|
Пән Эконометрика курс – 3 мамандықтар: 050508 – Есеп және Аудит; 050908 – Бағалау; 050703 – Бизнестегі ақпарат жүйесі
|
Дата | 08.11.2018 | өлшемі | 69 Kb. | | #18660 |
| - Оқытушы жайлы мәліметтер: Дильдебаева Жулдуз Турсуновна – экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономикалық кибернетика» кафедрасының доценті. С.М. Киров атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген. Ғылыми жұмысы экономикалық процесстерді моделдеу бағытында. Жалпы еңбек стажы 24 жыл, ҚазҰТУ-де 3 жыл. Пән - Эконометрика курс – 3 мамандықтар: 050508 – Есеп және Аудит; 050908 – Бағалау; 050703 – Бизнестегі ақпарат жүйесі (экономика бағыты бойынша дайындалатын мамандықтарға)
- Барлығы 3 кредит Лекция 30 сағат Тәжірибелік (семинар) сабақтар 15 сағат Аралық бақылау (саны) 2 СӨЖ 45 сағат СОӨЖ 45 сағат Барлық дәрісханалық сағат 60 сағат Барлық дәрісханадан тыс сағат 75 сағат Еңбек көлемі 135 сағат
Пәннің мақсаты және есебі: - Пәннің мақсаты және есебі:
- экономика салаларын басқарудың ақпараттық негізін экономикалық үрдістерді құрайтын факторлардың өз-ара әсер әрекеттерін математикалық әдістер мен компьютерлер технологиясы арқылы сипаттау; факторлардың әсер ету деңгейін анықтау; келешекке болжам жасау; қажетті компьютерлік арнаулы программаларды білу; факторлардың өз-ара сандық өзгеруінің әсерлеріне талдау жасау.
Пәннің берері: - Пәннің берері:
- макро-микроэкономикалық факторлардың даму жолдарын болжай білу; экономикалық талдау және болжауға пайдаланатын математикалық түсініктерді қолдана білу; микро-макроэкономикалық есептердің эконометрикалық моделін құру; қажетті арнаулы компьютерлік программалармен жұмыс жасау; экономертикалық моделдерге экономикалық талдау жасай білу; болжамның тиімді шешімін қабылдау.
Пререквизиттері: - Пререквизиттері:
- оқылатын пәнді игеруге қажетті бұрын өтілген пәндер (мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарындағы пәннің тізімі бойынша) .
- Постреквизиттері:
- пәнді оқыту барысында алынған білімдерді қолданатын келесі пәндер тізімі (мамандықтың жұмыс оқу жоспары).
- Пәннің басқа пәндермен байланысы:
- статистика, микро-макроэкономика, информатика және математика пәндерінің мағлұматтарына байланысты. Осы пән келешекте барлық арнаулы пәндерді қазіргі нарық экономикасының талабына сәйкес игеруіне көмегін тигізеді.
Курстың саясаты мен процедурасы - Курстың саясаты мен процедурасы
- Ағындық бақылау студенттердің өзіндік жұмысқа дайындығы, орындауы, белсенділігі ескеріледі. Сабақтың барлық түріне студенттің қатысу белсенділігі өз бетінше тапсырманы орындау қабілеттілігін қажет етеді, Сабаққа тек келгені үшін баға қойылмайды. Сондықтан барлық бағаның 25 пайызы өз бетінше жұмыс жасау қабілеттілігіне қойылады. Түсінбеген сұрақтарын уақытылы мұғалімнен көмек алып білуге, оқуға талаптануы керек. Күнделікті сабаққа дайындықпен келуді қажет етеді.
- Тапсырма СӨЖ. Осы пәннің ерекшелігі әр студентке жеке тапсырма беріліп оның уақытылы, практикалық мәнімен ізденіс негізінде орындауын қажет етеді. Қосымша материалдарды өз бетінше оқып, жасаған жұмысын түсіндіре білуі, қорғауы қажет болады. Осыған байланысты төрт тапсырманы шығармашылық жұмыс ретінде жазбаша дайындап кесте бойынша уақытылы өткізу керек. Сондықтан жалпы бағаның 25 пайызы әр тапсырмаға беріліп отыр.
- Лекция сабағы студенттердің қатысуын, тыңдауын, негізгі моменттерді жазып белсенділігін қажет етеді. Күнделікті лекцияға өткен материалды игеріп және жаңа материалмен танысып келуі керек. Сонда ғана лекция өз дәрежесіне мақсатына жетеді. Сондықтан студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында лекция материалына сәйкес жалпы бағаның 25-15 пайызы берілді.
- Тәжірибелік жұмыс компьютерлік класта өтіледі. Сондықтан студенттің осы сабаққа келуі міндетті. Компьютердегі арнаулы программаларды пайдаланып тапсырмаларды, жеке тақырыптарды орындауды үйретеді. Көп жағдайда лабораториялық жұмыс уақыттың аздығынан (50 минут) кейін сабақтан тыс кезде аяқтауды қажет етеді. Сондықтан жұмыстың орындалуын білу үшін және аяқталуын қамтамасыз ету үшін баға 15-25 пайыз беруге болады.
Студенттердің білімін бағалау - Студенттердің білімін бағалау
- Межелік семестрге екі кезеңмен өткізіледі.
- Кесте бойынша бағалары 8 және 15 аптада қорытылып қойылады. Теориялық сұрақтар лекция кезінде және басқа сабақтардың кезінде, тапсырмалар орындау және қабылдау кездерінде сұрап отырылады.
- Тапсырмаларды кесте бойынша уақытылы тапсыру керек, кешіккен жағдайда бағасы 10 пайызға кем қойылады.
- Қорытынды баға емтиханның бағасына және межелік бағаға бөлінеді. Межелік баға семестрге екі рет өткізіліп қосындысында 60 балл болса, ал емтиханның бағасы 40 балды құрайды. Әр межелік балл 30 балдан тұрады. Кестедегі межелік балдың бағасы пайызбен берілген
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|