151
3.8. банкир.
4. ҚАНДАЙ ЖҰМЫС ОРНЫНДА МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗІ ТУРАЛЫ
БІЛІМ ҚАЖЕТ?
4.1. шоу-бизнестегі продюсер;
4.2. дүкен директоры;
4.3. білім беру мекемесінің директоры;
4.4. өнеркәсіптік кәсіпорын директоры;
4.5. театр директоры;
4.6. университет ректоры;
4.7. шаштараз салонының иесі;
4.8. аурухананың бас дәрігері;
4.9. газет редакторы.
5. НӘТИЖЕЛІ МЕНЕДЖЕР ҮШІН ҚАНДАЙ БІЛІМ ҚАЖЕТ?
5.1. заңдар;
5.2. экономика;
5.3. психология,
5.4. педагогика;
5.5. ақпараттық технология;
5.6. социология;
5.7. жарнама;
5.8. техника;
5.9. маркетинг.
6. НӘТИЖЕЛІ МЕНЕДЖЕР ҚАНДАЙ ДАҒДЫЛАРҒА ИЕ БОЛУЫ
КЕРЕК?
6.1. адамдармен ынтымақтастық;
6.2. шешімдер қабылдау;
6.3. қызметкерлердің кеңесін тыңдау;
6.4. ақпараттық технологияларды меңгеру,
6.5. жұрт алдында сөйлеу қабілеті;
6.6. адамдарды басқара білу,
6.7. жылдам оқу;
6.8. жақсы ұйымдастыру;
6.9. орындаушыларға тапсырмаларды орнату жолын табу.
7. МЕНЕДЖЕР ҚАНДАЙ СИПАТҚА ИЕ БОЛУЫ КЕРЕК?
7.1. шешімділік;
7.2. сенімділік;
7.3. шаруашылдық;
7.4. үнемшілдік;
7.5. ашықтық;
7.6. жолдастық сезім;
152
7.7. жаңашылдық;
7.8. белсенділік;
7.9. жауапкершілік;
7.10. адалдық.
8. ТӨМЕНДЕГІ ҰЙЫМДАР ҮШІН МЕНЕДЖМЕНТ ҚАҒИДАТТАРЫН
ТҮСІНУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУДЫ 1-ДЕН 10-ҒА ДЕЙІНГІ БАЛЛ ШКАЛАСЫ
БОЙЫНША БАҒАЛАҢЫЗ.
8.1. кәсіпорын;
8.2. аурухана;
8.3. білім беру мекемесі;
8.4. көтерме қойма;
8.5. супермаркет;
8.6. интернат.
9. КЕЛЕСІ ЛАУАЗЫМДАРҒА МЕНЕДЖМЕНТ ҚАҒИДАТТАРЫН
ТҮСІНУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУДЫ 1-ДЕН 10-ҒА ДЕЙІНГІ БАЛЛ ШКАЛАСЫ
БОЙЫНША БАҒАЛАҢЫЗ.
9.1. кәсіпорын директоры;
9.2. бас инженер;
9.3. бригадир;
9.4. супермаркет директоры;
9.5. басесепші;
9.6. сатушы;
9.7. білім беру мекемесінің директоры;
9.8. педагог;
9.9. мектеп асханасының меңгерушісі.
10. НӘТИЖЕЛІ МЕНЕДЖЕРГЕ ҚАЖЕТТІ ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРДІ
БАҒАЛАҢЫЗ.
10.1. тәуекелге бейімділік;
10.2. жауапкершілік;
10.3. төзімділік;
10.4. шешімділік;
10.5. бастамашылдық;
10.6. көшбасшлылық;
10.7. қарым-қатынас;
10.8. икемділік;
10.9. салқынқандылық;
10.10. қайырымдылық;
10.11. шығармашылық;
10.12. ұйымдастырушылық қабілет.
153
11.
БОЛАШАҚ
МҰҒАЛІМНІҢ
ҚЫЗМЕТІНДЕ
БАСҚАРУ
ФУНКЦИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН МЕҢГЕРУ ҚАЖЕТ ДЕП
САНАЙТЫН БІЛІМ, БІЛІК, ҚАБІЛЕТ ДАҒДЫЛАР МЕН ЖҰМЫС
ӘДІСТЕРІН ТІЗІМДЕУ.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________
ҚАТЫСҚАНЫҢЫЗ ҮШІН РАҚМЕТ!
154
ҚОСЫМША Ә
Мұғалімнің сыныпты басқаруға қойылатын талаптары
Дереккөз: И.Н.Логвинов, С.В.Сарычев «Педагогикалық психология
бойынша 10 таңдаулы дәріс»
Сыныпты басқару – оқушылардың тәртіп сақтап белсенді жұмыс
істеуге деген ынтасын тудыратын іскерлік оқу атмосферасын қолдау
үдерісі.
Егер сыныпты дұрыс басқарса, онда сабақта:
- оқушылар оқуға көп уақыт бөледі – мұғалім оқушыларға ескерту жасауға,
әртүрлі ауытқуларға алаңдамайды, оның балаларды тыныштандыра алмауынан
сабақтың кеш басталуына жол берілмейді.Басқарудың маңызды міндеттерінің
бірі – оқу үдерісінің уақытын барынша арттыру;
- басқару өзін-өзі басқаруды дамыту үшін қолданылады – дұрыс басқара
отырып, мұғалім балаларды жауапкершілікке үйретеді (өзін-өзі басқару
жауапкершілігі),бірлескен қызметтің ережелері мен рәсімдерін жасайды.
Сыныпты басқарудың негізгі атқаратын қызметі:
- мақсат қою және сабақты жоспарлау;
- өзара іс-қимылды ұйымдастыру (сабақтың құрылымын құру, құқықтар
мен міндеттерді бөлу, нормаларды белгілеу, өзін-өзі басқаруға оқыту);
- мотивация, оқу уәждерін дамыту;
- оқу іс-әрекетін және оның нәтижелерін бақылау (бағалау жүйесін құру,
стандарттарды белгілеу, кері байланыс орнату, ауытқуларды түзету).
Басқару объектісі ретінде сынып келесі параметрлерді сипаттайды:
Көпөлшемділік.Әр оқушы –өз мақсаттары, таңдауы мен қабілеттері бар
тұлға.Балаларды үнемі белсенді болуға үйрету – әртүрлі тапсырмаларды
орындату, оқу материалын пайдалану маңызды.
Болжамсыздық.Сынып өмірі сан алуан оқиғаларға бай және күтпеген
оқиғаларға толы.Мұғалімге келіп түскен ақпараттың үлкен көлеміне – сөздер,
үнсіздік, күлкі, дау-дамай, реніш және түсінбеушілік және т.б. тез арада жауап
беруі қажет. Мұғалім оқушылармен күніне жүз рет ақпарат алмасады.
Қарым-қатынастың жариялылығы.Мұғалім мен оқушылар үнемі өздерін
«сахнада» жүргендей сезінеді. Әрбір іс-әрекетті немесе айтылған сөздерді
айналадағылар бағалайды. Оқушылар әрқашан мұғалімнің іс-әрекетінің
дұрыстығын, оның әділдігін, оның жақсы көретін оқушысының бар-жоғын
байқап жүреді.
Өзара
көмек
көрсету
қажеттілігі,
ынтымақтастықты
ұйымдастыру.Мұғалім үшін басқарудың маңызды міндеті – сыныптағы
оқушылардың өзара көмегін арттыру арқылы қойылған мақсатқа жету,
ынтымақтастыққа үйрету, мысалы, тапсырма бойынша жұмыс істеу үшін
шағын топтарды құру.
Мұғалімге
қойылатын
жалпы
психологиялық-педагогикалық
талаптар:
Достарыңызбен бөлісу: |