«Теміртау қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Секция: Информатика
«Adobe Photoshop бағдарламасының қолданылуы:
тиімділігі мен кері әсері»
Жоба авторы: Жуманов Алихан
8«А»сынып оқушысы
Жоба жетекшісі: Математика пәні мұғалімі
Алимханов Ардак Оразханович
Теміртау, 2016 ж
Теміртау қаласы әкімдігінің
«Теміртау қаласының
№8 жалпы білім беретін
орта мектебі»коммуналдық
мемлекеттік мекемесінң
8 «А»сынып оқушысы
«Adobe Photoshop бағдарламасының қолданылуы:
тиімділігі мен кері әсері»
атты ғылыми жобасына
Пікір
Жуманов Алихан «Adobe Photoshop бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын жүргізді.
Зерттеу жұмысында тақырып бойынша нақты мәліметтер жинақтап, дәлелдемелер келтіре білген. Бізге, қазіргі күнде өз тұрмыс тіршілігімізде жаңа технологияларды қолдану заман талабы. Осы тақырып барысында қазіргі күндегі жаңа технологиялардың дамуын, соның ішінде Photoshop бағдарламасының шексіз мүмкіндіктерін және тиімділігі мен кері әсерінің өзіндік орны бар екенін көрсете білген .
Осы тұрғыдан алғанда Жұманов Алихан зерттеу жұмысын өте мазмұнды, маңызды деуге болады.
Пікір жазған ғылыми жетекшісі: Алимханов Ардақ Оразханович
Аннатоция
Өнердің қолданылу аясында шек жоқ, ерекше орынға сурет өнерін, соның ішінде компьютерлік графиканы қолдану арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын қазіргі таңда техниканың даму ғасыры көрсетуде. Жоба барысында Adobe Photoshop бағдарламасының шексіз мүмкіндіктерін қолдану арқылы көптеген нәтижелерді көруге болады.
Кіріспе
ХХІ ғасыр техника мен ақпараттық, компьютерлік технологиялардың соның ішінде ең бастысы компьютерлік графикалардың алға дамып, уақыт өткен сайын өз шарықтау шегіне жетуде. Бүгінгі таңда кез-келген салада компьютерсіз қызмет етуді елестету мүмкін емес. Ең басты жұмыс күші компьютердің көмегімен жүзеге асуда, сондықтан ондағы әртүрлі бағдарламаларды игеріп, жан-жақты зерттеп, оны іс жүзінде қолданудың өзі үлкен жетістік.
Photoshop графикалық редакторы – суретшілер мен дизайнерлер, фотографтар үшін ең негізгі бағдарламалардың бірі. Бүгінгі таңда Photoshop бағдарламасы растрлық графикалық редакторлардың ішінде ең жоғарғы деңгейде тұрған өте беделді бағдарлама.
Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктері шексіз сондықтан оны жан-жақты игеріп, әртүрлі салада қолдануға болады атап айтатын болсақ:
Қарапайым құжатқа суретке түсу барысында;
Балабақшадан мектеп бітіргенде, тіпті жоғары оқу орындарын бітірген кезде естелік ретінде суретке түсу;
Сайт беттерінде суретті көркемдеу оны жан-жақты етіп сәндеу, әртүрлі стильде қолдану;
Кез –келген ескі суретті жаңалап, оны нақыштап, оған әртүрлі эффектілер беру;
Газет беттерін сәндеу;
Суреттерді шаблондарға қолдану;
Логотип жасау;
Визит карточкаларын жасау;
Шақыру, құттықтау билеттерін жасау;
Графиктік редакторлар –бұл графиктік объектілерді құру, редакторлау мен өңдеуге негізделген қолданбалы программа.
Растрлік графика-бұл экранның графиктік торларындағы пиксельдер жиынтығынан тұратын кескін.
Векторлық графика – бұл геометриялық объектілердің жиынтығынан тұратын кескін.
Графиктік редакторлардың мүмкіндіктері:
Графиктік бейнелерді салу мен оны редакторлау құрал-саймандарын және кез- келген бояуларды қолдану.
Бейнелердің кез- келген бөлігін қиып алып жалғау және оны өшіру мүмкіндігі.
Бейнелердің кішкене бөлік үзінділерін өңдеп, үлкейту (электорндық линза режимі).
Суреттерді мәтінмен толтыру (хабарландыру, плакаттар, визиткалық карточкалар, жарнама және т.б.).
Сурет үзінділерін түрлендіру (масштабын өзгерту, суреттерді бұру, көшіру, орын ауыстыру және т.б.).
Графиктік файл түрінде сыртқы тасымалдаушыларға суреттерді сақтау.
Жоба барысында графиктік редакторды қолдану барысында әр түрлі тәжірибелерді алуға болатындығы қарастырылады. Photoshop бағдарламасында жасалған тәжірибелер басқа бағдарламаларға қарағанда өте сапалы, мүмкіндігі шексіз екендігін көруге болады.
Зерттеу бөлімі
«Adobe Photoshop бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері»
1.1 Жобаға қажетті материалдар мен ресурстар:
Жабдықтар - технологиялар
Фотоаппарат
компьютер
принтер
сканер
флешка
интернет- байланысы.
Бағдарламамен жабдықтау технологиясы
операциондық жүйе Windows XP/Vista/7/8
суреттерді өңдеу бағдарламасы Adobe Photoshop.
1.2 Adobe Photoshop бағдарламасының даму тарихы
Photoshop бағдарламасының шығу тарихы өте ертеден басталған, нақты уақыты көрсетілмеген. Негізін салушыларға Томас Нолл мен Джон Нолл атауға болады. Балалық шақтарынан бастап әкелері оларға компьютерлік техникамен сурет салу өнеріне баулыған. Әкесінің фотозертханасына Томас түскоррекциясын терең зерттеуді бастаған, олардың қызығушылығы арта түскен. 1984 жылы әкесі балаларына ең бірінші Макинтоштардың бірін сатып береді, бұның функционалдың мүмкіндіктері Томас пен Джонның көңілінен шықпады, сондықтанда жаңа бағдараламаның шығуына себеп болды және де бұл бағдарлама шексіз мүмкіндіктерге ие болатын, миллиондаған доллар кіріс кіргізетін ең беделді бағдаралмалар қатарына кірді.
1987ж. Джон Нолл Lucasfilm фирмасының бөлімшесі Industrial Light and Magic (ILM) – жұмыс істеді, (“Stars Wars”) «Жұлдыздар соғысы» жобасына арнайы эффектілер енгізумен айналысты. Ал Томас болса осы уақытта суретті өңдеу процессін зерттеуге диссертация жазумен айналысты. Джон «Компьютердің негізгі графикикасы» атты кітап жазды. Ағайындылар екеуі бірлесе отырып, күрделі де әмбебап суретті өңдеу процессін жүзеге асыратын бағдарлама жасады Display. Уақыт өте келе Джон жаңа түрлі түсті экраны бар Макинтош II сатып алды, Томасқа Display түрлі түсті суреттер үшін жаңалап жазуды ұсынды. Джон “Display” көп жұмыс жасаған сайын ол одан, көп функциялардың орындалуын талап етті: түс гаммасын коррекциялау, импорт және файлдарды әртүрлі форматта сақтау, және тағы басқа қажеттіліктер. Уақыт өте келе Томас инновациялық әдістеме ойлап тапты, яғни суреттің жеке бөлігін бөліп алу, онымен ары қарай өңдеуді, суретті өңдеу қосымшалары оған әртүрлі әрлеу беруді кейін келе ол келе – “Plug-ins” атауымен таныс бола бастады. Содан кейін түс өңін беруді құрастыру, баланспен басқару функциясы, түстерді басқару және жарқырату. Бұл мүмкіндіктер Photoshop бағдарламасының негізін құрады, сол уақытта бұл бағдарламалар зертханаларда арнайы жабдықталған бағдарламаларда ғана болған. 1988 жылы «Display» бағдарламасы, “ImagePro” атауына ауысты. Сол уақытта бағдарлама заманауи болды, Томас бұл бағдарламаны коммерциялық негіз түрінде сатуды ойлады. Осындай негіздердің, талаптардың артуына байланысты бағдарлама өзінің даму тарихын бастады.
XXI ғасырдың даму барысында қолданыста ең сапалы, ең қажетті бағдарлама ретінде жоғары деңгейге шыққанына сол кезде негізін салушылардың еңбегін ерекше бағалауға болады. Бұл бағдарлама жыл өте келе өзінің кемшіліктерін біртіндеп толықтыру арқылы бүгінгі таңда ең жоғары талғаммен, жоғары әмбебап бағдарламаны құрауда.
1.3 Adobe Photoshop графиктік редактормен жұмыс жасау режимі
Сурет салу: жұмыс алаңында құрал-саймандарды бейнелеу орналасқан. Суретші сурет салады, оны редакторлайды, сурет үзінділерін бөліп алып, құрастырады. Құрал –саймандар панелінің қызметі:
Белгілеу құралдары:
|
Аймақ (область). Тік төртбұрышты облыс - кескінді жүгіртпе пунктир ретінде белгілеу. Shift пернесін баса отырып бірнеше белгілеулер жасап жылжытуға болады. Alt пернесімен басу аймақтағы белгілеуді өшіреді.
|
|
Эллипстік облыс (овальная область). Кескін аймағын эллипстік контур ретінде белгілеу. Облысты шеңбер формасында белгілеу үшін Shift пернесін баса отырып белгілеулер жасаймыз.
|
|
Пиксель қатары және пиксель бағаны (вертикальная и горизонтальная строка). Пиксель қатары – бұл құралды тандай отырып тышқан көмегімен кескіндегі жүгіртпе пунктир түріндегі сызықты белгілей аламыз. Пиксель бағаны - бұл жоғардағы сайманың қызметіндей қызмет атқарады, бірақ горизанталь емес вертикаль түрінде белгіленеді.
|
|
Лассо. Белгіленген барлық аймақты бөліп алады.
|
|
"Сиқырлы таяқша" (волшебная палочка). Түстердің ұқсастығына байланысты пиксельдерді бөліп алады.
|
Сурет салу және бояу құралдары:
|
|
|
Өшіргіш (ластик). Кескін пиксельдерінің түпнұсқасын фондық түспен бояу арқылы өшіру үшін қолданылады.
|
|
Қалам (карандаш). Өткір шеттері бар сызықтарды салуға мүмкіндік береді.
|
|
Пипетка. Негізгі және фондық түске кескіннен алынған түсті немесе "Синтез" және "Каталог" палитраларынан алуға мүмкіндік береді.
|
|
Стрелка. Түйін нүктелерінің орын ауыстыруы арқылы контурдың формасын өзгертуге қолданылады.
|
|
|
Мәтін (текст). Биттік мәтін құруға мүмкіндік береді.
|
|
Қол (рука). Экранға сыймай қалған кескін бөліктерін көруге мүмкіндік береді.
|
|
Масштаб. Кескінді үлкейтеді және кішірейтеді.
|
|
Орын ауыстыру (перемещение). Ерекшеленген аймақтарды, қабаттарды және бағыттауыштарды орын ауыстыруда қолданылады.
|
|
Саусақ (палец). Кеппеген бояуды саусақпен жағу эффектісін қайталайды.
|
|
Штамп. Тура немесе кескін элементтерінің өзгерген көшірмесін және сол кескіндегі немесе басқа құжаттағы түстік үлгілерін қайта өңдеуге мүмкіндік береді.
|
|
Жарықтату (осветлитель). Кескіннің жеке бөліктерін жарықтандыруға мүмкіндік береді.
|
|
Жұмыс ортасын күйге келтіру құралдары:
|
|
Стандартты режимде редактрлеу. Photoshop-пен жұмыс істегенде негізгі функциялар режимін орындайды. Мұнда ерекшеленген аймақ қозғалып тұрған пунктирлік шекаралар арқылы көрінеді.
|
|
Жылдам маска режимінде редактрлеу (редактирование в режиме Быстрой маски). Уақытша маскаларды құруда және редактрлеуде қолданылады. Бұл бір уақытта маскаларды және кескіндерді көруге мүмкіндік береді.
|
Меңзер –бұл «құрал -саймандар» меню алаңында орналасқан көрсеткіш. Қолданушы оның көмегімен қажетті құрал-саймандарды таңдайды, сызықтардың енін анықтайды, бояулар өрнегін таңдайды.
Сурет салуға қажетті түстерді таңдау
Меңзер экран алаңында түстер палитрасымен қатар орналасқан. Онда түстер фоны мен суреттің түсін таңдауға болады. Кейбір графиктік редакторларда қолданушының палитраны өзгерту мүмкіндігі бар.
Сыртқы құрылғымен жұмыс
Бұл режимде операцияларды (дискіге, флешкага суретті жазу, дискіден суретті оқу және т.б.) орындау мен қағазға графиктік бейнелерді шығруға болады.
Adobe Photoshop – бұл фотография мен суреттерді редакторлау мен құруға негізделген программа.
Adobe фирманың атауы. Осы фирмада төмендегідей программалар жасақталған:
Adobe Illustrator – векторлық графика редакторы. Бұл программаның версиясы PDF форматындағы файлдарды редакторлау мен оны ашуға мүмкіндік береді.
Adobe Dimentions – үшөлшемді графика редакторы. Бұл программа Macintosh типті компьютерлер үшін жасақталған.
Adobe Streamline – сканерден өткізілген нүктелі бейнелерді векторлық графикаға түрлендіруге негізделген программа.
Adobe Photoshop –нүктелі графика редакторы.
Adobe Pagemarker – полиграфиялық және типографиялық баспалардың құжаттарын түрлендіруге негізделген программа және т.б.
Adobe Photoshop программасымен жұмыс жасау барысында қолданылатын терминологиялық сөздіктер:
Растрлық графика полиграфиялық баспалар мен оларды өңдеу үшін қолданылады. Ең бастысы бұл графикада түсті таңдап алу болып табылады. Мұндай типтегі бейнелерді үлкейткен кезде оның сапасы төмендеп, бейнеге айналып кетеді.
Векторлық графика сызба бейнелер мен безендірулерді құруға негізделген. Ең бастысы, бұл графикада объектілер формасы болып табылады. Оны үлкейткен кезде оның формасы өзгермейді. Керісінше векторлық бейнелерді үлкейткен кезде, олардың өлшемі өзгермейді.
Фрактальды графика математикалық есептеулер жолымен бейнелерді автоматты түрде түрлендіруге негізделген. Теңдеулер немесе формулалар бойынша бейнелер салынады және олардың бейнелері емес, коэффициенттері сақталынады. Мысал ретінде ақша қардың бейнесін алуға болады.
Штамп бейнелерден таңдаулы үлгілерді көшіруге мүмкіндік береді. Сиқырлы таяқша және Лассо – жалпы композициядан бейнелердің үзінділерін таңдау.
Бөліп алу (Выделение) – шекераның ішіндегі бейнелерді бөліп алып, көшіру, орын алмастыру және оны редакторлау.
Монтаж, коллаж – басқа бейнелердің үзінділерін бөліп алып, бір бейнені жинақтап, шығару. Ол слои және каналдар қызмет атқарады.
Передний план, задний план,слои, каналы – бейнелер бөліктері.
Слои – мөлдір фондармен қоршалған бейнелердің көрінбейтін бөліктері. Ол бөлек элементтерден композициялар құрастыру кезінде қолданылады. Оның мысалы ретінде контурлық карта (артқы жағын), онда мемлекеттер тізбектей бейнеленген (алғашқы қабаты), қалалар (екінші қабаты), орман, батпақ, шөлейттер және т.б.
Каналы – бұл бейнелердің түстерінен біреуіне сәйкес келетін монохромды бейне. Мысалы, қызыл-жасыл-көк.
Маски (маскированные областы)-слойдың көрінбейтін аймағы. Сондықтан оны түрлендіруге болмайды. Немаскированные области –бұл бейненің көрінетін аймағы Құрастырылатын бөліктерге бейнелерді бөлу үшін қолданылады.
Растушевка –бұл шекаралар аралығынан бөлек үзінділерді бөліп алу.
Түстер модельдер
RGB (қызыл+жасыл+көк). Бұл түс бейнелерді экранға шығару үшін қолданылады.
CMYK (көгілдір+сұрғылт+сары+қара). Мұнда қосымшаға негізгі түстерден ақ түстерге дейін енгізіледі. Ол полиграфиялық баспалардың материалдары үшін қолданылады. Мысалы, көгілдір=ақ-қызыл, сұрғылт= ақ-жасыл, сары=ақ-көк.
HSB (ерекше ашық+жарқын түс). Өнер шығармаларын құру үшін қолданылады. Онда түрлі құралдар, атап айтқанда, акварель, гуашь, картон, тушь, уголь, пастель және т.б.
Ақ –қара –палитраның қара-ақ түстері.
Графиктік файлдар форматтары:
.BMP- суреттер мен фотографияларды сақтауға негізделген файлдыың форматы.
.JPG-түрлі түсті фотографиялардың форматы. Бұл формат қара-ақ түсті бейнелер үшін тиімсіз.
.GIF-аз түсті бейнелер үшін ең тығыз графиктік формат (сурет иллюстрациялар үшін)
.TIF-полиграфиялық сығылған формат. Ол қосымша ақпараттарда көрінбейтін қосымша слой-каналдардағы бейнелерді файлға сақтауға мүмкіндік береді.
.PSD- Photoshop-та сақталынған және өңделген бейне.
1.4 Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі
Adobe Photoshope бағдарламасының қолданыста болғанына 22 жыл ғана болса да, қазіргі қоғамның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан арнайы графикалық программа.
Маркетингтік ақпарат – нарық билеген елде экономиканы ілгері жылжытудың басты тетігі, көзі. Яғни, маркетинг – ағылшын тілінен аударғанда нарықты жасау деген мағынаны білдіреді. Маркетинг бүгін өзінің даму барысында ғылымға, бизнестің өзегіне айналды. Жарнамалық шараларды жүргізу де – осы маркетингтік қызмет болып табылады. «Жарнама – сауда двигателі», деп бекер айтпайды.
Бүгінгі қоғамды жарнамасыз елестету мүмкін емес. Әсіресе, тауар өндірісінің тамырына қан жүгіртіп, оның дамуына жарнаманың қосар үлесі зор. Жарнама индустриясының қызметі барлық салада кеңінен пайдаланылып жатыр. Жарнаманың күші мен ролі әлемдік бизнес тәжірибесінен белгілі. Алдымен жарнама өңделген, көркем суреттелген түрде, эмоционалды безендірілген және түсінуге жол ашардай, әлеуетті тұтынушылардың назарын аударардай тауарлар, қызметтер туралы дәйектер мен мәліметтерді келтірердей ақпараттарды қамту керек.
Бір жағынан өз ақпараттылық, сендірерлік пен иланушылықты үйлестіре отырып, жарнама адамға эмоционалды-психологиялық әсер қалдырады. Сондықтан көпшілік жарнаманы бизнес әрі өнер деп таниды. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және сыртқы (көрнекі) жарнамалар түрінде жүзеге асырылады.
Компьютерлік технологияның пайда болуымен бірге жарнамаға жаңа дәуір туды. Тіпті кішкентай клиенттердің өзін өзін Ұлы сезінердей қайталанбас мүмкіндік пайда болды. Суретшілердің, фотографтардың, әрлендірушілердің үлкен өлшемді паннодағы таптырмас қиялдарын іске асыру және оларды қажет жағдайда тираждау аталмыш бағдарламаның көмегімен айтарлықтай проблема емес. Жарнамалар жасауда Adobe Photoshope бағдарламасының орны ерекше.
(мысалдар келтіру, банер, билборд, винил)
Эстетикалық талғамға сай жасалған үлкен винил паннолар да адамдарды көп қызықтырады. Әдемі жасалған паннолар оларды сүйсiндiредi. Мысалы: АҚШ-тың бір районында орналасқан панно тұрғындардың 90 пайызының көңілінен шығып, панно сол районның визит карточкасына да айналған екен.
Adobe Photoshop бағдарламасы эстетикалық медицинада үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі таңда эстетикалық медициналық клиникалар өз жұмыстарында әр түрлi графикалық редакторлар мүмкiндiктеріне жүгінуде. Мәскеу клиникаларындағы мәліметтерге сүйенсек, Adobe Photoshop бағдарламасы адамның бастапқы морфингісін жасау үшін қолданылатын өте әйгiлi программалық орта.
Пластикалық операция жасатуға тәуекел еткен адамды алдымен фотоға түсіріп, суретті компьютерде сақтап алады. Adobe Photoshop бағдарламасы арқылы операция жасалатын жерлерге өңдеу жұмыстарын жасайды да «дейін» және «кейінгі» нәтижені экраннан көрсетеді. Өңделген сурет емделушінің операциядан кейінгі нәтижесін көрсетеді.
Осылайша, Adobe Photoshop бағдарламасы дәрiгерлер үшiн - операцияның сәтті шығуына мүмкіндік береді.
Эстетикалық операцияға Photoshop бағдарламасы арқылы қолданылатын бірнеше нұсқаларды көрсетсек. (фотолар СЛАЙД)
Пластикалық хирургияға: бет пішінін өзгерту, денедегі артық бөліктерді алу, тіс жөндеу т.б. жатады. Photoshop бағдарламасы – адамның сыртқы келбетін әдемі етіп өзгертуге мүмкіндік беретін программа. Компьютерлік технологияны қолданып жүрген ғалымдардың айтуынша операция алдындағы компьютерлік модельдеу емделуші мен медицина қызметкерінің арасындағы сенімділікті нығайтып, жоғары нәтижеге жетуіне себеп болады екен.
Алдағы уақытта отандық медицина қызметкерлері де Adobe Photoshop бағдарламасының ерекше мүмкіндіктерін қолданып, тереңірек пайдаланса деймін.
Мамандардың айтуынша, Photoshop күннен күнге дамып келе жатыр. Photoshop –тың жаңа мүмкіндіктерінде шектеу жоқ. Бағдарламаны толық көлемде жетік меңгермесе де, әр адам минимум дегенде өз фотосын қалауы бойынша өңдеуіне мүмкіндігі бар. (Мысалы: суреттің өңделуі СЛАЙД)
Adobe Photoshop – суреттермен жұмыс жасайтын фотографтарға, архитекторларға, дизайнерлерге, полиграфия мамандарына өте қажетті программа. Полиграфиялық өнім кез келген кәсіпорын жұмысының ажыратылмас бөлігі болып табылады. Ол бөліктерге визиттік карточкалар, фирмалық бланкілер, тауардың этикеткасы, билеттер, күнтізбелер, открыткалар, шақыру билеттері, дипломдар, грамоталар, блокноттар, қойын дәптерлер, пакеттің сырттары, кітаптар мен журналдар жатады.
Ақпараттық технологияның дамуынан, оның ішінде графикалық программалардың сұранысынан бірнеше жаңа маман иелері ашылып, табыстың жаңа көзі пайда бола бастады. Мысалы: Adobe Photoshop бағдарламасымен жылтырақ (глянцевый) журналдардағы қыздардың бет әлпетін өзгертіп, макияж бен киім үлгілерін жасау журналдардың жүздеген тираждармен таратылуына себеп болып отыр.
Adobe Photoshop бағдарламасының сиқырлы аспаптары арқылы тамаша, таңқаларлықтай, адам сенгісіз суреттерді дайындау, оларды редакторлеу мен өңдеу қоғам игілігіне қызмет етеді. Бұл бағдарламаның кең ауғымда дамып келе жатқанын өзіміздің жердің өркендеуінен де көруге болады.
1.5 Adobe Photoshope бағдарламасының кері әсері
Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі мен қоса оның кері әсері де бар. Бірнеше мемлекеттің саясаткерлері «Азаматтардың психикасына жарнамалар мен бұқаралы ақпараттар құралдарындағы фотошопталған суреттер кері әсер етеді» деген пікірге келіп отыр. Ұлтты жан күйзелісінен арылту үшін заңды түрде фотошоппен күресуді ұйғарып отыр.
Көрік пен әсемдіктің дүниежүзілік қалыбы ақылға сыймастай ұлғайып отыр. Осы тұрғыда қарасақ, Photoshope бағдарламасының заманына «нүкте» қойылды деп айтуға болады.
Жарнама агенттіктері мен баспаханалардың, атап айтқанда компьютерлік технологияны, иллюстрацияны пайдалану арқылы адамдардың денесіндегі сәйкессіздікті жарнамалайтын кәсіпорындардың жұмыстарына шектеу қоюда. Бұл тек адамның денесіне ғана емес, азық –түлікке, киім үлгілеріне, интерьерге, демалыс орындарын жараманалауға да қатысты айтылған.
Саясаткерлердің пікірінше, өңделген суреттің дауылы тұтынушыларды ақша шығынына және жан күйзелісіне ұшыратып, олардың жүйке жүйесінің жұқаруына, физикалық әлсіреуіне әкеледі.
Халықты алдап –арбауды тоқтату мақсатында бірінші болып бастама алған француз парламенті болды.
Компьютерлік ретушьтің бұқаралық ақпараттар құралдары мен жарнамаларда қолданудың алғашқы наразылық толқынын депутат Валери Бойе (Valerie Boyer) көтерді. Жүздеген француз парламенттерін жұмылдырып, 2009 жылдың қыркүйек айында заң шығарда. Заң бойынша адамның сырт келбетін компьютерлік өңдеуге ұшыратып, оның шынайы сипатын өзгертіп көрсететін кез-келген жарнамалық суреттерде «сурет өңделген, адамның сырт келбеті өзгертілген» деген жазудың жазылғанын атап айтқан.
Валери Бойенің айтуы бойынша «Компьютерлік ретушьті қолдану адамдардың сенгіштігіне әкеледі. Тұтынушылар шынайы өмірде жоқ нәрсеге ұмтылып, өз бойларындағы кемістікті жоюға тырысады. Нәтиже шықпағандықтан, өз кемшіліктерін жою мақсатында психикасын, денсаулығын, тіпті өмірін де қауіп қатерге тігеді. Ең бірінші кезекте шоу – бизнес жұлдыздарының жақсартылған суреттеріне қарап жасөспірімдердің өзін - өзі бағалауы күрт төмендейді» деген.
Бойенің заң жобасы бойынша Photoshope бағдарламасы арқылы өңделген суреттерді ескертусіз пайдалану 37 500 евромен ғана шектелмейді, кей жағдайларда азаматтарды 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруына дейін апарады.
Ал Италия мемлекетінде модельдерді жарнамалауда яғни 175 см бойы мен 55 кг салмақтағы суреттерді қолдануға тыйым салу туралы заң шыққан. Сол сияқты Испания мемлекеті де бұл заңды қолдап отыр.
Атақты дизайнер Джорджо Арманида өзінің арық модельдер туралы пікірін білдірді. Dove косметикалық өнімін шығаратын компания модельдер емес қарапайым қыздардың сабынды жарнамалап, ол жарнаманы компьютерлік өңдеуден өткізіп, жаңа технологиялар арқылы жоғары нәтижеге жету туралы арнайы көрсетілімдік жарнама жасап шығарды. Француздардың соңынан ағылшындықтар, израильдықтар, германдықтар да осы заңның орындалуына өз үлестерін қосуда. Осы заңдардың орындалуы алдағы жылдарда барлық Евроодақтың қолдауына ие болады. Тек бұл тізімге ең соңғылар болып біздер мен американдықтар ғана енетін шығар. Біз – инерциямен, ал американдықтар мода индустриясы, жылтырақ журналдар, пластикалық косметологиямен хигургиядан түсетін қыруар ақшаны жоғалтпас үшін Photoshope бағдарламасымен жұмыс жасай береді.
Photoshope бағдарламасын 70 елде қолданады. Бірақ қолдану барысында арнайы мамандардың болмағандығынан үлкен қателіктер де кетіп жатады. Мысалы, жұмысына салғырттықтан немесе немқұрайлы қарағандығынан жалтырақ журналдар мен үлкен көлемді билбордтар, банерлер мен панноларда біршама қателіктер байқалады.
Осындай қателіктерді жою үшін Photoshope бағдарламасын жетік меңгерген, жоғары білімі бар дизайнерлер мен полиграф мамандарынан тұратын комиссияның құрылып, барлық елдегі жарнама беттеріндегі ақпаратты сараптап, талқылап, қолдануға берілсе деген ойым бар.
Қазіргі компьютерлік графикалық бағдарламаларды қолданып жоғарыда айтылғандай пластикалық операциялар кеңінен жасалуда. Бірақ, технология мен адамның мүмкіншіліктері сәйкес келмей жатқанда пластикалық операцияның ойдағыдай болмайтынына көзіміз жетеді.
Қорытынды
Жоба барысында «Adobe Photoshop бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері» мүмкіндіктері жан-жақты зерттеу негізінде қарастырылды. Негізгі мәселелер толығымен қарастырылды деп айтуға болады. Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктері шексіз, сонымен де бұл бағдарлама қазіргі таңда сұранысы өте жоғары, экономикалық жағынан кіріс көзінің негізін құрайтын өте беделді бағдарламалардың бірі. Бұл бағдарламаның мүмкіндіктеріне сай сұраныста алатын орны ерекше, ол кез-келген салада, технологиялардың шарықтап тұрған саласында өте қажетті бағдарлама.
Жоба барысында атқарылып, зерттелген жұмыстардың нәтижесінде көптеген мәселелерді шешуге болады.
Бағдарламада зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында көптеген мүмкіндіктерді қолдануды, оларды тиімді пайдалануды, жан-жақты толықтырып, дамытуды жетілдіруге болады.
Бағдарлама өзінің шексіз мүмкіндіктерін әртүрлі салада қолдануға болатындығын көрсетеді. Жалпы компьютерлік графиканы қолдану арқылы әртүрлі тәжірибелерді қолдану арқылы нақты нәтижені алуға болады.
Бағдарлама барысында қолданылған тәжірибелер, болашақта көптеген салаларда қолдануға болады. Бағдарлама өзінің даму сатысына байланысты көптеген мүмкіндіктерді шешуді негізге алуда. Яғни адам өзінің қандайда бір қызығушылығымен тәжірибе жасау арқылы көптеген талаптардың туындауына жол ашады, ал ол талаптарды толықтыру үшін бағдарлама жаңа мүмкіндіктердің ашылуына жол бастайды.
Photoshop бағдарламасында жұмыс жасау өте қызықты, әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы көптеген нәтижелерді көруге болады.
Бұл бағдарламамен жұмыс істеу барысында көзделген нәтижеге жету, инициативтілік, төзімділік, сәндеп, көркемдеу саласына деген қызығушылық, әртүрлі мүмкіндіктерді қолдану барысында фантазияның шексіздігін сезінуге болады.
Photoshop бүгінгі таңда ең атақты беделді бағдарламалардың бірі. Оның көмегімен барлық тәжірибелерді жасауға болады, бірақта тек қана суреттермен.
Сонымен қатар бұл бағдарламаның көмегімен үшөлшемді объектілерді құрып оларды екі өлшемді суреттерге интегрирлауға болады. Бұл бағдарлама:
- Фотографтарға
- Графикалық және веб-дизайнерлерге
- Медицина саласындағы мамандарға
- Архитекторлар мен инженерлерге
- ғылыми зерттеушілерге өте қажетт.
Бұл бағдарламамен жұмыс жасауды бірден игеру мүмкін емес, оған уақыт, төзім, шыдамдылық пен қажымас қайрат керек, уақыт өте келе бағдарлама арқылы жасалған нәтижелер өз жемісін береді. Бағдарлама өте қызықты, кез келген жұмыстың нәтижесі адамды қызықтырып, шығармашылық жұмыстармен айналысуға деген құштарлыққа жол ашады. Тек қана оның жасалу жолдарын білу арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болады. Кез келген адам өзінің шығармашылықпен айналысқанды жақсы көреді деп ойлаймыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Электронды оқулық: «Photoshop Шаг за шагом». 2001 «Руссобит-М».
«Информатика» 7-11 сыныптар оқушы анықтамасы Астана -2007
Іздеу жүйелері:
http://www.google.ru
Сайттар:
http://photoshop.demiart.ru - Уроки Photoshop
http://www.photoshop-master.ru - Photoshop, уроки для тех, кто ценит качество
http://globator.net - Всё для работы в Photoshop
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................5
Зерттеу бөлімі..............................................................................................7
1.1 Жобаға қажетті материалдар мен ресурстар.........................................7
1.2 Adobe Photoshop бағдарламасының даму тарихы.................................8
1.3 Adobe Photoshop графиктік редактормен жұмыс жасау режимі..............10
1.4 Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі...................................14
1.5 Adobe Photoshope бағдарламасының кері әсері...................................17
Қорытынды................................................................................................20
Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................22
Достарыңызбен бөлісу: |