24
оның жеке басының мүддесі мен игілігі қоғаммен қайшы келмеді. Бұл заңдар
жинағы герман қоғамының әртүрлі сословие өкілдері тарапынан әртүрлі
бағаланды (бір жағынан –қолөнершілер мен дворяндар, екінші жағынан –
экономикалық тұрғыдан белсенді буржуазия) [18, с. 188].
Индустриалды/өнеркәсіптік қоғамда еңбек бөлінісі басталып, ірі
өндірістік кәсіпорындар пайда болуымен кәсіптік білім беру саласында
жағдайлар өзгереді.
Өткен ғасырдың екінші жартысында индустрияның дамуы білікті
жұмысшылардың қажеттілігін нығайта түсті. Қолөнер мамандықтары
бойынша кәсіптік білім берудің оң тәжірибесі әртүрлі салаларда білікті
мамандарды кәсіптік даярлауды өнеркәсіптік шеберлерден де талап етілді.
Мысалы, қолөнер және өнеркәсіп шеберлерін Мюнхендегі 1854 жылғы
жалпы неміс өнеркәсіптік көрмесіне қатысуға шақыру келесі ескертумен
таратылды:«Жаңалығымен, әдемілігімен, сондай-ақ өндіріс әдістерінің
бірегейлігімен, жаңа немесе жетілдірілген құралдар мен машиналарды
пайдалану немесе тұтынушылардың талабымен салыстырмалы түрде кез келген
өнімдер қабылданады» [16, s. 180].
Өнімнің жетілдірілуін бағалау өлшемдері кездейсоқ таңдалмаған. Оларда
бір мезгілде қолмен жұмыс жасайтын өнімдерге де, зауыттық өнімдерге де,
яғни өнеркәсіптік жолмен өндірілген өнімдерге де, қолөнер шеберханасында
өндірілген бұйымдарға да бірдей талаптар қойылды. Қолөнер дәстүрлерін
өнеркәсіптік салаға көшіру Германиядағы өнеркәсіптік өндірісті одан әрі
дамытуға айтарлықтай әсерін тигізді.
Өткен ғасырдың екінші жартысында Германияда өндірістің дамуы,
соған байланысты жақсы дайындалған білікті жұмысшыларға деген
сұраныстың артуы кәсіптік білім беруді модернизациялау қажеттігін тудырды.
Қолөнердегі шәкірттіктегі кәсіпке баулу тәжірибесін өндіріс шеберлері
әртүрлі өндіріс саласына қажетті білікті мамандарды кәсіби даярлау үшін
пайдаланды. Қолөнер дәстүрін өндіріс саласына тасымалдау Германиядағы
өндірістік кәсіпорынның ары қарай дамуына да, қоғамдық өзгерістермен тығыз
байланысты шәкірттік жүйесіне де едәуір әсерін тигізді.
Пруссия королдігі өкіметі мен Солтүстік герман одағын басқарған
Бисмарктың басшылығымен 1871 жылдың қаңтарында Герман империясының
құрылуымен герман мемлекеттерін біріктіру аяқталды. XIX ғасырдың соңғы
ширегінде өндірістік революция аяқталды, Германия машинаның көмегімен
машина өндіретін әлемдегі екінші индустриалды мемлекетке айналды.
Өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің едәуір артуы жаңа техниканың көптеп
енгізілуімен, жұмысшылар білігінің артуымен және оларды пайдалануды
күшеюімен байланысты болды. Еңбек өнімділігі үшін еңбек құралы –машина
дайындау ауқымының артуы мен оны дайындау мерзімінің азаюы үлкен
маңызға ие болды. Олардың мамандануы, саны мен қуаты үнемі өсіп отырды,
оған өндірістік өнім сатылатын бірыңғай ішкі рыноктың құрылуына ықпал етті
[21].
25
Индустриаландыру әсерінен еңбек сипатының өзгеруі Германияда
кәсіптік оқытудың дамуының жаңа кезеңіне әкелді. Қолөнерлік шәкірттік тым
таяз мамандану, теориялық дайындық деңгейінің төмендігі салдарынан білікті
мамандарға деген сұранысты қанағаттандыра алмады. Ол кезде кең таралған
тәжірибелі қолөнер шеберлерінің басшылығымен «қарап ал- қайтала -
машықтан» қағидасын ұстанған бақылау мен еліктеу әдісі аса төмен сапасымен
ерекшеленді, өйткені кәсіби деңгейді жетілдіру өзгеріс енгізуді талап етіліп
жатқанда олар моралдық тұрғыдан ескірген құндылықтарды ұстанды және
оқытудың консервативті амалын сақтауға бағытталды.
Жаңа технологиялар мен еңбекті ұйымдастырудың жаңа формаларын
сынықтан өткізген сол кездегі Германияның алдыңғы қатарлы өндіріс салалары
қолөнерге оқыту жүйесінде ауқымды реформалардың бастамашылдары болды.
Қолөнер шәкірттігінен кәсіпорында кәсіби оқытуға көшу педагогикалық
ортада серіктестердің қалыптасуына ықпал етті. Кәсіптік білімнің
теориялық бөлімі кәсіптік мектептердің еншісіне тиді. Кейінірек, өндірістік
кәсіпорынның қарқынды дамуы жағдайында кәсіптік оқытудағы практикалық
оқытуды теориялық негіздеме жасау қажеттігі туындады, оның
ұйымдастыру формалары діни жексенбілік мектеп дәстүрінде өсіп шыққан
«қолөнер» мектебі базасында жеткілікті қалыптасқан болатын [22].
Қолөнерде кәсіптік оқытуды толығымен сабақты жүргізетін адам
анықтайтын, ал оның білімі өндірістің даму деңгейіне әрқашан сай келе
бермейтін еді.Теориялық білімді қолданып оқыту оқытудың осындай
практикасын жеңудің маңызды құралына айналды. Заманауи ғалымдар сол
кезеңнің әр мамандығы үшін сәйкес ғылым саласына сүйенетін негізді
теориялық білімді ерекшелеп айтады, мысалы, қолөнер-техникалық
мамандықтар үшін –технологияны (бұл терминді алғаш рет неміс тілінде 1777
жылы И.Бекман қолданды), коммерциялық/сауда – нарықтық экономика мен
оңтайлы шаруашылық жүргізу туралы ілім, фермерлер үшін – жерді
рациональді пайдалану негіздері. Біздің пікірімізше, жүйе құрушы курстардың
құрылуын кәсіптік білім беруді дамытуда жасалған маңызды қадам деп
қарастырған жөн.
Индустриаландыру дәуірінде пролетариаттың пайда болуы кәсіптік
білімнің саяси мәнін едәуір арттыра түсті. Кайзерлік Германияда 1870 және
1918 жылдар аралығында кәсіптік білім социализмге қарсы күрес қорғанға
айналды. Мұнда мемлекет ұйымдастыру және құқықтық шаралар қолданды.
Нарықтық-саяси заң ретінде сипаттауға болатын Рейх заңы арқылы ақырындап
қолөнер туралы Ереже енгізілді (1867 - 1871 жж.), Ереже кәсіптік мектепке
міндетті түрде оқуды енгізуге мүмкіндік берді (оның сол кезеңдегі атауы –
орта кәсіптік білім беру мекемесі). Кәсіптік мектепте жалпы міндетті оқу
заң жүзінде Германияда тек 1938 жылы ғана енгізілді.
Бұл уақытты кәсіптік оқытудың дуальді форманың пайда болуы деп,
санау келісілген. «Кәсіптік оқытудың дуальді формасы» ұғымы кәсіптік білім
беру саласының педагогы Х. Абелге тиесілі (1908-1965жж.).
Достарыңызбен бөлісу: |