Ректоры, п.ғ. д., профессор М. Н



жүктеу 2,67 Mb.
Pdf просмотр
бет1/21
Дата05.01.2020
өлшемі2,67 Mb.
#25877
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


1

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018 – 2019 

оқу жылының қорытындысы және университет ұжымының 

жаңа оқу жылына міндеттері мен мақсаттары туралы университет 

ректоры, п.ғ.д., профессор М.Н.Сарыбековтің  

ЕСЕБІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2

 

 



 

МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................................  3 

1. 

УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ........................................................  4 



2. 

УНИВЕРСИТЕТ  ДАМУЫНЫҢ  СТАРТЕГИЯЛЫҚ  ЖОСПАРЫНЫҢ  ІСКЕ 

АСЫРЫЛУЫ.......................................................................................................................... 

 



3. УНИВЕРСИТЕТТІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖӘНЕ БЕДЕЛІН 

АРТТЫРУ... ........................................................................................................................... 

 



4. 



УНИВЕРСИТЕТТІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ..................  14 

4.1 Академиялық саясат және жетістіктер................................................................... 

14 

4.2 Оқу-ғылыми лабораториялар.................................................................................. 



20 

4.3 Үштілді білім беру процесі...................................................................................... 

21 

4.4 Өндірістегі кафедра филиалдарының жұмысы және практикаларды 



ұйымдастырылуы …............................................................................................................ 

 

25 



4.5 

Түлектердің жұмысқа орналасуы............................................................................ 

26 

4.6 


Халықаралық қызмет және білімдегі жаһандану процесі.................................... 

28 


4.7 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ұйымдастырылуы........................... 

30 

5. 


УНИВЕРСИТЕТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ............................................................  31 

6. 


КІТАПХАНАЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ...........................................................  33 

7. 


ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ..................................................................................  37 

8. 


ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» МЕН «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ 

ҚЫРЫ» БАҒДАРАЛАМАЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ............................................. 

 

42 


9. 

ОҚУ-МАТЕРИАЛДЫҚ АКТИВТЕР ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ 

ЖАҒДАЙЫ............................................................................................................................. 

 

46 



10. УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ МIНДЕТТЕРІ............................ 

 

49 



 

 

 




3

 

 



КІРІСПЕ 

 

Құрметті  әріптестер!  Құрметті  Ғылыми  кеңес  мүшелері!  Сіздерді  Тараз 

мемлекеттік  университетінің  2018-2019  оқу  жылының  қорытындысы  және 

университет  ұжымының  жаңа  оқу  жылына  міндеттер  мен  мақсаттарын 

таныстыруға рұқсат етіңіздер. 

Жалпы  әрбір  оқу  жылының  өзіндік  ерекшеліктерінің  болатындығы  ақиқат.  2018-

2019  оқу  жылы  университет  тарихында  бірқатар  іс  оқиғалар  мен  қомақты  жетістіктері, 

соның ішінде оқу орнымыздың 60 жылдық мерейтойымен есте қалатындығы анық.  

Дамудың  қазіргі  кезеңі  Қазақстанның  қоғамдық-саяси,  экономикалық,  әлеуметтік 

өміріндегі  түбегейлі  өзгерістер  мен  адами  ресурстарды  даярлау  сапасын  көтеруге  ұмтылған 

көпдеңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жетілдіруді қажет етеді.  

Университет  жетекшілікке  алатын  көпдеңгейлі  білім  берудің  ұлттық  жүйесін 

реформалау басымдықтары Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Бағдарламалық 

құжаттарына негізделіп жасалынған ҚР БжҒМ жоспары арқылы іске асырылуда.  

Өткен оқу жылында университетіміздің 2019-2022 жылдарға арналған ұзақ мерзімдік 

болашаққа бағытталған мақсаттар мен міндеттерді және оларды іске асыру жолын анықтайтын 

бағдарламалық құжат - Даму  бағдарламасын  қабылдадық.  Демек  2022  жылы  университет 

халықаралық  рейтингісі  жоғары,  білім  беру,  ғылыми-өндірістік  және  әлеуметтік  кешені 

мен  инновациялық  инфрақұрылымы  жақсы  дамыған  отандық  озық  ЖОО-дың  біріне 

айналады деп күтілуде.  

Университеттің  заманауи  білім  беру  деңгейіне  алып  шығатын  негізгі  стратегиялық 

мақсаттар төмендегідей: 

1. 

Инновациялық білім беру үдерісін қамтамасыз ету, өңірдің, еліміздің және әлемнің 

экономика  және  әлеуметтік  салалары  үшін  мамандарды  даярлауда  алдыңғы  орындардан 

көріну; 

2.  Ғылыми  зерттеулер  саласын,  олардың  нәтижелілігін  және  технологияларды 

трансферттеуді  қамтамасыз  ету,  ҒЗЖ  нәтижелерін  коммерциализациялаудың  деңгейін 

жоғарылату; 

3.  Тұлғаның  толыққанды  және  жан-жақты  дамуы  үшін  ұжымда  белсенді 

шығармашылық ортаның қалыптасуын қамтамасыз ету. 



Университеттің Даму бағдарламасының толық мәтінімен университет сайты және 

баспадан шыққан құжат арқылы таныса аласыздар. (3 слайд) 

М.Х. Дулати Тараз мемлекеттік университетінің МИССИЯСЫ – заманауи отандық және 

халықаралық  критерийлерге  сәйкес  келетін,  бәсекеге  қабілетті,  инновациялық  тұрғыда 

ойлайтын және отансүйгіштік сезімде тәрбиеленген мамандарды даярлау, өңірде және елімізде 

әлемдік деңгейге сәйкес келетін элиталық ғылыми-зияткерлі және ақпаратты-мәдени ортаны 

қалыптастыру болып табылады.  

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев 2019 жылғы өткен «Тамыз конференциясында» жоғарғы 

білімді  мамандарды  дайындаудың  сапасын  көтеріп,  жаңа  білім  беру  бағдарламаларын 

игеруге  және  түлектердің  еңбек  нарығында  өз  орнын  табудың  міндеттеріне  баса  көңіл 

аударды.  

2018 жылдық қазан айында ҚР БжҒМ тарапынан жоғары және жоғары оқу орнынан 

кейінгі  білімді  ұйымдастырудың  мазмұнын  және  оның  құрылымын  жетілдіруге 

бағытталған  жаңа  нормативтік  құжаттар  қабылданды.  Осыған  байланысты, 

университеттегі  білім  берудің  мазмұнын  өзгертуге  бағытталған  «Жол  картасы» 

қабылданып,  іске асырылуда. Университеттің академиялық ортасында бірқатар өзгерістер 

болды.  Оқу  процесі  адалдық  принциптеріне  негізделіп  ұйымдастырылуда,  оны 

қамтамасыз  ету  үшін  «Оқытушының  ар-намыс  кодексі»,  «Университет  оқытушылары, 

қызметкерлері  және  білім  алушыларының  академиялық  адалдық  ережесі»  қабылданып, 

«Саналы ұрпақ» офисі жұмыс атқаруда. 



жүктеу 2,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау