Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет58/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66

133
 
 
Сонымен қорытындылау кезеңінде алынған кесінді болашақ педагогтардың 
басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығы әдістемесінің тиімді болғандығы 
туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік берді.  
Қорытындылау  кезінде  алынған  кесінді  көрсеткендей,  эксперимент 
топтарындағы  студенттердің  бастапқы  күйге  қарағанда  барлық  көрсеткіштер 
бойынша тұрақты дамуы байқалады. Сонымен, эксперименттік диагностиканың 
соңғы  мәліметіне  сәйкес,  эксперимент  тобының  динамикалық  өзгерісі  барлық 
өлшемдерге  сай  келеді.  Тәжірибелік-эксперимент  нәтижелері  растағандай,  біз 
ұсынған әдістеме студенттерді басқарушылық құзыреттілігін дамыту үдерісінде 
өзінің тиімділігін дәлелдеді.   
Қорыта  айтқанда,  зерттеудің  міндеттері  толығымен  орындалды  және  
болжамы теориялық және эксперименттік мәліметтермен дәлелденді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


134
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
1. Басқару, менеджмент, лидерлік мәселесі қарастырылған психологиялық-
педагогикалық  еңбектерге  жасаған  талдау  нәтижесі  басқару,  менеджмент 
феноменінің әдебиеттерде жан-жақты талданғанын, лидерлік пен басқарушылық 
арасындағы  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтардың  топтастырылғандығын; 
басқару  іс-әрекетінің  құрамында  лидерліктің  болуы  қажеттігінің  негізделгенін 
көрсетті.  
2. «Басқару», «менеджмент» анықтамаларын талдау бізге ғалымдардың осы 
ұғымдарды  ғылыми  әдебиеттерде  синоним  ретінде  қарастырғанын  байқатты. 
Дегенменен,  «басқару»  ұғымы  іс-әрекеттің  әртүрлері  мен  салаларында 
қолданылуына байланысты ауқымы кең. «Менеджмент» кәсіби басқару дегенді 
білдіреді.  Ал,  біздің  зерттеуімізде  педагогтың    басқарушылық  құзыреттілігін 
қалыптастыру,  нақты  мұғалім  мамандығына  қатысты  болғандықтан,  осы  кәсіп 
саласындағы  басқару  қағидаттары,  теориялары,  ұстанымдары  негізге  алынды. 
Бұл  диссертациялық  зерттеуде  басқару  ұғымы  мен  менеджмент  түсінігінің 
синонимдік қатарда қолданылғанын білдіреді. 
3.  Білім  берудегі  басқару,  яғни  педагогикалық  менеджмент  ғылыми 
әдебиеттерде  іс-әрекет түрі, үдерістехнологиялық жүйе, шартғылым және 
өнер тұрғысынан айқындалған. Сондай-ақ, «басқару» ұстанымының үш бағыты 
қалыптасқан:  іс-әрекет  оның  мәні  басқару  әлеуметтік  іс-әрекет  түрінің  бірі 
ретінде,  заттық  нәтижеге  жетуді  мақсат  етіп  қояды  (Й.Кхол,  В.С.Лазарев, 
Л.И.Суворов,  Г.X.Попов,  М.М.Поташник  және  т.б);  бір  жүйенің  екінші 
жүйегеәсері,  бір  адамның  келесі  адамға  немесе  топқа  әсері  ретінде 
қарастырылған,  оның  мәні  басқарушы  объектіні  өзгерту  (В.Г.Афанасьев, 
А.А.Орлов, Н.С.Сунцов, С.Ю.Трапицын, Н.Д.Хмель және т.б.); субъектілердің 
өзара әрекеттестігі – бұл негізде өзгерістер тек өзара байланысты емес, сонымен 
өзара  шартталған  негізде  болады  (А.Т.Абрамов,    П.И.Третьяков,  Т.И.Шамова, 
Д.В.Юдин  және  т.б.).  Біз  өз    тарапымыздан  басқаруды  соңғы  бағытқа,  яғни 
субъектілердің өзара әрекеттестігіне сәйкес қарастырамыз. 
4.  «Басқару»  түсінігін  қарастыра  келе,    зерттеушілер  оны  екі  негізгі 
аспектіге  бөліп  анықтағанын  байқадық:  функционалдық  бөлу  және  басқару 
функцияларын  талдау  негізінде  «ғылыми  басқару»  мектебінің  идеялары 
(Ф.Тейлор,  Л.Маллинз);  жеке  тұлғалық  бөлу  көшбасшы  тұлғаның  қасиеттерін 
анықтау  негізінде  «адами  қатынастар»  мектебінің  идеялары  (Сократ, 
Аристотель,  Әл-Фараби,  Ж.Баласағұни,  Қ.А.Иассауи,  А.Иүгінеки,  М.Қашқари, 
Э.Мэйо, В.М.Шепель және т.б.). 
5.  Сондай-ақ,    білім  берудегі  басқарудың  екі  негізгі  деңгейі  бар.  Бірінші 
деңгей  –  оқу  орнын  ұйым  ретінде  басқару.  Екінші  деңгей  –  мұғалімнің 
басқару  деңгейі.  Біз  жұмысымызда  басқарудың  екінші  деңгейін,  яғни, 
мұғалімнің басқару іс-әрекетін қарастырамыз. 
6.  Жоғарыдағы  талдаулар  нәтижесінде  біз  басқару  ұғымын  өзіміздің 
зерттеу  пәнімізге  сәйкес  «оқыту  мен  тәрбие  үдерісінде  субъектілердің  өзара 


135
 
 
әрекеттестігінің  адами  қарым-қатынаста  нәтижелі    жүзеге  асуын 
қамтамасыздандыру» деп тұжырымдаймыз.  
7.  Ғылыми  әдебиеттердегі  «құзырет»,  «құзыреттілік»  ұғымдарын 
анықтамаларын  талдау    бізге  педагогтың    кәсіби  құзыреттілігін  тұлғаның 
психологиялық,  педагогикалық  және  пәндік  саладан  білімділік,  біліктілік 
деңгейін  тиімді  жүзеге  асырудағы  кіріктірілген  қасиеті,  деп  тұжырымдауға 
мүмкіндік берді. Сонымен біздің ұғынуымызша  «Басқарушылық  құзыреттілік 
– кәсіби құзыреттіліктің құрамдас бөлігі», «Басқарушылық құзыреттілік басқару 
шешімдерін қабылдауды қамтамасыз ететін кәсіби-тұлғалық қабілеттер мен 
білім, білік, дағдыларының кіріктірілген жиынтығы». 
8.  Болашақ  педагогтардың  басқарушылық  құзыреттілігін  қалыптастыру 
мәселесін зерттеуде жүйелік, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, құзыреттілік, 
аксиологиялық тұғырлар негізге алынады. 
9.  Ғылыми  әдебиеттерде  қарастырылған  басқару  стилін,  бағытын,  рөлін, 
функцияларын,  түрлерін  талдау  бізге  басқарушылық  құзыреттіліктің  құрамдас 
бөліктерін (тұлғалық, педагогикалық, менеджерлік) анықтауға мүмкіндік берді  және 
«педагог-менеджер»  дегеніміз  «демократиялық  стильдегі,  ізгілікті  бағыттағы; 
әдіскер,  сарапшы,  басқарушы,  орындаушы,  эмоционалдық  реттеуші,  шешен, 
шебер  рөліндегі;    тұлғалық,  педагогикалық,  менеджерлік  құзыреттерге  ие  пән 
мұғалімі»  деп анықтауымызға түрткі болды..  Ал,  педагогтың    басқарушылық 
құзыреттілігі  дегеніміз  оның  оқушы  тұлғасының  дамуын,  сыныпты,  сабақты 
басқару  үдерісін  қамтамасыз  ететін  тұлғалық  қабілеттерінің,  педагогикалық 
және  менеджерлік  білім, білік, дағдыларының кіріктірілген жиынтығы. 
10. 
Біз  болашақ  педагогтардың  басқарушылық  құзыреттілігінің 
қалыптасуын  оқушының,  сынып  ұжымының,  сабақ  үдерісін  басқаруға  қажетті 
мотивациялық-құндылықты, когнитивтік, іс-әрекеттік, бағалаушылық-өлшемдік  
құрамдарын  жеке  тәжірибесінде  жүзеге  асыруға  дайын  болуы  деп 
тұжырымдаймыз.  Біздің  зерттеуімізде  басқару  құзыреттілігінің  қалыптасуы  
рефлексиялық, танымдық  және жобалаушылық кезеңдерінен тұрады. 
11.  Болашақ  педагогтардың  басқарушылық  құзыреттілігін  қалыптастыру  
үдерісінің  моделі  мақсаттық,  технологиялық,  ұйымдастырушылық,  өлшемдік 
төрт бөліктен тұрады. Мақсаттық блок аталған үдерістің мақсатын, әдіснамалық 
тұғырларын, 
принциптерін, 
стратегиясын 
қамтиды. 
Технологиялық-
диагностикалық әдістемелерден, қалыптастыру бағдарламаларынан, оны жүзеге 
асыру  формалары,  әдістері  мен    құралдарынан  тұрады.  Ұйымдастырушылық 
айқындау,  қалыптастыру,  қорытындылау  экспериментін  педагогикалық 
шарттарды  сақтай  отырып  жүргізуді  көздейді.  Өлшемдік  блокта  болашақ 
педагогтардың  басқарушылық  құзыреттілігі  қалыптасқандығының  нәтижесін 
айқындайтын өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлер қарастырылады. 
12.  Біз диссертацияда басқару ұғымын субъектілердің өзара әрекеттестігі 
деп қарастырғандықтан, шарттарды түзгенде де осы білім беру субъектілерінің 
өзара әрекеттестік  мәселесіне мән береміз. Осыған байланысты біз анықтаған 
педагогикалық  шарттар  төмендегідей  1)  басқарушылық  іс-әрекетін  білім  беру 
үдерісі субъектілерінің ұстанымдарының  өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау