Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет23/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58

 
қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызметке шақырылған кезде немесе 
есепке алу мақсатында запастағы азаматтарды медициналық куәландыру кезiнде;
 
      2) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметке кiретiн 
азаматтарға психологиялық-физиологиялық iрiктеудi жүзеге асыру кезiнде;
 
      3) әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық 
қорғау органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткерген әскери қызметшiлердiң, арнаулы 
мемлекеттік органдар қызметкерлерінің немесе азаматтардың мертiгуiнiң, ауруының 
себептi байланыстарын айқындау кезiнде;
 
      4) азаматтар әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау 
органдарындағы қызметтен босатылған кезде олардың денсаулық жағдайы бойынша әскери 
қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке 
жарамдылық санатын айқындау кезiнде;
 
      5) әскери қызметшiлердiң, әскери мiндеттiлердiң, қызметкерлердiң әскери 
қызмет (әскери жиындар) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы 
қызметі кезеңiнде не әскери қызметтен (әскери жиындардан) немесе арнаулы 
мемлекеттік органдардағы, құқық қорғау органдарындағы әскери қызметтен (жиындардан) 
босатылғаннан кейiн әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік 
және құқық қорғау органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткеру кезеңiнде мертiгуі, 
ауруы салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының) себептi байланыстарын айқындау 
кезiнде жүргiзiледi.
 
      3. Әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары Қазақстан Республикасының Қарулы 
Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік 
органдарда және iшкi iстер органдарында әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзедi.
 
      Арнаулы мемлекеттік органдар үшін әскери-дәрiгерлiк сараптаманы ұлттық 
қауiпсiздiк органдарының әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары жүргiзедi.
 
      4. Денсаулық жағдайының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа 
да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, iшкi 
iстер және мемлекеттiк авиация органдарындағы қызметке сәйкестігіне қойылатын 
талаптарды қорғаныс, iшкi iстер саласындағы орталық атқарушы органдар және ұлттық 
қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы орталық мемлекеттiк орган уәкiлеттi 
органмен келiсiм бойынша бекiтедi.
 
      
Ескерту. 60-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 
N 553-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      61-бап. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және
 
               сот-наркологиялық сараптамалар
 
      1. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамаларды 
тағайындау мен жүргізудің процесстік тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс 
жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, 
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген.
 
      2. Көрсетілген сот сараптамасы түрлерін ұйымдастырудың және сот-сараптама 
зерттеулерін жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі 
туралы заңнамасында белгіленген.
 
      62-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама
 
      1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама - физикалық факторлардың ағзалық-
лептикалық, санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, 
вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, 
токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулерінің және 
басқа да зерттеулер мен сынаулардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімдердің, 
жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызмет 
объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы 
нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін бағалау 


 
мақсатында жобаларды сараптау.
 
      2. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық 
қызмет органдары мен ұйымдары санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, кеден 
органдарының лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары және жеке және 
заңды тұлғалардың өтініштері бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өз 
құзыреттері шегінде жүргізеді.
 
      3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жобалардың сараптамасы бөлігінде 
- мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары, санитариялық-
эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігінде мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргізеді.
 
      4. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер санитариялық-
эпидемиологиялық сараптаманың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, 
токсикологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық, 
эпидемиологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық 
зертханалық зерттеулер, тамақ өнімдерінің энергетикалық және биологиялық 
құндылығына зерттеулер, шуылды, дірілді, электр-магниттік өрістерді және физикалық 
факторларды өлшеуді жүргізуге, радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық 
зерттеулер жүргізуге байланысты бөлігі болып табылады.
 
      5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін олар қаржыландыруды қамтамасыз етеді және 
қажетті құжаттаманы табыс етеді.
 
      6. Жарамсыз тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаты болған жағдайларда 
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілмейді.
 
      7. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама не ғылыми сараптама нәтижелері 
бойынша адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін әлеуетті қауіпті деп 
танылған химиялық және биологиялық заттарды Қазақстан Республикасында қолдануға 
тыйым салынады. Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті 
химиялық, биологиялық заттар тіркелімі мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануға 
жатады.
 
      8. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер, 
бақылаудың өзге де нысандары және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама 
нәтижелерiнiң негiзiнде:
 
      1) атом энергетикасы мен өнеркәсібі, ғарыш қызметі және жер қойнауын 
пайдалану объектілерін, қоршаған ортаға химиялық және биологиялық заттардың 
шығарындылары, физикалық факторлары бар объектілерді, экологиялық зілзала 
аймақтарындағы объектілерді және баламасы жоқ, жаңа технологиялық процесстері бар 
объектілерді орналастыруға, реконструкциялауға және кеңейтуге;
 
      2) өндірістік күштерді орналастыруға, қалалар мен ауылдық елді мекендер, 
курорттық аймақтар құрылысының бас жоспарларына, өнеркәсіптік және азаматтық 
мақсаттағы объектілердің техникалық-экономикалық негіздемелеріне, құрылысы мен 
реконструкциялау жобаларына;
 
      3) болжамды құрылыстың немесе функционалдық бейінін (мақсатын) ауыстыра 
отырып, реконструкциялануға жататын объектінің учаскесіндегі санитариялық-
эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарға;
 
      4) қоршаған ортаға ластаушы заттардың және физикалық факторлардың жол беруге 
болатын шекті шығарындылары мен жол беруге болатын шекті төгінділері, санитариялық 
қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары, геологиялық зерттеулер, 
технологиялар бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобаларға және басқа 
да нормативтік құжаттамаға;
 
      5) шикізатқа, тамақ өнімдеріне, тауарларға, бұйымдарға, заттарға, тетіктерге, 
машиналарға, жабдыққа, құрылыс материалдарына арналған нормативтік құжаттардың 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау