34
келе жатқан шәкірттік үлгісінің жай ғана жалғасы деп емес, қайта, кәсіптік
білім беру саласындағы мақсатты саясат деп қарастырған жөн. Германияда оны
жұмыс берушілер мен олардың мекемелері қызыға бақылап және едәуір
дәрежеде ықпал етіп отырады.
Германияда кәсіптік оқытудың дуальді формасының пайда болуының
екінші көзі – саясат. ХІХ ғасырдың соңында герман үкіметі жұмысшы
жастардың саяси тәрбиесінің күйіне мазасыздық танытып, оларды социализм
идеясынан сақтауға тырысты. Осы мәселеге байланысты Германияда үкіметтің
бастамасымен ұйымдастырылған ауқымды дискуссияда Бавариялық кәсіптік
мектеп шебері Георг Кершенштайнерге сыйлық берілді. Ол бұл проблеманың
өзіндік шешу амалын: кәсіптік оқытуды жұмысшы жастарды саяси тәрбиелеу
амалы ретінде қолдануды ұсынды.
Батыс еуропалық кәсіптік оқыту тарихына жасалған талдау дуальді оқыту
Еуропаның, әсіресе Германияның саяси, экономикалық, діни және
технологиялық тарихынан терең орын алғанын анық көрсетеді. Бұл ФРГдағы
дуальді форманың қазіргі құрылымын түсіндіруге негіз болады; кәсіптік
оқытудың әйгілі теоретіктері мен практиктерінің Германияда қалыптасқан және
ФРГда табысты болып тұрған кәсіптік оқытудың дуальді формасын
модернизациялау идеяларын айтып жүргеніне қарамастан, оны немесе оның
жекелеген бөліктерін алдын ала трансформациялаудың күрделілігін алдын ала
айқындайды [32].
Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келе, келесідей қорытындыларды
шығара аламыз.
Зерттеу нәтижесінде Германия кәсiптiк бiлiмнiң даму тарихында оңтайлы
және терiс рөл атқаратын еңбек ұйымының қолөнершiлiк формасы дәуiрiндегi
практиканы айтуға болады.
Қолөнер кәсібіндегі жағымды сәттерге оқытудың бұл түрі тез арада
өндіріске бейімделуге мүмкіндік жасайтындығымен байланысты болуы мүмкін.
Оқытудың мазмұны мен әдістері нақты өндіріс жағдайлары мен өндіріс
қажеттіліктерімен тікелей байланысты болды.
Германияда өндірістік кәсіптік білім беруді қалыптастыру кезеңінде
оқытудың мақсаттары, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары мен әдістері
бірнеше ұрпақ үшін іс жүзінде өзгермеген догматикалық тәсіл болып қала
берді. Кәсібилік деңгейді дамытуға емес, оның сақталуына баса назар
аударылды.
Жаңа технологиялардың және еңбек ұйымының нысандарына әсерін
тигізген озық салалар кәсіптік оқыту жүйесіндегі реформаларды бастады.
Қолөнерді үйренуден кәсіптік оқыту жұмысына көшудің нәтижесінде
педагогикалық ортадағы әріптестер арасында бөліну пайда болды.
Кәсіптік оқытудың теориялық бөлімі басқа оқу-өндірістік ортаға – кәсіптік
мектепке ауыстырылды.
1990 жылдан бастап неміс кәсіптік-техникалық жүйесі неміс
қауымдастығының ықпалы мен жаһанданудың ықпалынан; Еуропалық Одақ
шеңберіндегі интеграцияға байланысты өзгерістер мен иммиграцияның
35
өсуінен; Германиядағы демографиялық құлдыраудан туындаған маңызды
проблемаларға тап болды.Осы факторлардың барлығы жүйедегі студенттер мен
мұғалімдерге әсер етті.
Германиядағы көптеген экономикалық өзгерістер жер жүзіндегі барлық
елдер бастан өткерген өзгерістерді көрсетеді.ХХІ ғасырдың басындағы
экономика еңбек ресурстарының икемділігімен, ұтқырлығымен, дәстүрлі еңбек
құрылымдарын қысқартумен, уақытты және келісімшарттық жұмыстарды
ұлғайтумен, үлкен және жылдам өзгеретін технологиялармен және білім мен
ақпаратқа деген сұраныстың артуымен сипатталады.
Шығыс Германияда кәсіптік-техникалық мектептер кенеттен жалпылама
өзгеріске
ұшырап,
іс-жүзіндегі
стандарттар
батыс
германиялыққа
ауыстырылды.Бұдан
басқа,
пайдасыз
фирмалар
бөлшектелді
және
жекешелендірілді, бұл білім алушыларға арналған фирмалар мен оқу
орындарының тапшылығына әкеліп соқты.
Көптеген жетілдірулерге қарамастан, Шығыс пен Батыс Германия
арасындағы экономикалық және әлеуметтік жағдайларда айырмашылықтар
байқалды.Шығыстағы жұмыссыздық Батысқа қарағанда әлдеқайда жоғары
болды
және
көптеген
шығысгерманиялық
мұғалімдер
бұрынғыша
батысгерманиялық әріптестеріне қарағанда төмен жалақы алды.Бұл
сәйкессіздік студенттердің жалақысында көрініс тапты. Батыс Германиядағы
студенттің орташа айлық жалақысы айына шамамен 1000 DM болса, ал Шығыс
Германияның оқушыларының табысы төмен болды - шамамен 89% -ға жуық
табыс табады.
Он жыл бойғы экономикалық тұрақсыздық Германияны әлеуметтік
қамсыздандыру үлгісі ретінде күмән келтірді.Соғыстан кейінгі герман
экономикалық моделі жақсы білімге, өндірістік саладағы жұмыс күшіне жақсы
еңбекақы төлеуге негізделген.
Немістік білім беру жүйесі неміс экономикалық моделінің айқын күші
ретінде, әлі де жылдам дамыған экономикалық өзгерістерге барабар болу үшін
күресуде.Алайда бұл күресті қиындататын көптеген маңызды проблемалар
туындайды.
Біріншіден, неміс фирмалары бәсекеге қабілетті болу үшін шығындарды
қысқартып, оқу шығындарын өз мойындарына алады.Шығыс жерлерінің
қосылуына байланысты, оқуды қаржыландыруға жұмсалатын шығындар
артты.1998/99
жылдары
шығыс
Германиядағы
фирмалардағы
оқу
келісімшарттарының шамамен 70% мемлекет тарапынан субсидияланды.
Жастар үшін жеткілікті студенттік орындар ашу үшін мемлекет Шығыс
Германиядағы фирмаларда оқытуды қамтамасыз етуді субсидиялады.1994
жылдан 1997 жылға дейін білім беру жүйесіндегі мемлекеттің шығыстары 657
миллионнан 807 миллионға дейін өсті (DM).
Қазір субсидиясыз оқытуды жүзеге асыратын фирмаларды табу мәселесі
пайда болды.
Екіншіден, шетел фирмалары көбіне өз елінің жұмысшыларын әкеледі,
бұл өндірістің кейбір салаларында жұмыссыздық деңгейінің көтерілуіне әсер
Достарыңызбен бөлісу: |