Елдігіміздің белгісі №12 (193), маусым, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



жүктеу 6,64 Mb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата23.11.2018
өлшемі6,64 Mb.
#23629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

7

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 12 (193), 

маусым, 2015 жыл

Ұлттық 


біліктілік деңгейі

СЕМИНАР

Редакциядан: «Әдебиеттанудың теориялық мәселелері және Рымғали Нұрғали зерттеулері» 

атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияны ұйымдастыру жұмыстарына белсенділікпен 

қатысып, оның табысты өтуіне  атсалысқан Сейіт Қасқабасов басқарған қазақ әдебиеті кафедрасының 

ұжымына, ғылым докторлары: Құныпия Алпысбаев, Серікқали Бәйменше, Дүкен Мәсімхан, Сәуле 

Тоқанова, Сәмен Құлбарақ, Аманжол Әлтаев, Жансая Жарылғапов, Жанат Аймұхамбет, Әсима 

Есжановаларға  және ғылым кандидаттары: Ермек Аманшаев, Меңдігүл Шындалиева,  Балғынбек 

Имашев, Айбек Қалиев, Серікзат Дүйсенғазин, Қуаныш Сейітжанов, Айтбай Жұмағұлов, Қарлығаш 

Байтанасова, Сәулеш Айтуғанова, Лилия Серғазы, Розалина Шаханова, Ақылбек Шаяхметов, Бизар 

Рахметова, Назым Нәсиева, Жамал Боранбаева, Мұхаббат Беретова, Жұмажан Бектасоваларға 

университет ректоры атынан және марқұм Рымғали Нұрғалиевтің отбасы атынан шынайы 

ризашылығымызды  білдіреміз.

қайраткер ұл

жұртшылықты толғандыра қоймаған. Бүгінде сол азғантай некен саяқтың біреуі Рымғали Нұрғалидың 

болғанына көзіміз жетіп отыр.

Филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасы ұйымдастырған халықаралық шараны ҚР ҰҒА 

академигі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі 

Сейіт Қасқабасов жалғады.

« – Рымғали туралы менің сағаттап айтуыма болады. Бүгін тек бір қызық-қызық жайттарды еске алғым 

келіп тұр. Біз Рымғали екеуміз аталас, рулас қазақтармыз. Ол Абыралы ауданында Қайнар деген жерінен, мен 

Зайсанда туғанмын. Таныстығымыз бен табысуымыз 1970 жылдан басталды. Мен КазПИ-де оқимын. 1960 

жылдары институтты жақсы оқып, көріне батаған жігіттеріміз болды. Соның ішінде аспирант болып бізге 

Зейнолла Серікқалиев келді, Асқар Сүлейменов, Қуандық  Мәшhүр Жүсіп, Едіге Тұрсынов, Қаз МУ-ден 

сол кезде көрінген Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбаев, Рымғали Нұрғали сияқты бір топ шоғыр жігіттер бір 

үлкен жаңа леп, жаңа бір үрдіспен келді. Өйткені 60-жылдары бізде үлкен бетбұрыс болды. Сәл еркіндік ой 

пайда болды. Ізденудің өзін бұрынғыдай тек марксизм-ленинизм классикасынан емес, басқа да жақтан бізге 

іздеуге ой салды. Әдебиетімізге жаңа ғана ақталған Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров 

келді. Соларды оқып біздің сана сезіміміз бен ойлауымыз еркіндеу болды да, ойды еркіндеу айта бастадық. 

Осы аттары аталған жігіттер газет-журналдарда әдебиет туралы таластар туғызды.

1982 жылы февраль айында екеуміз Мәскеу түбінде жазушылардың демалыс үйінде  бір ай бірге 

болдық.Қасымызда одақтың әр түкпірінен келген небір ғұлама ғалымдар мен қоғам қайраткерлері. Бір 

қызығы Рымғалидың әлгілердің бәрін танитындығында. Мен болсам тек ғалымдардың ғана бірен-саранын 

танимын. Сен бұлардың  бәрін қайдан танисың деп  сұраймын, таңданып. Жазушылардың съездері мен 

жиналыстарында жиі кездесеміз, содан білемін деп қояды жай ғана. Содан бір күні Рымғали: "Мен ауылдан 

қазы-қарта алып келдім, Сейіт мына кісілерді қонаққа шақырайық", – деді. Сол күні аттары әлемге белгілі 

журналистер, жазушылар, ғалымдар Новиков, Корякин, Овчаренко бізден дәм ауыз тиіп әдебиет жөнінде 

әңгіме дүкен құрдық. Овчаренко Лермонтовты зерттеушілер саусақпен санарлықтай-ақ аз қалғанын айтып 

қынжылды. Солардың біреуі әрі бірегейі Заки Ахметов. Сендер қазақтар  осы кісімен мақтануларың керек 

деді. Овчаренко деген  жылына екі рет америкаға барып лекция оқитын, көпшілікті менсіне бермейтін 

адам еді. Біз сол жерде қазақ ғылымы мен әдебиетін орыс ғалымының мойындағаны үшін Рымғали екеуміз 

төбеміз көкке жеткендей бір қуанғанбыз». 

Халықаралық ғылыми конференция барысында «Еуразия-ақпарат» орталығы дайындаған Рымғали 

Нұрғали туралы бейнефильм де ешкімді бейжай қалдырмады: балалық балғын кез, студенттік шырын шақ, 

білім-ғылым қуған жылдар, ұстаздық тәлімі бейнебаян тілімен шынайы жеткізілді. Оның ішінде Қазақстан 

Республикасы Президентінің кеңесшісі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің салмақты пікірі бір баяндаманың жүгін 

арқалап тұрғандай болды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург, қазақ телевидениесінің негізін 

қалаушылардың бірі Сұлтан Оразалин ғалымның жан-жақты қырларына тоқталды. «Рымғали Нұрғалиұлы 

ҚазМУ-де сабақ беріп жүргенде мен одан қазақ телевидениесін көтеру үшін жақсы шәкірттерін сұрадым, 

сонда бес-алты жігіттің аты-жөнін атады. Солардың ішінде қазіргі Қазақстан Жазушылар одағының 

төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лаураеты Нұрлан Оразалин 

бар», – деді ол.

Басқосуда М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология 

ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижан, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, 

сонымен қатар алыс-жақын шетелден келген ғалымдар – Қазан Федералды университеті филология 

және өнер институтының профессоры, ф.ғ.д., Ресей Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі 

Х.Ю. Миннегулов (Ресей, Қазан), Мугла Сыткы Кочман университеті әдебиет факультеті қазіргі түркі 

тілдері және әдебиет бөлімінің меңгерушісі, профессор A.A.Çinar (Түркия, Мугла) Рымғали Нұрғали 

шығармашылығы туралы кеңінен ой қозғады.

Конференцияға қатысушылар Р.Нұрғали қоғамдық-әлеуметтік өмірге де белсене қатысқанын, тіл 

мәселесіне жете көңіл бөлгенін, Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитет отырысында әділдікке 

жүгінгенін, жалпы, қазақ әдебиеттану ғылымының дамуына қосқан үлесіне, Қазақстан жоғары мектебінің 

ғылыми-педагогикалық әлеуетін көтеруге сіңірген еңбегіне тоқталды. 



Жүніс ОРМАШҰЛЫ

ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы Эразмус+ 

ұлттық офис бағдарламасымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінде "Ұлттық біліктілік шеңбері: сәулет 

әдіснамасынан қолдану дағдысына дейін" атты семинар өткізді. 

Семинарға ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары 

Тахир Балықбаев, ЕҰУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан 

Сыдықов қатысып, жиынға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шарада Еуропалық Одақтың 2007-2013 жылдары 

Қазақстанда енгізілген Темпус IV көрмесіндегі жобалардың 

нәтижелері көрсетілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 

жобалардың көмегі көп болған, бірақ оның аяқталғанына 

қарамастан Қазақстандағы жоғары білім беруді жетілдіру 

жүйесінде институционалды және ұлттық деңгейде өз үлесін 

қоса бермек. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз 

брифингінде ҚР БҒМ-нің жоғары және жоғары оқудан кейінгі 

білім мен халықаралық ынтымақтастық департаментінің 

директоры Ақерке Абылайхан, Болон үдерісі мен академиялық 

ұтқырлық орталығы директорының кеңесшісі Серік Өмірбаев, 

Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ үкіметінің 

техникалық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Жан-Луи 

Лаврофф және Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының 

үйлестірушісі Шайзада Тасболатова айтты.

Семинарға Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім 

және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Мәдениет 

және спорт министрліктерінің, Қазақстандағы Еуропалық Одақ 

және әр түрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері, ҚР Ұлттық 

кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындарының басшылары, 

оқытушылары мен студенттері және т.б. қатысты.

Жиында Қазақстандағы жоғары білімнің қазіргі халі мен 

алдағы даму келешегі туралы ҚР БҒМ өкілі Ақерке Абылайхан 

арнайы баяндама жасады. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік 

даму министрлігіне қарасты ғылым және адами ресурстар 

департаментінің директоры Алма Сыздықова медициналық 

білімнің бес институционалды реформалар жайы, ҚР Мәдениет 

және спорт министрлігіне қарасты білім, ғылым, шығармашылық 

және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры 

Дінислам Болатханұлы мәдениет пен өнерге қатысты сөз 

сөйледі. 

Еуропалық сарапшы Брайн Магуайэрдің ұйымдастыруымен 

өткен жиында ҚР ұлттық біліктілік деңгейін еуропалық ұлттық 

шеңберімен салыстыру, жоғары оқу орындарының кадрларын 

даярлау, елдегі ұлттық және салалық біліктілік жиектемелерді 

құру, студенттерді оқыту мен оларға бағдарламалар жасау, 

кәсіпорындармен тығыз байланыста болу және бітіруші 

түлектердің біліктілігін шыңдау мен болашақта жұмыспен қамту, 

білім алу бағдарламаларын жасау, олардың сапасын бақылау 

секілді мәселелер қамтылды.



Салтанат БЕЙСЕНОВА

 студент


жүктеу 6,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау