5
Менеджменттік іс-әрекет – басқару барысында әлемді және өзін-өзі
саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын
өзара әрекеті.
Менеджмент үрдістері – басқару қызметтерінің үрдістері және өлшеу,
талдау және жақсарту үрдістері.
Нәтижелiлiк – жоспарланған іс-әрекеттердің iске асырылуы және
жоспарланған нәтижелердiң табысты дәрежесi.
Нәтижеге бағдарланған басқару – мақсаттық бағдарлар және ағымдағы
күтiлетiн міндеттердің әлеуметтiк және ғылыми мағыналы нәтижелерімен
байланыстырылатын білім жүйесіндегі ғылым және білім беру қызметтеріндегі
жоспарлауға бағытталған жол.
6
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҒЗЖ – ғылыми-зерттеу жұмысы
ҒЗИ – ғылыми-зерттеу институты
ЖОО – жоғары оқу орны
ҚазҰПУ – Қазақ Ұлттық
педагогикалық университеті
ҚазмемқызПУ – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚР БжҒМ – Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі
ҚР БжҒМ БҒСБК – Қазақстан Республикасы білім және ғылым
министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
ҚР МЖМБС – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім
беру стандарты
МОӘК – мамандықтардың оқу-әдістемелік кешені
ОӘЖ – оқу-әдістемелік жұмыс
ОБК – оқу басқару кеңесі
ОТҚ – оқытудың техникалық
құралдары
ПОӘК – пәндердің оқу-әдістемелік кешені
ПОҚ – профессороқытушылар құрамы
СҒЗЖ – студенттердің ғылыми
зерттеу жұмыстары
СОЗЖ – студенттердің оқу зерттеу жұмыстары
БТ – бақылау тобы
ЭТ – эксперимент тобы
PhD – философия докторы
т.б. – тағы басқа
7
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі уақытта Қазақстанның дүние жүзіндегі
озық отыз елдің қатарына ену стратегиясын жүзеге асыру жағдайында отандық
білім беру саласының мазмұны әлемдік білім кеңістігіне кіріктірілуі мақсатында
жаңартылуда. «Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету,
білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде
халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру,
eлiмiздiң әлeумeттiк-экoнoмикaлық бүгiнгi қoғaм тaлaптapынa лaйықты caпaлы
мaмaндapын дaяpлaу» міндеттері Қазақстан Республикасында бiлiм бepудi
дaмытудың 2011-2020 жылдapғa apнaлғaн мeмлeкeттiк бaғдapлaмacында атап
өтілген. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасының 76 және 77
қадамында «адам капиталының сапасын көтеру, оқыту стандарттарын жаңарту,
жоғары оқу орнында білікті кадрларды даярлау, кейіннен бұл тәжірибені
еліміздің басқа оқу орындарында тарату» бағыттары көрсетілген. Ал бұл болса,
педагогтардың кәсіби ұтқырлығы мен өзінің кәсіби өсуін жүзеге асыруды,
алдында тұрған міндеттерді жеке шеше алу іскерліктерін қалыптастыруды талап
етеді [1].
Сондай-ақ, Қазақстандағы қоғамдық маңызды мәселелерінің бірі
«Қазақстан Республикасында 12 жылдық орта білім беру тұжырымдамасында»:
«Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру әлеуметтік және экономикалық
жағдайдың өзгеруіне ғана емес, бар қолданыстағы шындыққа белсенді ықпал
етіп, оны жақсартуға дайын болу» керектігі көрсетілген. Ал, бұл өз кезегінде
оқушының іс-әрекетін басқаруға, оқу-тәрбие үдерісін жаңаша ұйымдастыруға
мұғалімнің даярлығын талап етеді [2].
Осыған сәйкес ғылыми білімнің қазіргі деңгейі педагогикалық үдерісті
ұйымдастыруда басқарудың жалпы теориясын қолдану қажеттілігін
туындатады. Болашақ мұғалімнің сынып ұжымын, оқу-тәрбие үдерісін
оқушының жеке тұлғасының дамуын және т.б. адами қорларды қажетті деңгейде
басқару үшін оның бойында жоғары педагогикалық білімнің болуымен қатар
білім берудегі басқару саласынан арнайы білім, біліктерінің болуы қажет етіледі.
Осыған байланысты білім беру саласындағы мамандарды даярлауға жаңа
талаптар ұсынылады. Өйткені қазіргі қоғам мұғалімдердің кәсіби
құзыреттілігінің аясында білім
берудегі ұйымдастырушылық, басқарушылық іс-
әрекетті жүзеге асыруға қабілеттіліктерінің болуын талап етіп отыр.
«Қазақстан-2050» стратегиясында «білім беру саласындағы менеджменттің
аз дамығандығы, оны дамыту қажеттілігінің» көрсетілуі [3], Қазақстан
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасында «...қазіргі қоғамның басты талаптарының бірі –
басқарушылық құзыреті дамыған жаңа тұрпатты адамды қалыптастыру»
екендігіне аса мән беруі біздің айтқан ойымыздың жарқын айғағы [4].
Оған қоса Пpeзидeнт Н.Ә.Нaзapбaeвтың «Рухани жаңғыру: болашаққа
бағдар» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «қоғамдық сананы