Өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері



жүктеу 2,12 Mb.
бет1/12
Дата25.05.2018
өлшемі2,12 Mb.
#17622
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




Өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын

тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері


  1. Жалпы ережелер




  1. Осы Өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
    29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне, «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесін, міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12389 болып тіркелген) сәйкес әзiрлендi.

  2. Критерийлер объективті және субъективті критерийлер арқылы жинақталады.


2. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері
3. Объективті критерийлер тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелері (жоғары және жоғарыға жатқызылмаған (болмашы) бойынша бөлу мақсатында әзірленді.

4. Жоғары тәуекел дәрежесіне мынадай объектілер жатады:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы объектілері;

2) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының объектілері;

3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы орталық аппаратының, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) объектілері;

4) Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ғимараты;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің объектілері;

6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, «Сырбар» Қазақстан Республикасының сыртқы барлау қызметінің объектілері;

7) жарылыс-өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша «А», «Б» және «В1»-«В4» санаттарындағы өндiрiстері бар өнеркәсiп кәсіпорындары;

8) гидроэлектр станциялары – қуаттылығы 250 және одан астам Мегаватт;

9) жылу электр станциялары;

10) газ турбиналық электр станциялары;

11) электрлік кіші станциялары;

12) қазандықтар;

13) мұнай базалары мен мұнай өнiмдерiнің қоймалары;

14) газ қоймалары мен газгольдер станциялары;

15) оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды сақтау, жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу объектiлерi;

16) құрылыстарының жалпы ауданы 2500 шаршы метрден астам жарылыс-өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша «А», «Б» және «В1»-«В4» ғимараттары мен үй-жайлардың санаты бар объектілер, ауданы 2500 шаршы метрден астам газ баллондарын, ағаш материалдарын, көмірді, ірі азықтарды, өзге де жанғыш материалдар мен өнімдерді сақтауға арналған ашық түрдегі қоймалар;

17) элеваторлар (астық қабылдау және жинау, өндірістік, базистік, қайта тиейтін және порттық элеваторлар);


  1. құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден астам ауыл шаруашылығы объектілері, мал шаруашылығы объектiлерi мен құс фабрикалары;

19) білім беру объектілері;

20) бiр мезгілде 200 және одан астам адам болатын мәдени-көрсетілімді, дiни ғибадат объектілері;

21) бiр мезгілде 200 және одан астам адам болатын спорт және дене шынықтыру-сауықтыру кешендерi;

22) әлеуметтiк сала объектiлерi (қарттар мен мүгедектер үйлерi, балалар үйлерi, интернат үйлерi, психоневрологиялық орталықтар және басқалары);

23) ауданына қарамастан - бiр мезгілде 100 және одан астам адам болатын демалыс үйлері және аймақтары, туристік базалар, балалардың жазғы сауықтыру лагерьлері (шатырлы қалашықтардан басқа);

24) ауданына қарамастан - стационарлық көмек көрсететін, құрылыстарының жалпы ауданы 1000 шаршы метр және одан астам - амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері;


25) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр - фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар;

26) мұрағаттар;

27) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр - сауда объектілері мен
ойын-сауық кешендері;

28) әуежайлар, теміржол және автомобиль вокзалдары (станциялар), теңіз порттары, метрополитендер;

29) автомобильдік техника саны 100 және одан астам бiрлiк – автокәсiпорындар, автотұрақтар (паркингтер);

30) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр - көлiкке қызмет көрсету объектiлерi (автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары мен бекеттері);

31) автожанармайқұю станциялары;

32) сыйымдылығы 100 және одан астам адам - жатақханалар мен қонақ үйлер;

33) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр - тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдары;

34) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр (уақытша жазғы алаңшалардың ауданын ескермегенде) - қоғамдық тамақтандыру ұйымдары;

35) биіктігі 28 метрден жоғары көп пәтерлі тұрғын үйлер;

36) жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр, сондай-ақ ауданына қарамастан биiктiгi


28 метрден астам - әкiмшiлiк ғимараттар мен көп салалы кешендер;

37) шаруашылық ауыз су және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдары;

38) объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі;

39) орман шаруашылығы мекемелері.

5. Тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандарға (болмашы) мына объектілер жатады:


  1. «Г» және «Д» өндірістік санаттары бар өнеркәсiп кәсіпорындары;

  2. қуаттылығы 250 Мегаваттан кем гидроэлектр станциялары;

  3. жел электростанциялары;

  4. құрылыстарының жалпы ауданы 2500 шаршы метрден кем жарылыс-өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша ғимараттар мен үй-жайлардың санаттары «А», «Б» және «В1»-«В4», объектілер, ауданы 2500 шаршы метрден кем газ баллондарын, ағаш материалдарын, көмірді, ірі азықтарды, өзге де жанғыш материалдар мен өнімдерді сақтауға арналған ашық түрдегі қоймалар;

  5. құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем ауыл шаруашылығы объектілері, мал шаруашылығы объектiлерi мен құс фабрикалары;

  6. бiр мезгілде 200- ден кем адам болатын мәдени-көрсетілімді, дiни ғибадат объектілері;

  7. құрылыстарының жалпы ауданы 1000 шаршы метрден кем амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері;

  8. бiр мезгілде 100-ден кем адамның болуы көзделген демалыс үйлері және аймақтары, туристік базалар;

  9. бiр мезгілде 200-ден кем адам болатын спорт және дене шынықтыру-сауықтыру кешендерi;

  10. құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдары;

  11. құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем (уақытша жазғы алаңшалардың ауданын ескермегенде) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары;

  12. сыйымдылығы 100 адамнан кем жатақханалар мен қонақ үйлер;

  13. биіктігі 28 метрден кем көп пәтерлі тұрғын үйлер;

  14. байланыс кәсіпорындары;

  15. құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар;

  16. құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем сауда объектілері мен ойын-сауық кешендері;

  17. жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем әкiмшiлiк ғимараттар мен көп салалы кешендер;

  18. құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем автокөлiкке қызмет көрсету объектiлерi (автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары мен бекеттері);

  19. ретрансляциялау және телерадио мұнаралары;

  20. өзен порттары;

  21. техника саны 100 бiрлiктен кем автокәсiпорындар, автотұрақтар (паркингтер);

  22. тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдердің клубтары;

  23. ауданы мен учаскелердің санына қарамастан саяжай және бау-бақша қауымдастықтары;

  24. аэродромдар.

6. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған, тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты жартыжылдық кесте негізінде тексеру жүргізудің ерекше тәртібі қолданылады.

7. Ерекше тәртіппен жүргізілетін жоғары тәуекел дәрежесіндегі объектілерге (субъектілерге) қатысты тексеру жүргізудің мерзімділігі, күнтізбелік жылда бір реттен жиі еместі құрайды, яғни жоспарланған жылдың қаңтар мен желтоқсан айлары аралығындағы кез келген кезеңде.

8. Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінде осы Критерийлердің 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген объектілер тамыз бен қыркүйек аралығындағы кезеңде, осы Критерийлердің 4-тармағының
19) тармақшасындағы объектілер ақпан мен мамыр аралығындағы кезеңде, осы Критерийлердің 4-тармағының 23) және 39) тармақшаларындағы объектілер сәуір мен мамыр аралығындағы кезеңде, осы Критерийлердің
4-тармағының 22) тармақшасындағы объектілер шілде мен тамыз аралығындағы кезеңде, осы Критерийлердің 4-тармағының 8), 9), 10), 12) тармақшаларындағы объектілер шілде мен тамыз аралығындағы кезеңде, осы Критерийлердің 4-тармағының 24) тармақшасындағы объектілер қазан мен қараша аралығындағы кезеңде тексеріледі.

3. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері
9. Субъективті критерийлер тексеру жүргізудің ерекше тәртібінен босату түрінде тексерілетін адал субъектілерді көтермелеу принципін іске асыру мақсатында әзірленді.

10. Субъективті критерийлер тексеру парақтарында аталған өрт қауіпсіздігі талаптарының негізінде әзірленді, олар өрескел, елеулі және болмашы болып үш дәрежеге бөлінген.

Өрескел бұзушылықтар – өрттің шығу, оның таралу, өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсер ету жағдайларын болдырмауға бағытталған өрт қауіпсіздігі талаптары, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысының мәселелерін, электр желілері мен электр жабдығын қауіпсіз пайдалану, эвакуациялау жолдарының болуын және олардың жай-күйін регламенттейтін талаптар.

Едәуір бұзушылықтар – өрттің шығуынан сақтандыру мен алдын алуға және оны ойдағыдай сөндіруге жағдай жасауға бағытталған өрт қауіпсіздігі талаптары.

Болмашы бұзушылықтар – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық мәселелерін регламенттейтін өрт қауіпсіздігі талаптары.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел, елеулі және болмашыға бөлу осы Критерийлерге қосымшада келтірілген.

11. Тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде өрт қауіпсіздігінің орындалмаған талаптарының үлес салмағы айқындалады.

12. Өрескел дәрежедегі өрт қауіпсіздігінің бір орындалмаған талабы 100 көрсеткішіне теңеледі.

Егер өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіші есепке алынады.

13. Өрт қауіпсіздігі талаптарының елеулі бұзушылықтарының көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

ΣРз = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7

мұнда:


ΣРз – өрт қауіпсіздігі талаптарын елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

ΣР1 – тексерілетін субъектіні (объектіні) тексеруге ұсынылған өрт қауіпсіздігінің елеулі талаптарының жалпы саны;

ΣР2 – өрт қауіпсіздігінің бұзылған елеулі талаптарының саны.

14. Өрт қауіпсіздігі талаптарының болмашы бұзушылықтарының көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формуламен есептеледі:

ΣРн = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,3

мұнда:


ΣРн – өрт қауіпсіздігі талаптарын болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

ΣР1 – тексерілетін субъектіні (объектіні) тексеруге ұсынылған өрт қауіпсіздігінің болмашы талаптарының жалпы саны;

ΣР2 - өрт қауіпсіздігінің бұзылған болмашы талаптарының саны.

15. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ΣР) 0 ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және көрсеткіштерді қосындылау жолымен мына формула бойынша айқындалады:

ΣР = ΣРз + ΣРн

мұнда:


ΣР- тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

ΣРз – өрт қауіпсіздігі талаптарын елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

ΣРн - өрт қауіпсіздігі талаптарын болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

16. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесінде тексерілетін субъект (объект):



  1. 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде осы Критерийлердің 7-тармағында белгіленген мерзімділігіне сәйкес жоспарланған тексерулерді жүргізудің келесі ерекше тәртібінен босатылады.

2) 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде тексеру жүргізудің ерекше тәртібінен босатылмайды.

17. Субектіні (объектіні) тексеру Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің


2017 жылғы 20 маусымдағы № 246 мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2017 жылғы
2 мамырдағы № 307 «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрыққа (бұдан әрі - бірлескен бұйрық)
3-қосымшада келтірілген өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау аясындағы тексеру парағы бойынша және объектіні санатына, мақсатына және қызмет түріне байланысты осы бірлескен бұйрыққа 4-ден бастап
23-ге дейінгі қосымшаларда келтірілген тиісті тексеру парақтары бойынша жүргізіледі.

Егер тексерілетін субъект (объект) екі немесе одан да көп тексеру парақтарымен тексерілсе, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде тексеруде қолданылған тексеру парақтарында көрсетілген барлық өрт қауіпсіздігі талаптары ескеріледі.

18. Тексерулер жүргізудің келесі ерекше тәртібінен босатылған, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтары бар, 60-қа дейін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін алған тексерілетін субъект (объект) кемшіліктерді жою мерзімінің аяқталуы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның орындалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс тексеріледі.

Егер өрт қауіпсіздігі талаптарының анықталған бұзушылықтары жойылмаса, тексерілетін субъект (объект) тексерулер жүргізудің келесі ерекше тәртібінен босатылмайды.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы

тексерулер жүргізудің ерекше

тәртібі үшін қолданылатын тәуекел

дәрежесін бағалау критерийлеріне

қосымша

Өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтарын

өрескел, елеулі, болмашы дәрежелерге бөлу


Р/с




Өрт қауіпсіздігі талаптарының атаулары

(ауырлық дәрежесі көрсетілген талапты сақтамаған кезде белгіленеді)

Бұзушылықтар дәрежесі

  1. Ұйымдастыру іс-шараларына қойылатын талаптар

1

Олардың өрт қауіптілігіне тиісті, өртке қарсы режимді белгілейтін бұйрықтың немесе нұсқаулықтың болуы

болмашы

2

Әрбір обьектіге, әрбір жарылыс қаупі бар және өрт қауіпті учаскеге (шеберханаға, цехқа) өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтың болуы.

болмашы

3

Өрт болған жағдайда адамдарды эвакуациялау жоспарларының болуы

болмашы

4

Жекелеген жұмыс учаскелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың болуы

болмашы

5

Жұмыскерлерге өртке қарсы нұсқамадан және өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша кейінгі оқудан өткеннен кейін ғана жұмыс істеуге рұқсат беру

болмашы

6

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің болуы

өрескел

  1. Аумақтарды ұстауға қойылатын талаптар

7

Өрт сөндіру автомобильдерінің ғимараттарға, құрылыстарға, технологиялық қондырғыларға өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне өту жолдарының болуы

едәуір

8

Ғимараттар мен құрылыстар, көлік тұрағы және ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы (қондырғысы) арасындағы өртке қарсы арақашықтықтарды материалдармен және жабдықтармен үйіп тастауға жол бермеу

едәуір

9

Өртке қарсы ара қашықтықтың болуы

өрескел

10

Ғимараттар мен құрылыстарға 50 метрден кем қашықтықта қалдықтарды және қаптарды жағу, от жағуға жол бермеу


едәуір

11

Аумақты ұстау (жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстан, түскен ағаш жапырақтарынан, жанғыш қоқыстан және басқа да жанғыш материалдардан уақтылы тазарту).

едәуір

12

Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің техникалық жай-күйіне, оларды пайдалануға қойылатын талаптарды сақтау (өрт сөндіру гидранттарын жылына кемінде екі рет тексеру, қысқы уақытта қар мен мұздан тазарту және оларды жылы ұстау)

едәуір

13

Өртке қарсы сумен жабдықтау көздері орналасқан орындарды өрт қауіпсіздігі белгілерімен және көрсеткіштерімен қамтамасыз ету

едәуір

14

Ұйымның аумағында түнгі уақытта өрт гидранттарын, сыртқы өрт сатыларын, өрт сөндіру мүкәммалдарының орналасқан жерлерін, сондай-ақ өрт сөндіру су айдындарына өту жолдарын, ғимараттар мен құрылыстарға кіру жолдарын жылдам табу үшін сыртқы жарық беру құралдарының болуы

едәуір

15

Қоймалар мен базалар, астық қабылдау пункттері, сауда, жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды өндіру, қайта өңдеу және сақтау кәсіпорындары, жарылғыш заттар өндірістері, өрт-жарылыс қауіпті және өрт қауіпті учаскелер аумағында, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерлерде ашық отты пайдалануға және темекі шегуге тыйым салу.

Көрсетілген ұйымдар аумағында «Темекі шегуге және ашық отты пайдалануға тыйым салынады» деген өрт қауіпсіздігі белгілерін орналастыру. Темекі шегу үшін арнайы белгіленген орындарды «Темекі шегуге арналған орын» деген өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгілеу

едәуір

16

Орман өрті кезінде ғамараттарға және құрылыстарға оттың тарау мүмкіндігін болдырмайтын іс-шараларды орындау және дайындау (өртке қарсы қорғаныс жолақтарын жасау, екпе ағаштарды отырғызу, жазғы маусымда өсімдіктерді жұлу және басқалар)

өрескел

  1. Ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды күтуге қойылатын талаптар

17

Үй-жайлардың, ғимараттардың (құрылыстардың), өндірістік және қоймалық мақсаттағы ғимараттардың эвакуациялық шығу есіктерінде, сыртқы технологиялық қондырғыларда олардың өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаттары туралы, сондай-ақ онда орналасқан жарылыс қаупі немесе өрт қауіпті аймақтардың сыныптары туралы ақпарат орналастыру

болмашы

18

Ғимараттардан, үй-жайлардан эвакуациялық шығу жолдарының саны және олардың жобалық шешімге (оның ішінде эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарының жарықтандырылуы, өлшемдері мен көлемдік-жоспарлау шешімдері, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің болуы бойынша) сәйкестігі

өрескел

19

Эвакуациялық жолдар мен шығуларды (оның ішінде өтетін жерлер, дәліздер, тамбурлар, галереялар, лифт холлдары, саты алаңдары, баспалдақ марштары, есіктері, эвакуациялық люктер) түрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, өндірістік қалдықтармен, қоқыспен және басқа да заттармен үйіп тастау, сондай-ақ эвакуациялық шығу есіктерін шегелеп тастау

өрескел

20

Шығу тамбурларында киімге арналған кептіргіштер мен ілгіштер, шешінетін орынды орналастыру, сондай-ақ мүкәммалдар мен материалдарды (оның ішінде уақытша) сақтау

өрескел

21

Эвакуациялау жолдарында табалдырықтар (есіктердің ойықтарындағы табалдырықтарды есептемегенде), қозғалмалы және көтеріліп-түсірілетін есіктер мен қақпалар, айналатын есіктер мен турникеттер, сондай-ақ адамдарды еркін эвакуациялауға кедергі келтіретін басқа құрылғыларды орнату

өрескел

22

Қабырғалары мен төбелерін өңдеуге, қаптауға және бояуға арналған жанғыш материалдарды, сондай-ақ отқа төзімділігі V дәрежелі ғимараттарды есептемегенде, эвакуациялау жолындағы сатылар мен басқыш алаңдарын қолдану

өрескел

23

Саты торларының, дәліздердің, холлдар мен тамбурлардың өздігінен жабылатын есіктерін ашық күйінде бекітуге, сондай-ақ оларды алып тастау

өрескел

24

Түтіндемейтін саты торларында ауа аймақтарын шынылау немесе терезе жапқыштармен жабу

өрескел

25

Бөлмелерді технологиялық, көрме және басқа да қондырғылармен жабдықтау кезінде саты алаңына және басқа да эвакуациялау жолдарында эвакуациялық жолдың болуы

өрескел

26

Адамдар тұратын ғимараттарда және адамдар жаппай жиналатын объектілерде электроэнергияны сөндірген кезде қызмет көрсетуші немесе кезекші персоналды электр шамының болуы

өрескел

27

Адамдар жаппай жиналатын үй-жайларда еденге кілемдердің, кілем жолақтарының және еден бетіндегі басқа да жабындардың еденге бекітілуі

өрескел

28

Эвакуациялау жолдарында еркін және ғимараттан шығу бағыты бойынша ашылатын есіктер орнату

өрескел

29

Эвакуациялық шығулар есіктеріндегі тиектерді ғимарат ішіндегі адамдардың ішінен кілтсіз ашу мүмкіндігін қамтамасыз ету

өрескел

30

Саты торлары мен дәліздерде қоймаларды (қосалқы үй-жайларды) орнатуға, сондай-ақ баспалдақ марштарының астында және саты алаңдарында заттарды, жиһаздар мен өзге де жанғыш материалдарды сақтауға жол бермеу

өрескел

31

Құрылыс конструкцияларының, жылу оқшаулайтын материалдардың, металл тіреулерінің, ағаш конструкцияларының тиісті оттан қорғау жай-күйінің болуы

өрескел

32

Шатыр үй-жайларының, сондай-ақ технология шарттары бойынша адамдардың тұрақты болуы талап етілмейтін техникалық қабаттар мен жертөлелердің есіктерін құлыппен жабуды қамтамасыз ету. Көрсетілген үй-жайлардың есіктерінде кілттердің сақталатын орны туралы ақпараттың болуы

болмашы

33

Шатырларды, техникалық қабаттарды, желдету камераларын және басқа да техникалық үй-жайларды өндірістік учаскелерді, шеберханаларды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ өнімді, жабдықты, жиһазды және басқа заттарды сақтау үшін пайдалануға жол бермеу

өрескел

34

Ғимараттың барлық қибаттарының терезелерінде, жертөлелер терезелері мен шұңқыршаларына торлар орнатуға (мекеменің қоймалық үй-жайларын, кассаларын, қару тұратын бөлмелерін, құпия бөлімдерін қоспағанда) жол бермеу

өрескел

35

Лифт холлдарында қоймаларды, дүңгіршектерді, шағын дүкендерді орналастыруға жол бермеу

өрескел

36

Өрт шыққан жағдайда қауіпсіздік аймақтарына жататын балкондарға, лоджиялар мен галереяларға әйнек салуға жол бермеу

өрескел

37

Нәтижесінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайы нашарлайтын, өртсөндіргіштерге, өрт сөндіру крандарына және басқа өрт қауіпсіздігі құралдарына қолжетімділік шектелетін немесе автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерінің (автоматты өрт сигналын беру, стационарлық автоматты өрт сөндіру қондырғылары, түтінді кетіру жүйелері, құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелері) қолданыс аймағы азаятын көлемдік-жоспарлау шешімдерін өзгертуге жол бермеу

өрескел

38

Жертөлелер мен цокольды қабаттарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, газ толтырылған баллондарды, аэрозольдық буып-түюдегі тауарларды, целлулоидты және басқа жарылыс-өрт қауіпті заттар мен материалдарды сақтауға және қолдануға жол бермеу

өрескел

39

Қабаттардағы дәліздерден, холдардан, фойелерден, тамбурлардан және баспалдақ торларынан эвакуациялық шығулардың жобада көзделген есіктерін, эвакуациялау жолдарында қауіпті өрт факторларының таралуына кедергі келтіретін басқа есіктерді алып тастауға жол бермеу

өрескел

40

Өндірістік және қойма ғимараттарының үй-жайларында (V отқа төзімділік деңгейіндегі ғимараттан басқа) антресолді, аралық қабырғаны, тұрмыстық жайларды, қойманы және басқа да жанғыш материалдардан жасалған қоса салынған үй-жайлардан орнатуға жол бермеу

өрескел

41

Табиғи және жасанды өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің болуы және оны жарамды жағдайда ұстау (оның ішінде өртке қарсы су құбыры, өрт су айдындары, өртті сөндіруге арналған суды сақтау сыйымдылықтары), сондай–ақ оларға су жинау үшін кіреберіс жолдардың болуы

өрескел

42

Ғимараттарда, үй-жайларда және құрылыстарда өртті сөндіру мақсаттары үшін су шығысын қамтамасыз ететін ішкі өртке қарсы су құбырының болуы

өрескел

43

Ішкі өртке қарсы су құбыры крандарының өрт жеңқұбырлармен және оқпандармен жабдықталуы

едәуір

44

Өрт сөндіретін жеңқұбырларды құрғақ, жақсы шиыршықталған және крандар мен оқпандарға жалғанған күйінде күтіп ұстау

едәуір

45

Өрт сөндіру сорғыларының электр қозғалтқыштарын үздіксіз қоректендіру кәсіпорнын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың болуы және жұмысқа жарамды жағдайда ұстау

едәуір

46

Өрт крандарына 6 айда кемінде бір рет тексерісті жүзеге асыру (тексеріс актісі)

болмашы

47

Жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарының талап етілетін санының болуы

едәуір

48

Өртке қарсы қабырғалардың қиылысқан орындарын, жабындарды және қоршау конструкцияларын әртүрлі инженерлі және технологиялық коммуникациялармен, түтінгазөтпейтін және қажетті отқа қарсы төзімділігін қамтамасыз ететін орын алған жарығтарды және тесіктерді құрылыс қосындысымен немесе жанбайтын материалдармен жабу

өрескел

49

Ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды әзірленбеген және бекітілмеген жобалау-сметалық құжаттамасыз функционалдық мақсатын өзгертуге, күрделі жөндеу жүргізуге, техникалық қайта жабдықтауға, реконструкциялауға және қайта жоспарлауға жол бермеу

болмашы

50

Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылымдардың шатырында сыртқы өрт сөндіру сатылары мен қоршауларын жарамды күйде ұстау және пайдалану сынауынан өткізу

өрескел

51

Тұрмыстық газ аспаптарын қолдану кезінде жиһаздарды және басқа да жанғыш материалдарды жақын орналасқан тік бетке дейін көлденеңінен 0,2 м кем қашықтықта, тігінен оның үстінен өтетін көлденең беттен 0,7 м кем қашықтықта осы бұйымдарды орналастыруға жол бермеу

өрескел

52

Тұрмыстық газ аспаптарын (оның ішінде асхана плиталарын, су жылытқыш қазандарын, газ колонкасын) жабдықтайтын газ баллондарды (жұмыс және қосымша) ғимаратта орнатуға жол бермеу

өрескел

  1. Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар

53

Әртүрлі мақсаттағы желдету жүйелерінің түтінге қарсы желдету жүйелерінің және транзиттік арналарының (оның ішінде ауа арналар, жинағыштар, шахталар) ауа өткізгіштері мен арналарының конструкцияларын жанбайтын материалдардан және отқа төзімді етіп жасау

едәуір

54

Өртке қарсы қалыпты ашылатын клапандарда автоматты және қашықтан басқарылатын жетектермен жабдықтау

едәуір

55

Қоршайтын құрылыс материалдарының желдету жүйелерінің отқа төзімді арналарымен және тіреулер (аспалар) конструкцияларының қиысатын тораптарының осы арналар үшін талап етілетін шектерге отқа төзімділігінің сәйкестігі

едәуір

56

Желдету камераларында қандай да бір жабдықтар мен материалдарды сақтауға жол бермеу және оларды жабық күйде ұстау

едәуір

5. Электр желілерін, электр қондырғыларын және

электр техникалық өнімдерді пайдалануға қойылатын талаптар



57

Өрт жарылыс қауіпті аймақтарда дайындаушы-зауыттың жарылыстан және (немесе) өрттен қорғалу деңгейі мен түрінің белгісі жоқ электр жабдығын қолдануға жол бермеу

өрескел

58

Дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында баяндалған қауіпсіздік талаптары бұзылған электр желілері мен электр энергиясын қабылдағыштарды, бұзылулары өрттің туындауына әкелуі мүмкін электр қабылдағыштарын пайдалануға (ұшқын, қысқа тұйықталу, кәбілдер мен сымдардың оқшаулауының рұқсат етілгеннен жоғары қызуын, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғауды автоматты басқару жүйелерінің істен шығуын тудыратын), сондай-ақ зақымдалған немесе қорғаныш қасиеттері мен оқшаулауын жоғалтқан электр сымдары мен кәбілдерін пайдалануға жол бермеу

өрескел

59

Зақымдалған және бекітілмеген резеткелерді, ажыратқыштарды, басқа электрлік қондырғы бұйымдарын пайдалануға жол бермеу

өрескел

60

Электрмен қыздырылатын аспаптарды барлық жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті үй-жайларда қолдануға жол бермеу

өрескел

61

Стандартты емес (қолдан жасалған) электрмен қыздырылатын аспаптарды қолдануға, калибрленбеген балқыма ендірмелерді және ток күшінің көбеюі мен қысқа тұйықталудан қорғайтын қолдан жасалған басқа аппараттарды пайдалануға жол бермеу

өрескел

62

Электрлік қалқандар, электр қозғалтқыштар және іске қосу аппаратурасы жанында жанғыш (оның ішінде тез тұтанатын) заттар мен материалдарды орналастыруға (жинауға) жол бермеу

өрескел

63

Оқшауланбаған электр сымдары мен кәбілдердің жалғаулары мен ұштарын пайдалануға жол бермеу

өрескел

64

Электр шамдары мен шамдарды қағазбен, матамен және басқа жанғыш материалдармен орауға, сондай-ақ шамның конструкциясында көзделген қалпақтары (шашыратқыштары) және қорғаныш торлары алынған шамдарды пайдалануға жол бермеу

өрескел

65

Егер олардың болуы дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында көзделген болса, электр үтіктерді, электр плиткаларды, электр шәйнектерді және басқа электрмен қыздырылатын аспаптарды өрттің туындау қаупін болдырмайтын арнайы тұғырықтарсыз (қоректену цокольдері, қыздырғыш дөңгелектер) пайдалануға жол бермеу

өрескел

жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау