4
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар
қолданылған:
Ақпараттық қорлар - кiтапханалық қор, электрондық және оқу-
әдiстемелiк материалдар жиынтығы.
Бiлiктiлiк - маманның кәсiби қызметтi орындауына немесе бiлiмін
жалғастыруына бiлiм туралы құжатындағы дайындығының дәрежесiн
көрсететін түрі.
Бiлiм беру- тұлғaның физикaлық жәнe рухaни тұрғыдa қaлыптaсуының
бiрeгeй үдeрiсi, кeйбiр мiнсiз обрaздaрғa, қоғaмдық сaнaдa әлeумeттiк тaрихи
бeкiп қaлғaн этaлондaрғa бaғдaрлaнғaн әлeумeттeну үдeрiсi.
Дуальділік - «екі бірлік, екі жақтылық», «біріңғай біртұтас ұйым» деген
мағынаны білдіреді,бір жағынан, жекеменшік кәсіпорындардың екінші
жағынан мемлекеттік кәсіптік мектептердің өзара қарым-қатынасы болып
табылап, өзара әрекеттесу заңды түрде реттеледі.
Кәсіби білім берудегі дуальді оқыту –аксиологиялық (білім беру және
өндірістік құндылықтар мен мақсаттардың теңдігі), онтологиялық (модульдік-
құзыреттілік тәсіл), технологиялық (білім беру және кәсіби қызметті
ұйымдастыру) үш әдіснамалық бірлік негізінде мамандар даярлаудағы білім
беру және өндіріс салаларының өзара іс-қимылын үйлестіретін мақсатты
кәсіптік оқытуды ұйымдастырудың инновациялық түрі.
Кәсіби білім беру- өнеркәсіп, ғылым, техника және мәдениеттің әртүрлі
салалары үшін жоғары, орта және төменгі білікті мамандар даярлау оқу орны.
Жоғары кәсіби білім беру- білім беру жүйесінің жоғары сатысы ретінде
біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау мақсатында
білім беру.
Құзыреттілік – (латын сөзі) competenens – қабілетті, қатысты деген
мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің
сәйкестігінің мөлшері деген анықтама берген.
Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті арттыруға
теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі.
Педагогикалық практика – жоғары және орта педагогикалық оқу
орындарындағы кәсіптік оқыту түрі, болашақ мұғалімдерді практикалық
даярлау.
Дуальді оқыту туралы шарт – өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан
өту шарттары мен тәртібін регламенттейтін, білім алушы, өндірістік оқыту мен
кәсіптік практикадан өту үшін жұмыс орнын ұсынатын кәсіпорын (ұйым) және
оқу орны арасындағы жазбаша келісім.
Кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір
жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды
5
бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға
бағытталған оқу қызметінің түрі.
Кәсіби даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті
жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған
мерзіммен оқытатын білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін
бөлігі;
Әлеуметтік серіктестік - жұмыс берушiлердiң экономикаcы және
салаларының қажеттiлiктерiне, өндiрiспен тәлiм-тәрбиенiң байланыстарын
күшейту, қаржыландыруды қосымша қайнар көздермен тарту, құрылу жүйесiн
қызметтiк нәтижелерiмен адекватты жоғарылату, кадр даярлаудың деңгейiн
жуықтауға бағыттау. Оқу орындарындағы әлеуметтiк серіктестік (студент-
кәсiпорын-оқу орны) шарттың үш тұғырлық қорытындымен кәсiби бiлiм
берудiң жүйесiн енгiзу дуальді жүйе арқылы жүзеге асырылған.
6
7
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ЖОО - жоғары оқу орны
ҚазҰПУ – Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
ГФР – Германия Федеративтік Республикасы
ҒОӘК – Ғылыми оқу әдістемелік кешені
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚР БжҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚР БжҒМ БҒСБК – Қазақстан Республикасы білім және ғылым
министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
ҚР МЖМБС – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарты
ҚазССРО – Қазақтың советтік социалистік республикалар одағы
ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері
GIZ – Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit (Герман
Халықаралық ынтымақтастық қоғамы)
РҒӘО – Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың
және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы
ОТҚ – оқытудың техникалық құралдары
КТУ – кәсіптік-техникалық училище
ТжКББ – техникалық және кәсіптік білім беру
ЖТОО – жоғары техникалық оқу орны
ҰБЖ – ұлттық біліктітілік жүйесі
т.б. – тағы басқа
8
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі уақытта Қазақстанның әлемдегі озық
отыз елдің алдыңғы қатарынан орын алуын қажет ететін стратегиялық
міндеттер мен бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау талаптары да ең
озық шет елдің тәжірибесін тиімді пайдаланудың қажеттілігін арттырып отыр.
Тұжырымдамалық тұрғыдан бұл, салыстырмалы педагогиканың ықпалымен
іске асыруда отандық және шет елдік кәсіптік мектептердің негізіндегі
теориялық зерттеулердің, олардағы тарихи және болжамды шарттарды дамыта
отырып қарастырудың қажеттілігін туындатады. Оған қоса алдыңғы қатарлы
мемлекеттердің білім беру тәжірибесін зерттеу, өз еліңнің білім беру мен
тәрбиелеу жүйесіне қажетті қолайлы педагогикалық инновацияны ендіруге,
соның ішінде кәсіби білім беру саласының да сапасын арттыруға мүмкіндік
береді.
Осыған орай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауларында
мамандар даярлауға өзгерістер енгізудің бірқатар шаралары «сапалы білім беру
– Қазақстанның индустриясы мен инновациялық дамуының негізіне айналуы
тиістігі» атап көрсетілген. Болашақ мамандардың, соның ішінде бүгінгі
педагогтың бәсекеге қабілетті болуы, кәсіби құзыретті, практикалық тәжірибеге
бейім, өзінің болашақтағы кәсіби іс-әрекетіне қызығатын, кәсіби іскерліктері
мен дағдылары қалыптасқан, білімді де білікті маман болуы қажеттілігіне мән
берілген. Осыған орай Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға
арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында педагогтың
адам капиталын қалыптастыруға ықпалының басымдығы, білім беру
жүйесіндегі проблемаларды шешудегі аса маңыздылығы басым көрсетіліп,
оларды кәсіби даярлау мазмұнының сапасын жақсарту мен бәсекеге
қабілеттілігін арттыру бағытында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру жүйесін әлемдік озық тенденциялар контексінде модернизациялау
міндеттелген [1-3].
Ал бұл болса, болашақ мамандардың, соның ішінде педагог кадрлардың
жоғары білім алу барысында келешектегі кәсіби қызметіне практикалық
бағдарлы даярлануын, яғни практикалық дайындығын күшейту қажеттілігін
арттырады.
Әрине, барлық уақытта да болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда
педагогикалық жоғары оқу орындары өз студенттерінің практикадан өтетін
білім беру ұйымдарымен серіктестікте болғаны ақиқат. Алайда, тек қана
педагогикалық практика кезеңінде-ақ мектеп, колледждермен әрекеттестікке
түсетін өзара байланыс болашақ педагогтың біртұтас іске асырылуға қажетті
практикалық даярлығының бөлек бір құрамдарын ғана қамтиды. Осыған
байланысты педагогикалық білім беруде теориялық даярлығы мен практикалық
даярлығы оқу орнында және өндірісте, яғни біздің жағдайымызда бала
бақшаларда, мектептер мен колледждерде қатар жүруді жүзеге асыратын
дуальді оқыту өзекті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |