Алтынбекова Динара Толеубекқызы
Алматы қаласы
№198 орта білім беретін мектеп
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Мектеп жұмысын жоспарлау
Мектеп жұмысын жоспарлау және дамыту барысында біз Қазақстаннның білім беру жүйесіндегі мемлекеттік құжаттарды, білім стандарттарын және тұжырымдарды басшылыққа алдық, отандық педагогиканың қазіргі кезеңдегі басты ұстанымдарын, озық іс – тәжірибелерін үлгі тұттық. Мектеп жұмысын басқаруда демократиялық пен ізгілікке негіздеп құрудың үлгісі қабылданып, жүзеге асырылуда.
Оқу тәрбие үрдісін ғылыми негізде басқару әдісі қоғамның білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, оқушының білім сапасы, білім беру мазмұны, материалдық – техникалық база, мамандар құрамы, ата – аналармен байланыс бойынша анықталды.
Мектеп жұмысын жоспарлау – мектеп басшысының қабылдаған іс – әрекеттер мен шешімдер жиынтығы. Жоспарлаудың ерекшелігі: өткен жұмыс қорытындысы, қазіргі және келешекті бағдарлау.
Білім берудің өзекті мәселелері бойынша жоспардың үлгісін жасап, оны педагогикалық ұжымда талдау, түзетулер енгізу қажет, сонымен психологпен кеңесе отырып, зерттеу жұмыстары бойынша жеке тұлғаның даму деңгейіне, педагогикалық ұжыммен, мектеп ортасымен өзара қарым – қатынас, оның ұжымдағы, топтағы әлеуметтік статусы басты назарда ұсталынады.
Мектеп жылдық оқу – тәрбие жұмысын жоспарлаған кезде, мектептің педагогикалық ұжымының басты мақсаты, міндеттері айқындалады, күтілетін нәтиже мен мерзімдері, оқыту аспектілері мен дамуы белгіленеді. Негізгі тақырыбы көрсетіліп, бөлімдері бойынша жұмыстар мазмұны көрсетіледі.
Мазмұны:
2013 – 2014 оқу жылындағы оқу – тәрбие жұмысының қорытындысы және алдағы уақыттағы атқарылатын жұмыстар жайлы.
Мектеп проблемасы, мақсаты, міндеттері.
І бөлім:
2013 – 2014 оқу жылында істелген оқу – тәрбие жұмыстарына сараптама.
2014 – 2015 оқу жылына қабылданған міндеттер
ІІ бөлім:
Жалпыға бірдей білім беру айлығы.
Жаппай оқуға қамту айлығын өткізу туралы бұйрықтар.
Жаппай оқуға қамту айлығының жоспар қорытындысы туралы хабарлама.
0 – 18 жастар тізімі, 6-18 жас аралығы мәліметі.
9 – 11 сыныптардың еңбекке орналасуы.
Жалпыға міндетті білім беру ісі.
Мектеп алды даярлық жұмыстар.
Жетім, жартылай жетім, көп балалы және әлеуметтік жағынан қорғалатын жанұя балаларымен жұмыс.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.
Оралман оқушылармен жұмыс.
Ыстық және қоғамдық тамақты ұйымдастыру.
Міндетті білім беру қорының жұмысы.
Оқушыларды оқулықпен қамту.
ІІІ бөлім:
Педагогикалық кадрлармен жұмыс.
Мектептің проблемалық тақырыбы, перспективалық жоспары.
Мұғалімдердің жалпы тізімі.
Лауазымдық міндеттер.
Мектептің 2014 – 2015 оқу жылына жылдық жоспары.
Педагогикалық кеңестердің жоспары.
Директор жанындағы отырыстардың жоспары.
Әдістемелік кеңестің отырыстары, айлық жоспары.
Мұғалімді курстан өткізудің перспективалық жоспары.
Пән бірлестіктердің жұмыс жоспары.
Мұғалімдерді аттестаттау құжаттары.
Жас маманмен жұмыс.
ІV бөлім:
Оқу үрдісін жетілдіру.
Педагогикалық ұйымдастыру жұмыстары.
Аудандық, мектепішілік іс – шаралар.
Дарынды оқушылармен жұмыс.
«Болашақ» оқушылар ұйымының жұмысы.
Бағдарлы оқыту.
Мектеп кітапханасының жылдық жоспары.
V бөлім:
Тәрбие жүйесін жетілдіру.
Тәрбие жұмысының кешенді тәрбие жоспары
Оқушыларды оқу – тәрбие жұмыстарына тарту.
Ата – аналармен жұмыс
Тәрбие бірлестігінің жұмысы
Ашық тәрбие сағаттары
Айлықтар, апталықтар, онкүндіктер
Қиын балалармен жұмыс
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене тәрбиесі
Танымдық жұмыстар
«Жастар» ұйымының жұмысы
Қыздар кеңесінің жұмысы
Ұлдар кеңесінің жұмысы
Оқушылар арасында жүргізілетін психологиялық жұмыс
VІ бөлім:
Мектеп әкімшілігінің жұмыстары, ата – анамен жұмыс.
Мектеп әкімшілігі тәралы мәлімет, міндеттерін бөлісу.
Мектеп әкімшілігінің кезекшілік кестесі
Жалпы ата – аналар жиналысының жоспары
Ата – аналар үштігінің тізімі, жүргізетін жұмыстары
Қорғаншылық кеңесінің тізімі, жұмыс жоспары
VІІ бөлім:
Мектепішілік бақылау – басшылық жұмысы.
Пәндік бақылаулардың кестесі
Ашық сабақтардың өтілу кестесі
Апталықтардың өтілу кестесі
Сайыстардың кестесі
Сынып журналдарын, дәптер тексерудің кестесі.
Мектепішілік олимпиаданың өтілу кестесі.
Инновациялық топтардың жұмысы
ҰБТ құжаттары
ОЖСБ құжаттары
2014 – 2015 оқу жылына титулдық тізім.
Педагогикалық кеңес.
Кіші педагогикалық кеңес.
VІІІ бөлім:
Мектептің материалдық - техникалық базасын жетілдіру.
Мектептің паспорты.
Материалдық – техникалық базаны жетілдіру жоспары
Оқулықтарға сұраныс
Кабинеттерді компьютермен қамтамасыз ету.
Физика, химия, мультимедиа кабинеттерін толықтыру.
Технология кабинетіне, шеберханаларға қажетті заттарды қамтамасыз ету.
ІХ. Бөлім:
Педагогикалық ұйымдастыру шаралары.
2014 – 2015 оқу жылына титулдық тізім.
Сағаттар саны
Оқу жоспары. 1-4, 5-9, 10-11 сыныптар
Мұғалімдердің жүктемелері
Мектептің жылдық циклограммасы
Әдістемелік кеңес мүшелері
Бірлестік жетекшілері
Класс жетекшілер тізімі, семинарының жұмыс жоспары
Спорттық үйірменің жұмыстары
Өткен оқу жылындағы оқу – тәрбие жұмысының қорытындысы және алдағы атқарылатын жұмыстарға жазбаша талдау жасалынады. Жұмысты жоспарлау арқылы мектепте білім берудің жай – күйіне талдау жасалынып, мектепте дамытудың тұжырымдамалық негізі анықталып, мектепте білім беруді дамытудың ресурстық қамтамасыз ету, күтілетін нәтижелер және даму кезеңдері белгіленеді.
Мектеп әкімшілігі мектептің оқу – тәрбие жоспарын басшылыққа ала отырып, оқу - тәрбие үрдісін демократиялық стильмен, ынтымақтастық педагогикасын жігерлендіре отырып басқару нысандарын жүзеге асырады. Оқу – тәрбие жұмысының жоспарын басшылыққа ала отырып, басқару, бақылау, реттеу үрдісін ғылымға негіздеп тиімді де оңтайлы қолдануын мақсат етіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |