Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет9/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   74

22 
 
арасындағы айырмашылықтың негізі өндірісті механизациялау дәрежесі болып 
табылмайтындығы туралы жазды. 
«Фабрикалық – бұл материалдарды отпен және ұстаның темір балғасымен 
өңдеу  емес,  ол  еңбек  бөлісу  негізіндегі  өндіріс»  [9,  s.  175].  Бернуллидің 
айтуынша,  цехтық  жарғыға  негізделген  бұл  екі  термин  «қолөнер»  мен 
«өнеркәсіп» 
мәні 
бойынша 
қарама-қайшы 
болып 
келеді. 
Еңбекті 
мануфактуралық бөлу тар мамандандырылған операциямен байланыстырылған 
«жартылай  жұмысшы»  түрін  құрды.  Бұл  өндірістік  үдерісте  тікелей  жүзеге 
асырылған еңбек және кадрларды басқарудың біліктілігіне әкелді . 
1765 жылы Брауншвейгте оқушылардың оқудан кейін қорытынды емтихан 
тапсыруы  туралы  қаулы  шығарылды,  онда:  «Оқушы  өз  жұмысында 
соншалықты  табысты бола алатынын қамтамасыз ету керек, ол шәкірт ретінде 
жұмыс  істей  алады  және  ары  қарай  өз  мамандығын  шебер  және  қоғамға 
азаматтық  пайда  келтіруші  ретінде  жақсарта  алады»,  –  деп  көрсетілген  [11 
с.177].  11.10.1801  жылы  Пруссияда  аптекарларды  оқыту  жайлы  ережеде 
«фармацепттер  өз  өнерін  білікті  азаматтарды  өз  мамандығы  бойынша  оқыту 
үшін шебер қолдана білуі керек», – деп айтылған. Осылайша, цехтың лайықты 
мүшесіне өз мамандығы бойынша  «пайдалы азамат» және еңбекқор жұмысшы 
кірді [16]. 
Германиядағы  қолөнерге  баулу  үрдісін  зерттей  отырып  біз  дуальді  
оқытудың  бір  құрамдас  бөлігі  –  практикалық,өндірістік-қолөнерлік, 
мазмұнының қалыптасу жолын анықтадық. Ол күні бүгінге дейін кәсіптік білім 
беруде біз қарастырып отырған формада  шешуші рөл ойнайды. 
Орта  ғасырларда  діни  жексенбілік  мектептерде  дуальді    оқытудың 
теориялық  саласы  пайда  болды.  Мұндай  мектептер  Германияда  ХVI-ХVІІ 
ғасырларда орын алды. 
Қолөнер сословиесі заңға мойынсұнатын азаматтарды тәрбиелеудің белгілі 
бір  ережелерін  берік  ұстанғанымен,  олар  шәкірттердің  жүйелі  теориялық 
білімді  меңгеруінің  маңыздылығын  жоққа  шығарған  жоқ.  Мұндай  позиция 
көптеген  герцогтардың  цехтық  жарғысынан  көрініс  тапқан.  Мысалы,  Веймар 
Саксониясы  герцогының  1821  жылғы  цехтық  жарғысында  шәкірттердің 
белгілі  бір  теориялық  білім  мен  практикалық  іскерліктерді  меңгеріп  шығуы 
тиіс  екені  және  осылайша  ары  қарай  жазу  мен  санауды  үйренуге  жағдай 
жасалуы  керек  екені  туралы  кеңестер  жазылған.  1869  жылдың  өзінде  қолөнер 
туралы Ереже  қабылданған, соған сәйкес кәсіпорындар өз шәкірттерін кәсіптік 
мектептерге  жіберуі  тиіс  болған.  Біздің  ойымызша,  осылайша  екінші  сала  – 
шәкірттер  теориялық  білім  алатын  кәсіптік  мектеп  қалыптаса  бастаған. 
Кәсіптік  білім  берудегі  дуальді    оқытудың  қалыптасуы  мен  дамуын 
қарастырған  неміс  ғалымдары  (Грюнер  Г.,  Кениг  К.,  Мюнх  И,  Штратманн  К.) 
[17]арасында  сол  кездегі  кәсіптік  оқытудағы  кәсіптік  мектептердің  рөлін 
анықтауға  байланысты  көптеген  пікірталастар  орын  алған.  Бұл  мектептер 
кәсіптік  оқытудың  міндетті  құрамдас  бөлігі  ретінде  бірден  мойындалған  жоқ. 
Тек  соңғы  ғасырдың  басында  ғана  діни  жексенбілік  мектептер  (кешкі) 
күндізгіге  алмастырылды,  олар  едәуір  дәрежеде  шәкірттердің  белгілі  бір 


23 
 
теориялық  білімді  меңгеріп  шығуына  ықпалын  тигізді.  Сондықтан  да 
зерттеушілер оны кәсіптік оқытумен қатар жүретін мектеп деп атады. Дегенмен 
дискуссия барысында бұл кәсіптік оқытудың  «қатар жүретін» бөлігі ғана емес, 
қайта,  ажырамас  бөлігі,  кәсіптік  оқытудың  дуальді  формасының  міндетті 
құрамдас компоненті деген пікір айтылды. 
Дуальді  оқытуда  кәсіптік  мектеп  әу  бастан-ақ  жалпы  білім  беретін 
мектептің  функцияларының  бір  бөлігін  өз  мойнына  алды:  Арнайы  пәндермен 
қатар онда жалпы білім беретін пәндер де оқытылады (саясат, математика, ана 
тілі,  дін,  спорт).  Соңғы  жылдары  осы  мәселеге  байланысты  ГФР  (ФРГ) 
ғалымдарының  (  Р.Арнольд,  Х.Беннер,  П.  Денбостель)    пікірлері  әртүрлі  [18], 
алайда қазіргі Германияның кәсіптік мектептерінде оқытылатын оқу пәндерінің 
тізімі  ресми  түрде  әлі  қайта  қарастырылған  жоқ.  Ол  ұдайы  жұмыс  жасайтын 
ГФР  облыстарының  мәдениет  және  білім  министрлері  Конференциясында 
кезекті рет мақұлданып бекітілгенін айта кеткен жөн. 
Осы  жоғарыда  жасалған  талдау  бүгінде  кәсіптік  мектеп  пен  кәсіпорын 
шәкірттеріне  жүйелі  білімнің  қажеттігіне  ешқандай  күмән  туғызбайтынын 
дәлелдеді.  Алайда  олардың  дуальді  оқытудағы  өзара  әрекеттестігі  қазір  де  аса 
өзекті  мәселе  тұрғысынантерең  зерттелуі  қажет.  Капиталистік  қарым-
қатынастың  пайда  болуы  өндірістің  қолөнерлік  амалының    экономикалық 
тұрғыдан  түбірімен  өзгеруіне  алып  келді.  Бұл  бұдан  былайғы  тауар-ақша 
қарым-қатынасының  таралуымен,  қолөнершілер  өнімінің  үлес  салмағының 
қысқаруымен,  олардың  рынокқа  жеткізілуінің  артуымен  байланысты  болды. 
Көптеген  қолөнершілер  жеке  өндіруші    жағдайынан    айрылды.  Тарихи 
құжаттар көрсетілгеніндей, көпестерге тәуелді болу арқылы олар көбінесе өз 
үйінде  отырып  кәсіпкер-капиталистке  жұмыс  істейтін  жалдамалы 
жұмысшыларға  айналды.  Әлі  де  болса  кең  таралған  цехтық  қолөнер  елдің 
техникалық  және  экономикалық  дамуында  прогрессивті  рөл  ойнау  қалып 
өндірістік  кәсіпорынның  жаңа  формаларына  орын  берді.  Осылайша  цехтық 
жүйе құлдырып ыдырауға әкеп соқты [19]. 
Өнеркәсіптің  дамуына  қарай  кәсіптік  қызмет  енді  сословиелік  беделмен 
емес,  табыспен  және  өнімге  деген  сұраныспен  өлшене  бастайды.  Осылар 
кәсіпорын  қызметінің  табыстылығын  анықтайтын  факторларға  айналып,  кейін 
олар кәсіптік оқытуда басты рөл ойнайтын болды.  
XIX  ғасырдың  басында  көптеген  герман  мемлекеттерінде  цех 
жарғысын  жойып,  қолөнер  бостандығы  туралы  Ережені  енгізуге 
байланысты шаралар атқарылды. Дегенмен оны іске асыру бірнеше ондаған 
жылдарға  созылып  кетті.  Осылайша  1806-1810/11жылдары  Пруссияға  осы 
бағытта  алғашқы  қадамдар  жасаудың  сәті  түсті.  Пруссия  қолөнер 
бостандығы  туралы  Ереже  қабылданған  бірінші  германдық  мемлекет  болды, 
және  өндірістік кәсіпорын  ретінде  мануфактура  мен  фабрикалар  интенсивті 
дами  бастады.  Басқа  герман  мемлекеттерінде  цех  жарғылары  әлі  бернеше 
ондаған  жылдар  бойына  қала  берді  [20].  Мұндай  саясатты  жүргізуге  ықпал 
еткен реформалар Штайн-Гарденберг реформалары деген атпен белгілі болды. 
Олар әрбір азаматқа қолөнер кәсібімен айналысуға мүмкіндік берді, және мұнда 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау