20
тіршілік иелері қолөнерді игеруі тиіс», яғни цехтың мүшесі болуы тиістігі талап
етілген.
Мәселен, 1523 жылғы Торон цехының жарғылары классикалық орта
ғасырлар үшін танымал формуланы қамтиды: «Бірде бір қолөнерші жаңа
ештеңе ойлап шығармауы немесе жаңа нәрсені қолданбауы керек»[10, s.255].
Жаңадан бас тарту, дәстүрлерді сақтап қалу қолөнершінің өмірлік
ұстанымының көрінісі болды. Қолөнер туындыларындағы дәстүрлілік тек
инновациялық талаптарға ғана емес, сонымен қатар цехтық жарғы шеңберінен
шығып кеткен барлық қызметке де көлеңкесін түсірді. Осы жарғыда
көрсетілгендей, «мәртебелі кәсіпке ие болу» қолөнер бұйымдарын цехтық
тіркелімге енгізгеннен кейін ғана мүмкін болды. Мұны істегісі келмесе немесе
істемесе, мысалы, белгілі себептері бойынша ол мамандығы жоқ шебер
тұрғысынан қабылданды» [11,с.173]. Бұл педагогикада «догматикалық» деп
аталатын Орта ғасырдың барлық халықтары үшін типтік оқытудың көрінісі
болды, онда оқытудың мақсаттары, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары
бірнеше ұрпақ үшін іс жүзінде өзгерген жоқ. Ерекше назар кәсіпқойлық
деңгейін дамытуға емес, оның сақталуына аударылды [12].
Еңбекті ұйымдастырудың қолөнерлік формасы дәуірінде Германияда
кәсіптік білім беру мәселесі сословиелік қоғам өмірі белгілеген талаптарда
көрініс
тапты.Осылайша,
шәкірттер
қолөнерді
үйренудежұмыс
істеудағдыларын қалыптастырды және бір мамандықтың иесі тұрғысынан
әлеуметтік рөлге ие болды. Қолөнерді оқыту формасы жағдайында теориялық
білімді жүйелі түрде беру мүмкін болмады, сондықтан оқыту сапасы
шебердің өмірлік ұстанымына, оның оқыту таланттарына және, әрине, өзінің
арнайы дағдылары мен қабілеттеріне байланысты болды.Бұл ортағасырлық
халықтардың бәріне тән «догматикалық» деген атауға ие болған көрініс болды.
Мұнда оқытудың мақсаты, мазмұны, формасы, әдістері мен амалдары бірнеше
ұрпақ бойына іс жүзінде ешқандай өзгерген жоқ [13].
Орта ғасырда қолөнер мектебін ұйымдастыру бойынша тарихи
құжаттарды сараптау, қолөнерде маман иесі болуға қарағанда шәкірттік
идеологиясы басым болған деп айтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кәсіби
даярлық шәкірттің бойындағы іскерлік дағдылармен емес, ынта, әдептілік және
қоғамға пайдалылық секілді адамның әлеуметтік қасиеттерімен анықталған.
Демек, бұдан шығатын қорытынды шәкірт тәрбиесінде кәсібиліктен тұлғалық
өсуді жоғары қойған. Осылайша, сол кездің өзінде Германияда қолөнерге
баулу арқылы заңды орындайтын азаматтарды қалыптастыру мен тәрбиелеу
жүзеге асырылды, бұл үрдіс барысында цехтар маңызды әлеуметік қызмет
атқарды [14]. Пруссияда кәсіптік оқуды аяқтағаны туралы куәлікте (1734 ж.)
шәкіртке ешқандай квалификация берілмеуі, «өзін құдайды құрметтейтін және
әдепті жас жігіт ретінде ұстауға» кеңес берілу факті кәсіптік оқытуда
идеологиялық бастаманың басымдығын растады.
Дәстүрді сақтау қолөнершінің өмірлік позициясы мен мүддесінің көрінісі
болып табылды. Қолөнердегі дәстүрлілік цех жарғысы шеңберінен шығатын
кез-келген әрекетті жоққа шығарды, осылайша шәкірттердің тек цех регистріне
21
енген қолөнерлік мамандықтарды ғана меңгеруіне ықпал етті. Қолөнер-
сословиелік дәстүрді сақтау цех жарғысында көрініс тапты, онда цех мүшелері
ең лайықты азаматтар болуы тиіс екені айтылған. Ал қолөнершілер өз
қызметінде ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бекіткен канондарды ұстануға
міндетті [10, s. 18].
Бұдан біз, бір жағынан, цехтар техникалық прогрессті қабылдамағанын,
ал екінші жағынан – олардың шәкірттерді тәрбиелеуде авторитарлық
талаптар қойғанынын көреміз. Бұл барьерді фабрика қызметкерлері ұсынған
оқытудың прогрессивті формаларының көмегімен жеңу мүмкін емес еді,
өйткені онда оқығандар цех шеберлерінің құқықтарын пайдалана алмайтын
және цехтың үлкендері әдептілікке, тәртіптілікке бағынбайтын.
Германиядағы қолөнер шәкірттігінің тарихы мемлекеттің әртүрлі
шектеулеріне қарсы, «әдептілік, тәртіптілік» туралы заң үшін де күресін
қамтиды. Дегенмен мемлекет цехтарға қатысты бейтараптылық ұстанымын
ұстанды, өйткені олар мемлекет анықтаған қызметті атқаратын адамдардың
сословиелік ұйымының бір бөлігін білдірді. Мемлекеттің цехтық нормалар мен
белгіленген уақытта өзін ұстау ережелерінің әсер күшін әлсіретуге тырысуы
табысты бола алмады, себебі цех жарғысы белгіліген өзін-өзі ұстау нормасы
қолөнершілер сословиесінің күнделікті өмірімен тығыз байланысты болды.
Қолөнершінің жеке басының кәсіби дамуы, бір жағынан, өзінің жеке
талпынысын дамытуға, ал екінші жағынан, мемлекеттің азаматы ретінде өзінің
қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталды.
Қоғам дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі технологиялық прогрестің
әсерінен жұмыс сипаты, кәсіптік және біліктілік ауысуларындағы тарихи
өзгерістерді жүйелі түрде талдау К.Маркс іліміне тән. Өндіріс қолөнерінің
деңгейінде «білім мен тәжірибенің шектелген көлемі жұмыспен тікелей
байланысты болды, одан бөлек тәуелсіз күш ретінде дамымады және ешқашан
тұтастай дәстүрлі, ұзақ мерзімді нұсқалар жинағынан тыс шықпады».
К.Маркстың бейнелеп айтқан сөзіне сәйкес «қолдар мен бастар бөлінбеді»
Қолөнерді үйрену және оны меңгерудің теориясы мен әдістемесі толықтай
шебердің біліктілігінен, оның міндеттерінен, құпияларды жеткізуге деген
ниетінен, сондай-ақ шәкірттің алғырлығынан, байқағыштығы мен ынтасынан
талап етілді [15].
Өйткені өнеркәсіптің өсуі «әлеуметтік заңға» қатер ретінде қаралды. Сол
себепті қолөнер өндірісінің негіздері мен дәстүрлеріне «зиян келтіру қаупін»
болдырмау қажет болды. Индустрияландыру үдерісін дамыту кезінде қолөнер
кәсіптік тәрбие беруде ең басты орында болды.
Осылайша, цех қондырғыларымен байланысты екі санатты жұп
«өнеркәсіп» және «қолөнер» айқын болады. Зауыттың еңбек бөлімі қолөнерге
сәйкес келмейді деп есептелді, алайда зауыттың қолөнерімен өндірілді.
Басқаша айтқанда, «цехтық» термині «өндірістік» терминінің қарама-қарсы
бөлігі ретінде қабылданады, сондықтан прогреске қарсы болды.
К.Бернулли қолөнер туралы заңның саланы дамытуға теріс ықпалы
туралы, яғни екі санаттағы, атап айтқанда «қолөнер» мен «өнеркәсіп»
Достарыңызбен бөлісу: |