Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет6/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74

15 
 
-  Жоғары  педагогикалық  білім  беруге  дуальді  оқытудың  элементтерін 
ендіру бойынша әдістемелік ұсыныстар;  
Диссертациялық  зерттеу  барысында  алынған  нәтижелер  мен  жасалған  
нақты  ғылыми-әдістемелік  ұсыныстарды,  зерттеудің    материалдарын  жалпы 
білім  беретін  мектептердің,  гимназия  мен  лицейлердің  жоғары  сатысында, 
колледждердің  тәжірибесінде,  жоғары  педагогикалық  оқу  орындарында, 
педагог  мамандардың  біліктілігін  жетілдіру  және  қайта  даярлау  жүйесінде 
пайдалануға болады. 
Қорғауға ұсынылатын қағидалар 
-  Германия  мен  Қазақстан  жерлерінде  балалар  мен  жастарды  қолөнер 
кәсіпшілігіне  баулудың  формасы  дуальді  оқыту    дамуының  бастамасы. 
Германияда  ХІІ-ХІІІ  ғасырлардың  өзінде-ақ  мұндай  оқыту  сол  кезеңнің 
әлеуметтік  серіктестерінің  -  кәсіптік-сословиелік  ұйымдардың  -    бақылауында 
болды.  Оның  дамуына  тарихи-экономикалық,  әлеуметтік-педагогикалық 
алғышарттар себеп болды.  
-  Қазақ    халық  қолөнеріне  үйретудің  өндірістік  ортада  (шеберхана,  дүкен, 
ұстахана, отбасылық қоныс орындарында және т.б.) жүргізілуі, үйрете отырып 
(көрсет-қайтала-машықтан)  біліктерін  қалыптастыруы;    белгілі  бір  кәсіпке 
баулуы(зергер,  ағаш  ұстасы,  темір  ұстасы,  тоқымашы,  тігінші  және  т.б.), 
кәсіби-тұлғалық сапаларын дамытуы (өнерге құрмет, кәсіпті сүю, еңбекқорлық 
және т.б.) сияқты қалыптасқан дәстүрлер жүйесі – кәсіби білім берудегі дуальді 
оқытудың пайда болуына негіз бола алады. 
-  Германияның  кәсіби  білім  беру  жүйесінде  дуальді  оқытудың  дамуы 
тарихи  кезеңдерге  сәйкес  орта  ғасырларда  пайда  болды,  XVII-XVIII  ғғ.  -  
кәсіпорындар  мен  жексенбілік  мектептердегі  кәсіби  даярлау,  ХІХ  ғ. 
жексенбілік мектептерде мамандардың біліктілігін арттыру жүйесінде дамыды. 
ХХ  ғасырда    1969  жылдан  бастап  Кәсіби  білім  беру  Заңының  бекуіне  сәйкес 
50%  -теориялық  оқыту,  50%  -  практика  жүзеге  асырылды.    Қазіргі  уақытта 
бастауыш кәсіби білім беру жүйесінде 70-80% өндірісте, 20-30%-ы оқытылады. 
-  Қазақстанда  дуальді  оқыту  Қ  Республикасының  Үкіметінің  Қаулысымен 
бекітілген  Жол  картасы  негізінде  орта  білімнен  кейінгі  техникалық  және 
кәсіптік білім беру (ТжКББ) ұйымдарында 2014 жылдан бастап табысты жүзеге 
асырылып келеді.  
-  Германияның  кәсіби  білім  беру  жүйесінде  дуальді  оқытудың 
тұжырымдамалық  моделі  кәсіптік  мектеп  пен  өндірістіңөзараәрекеттестігін 
реттейтін,  заңдастыратын  өкілетті  органдардың  бірлестігінде  болашақ  маман 
даярлығының  аксиологиялық,    онтологиялық  технологиялық  компоненттерін 
қамтамасыздандырады.  
-  «кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  дуальді  оқыту  –аксиологиялық  (білім 
беру  және  өндірістік  құндылықтар  мен  мақсаттардың  теңдігі),  онтологиялық 
(модульдік-құзыреттілік  тәсіл),  технологиялық  (білім  беру  және  кәсіби 
қызметті  ұйымдастыру)  үш  әдіснамалық  бірлік  негізінде    мамандар 
даярлаудағы  білім  беру  және  өндіріс  салаларының  өзара  іс-қимылын 
үйлестіретін мақсатты кәсіптік оқытуды ұйымдастырудың инновациялық түрі 


16 
 
- кәсіби білім беру жүйесінде дуальді оқытудың дидактикалық негіздемесі 
мемлекеттік  стандарт  негізінде  жасалатын  нормативтік  оқу-әдістемелік 
құжаттарды,  өндірісте    кәсіби  білім  беруді  ұйымдастыру  Ережесін,  оқытудың 
функцияларын,  әдістерін,  педагогикалық  құралдарын,  формаларын  қамтиды 
және өзара әрекеттестік, субъект-субъектілік қарым-қатынастарына негізделеді 
-  Германия  мен  Қазақстан  тәжірибесінде  кәсіби  білім  берудегі  дуальді 
оқытудың  дамуын  зерттеу  негізінде  әзірленген  жоғары  педагогикалық  білім 
беруде  дуальді  оқыту  элементтерін  пайдалануға  арналған  ғылыми-әдістемелік 
ұсыныстар 
теориялық-әдіснамалық, 
ұйымдастырушылық-құқықтық, 
практикалық-бағдарлық  әдістемелік  ұсыныстардан  тұрады  және  болашақ 
мұғалімдердің 
кәсіби 
даярлығының 
практикалық 
бөлігін 
тиімді 
қамтамсыздандырады. 
Зерттеуді сынақтан  өткізу.  Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары, 
теориялық  және  практикалық  нәтижелері  халықаралық  конференцияларда 
талқыланды: 
1.   Білім  беру  жүйесіндегі  дуальді  оқытудың  тиімділігі.  //Қазақ 
хандығының  550  жылдығына  арналған  «Қазақ  хандығының  құрылуының 
тарихи  тамырлары»  атты  халықаралық  ғылыми-тәжірбиелік    конференция 
материалдары. –Алматы, 2015. –Б.263-265. 
2.  Кәсіби білім беру жағдайында тұлғаның құзыреттілігін  қалыптастыру. 
//«Қазақстан  халықаралық  білім  беру  кеңістігінде»  атты    Жас  ғалымдарға 
арналған  YIII  халықаралық  ғылыми      конференция  материалдары.  –Алматы, 
2016. – Б.48-51 
3.  Германия  мемлекетінің  болашақ  мамандарды  даярлаудағы  дуальді 
оқыту  тәжірбиесінен.  //«Қазақстан  республикасының  педагогикалық  білімін 
жүйелі  жаңғырту:  мәселелері,  шешу  жолдары»    атты  халықаралық  ғылыми-
тәжірбиелік конференция материалдары. –Алматы, 2016. –Б. 589-591. 
4.  Дуальді  оқыту  –  сапалы  маман  даярлау  негізі.  //«Қазақстан 
Республикасының  әлемдік  кеңістіктегі  білім  мен  ғылымның  даму  тарихы  мен 
заманауи  тенденциялары»  атты        Халықаралық  ғылыми-тәжірбиелік 
конференция. – Алматы, 2016. - Б.64-68 
5.  Білім беру жүйесінде дуальді оқытудың мәні. International Scientific and 
Practical  Conference  WORLD  Science.  The  goals  of  the  World  Science.  –  Dubai 
UAE, 2017. – Р. 24-27. 
6.  Development  of  the  dual  formof  professional  education  of  Germany. 
International  Scientific  and  Practical  Conference.  «International  Trends  in  Science 
and Technology». – Warsaw,Poland May, 2018. –Р-7-11. 
7.  Polylingual 
specialists 
training 
and 
dual 
education 
as 
ways 
to 
create 
varied 
training 
conditions 
in  the  republic  of  Kazakhstan.  Materialsof  the  XXIinternationalresearchand  practice 
conference. –Munich, Germany 2018. – P 55-70. 
 
 
 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау