Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет18/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58

 
      2. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық 
негізі халықаралық шарттар мен келісімдер болып табылады.
 
   ЕРЕКШЕ БӨЛІМ 
   2-БӨЛІМ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
   9-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
      31-бап. Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы
 
      1. Денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау 
секторларынан тұрады.
 
      2. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы 
мемлекеттік органдардан, мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау 
ұйымдарынан тұрады.
 
      3. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы жеке меншік құқығына негізделген 
денсаулық сақтау ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және 
фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан тұрады.
 
      Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторында емдеуге тыйым салынатын аурулар 
тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
 
      32-бап. Денсаулық сақтау субъектілері
 
      1. Денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және 
фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілері 
болып табылады.
 
      2. Денсаулық сақтау жүйесінде мынадай денсаулық сақтау ұйымдары:
 
      1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар;
 
      2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;
 
      3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары;
 
      4) апаттар медицинасы ұйымдары;
 
      5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары;
 
      6) паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін ұйымдар;
 
      7) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
 
      8) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге 
асыратын ұйымдар;
 
      9) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
 
      10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті 
жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
 
      11) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
 
      12) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары;
 
      13) салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы 
қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
 
      14) АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық 
сақтау ұйымдары;
 
      14-1) спорттық медицина ұйымдары;
 
      15) ұлттық холдингтер жұмыс істейді.
 
      3. Уәкілетті орган:
 
      1) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын және олардың 
қызметі туралы ережелерді;
 
      2) денсаулық сақтау қызметкерлерінің медициналық және 
фармацевтикалық мамандықтары мен лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік 
сипаттамаларын;
 
      3) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын, үлгілік штаты мен штат 
нормативтерін; 
 
      4) денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл тәртібін әзірлейді және 
бекітеді.
 


 
      4. Жеке тұлғалардың осы мамандық бойынша маман сертификаты, кемінде бес жыл 
жұмыс стажы және тиісті лицензиясы болған ретте жекеше медициналық практикамен 
айналысуға құқығы бар.
 
      
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 
N 15-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      33-бап. Медициналық көмекті ұйымдастыру
 
      1. Медициналық көмекті ұйымдастыруды уәкілетті орган, облыстың, республикалық 
маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың 
жергілікті органдары, медициналық көмек көрсетуді денсаулық сақтау субъектілері осы 
Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
 
      2. Денсаулық сақтау субъектілері:
 
      1) лицензияға сәйкес сапалы медициналық көмектің көрсетілуін;
 
      2) уәкілетті орган рұқсат берген диагностиканың, профилактика мен емдеу 
әдістерінің, сондай-ақ дәрілік заттардың қолданылуын;
 
      3) төтенше жағдайлар, әскери жанжалдар мен терроризм актілері жағдайларындағы 
жұмысқа дайындықты;
 
      4) айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың, сондай-ақ кәсіптік аурулардың 
алдын алу, оларды диагностикалау мен емдеу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін;
 
      5) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел 
және дәйекті ақпарат берілуін;
 
      6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы 
нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын;
 
      7) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және өз 
қызметіндегі сабақтастықты;
 
      8) салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтанудың қалыптастырылуын;
 
      9) уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер, көлем, тәртіп пен мерзімдер 
бойынша алғашқы медициналық құжаттардың жүргізілуін, есептердің табыс етілуін;
 
      10) инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауіп төндіретін 
психикалық және мінез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы - уәкілетті 
органға, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының пайда болу 
қатері және (немесе) пайда болуы туралы - төтенше жағдайлар жөніндегі органдарға, 
жаңа алған жарақаттар, жаралар, криминалдық түсіктер бойынша келіп көрінген адамдар 
туралы мәліметтерді, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың жағдайлары туралы 
ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге міндетті.
 
      Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 
№ 258-IV
, 2010.04.08 
№ 
266-IV
 Заңдарымен.
 
      34-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
 
               көлемі
 
      1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан 
Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және 
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес, барынша дәлелденген 
тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер 
көрсетуді қамтиды.
 
      2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне:
 
      1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
 
      2) мыналарды:
 
      алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
 
      алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың 
жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-
емханалық көмек;
 
      3) уәкілетті орган айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау