9
Ғылыми көзқарас бойынша ГФР-ның кәсіби білім беру жүйесіндегі
жұмысша мамандарды дуальді оқыту ерекшеліктерін зерттеу өзекті болып
табылады. Өйткені тарихи бастау кезеңдерінде дуальді оқытудың қайнар көзі
араб, азия, еуропа елдерінде «шебер-шәкірт» жүйесіндегі шәкірт тәрбиелеу
тұрғысынан кеңінен таралғанымен, кәсіби білім берудегі дуальді оқыту
Германияда бастау алды. XIX-XX ғасырларда шет елде еуропа педагогтарының
қозғалысын қалыптастыруға әсер еткен неміс педагог ғалымы Георг
Кершенштайнг кәсіптік білім берудің дуальді формадағы тұжырымдамасында
жас жұмысшыларды тәрбиелеу мен даярлаудың негізгі әдістемесі соғысқа
дейін Германияда заңды түрде қабылданғанын негіздейді.
Кәсіби білім берудегі дуальді оқыту дәстүрлі білім беру ұйымдарындағы
теориялық оқытудың өндірісте жеке жұмыспен қамтамасыздандырылуы
арқылы практикамен ұштастыруы болып табылады.
Дуальділік «екі бірлік, екі жақтылық», «біріңғай біртұтас ұйым» деген
мағынаны білдіреді. Кәсіби білім берудің мұндай формасы өкіметтің,
жұмысшының, кәсіподақ пен еңбек нарығының қажеттілігіне сай тиісінше
жоғары білікті мамандарды даярлаудың әртүрлі қоғамдық бірлестігінің өзара
ынтымақтастық механизміндегі әлеуметтік серіктестік өнімі сияқты пайда
болды.
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға
Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында дуальді кәсіптік
білім беруді дамытудың маңыздылығы атап өтілген. Сондай-ақ бұқаралық
маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи
қолданбалы біліктілік орталықтары құрудың қажеттілігі көрсетілген [4].
Осыған байланысты республикада мемлекет тарапынан колледждерде дуальді
оқыту әдісін енгізу туралы нақты тапсырмалар берілген. Қазақстан Халқы
Ассамблеясының XIX-шы сессиясында «Самұрық-Қазына» қорына арқаулық
кәсіпорындар тізімі белгіленген. Дуальді оқыту моделін бірте-бірте енгізудің
жоспарын әзірлеу тапсырылған болатын.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Үкіметі, БжҒМ жүзеге асыру
мақсатында оның нақты жолдарын анықтады. Мамандарды колледждер мен
ЖОО және өндіріс орындарында даярлау бойынша оқу орталықтарын,
біліктілігін арттыру мен қайта даярлау институттарын құру және олардың іске
асуын қамтамасыздандыратын іс-шараларды қамтитын дуальді оқыту
бағдарындағы Жол картасы жасалып Үкімет Қаулысымен бекітілген [5].
Бүгінгі таңда Қазақстанда дуальді оқыту орта білімнен кейінгі техникалық
және кәсіптік білім беру (ТжКББ) ұйымдарында табысты жүзеге асырылып
келеді. Осы тәжірибе дуальді оқытуды ендірудің теория мен практика
арасындағы алшақтықты жоятындығын; білім алушының оқу мен жұмысқа
практикалық дағдысын игеру түрткісін жоғарылататындығын, мекеме
басшысының өзінің қызметкерін практикалық оқытуға қызығушылығы
болатындығын және т.б. көрсетті.
Дейтұрғанмен, Қазақстанда дуальді педагогикалық білім беру – игерілмей
жатқан «тың» болып табылады. Оны игеру үшін әр түрлі деңгейдегі білім беру
10
ұйымдарының басшылары мен ғалымдарының, педагог-практиктерінің аса
жауапты да көп еңбекті талап ететін біргеліктегі жұмысының қажеттілігі
артады.
Сондай-ақ, әсіресе дуальді оқытуды педагогикалық білім беруге ендіру
үшін алдымен оның теориялық-әдіснамалық негіздерін жасаудың қажет
екендігі анық. Осы тұрғыдан бірінші кезекте дуальді оқытудың отаны
саналатын Германиядағы кәсіптік білім берудегі дуальді оқытудың дамуы мен
Қазақстандағы орта арнайы кәсіптік техникалық білім беруге дуальді оқытудың
ендірілуі тәжірибесін зерттеудің қажеттілігі арта түсуде.
Алыс және жақын шет елдік ғалымдар зерттеулерінде кәсіби білім
берудегі дуальді оқыту мәселесінің бірқатар аспектілері зерттелгенін жоққа
шығаруға болмайды. Мәселен, кәсіби білім беруді дамытудың заманауи
тұжырымдамасы мен теориясы (С.Я.Батышев, А.П.Беляева, А.Т.Глазунов,
А.Я.Наин, A.M.Новиков, И.П.Смирнов, С.Д.Смирнов, Е.В.Ткаченко, J.Dewey,
M.S.Knowles және т.б.); дуальді принциптегі әдістемелік негізде кәсіби білім
беруді ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері (А.Шелтен,
К.В.Штратман, Н.Stegmann және т.б.) қарастырылған.
Жоғары
кәсіби
білім
беруді
жетілдірудің
өзекті
мәселелерін
С.И.Архангельский, A.A.Вербицкий, H.A.Селезнева, Ю.Г.Татур, K.W.Doering
және т.б. зерделесе, кәсіби-техникалық білім беру ерекшеліктерін
О.В.Долженко, В.П.Зинченко, B.C.Михалкин, В.Л.Шатуновский және т.б.
ғалымдар жан-жақты қарастырған. Кәсіби педагогикалық білім беру жүйесінде
болашақ мұғалімдердің практикалық біліктерін дамытудың теориялық-
әдістемелік негіздері Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Г.Т.Хайруллин, Ш.Т.Таубаева
және т.б педагог зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапқан.
B.C.Безрукова,
А.О.Велижанина,
Н.В.Кузьмина,
Г.М.Романцев,
Л.Е.В.Ткаченко және т.б. инженерлік-педагогикалық білім берудегі дуальділік
мәселесін зерттесе, З.А.Бердникова, М.Н.Кларина, И.Е.Мамаева, С.М.Шохин
және т.б. ғалымдар дуальді оқытуды кәсіби білім берудің қосымша формасы
тұрғысынан негіздеген.
Кәсіби білім берудегі оқытудың инновациялық технологиялары мен
тұжырымдамалары да ғалымдардың (В.И. Андреев, В.В.Гузеев, Д.Н.
Кавтарадзе, В.Я.Ляудис, L.W.Anderson, M.D.Gall, R Lewis, N.Paine және т.б.)
зерттеу объектісінен тыс қалмаған.
Кәсіби білім беруде үздіксіз білім беру мәселелеріне шет елдік (J.Barzun,
D.Bridges,
R.H.Dave,
R.Snager
және
т.б.),
ресейлік
(В.И.Байденко
Б.С.Гершунский, В.П.Зинченко, Л.Г.Петряевская, А.И.Субетто және т.б.) және
қазақстандық (Б.Сайлыбаев, Р.К.Ержанова, Е.И.Бурдина, А.Е.Есполова,
Н.Р.Шаметов, С.З.Коканбаев және т.б.) ғалымдар еңбектерінде терең талдау
берілген.
Болашақ мамандарды даярлаудың дуальді жүйесінің пайда болуы мен
дамуын зерделеуге арналған теориялық және ғылыми-практикалық зерттеулер
Батыс Еуропаның бірқатар Германия, Австрия, Нидерланды, Ұлыбритания
(Шелтен, К.В. Штратман, H. Stegmann, А.Rakhkochkine және т.б..) елдерінде
Достарыңызбен бөлісу: |