Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет7/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74

17 
 
Жарияланымдар 
Диссертациялық  жұмыстың  мазмұны  14  еңбекте  жарияланды.  Соның 
ішінде 5 мақала ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 
ұсынған  ғылыми  басылымдарда,  1  Scopus  базасына  енген  шетелдік 
басылымдарда, 4 халықаралық ғылыми конференциялар жинақтарында, оның 
ішінде 3 алыс-жақын шетелдік халықаралық ғылыми конференцияда,  1 оқу-
әдістемелік құралда жарияланды. 
Диссертацияның  зерттеу  нәтижелерінің  сенімділігі,  мақұлдануы, 
тәжірибеге  ендірілуі  отандық  және  шет  елдік  тарихи  педагогикалық, 
психологиялық-педагогикалық 
еңбектердегі 
теориялық-әдіснамалық 
қағидаларды басшылыққа алуымен, тұжырымдарға негізделуімен, зерттеудің 
мақсатына 
сай 
тарихи, 
теориялық, 
салыстырмалы 
әдіс-тәсілдерді 
қолдануымен, 
алынған 
нәтижелерді 
қорытындылауымен 
қамтамасыздандырылды.  
Диссертацияның  құрылымы.  Диссертация  кіріспеден,  үш  тараудан, 
қорытындыдан,  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі  мен  қосымшалардан 
тұрады. 
Кіріспе  бөлімінде  зерттеу  проблемасының  көкейкестілігі,  ғылыми 
аппараты:  мақсаты,  нысаны,  пәні,  ғылыми  болжамы,  міндеттері,  теориялық-
әдіснамалық  негіздері,  зерттеу  көздері,  кезеңдері,  әдістері,  зерттеудің  базасы, 
ғылыми  жаңалығы  мен  теориялық  мәнділігі,  практикалық  маңыздылығы, 
қорғауға ұсынылатын қағидалар тұжырымдалады.  
«Кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  дуальді  оқытудың  тарихи  негіздері» 
атты  бірінші  тарауда  зерттеу  мәселесіне  қатысты  отандық  және  шетелдік 
ғалымдардың  зерттеулеріне  талдау  жасалады.    Германияның  кәсіби  білім  беру 
жүйесінде  дуальді  оқытудың  пайда  болуы  мен  дамуының  алғышарттары 
негізделеді.    Қазақ  халқы  қолөнеріндегі  шәкірт  тәрбиелеу  жүйесін  зерттеу 
негізінде    оның  дуальді  оқытудың  бастау    негізі  екендігі  дәлелденеді. 
Қазақстанның  кәсіби  білім  беру  жүйесіне  дуальді  оқытудың  ендірілу  жағдайы 
мазмұнды сипатталады. 
«Кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  дуальді  оқытудың  ғылыми  негіздері» 
атты  екінші  тарауда    Кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  дуальді  оқыту  ұғымының 
мәні  мен  ерекшеліктері  нақтыланады.    Кәсіби  білім  беру  жүйесінде  болашақ 
мамандарды    дуальді  мақсаттық  даярлаудың  әдіснамалық  негіздері 
айқындалып, мазмұндалады. Германияның кәсіби білім беру жүйесінде дуальді 
оқытудың типтері мен тұжырымдамалық моделіне сипаттама беріледі.  
«Кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  дуальді  оқытудың  әдістемелік 
негіздері»  атты  үшінші  тарауда  кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  дуальді 
оқытудың  нормативтік-құқықтық  құжаттарына  талдау  жасалады.  Кәсіби 
педагогикалық  білім  беруде  дуальді  оқытудың  мүмкіндіктерін  пайдаланудың 
дидактикалық  негіздемесі  жасалып,  мазмұны  беріледі.  Германияның  болашақ 
мұғалімдерді  кәсіби  даярлау  жүйесіне  ендірілген  дуальді  оқыту  элементтері 
анықталады.  Оларды Қазақстанда педагогикалық кадрларды  кәсіби даярлауда 


18 
 
пайдалану  бойынша  әдістемелік  ұсыныстар  әзірленеді.  Зерттеудің  алға 
қойылған мақсаты мен міндеттері шешімін тауып, жүзеге асырылады. 
Қорытындыда 
зерттеудің 
негізгі 
қағидалары, 
нәтижелері 
тұжырымдалады,  әдістемелік  ұсыныстар  беріледі,  зерттеушілерге  арналған 
зерттеу перспективасы ұсынылды. 
Қосымшада  кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  дуальді  оқытудың  әдістемелік 
материалдары берілді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


19 
 
1  КӘСІБИ  БІЛІМ  БЕРУ  ЖҮЙЕСІНДЕГІ  ДУАЛЬДІ  ОҚЫТУДЫҢ 
ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ  
 
1.1  Германияның кәсіби білім беру жүйесінде дуальді оқытудың пайда 
болуы мен дамуының алғышарттары   
Германияда  кәсіби  білім  беру  жүйесінің  қалыптасуына  елдің  тарихи-
экономикалық даму ерекшеліктері (герман мемлекеттерінің ұзақ уақыт жікке 
бөлінуі,  экономикалық  дамуы  жағынан  алдыңғы  қатарлы  Батыс  Европа 
мемлекеттерінен  артта  қалуы,  «жоғарыдан»  бірігу  мен  XIX  ғасырдың  70-
жылдарынан  бастап  тез  экономикалық  өркендеу,  неміс  империализм  сипаты 
және т.б.)айтарлықтай ықпалын тигізді. 
Орта  ғасырларда  Германия  экономикасы  едәуір  көтерілді.Экономиканың 
барлық салаларында  тауар-ақша  қатынастары тарай  бастады.Кең  ауқымды 
өзін-өзі басқаруға қол жеткізген қалаларда ерекше артықшылықтар байқалды 
(жеке  бас  бостандығы,  қалалық  заң  және  т.б.).  Осының  барлығы  қалалық 
қолөнершілердің қолданатын өндіріс құралдарын жеке меншікке айналдыруына 
себепкер  болды.  Қолөнершілердің  салалық  ұйымдарының  формалары 
тұрғысынан  шеберлердің  кәсіптерін  мұра  ететін  шеберханалар  дамыды.  Бұл 
Германияда  қалалық  қолөнер  мен  қолөнер  шеберлігін  дамытуға  барынша 
қолайлы жағдайлар жасады [6,7]. 
Осыған байланысты еңбекті ұйымдастырудың қолөнер формасы дәуірінде 
Германияның  кәсіби  білім  беру  мәселелерінде  қолөнерді  үйрену  және 
шеберханада  жұмыс  істеу,  сондай-ақ  мамандық  арқылы  әлеуметтік  рөлге  ену 
орын алды. 
«Шеберлікке  үйрету  «шебер  тәрбиелеу»  деп  аталатын  цехтардың  қатаң 
жарғыларына  сәйкес  келді.  Атап  айтқанда,  оқушы  –  шебер  шәкірті  –  шебер 
сұлбасымен классикалық үлгі жүзеге асырылды [8, s. 89]. 
Бұл зерттеу үшін қолөнер шеберінің рөлін үйрету арқылы көтеру мәселесі 
маңызды  болып  келеді.  Оқыту  тек  қана  қолөнер  шеберханасының  қызметкері 
үшін  ғана  емес,  сонымен  бірге  шебердің  отбасының  мүшесі  үшін  де  қажет 
болды. 
Мысалы, Германияның кәсіби білім беру жүйесін зерттеуші неміс ғалымы 
О.Пахе  «оқушы  шебердің  отбасына  тікелей  қабылдануы  керек,  себебі, 
мамандық  қажетті  дағдыларды  игерудің  нәтижесінде  ғана  алынбайды. 
Жасөспірім белгілі бір атмосферада өзін үйдегідей сезінуі керек, сонда ғана ол 
кәсіби өнердің өкілдері ғасырлар бойы тәрбиеленген кәсіби дәстүрлер рухында 
тәрбиеленеді.  Тек  сонда  ғана  мамандық  жасөспірімнің  санасына  және  қанына 
сіңеді»деп түсіндірген [9, s. 50]. 
Өз  зерттеулерінде  неміс  ғалымдары  К.Штратман,  О.Пахе,  Ф.Лютге  және 
т.б.  қолөнер  саласы  өкілдерінің  өмірлік  жағдайына  талдау  жасайды.  Олардың 
дүниетанымында  жаңа  нәрселерге  және  салт-дәстүрлерді  сақтап  қалуға  теріс 
көзқарас орын алды. Қолөнерді жетілдіруде бұл неміс мемлекеттерінің цехтық 
жарғыларында  көрініс  тапты,  онда  «екі  аяғы  бар  және  қанаты  жоқ  барлық 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау