БӨЛІМ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
10-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
36-бап. Медициналық қызметтің мазмұны
Медициналық қызмет жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке
тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды
тұлғалардың кәсіптік қызметін қамтиды.
37-бап. Медициналық қызметтің түрлері
Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің мынадай түрлері:
1) медициналық көмек;
2) зертханалық диагностика;
3) патологиялық-анатомиялық диагностика;
4) қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет;
6) қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет;
7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі мен ғылыми қызмет;
8) денсаулық сақтау саласындағы сараптама;
9) осы Кодексте тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жүзеге асырылады.
11-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК
38-бап. Медициналық көмектің түрлері
Медициналық көмектің негізгі түрлері:
1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
2) білікті медициналық көмек;
3) мамандандырылған медициналық көмек;
Достарыңызбен бөлісу: |