Дәріс №14
Тақырыбы: Адам ағзасында ақуыздың және витамин, минералды заттардың алатын рөлі
Жоспар:
1.Ақуыздар мен протеиндер
2.Витаминдер классификациясы
1. Ақуыздар мен протеиндер –органикалық жоғары молекулярлы азотты қосылыс, молекулалары амин қышқылдарының қалдықтарынан құралған.
Табиғатта ақуыздың 1010-нен 1012 дейін түрлері кездеседі. Ақуызды заттар барлық тірі организмдерде кездеседі, олардың әрқайсысына арнаулы түрлері де қарастырылған. Ақуызды заттар тамақтануда амин қышқылдарын алмастыра алады, олар организмдегі зат алмасу процессін жақсартады және көптеген процестерді жүзеге асырады, мысалы, ұлпаның қайта қалпына келуі, қозғалысты реттеу, бірқалыпты өмір сүру. Ақуызды заттарды тағам түрлеріне қосып, олардың тағамдық және биологиялық құндылығын жақсартады. Осы арқылы адам өмірінің ұзақтығын қамтамасыз етуге үлес қосады.
Қазіргі ғылымда ақуыз мәселесі екі жүйеде қарастырылуда. Біріншісі, ақуыздың табиғатын зерттеу, биологиялық функциясының ұлпаларды қайта қалпына келтіре алу қасиетін зерттеу. Екіншісі, тағам құрамына міндетті қоспа ретінде қосу.
Көптеген технологиялық процестер барысында, тағам түрлерін ұзақ сақтау мерзімі кезінде ақуыздың өз қасиетін жоғалтпауын қамтамасыз ету. Азық-түлік өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға осы мәселе жүктеліп, талап ретінде қойылуда.
Ақуыз дегеніміз –тіршілік негізі. Тіршілік процестерінің барлық көрінісі ақуызбен байланысты. Организмде ақуыз қоры жиналмайды. Ол күн сайын азық-түлікпен түседі. Адам бірқалыпты дұрыс тіршілік ету үшін ақуыздың белгілі мөлшері үнемі қажет. Ондай ақуыз молшерін ақуыз минимумы деп атайды. Ол көрсеткіш шамамен адам үшін 1,3-1 мг тең.
Организмнің ақуызға деген қажеттілігін өтеу үшін оның азықтағы мөлшері ғана емес, сапасының, оның құрамындағы ауыстырылмайтын амин қышқылдарының маңызы зор. Ондай амин қышқылдары организмде басқа заттардан синтезделмейді.
Организмдегі барлық клетка элеметтері үнемі жаңару үстінде болады. Қалыпты жағдай және бірқалыпты организмдегі зат алмасу синтез арасындағы жылдамдықтың теңдігі, ақуыздың денедегі мөлшеріне тікелей байланысты. Адам организміндегі ақуыз оның жасына қарамастан үнемі жаңару устінде болады.
Тағамнан түскен ақуыз қорытылып, бос амин қышқылдарының қоры жиналып, ол энергия мен терінің жаңаруына кетеді. Ақуызды тәулігіне 60-100 гр қолданып отыру қажет немесе тәулігіне түсетін тағамның 12-15% құрау қажет. Ересек адамның 1кг денесінің массасына есептегенде күніне 1гр ақуыз қажет етіледі.
Витаминдер тіршіліктің ауыстырылмайтын факторы. Адамның, жануарлардың, микроорганизмдердің қалыпты жағдайда тіршілік етуі үшін өте аз мөлшерде болса да витаминдер қажет.
Витаминдер дегеніміз –азық-тулік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар организмінде бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төмен молекулалы органикалық заттар.
Н.И Луниннің ғылыми жұмысына дейін (1880ж) қорек үшін бес түрлі ғана зат –белоктар, майлар, көмірсулар, менералдық заттар, су қажет деген пікір қалыптасқан еді. Ал үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.
2. Витаминдердің атауы және классификациясы
Химиялық табиғаты әлі анықталмаған алғаш алынған витаминдер латын алфавитінің бас әріпімен белгіленген болатын. Ол жағдай қазір әдебиетте кеңінен қолданылады. Мысалы: А-витамині, В,С, т.б сол сияқты.
Кейінірек химиялық құрамдары және биологиялық әсерлері ұқсас витаминдер тобы бар екендігі анықталды. Ондайларға цифр индексі берілді. Мысалы: А тобы (А1,А2) , Д тобына ( Д4 , Д2 , Д3 , Д5 ) т.б
Қазіргі кезде барлық витаминдердің химиялық құрамы анықталды және олрдың бәрі синтездік жолмен алынады. Таза және қолданбалы химиялық халықаралық одақ ( IUPAC) витаминдердің химиялық табиғатына сүйеніп, оларға атау беруді ұсынды. Ондай атаулар витаминдердің молекулалық құрылымын және биологиялық қасиеттерін көрсете алды. Мысалы: А витамині –ретинол ( молекуласында спирт тобы бар) , Д витамині -кальциферол ( кальций ионын тасымалдайды).
Сол сияқты витаминдердің ол жетіспеген кезде ұшырайтын аурудың атымен атау қабылданған. Ондай кезде «анти» деген қосымша жалғанады. Мысалы: Д витамині –анти –рахит (мешелге қарсы), С витамині анти цинготтық ( құрқұлаққа қарсы) витамин деп аталады.
Барлық витаминдер өздерінің физико-химиялық қасиеттеріне қарай екі классқа бөлінеді. Олар: 1) майларда еритін витаминдер; 2) суда еритін витаминдар;
Майда еритін витаминдерге ( А,Д, Е,К және Ғ ) витаминдері жатады
Достарыңызбен бөлісу: |