Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет5/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74

13 
 
4.  Германия  мен  Қазақстанның    кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  дуальді 
оқытудың дидактикалық негіздерін анықтау  
5. Германияның болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесіндегі дуальді 
оқыту элементтерін анықтау және оларды Қазақстанда  жоғары педагогикалық 
білім беруде пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу 
Зерттеудің  жетекші  идеясы:  Германия  мен  Қазақстанның    кәсіби  білім 
беру  жүйесіндегі  дуальді  оқыту  дамуының  тарихи,  теориялық-әдіснамалық, 
әдістемелік  негіздерін  айқындау  негізінде    жоғары  оқу  орындарының  болашақ 
мұғалімдерді  кәсіби  даярлау  үдерісіне  дуальді  оқыту  элементтерін  ендіру 
бойынша  әзірленген  әдістемелік  ұсыныстарды  тәжірибеде  пайдалану    кәсіби-
тұлғалық сапалары, білім, біліктері дамыған, практикаға бағдарланған, бәсекеге 
қабілетті педагогтарды даярлауға септігін тигізеді.   
Зерттеудің  теориялық-әдіснамалық  негіздері:  Тұлғаны  дамытуға 
бағытталған  жалпы  теориялар  жүйесі;    тарихи-танымдық  тұжырымды  ойлар;   
педагогикалық  зерттеулердегі    жүйелілік,  іс-әрекеттік,    синергетикалық 
тәсілдер және т.б.; білім беруді ашық, күрдері, өзін-өзі дамытатын жүйе ретінде 
ұғыну  және  қолдану  туралы  қағидалар;  жалпы  педагогиканың  әдістемелік 
тұжырымды  қағидалары;  білім  берудің  әлеуметтік-философиялық  негіздері; 
заманауи  дидактиканың  қағидаттары;    білім  беруді  технологияландыру 
теориялары;  тұлғалық-бағдарлық психологиялық теориялар; дуальді оқытудың 
теориялық тұжырымдары, әдіснамалық ұстанымдары және т.б.  
Зерттеу  көздері:  отандық  және  шет  елдік  ғалымдардың  дуальділік, 
дуальді  оқыту,  дуальді  білім  беру,  Германиядағы  бастауыш  кәсіби  білім 
берудің  дуальділік  жүйесі  мәселесі  қарастырылған  ғылыми  зерттеулері; 
Қазақстанда  дуальді  оқытуды  орта  білімнен  кейінгі  техникалық  және  кәсіптік 
білім  беру  (ТжКББ)  ұйымдарына  ендіру  туралы  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің қаулы қарарлары, мемлекеттік бағдарламалары, Жол картасы, Білім 
және  ғылым  министрлігінің,  «Самұрық-Қазына»  АҚ,  «Атамекен»  Ұлттық 
Кәсіпкерлер  Палатасының  дуальді  оқытуға  қатысты  тұжырымдамалық 
нормативтік құжаттары; Германия мен Қазақстан ғалымдарының дуальді оқыту 
саласындағы  ғылыми  жетістіктеріне  негізделген  озық  тәжірибелері;  ғылыми-
әдістемелік  журналдар;  докторанттың  ғылыми-ізденушілік  және  практикалық 
тәжірибесі. 
Зерттеудің кезеңдері:  
1-кезең  (2015-2016  жж.)  -  зерттеу  проблемасына  қатысты  материалдар 
жиналды,  оларға  талдау  жасалды,  аталған  проблеманың  тарихи-ғылыми 
зерттеулерде,  шет  елдік  және  отандық    әдебиеттерде  зерттелу  деңгейі 
анықталды,  ғылыми  аппарат  негізделді.  Қазақстанда  орта  білімнен  кейінгі 
кәсіби  техникалық  оқу  ұйымдарына  дуальді  оқытуды  ендіру  жағдайы  мен 
тәжірибесі зерделенді.  
2-кезең  (2016-2017  жж.)  -  Германия  мен  Қазақстанның    кәсіби  білім  беру 
жүйесіндегі  дуальді  оқыту  дамуының  тарихи-әлеуметтік,  экономикалық 
алғышарттары  анықталды.  Қазақ  қолөнеріндегі  шәкірт  тәрбиелеу  жүйесіне 
дуальді  оқытудың  бастау  көздері  тұрғысынан  талдау  жасалды,  ғылыми 


14 
 
тұрғыдан  негізделді.  Қазақстанның  кәсіби  білім  беру  жүйесіне  дуальді 
оқытудың ендірілу жағдайына сипаттама берілді. Кәсіби білім беру жүйесіндегі 
дуальді  оқыту  мәні  мен  ерекшеліктері  анықталды,  тұжырымдамалық  моделі 
негізделді.  Кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  дуальді  оқытудың  дидактикалық 
негіздері  айқындалды.  Германияның  кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  болашақ 
мұғалімдерді  даярлау  үдерісіне  дуальді  оқыту  элементтері  ендірілуінің 
мазмұны зерттелді. Қазақстанның жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде 
дуальді элементтерді пайдалану қажеттілігін айқындауда жұмыс берушілер мен 
білім  алушылардан  сауалнама,  сұхбаттар  алынды.  Алынған  жауаптарға  талдау 
жасалды, нәтижелері тұжырымдалды.  
3-кезең  (2017-2018  жж.)  –  Германияның  кәсіби  білім  беруде  болашақ 
мұғалімдерді  даярлау  жүйесіндегі  дуальді  оқыту  элементтерін  мазмұны 
Қазақстанның жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде пайдалану бойынша 
әдістемелік  ұсыныстар  әзірленді.  Диссертациялық    жұмыс    мазмұны    талапқа 
сай рәсімделді. 
Зерттеу  әдістері.  Зерттеу  проблемасына  қатыстығылыми  еңбектерге,  
диссертациялық  зерттеулерге    теориялық  талдау  жасау;  кәсіби  білім  берудегі 
дуальді  оқытудың    тұжырымдамалық  негізі;  практикалық  тәжірибені  ұғынуда 
әртүрлі  ғылыми  көзқарастардың  кешендік  мәселесін  зерттеудің  дерексізденуі 
мен 
жалпылауы, 
синтездеуі, 
теориялық 
сараптаманың 
әдістері 
(феноменологиялық,  логикалық,  тарихи-салыстырмалық,  салыстырмалы-
салғастырмалы);  салыстырмалы-ретроспективті  әдіс  –  кәсіби  білім  берудің 
ұлттық жүйесін дамытудағы салғастырмалы талдау; статистикалық сараптама – 
кәсіби білім берудегі дуальді оқытуды  дамыту ерекшелігі; сауалнама, сұхбат – 
кәсіби білім берудегі дуальді оқытудың  тиімділігін бағалау және т.б.  
Зерттеудің  базасы:  Абай  атындағы  ҚазҰПУ,    Тараз  мемлекеттік 
педагогикалық  университеті  және  т.б.  (Қазақстан);  Нюрнберг-Эрланген 
университеті, Лейпциг университеті (Германия) 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:  
1.    Германия  мен  Қазақстанның    кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  дуальді 
оқыту дамуының тарихи негіздері айқындалды 
2.  Кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  дуальді  оқытудың    мәні  мен  
ерекшеліктері анықталды 
3.  Германияның  кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  дуальді  оқытудың 
тұжырымдамалық моделі негізделіп, оған сипаттама берілді  
4.  Германия  мен  Қазақстанның    кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  дуальді 
оқытудың дидактикалық негіздемесі жасалды  
5. Германияның болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесіндегі дуальді 
оқыту  элементтері  анықталды  және  оларды  Қазақстанда    жоғары 
педагогикалық білім беруде пайдалану бойынша ұсыныстар әзірленді 
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: 
-  Кәсіби  білім  берудегі  дуальді  оқытудың  ғылыми  негіздері    (оқу-
әдістемелік құрал, авторлық куәлік); 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау