11
жүргізілген.
Ресейде
де
(В.А.Поляков,
И.П.Смирнов,
Е.В.Ткаченко,
А.К.Корнев, В.А.Тимофеева және т.б.). дуальді білім беру әлеуметтік
серіктестік идеясынан туындап, білім беру ұйымдарының жаңа принциптері
тұрғысынан зерттеле бастады. Қазақстандық ғалымдар еңбектерінде де дуальді
оқытудың болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдірудің шарты
(У.М.Абдигапбарова, К.Ж.Бұзаубақова, Д.П.Қожамжарова, Ж.Н.Күмісбекова,
С.А.Әубәкірова, Г.О.Абдуллаева және т.б.). және кәсіптік оқыту
мамандығындағы болашақ мамандардың құзыреттілігін, кәсіби-тұлғалық
сапаларын
дамытуға
ықпалы
(С.А.Жолдасбекова,
Э.Т.Толыбаева,
Р.Н.Кебекбаева, П.Н.Балташ және т.б.) тұрғысынан қарастырылып отыр.
Шет елдердің дуальді оқыту жүйесінің тәжірибесін О.Д.Федотова,
А.Н.Кирилловский, С.П.Романов және т.б. зерделесе, дуальді жүйеде мамандар
даярлаудың педагогикалық ерекшеліктерін Л.И.Корнеева, М.А.Шувалова
зерттеген. Д.А.Торопов Германияда кәсіби білім берудің сапасын
қамтамасыздандыру проблемасын зерттеу аясында дуальді оқытудың
ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсеткен болса, Л.Н.Самолдина арнайы орта
оқу орындарының студенттерін дуальді-мақсаттық даярлауды негіздеген.
О.В.Приступа Германиядағы мектеп бітірушілерін еңбекпен айналысуға
даярлаудың педагогикалық негіздерін ашуда дуальді оқытудың теориялық-
әдістемелік негіздеріне мән берген. А.Л.Бусыгин жоғары оқу орындарындағы
оқу
үдерісінің
тиімділігін
көтерудегі
мұғалімдердің
педагогикалық
құзыреттілігін жетілдіру мәселесін зерделеген.
Сондай-ақ, Германия мен Қазақстанның білім беру жүйесін салыстыру
бағытындағы зерттеулер де жоқ емес. Мәселен А.Қ.Құсайынов, Б.Т. Искаков
Германия мен Қазақстанда білім берудің жағдайы мен дамуын қарастырса,
Г.Е.Утюпова аталған екі елде бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау жүйесінің
дамуын,
Ж.М.Байгожина
Германиядағы
әлеуметтік
педагогтарды
дайындаудың ерекшеліктерін зерделеген.
Соңғы жылдары дуальді оқыту жүйесі аясында отандық диссертациялық
зерттеулер де орын ала бастады. Атап айтқанда Ж.О.Нұржанбаева дуальді
оқыту жүйесінде колледж студенттерінің бойында еңбек құндылығын
қалыптастырудың педагогикалық негіздерін зерттесе, Ж.Е.Алшынбаева
кәсіптік оқыту мамандығы бойынша педагогтардың дуальді оқытуды іске
асыруға даярлығын қарастырған.
Осы еңбектерге жасалған талдау Германия мен Қазақстан тәжірибесінде
кәсіби білім беру жүйесіндегі дуальді оқытудың дамуы мәселесінің
отандық ғылымда арнайы зерттеу нысанына алынбағандығын көрсетеді.
Оған қоса бүгінгі білім беру практикасы Қазақстандағы арнайы орта
кәсіби техникалыдуальді оқытудың кәсіби-техникалық жоғары және ота
білімнен кейінгі кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарының оқу үдерісіне
ендірілген дуальді оқытудың тиімділігін көрсетуі, қоғамның практикаға
бағытталған педагог кадрларға сұранысы мен олардың кәсіби даярлығына
дуальді оқытуды ендіру мәселесінің алғышарттары мен ғылыми-әдістемелік
12
негіздерінің зерттеле қоймағандығы бүігнгі практикадағы сұраныс пен
теориялық зерттеулер арасында қарама-қайшылық туындатады:
- Жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың практикалық
даярлығын әлемдік озық үрдістер негізінде жаңа бағытта жетілдіру қажеттілігі
мен шет елдік кәсіби білім беру жүйесі дамуын зерттеудің жеткіліксіздігі
арасында;
- Германия мен Қазақстандағы кәсіби білім берудегі дуальді оқыту
жүйесінің элементтерін кәсіби педагогикалық білім беруде пайдалану
қажеттілігі мен оның ғылыми негіздерінің жасалмауы арасында;
- жоғары педагогикалық оқу орнының оқу үдерісіне дуальді оқыту
элементтерін пайдаланудың әдістемелік ұсыныстарын жасау қажеттілігі мен
Германия мен Қазақстандағы кәсіби білім берудегі дуальді оқытудың
дидактикалық негіздерінің жеткілікті зерттелмеуі арасында.
Аталған мәселелерді тарихи зерделеу, теориялық негіздеу мен оны
практикаға ендіруге ұсыныстар әзірлеу зерттеудің проблемасын айқындады
және бізге диссертациялық жұмыстың тақырыбын «Кәсіби білім беру
жүйесіндегі дуальді оқытудың дамуы (Германия және Қазақстан
тәжірибесі)» деп таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Германия мен Қазақстан тәжірбиесі негізінде кәсіби
білім беру жүйесіндегі дуальді оқытудың дамуын теориялық негіздеу және
оның элементтерін болашақ педагогтарды даярлау үдерісінде пайдалануға
әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің нысаны: Кәсіби білім беру жүйесіндегі дуальді оқыту
Зерттеудің пәні: Германия және Қазақстанның кәсіби білім беру
жүйесіндегі дуальді оқытудың даму үдерісі
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, Германия мен Қазақстанның кәсіби
білім беру жүйесіндегі дуальді оқыту дамуының тарихи негіздері айқындалса,
кәсіби білім беру жүйесіндегі дуальді оқыту ұғымының мәні мен ерекшеліктері
анықталып, тұжырымдамалық моделі негізделсе, дидактикалық негіздемесі
жасалса; сондай-ақ Германияның болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау
жүйесіне ендірілген дуальді оқыту элементтерін анықтап, оларды Қазақстанда
жоғары педагогикалық білім беруде пайдалану бойынша ұсыныстар берілсе,
онда республикада болашақ педагогтарды кәсіби даярлау үдерісіне дуальді
оқыту элементтерін ендіруге мүмкіндік туады, өйткені кәсіби білім берудегі
дуальді оқытудың дамуы тарихи, теориялық-тұжырымдамалық тұрғыдан
негізделіп, әдістемелік жолдармен қамтамасыздандырылады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Германия мен Қазақстанның кәсіби білім беру жүйесіндегі дуальді
оқыту дамуының тарихи негіздерін айқындау
2. Кәсіби білім беру жүйесіндегі дуальді оқытудың мәні мен
ерекшеліктерін анықтау
3. Германияның кәсіби білім беру жүйесіндегі дуальді оқытудың
тұжырымдамалық моделін негіздеу және сипаттау
Достарыңызбен бөлісу: |