5
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 12 (193),
маусым, 2015 жыл
Майдангер өмірінен бір үзік сыр
Ардагерлермен кездесу
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ!
Тарих факультеті студенттері
«Парыз» белсенді жастар
қоғамын құрып, Астана
қаласында тұратын Ұлы
Отан соғысы ардагерлерімен
кездесулер өткізуде. Қоғам
ның басты міндеті ҰОС
ардагерлерімен жүздесу, олар
жайлы ақпарат жинап, оларды
халық арасында кеңінен таныту,
ерліктерін насихаттау, өскелең
ұрпаққа ардагердің өмір
жолымен таныстыру болып
табылады. Қоғамның төрағасы
Тарих факультетінің деканы,
тарих ғылымдарының докторы,
профессор Тілеген Садықұлы.
Қоғамның мүшелері Тарих
факультетінің ерікті, белсенді
студент жастары.
Ахат атаның тағылымға
толы өмір жолы
Адамзат тарихының қайғылы
беттерінің бірі 19411945
жылдардағы Ұлы Отан соғысы.
Бұл дүние жүзі тарихындағы
ең қасіретті де ауыр соғыс
болғаны хақ. Жау жағадан алған
сәттерде еліміздің жержерінде
бас көтерген қазақтың қара
көздерінің санында да шек болған
жоқ. Соғыс кезінде миллиондаған
адамдар қаза тапты. Жаһанды
фашизмнен аман сақтап, құтқарып
қалуға бағытталған майданда
біздің елімізден де көптеген
азаматтарымыз қатысты.
Қаншама отандастарымыз ұрыс
даласында оққа ұшса, қанша
жерлестеріміз жараланып елге
оралды. Сұм соғыста қаншама
бала жетім қалса, қаншасының
ғұмыры қыршынынан қиылды
ғой... Осы бір ауыр кезеңдерді
бастан өткерген, қазақтың батыр
ұлдарының бірі Ахат ата.
Ұлы Отан соғысының
ардагері, Мәскеуді қорғаған
және КСРО халық білім үздігі
Бекмәді Ахат Бекмәдіяұлы, 1923
жылдың ақ сабан уақытында
қазақтың Қоскөл ауылында
дүниеге келген. Қарауылдан
шыққан Молдабай атадан 4 ұл :
Мұхамедия, Ахмедия, Бекмадія,
Рахметолла тараған. Бекмадіяның
жалғыз тұяқ ұрпағы осы Ахат
ата мен оның ұрпақтары. Әкесі
Атбасар атқару комитетінде
беделді қызмет атқарған. 1937
жылы саяси қуғынсүргінге
ұшыраған. Ел егемендігін алған
соң, әкесі толық ақталып шығады.
Анасы колхозда тракторшы,
сауыншы болған. Барлық
балалармен қатар Ахат ата да
ауылдағы бастауыш төрт жылдық
мектепті бітірген. Сонан соң,
Толқынкөлде 56 сыныптарды
жеті жылдық мектепте оқыған.
8 сыныпты Атбасарда оқиды,
ол кезде интернат болмай
қалуына байланысты туған еліне
қайтып, бірнеше уақыт колхозда
жұмыс істеген. 1939 жылы 16
жасында газеттердің бірінен
Қызылжардағы педагогикалық
институт бастауыш сынып
мұғалімдерін оқытатын
арнайы курс ашқаны жөніндегі
хабарландыруға көзі түседі.
Көп ойланбастан, құжаттарын
тапсырады. Оқудан шақырту
келгенде жас жігіт Ахат қолда
бар азмаз қаражатпен Ақкөлден
пойызға отырып, жолға шығып
кетеді. Оқу орнына келген
соң емтихандардан мүдірмей
өтіп, оқуға қабылданады.
1939 жылдың 1қыркүйегінде
1курсқа қабылданады. 1941
1942 жылдары, 3курс оқып
жүрген кезінде мың жарым
студенттердің арасынан үздік
оқығаны үшін маусым айында
Алматыға демалыс орнына
жолдама беріледі. Демалыс
орнының үстіңгі қабатында қазақ
жастары, астыңғы қабатында
орыс жастары тұрған. Соғыс
басталғаны жөнінде суыт
хабарды да осында естиді.
Демалыс орнына қарамақарсы
Абылай хан үйі орналасқан,
ол жерде сол кезде ұшқыштар
мектебі ұйымдастырылыпты.
Сөйтіп, аяқ астынан 19 жастағы
қазақ жігіті Көкшетауға кетеді.
Туған ауылға келіп, әскерге
алынады. Осы жерде 90шы полк
ұйымдастырылады. Қоскөлде бір
ай әскери дайындықтан өтеді, 3
рет оқ атып үйренеді. 1942 жылы
Сталинградқа шабуыл жасап
жатқан кезде, 90шы полк пен
Көкшетаудан келген тағы бір
полк қосылады. Вольга бойында
Сидранда немістің бомбалауынан
дін аман қалады. Кейін Мәскеу
Тула бойында қоршаушы
топта болады. Соғысқа
қатысушылардың барлығына
ескі қаружарақтар берілген,
жетпегендеріне граната берген.
Қаружарақтың жоқтығына
қарамастан, жауынгерлер елді өз
кеудесімен қорғаған. Қарудың
жетіспеушілік себебі, барлық
автомат зводтары батыста
орналасқандықтан, 1942 жылдың
2жартысында жақын жерлерге
автомат зводы құрыла бастаған.
Звод құрылысымен, 90шы полкке
елді жаудан қорғау міндеттелді.
«Артымызда Мәскеу,
алдымызда жау, шегінерге жол
жоқ» деген ұранмен алға баса
берген. Күзге қарай қан майданда
арқадан жараланып, Рязань
облысы, Рязский қаласындағы
2 қабатты мектеп үйінде
госпитальда емделеді. Наурызда
емі бітпесе де «емі бітті» деп
фронтқа жөнелтіледі. 1943 жылға
қарай жауынгерлердің қолдарына
автоматтар беріле бастайды. 1943
жылдың сәуірмамыр айларында
соғыс техникасын үйретеді.
Мамыр айының аяғында барлық
жауынгерлерді бөлімшелерге
бөледі. 1943 жылдың жазынан
бастап соғыс бағыты өзгертілген.
Енді қорғаушы шеп емес,
шабуылдаушы шепке айналған.
Ахат атаның бөлімшесінде
шамамен 40 жастағы орыстар
болып тұрса да, сержант шенді
атамыз топты бастап жүруді өз
мойнына алып бұйрықтар берген.
Орловский, Дуга соғысында неміс
әскері қорғанысты бұза алмайды.
Артиллериялық дайындықтан
соң Ахат ата бөлімшесін бастап,
өзі алдыңғы шепке тұрып, жаудан
қорғанады. Маусым айында сол
аяғынан жараланады. Әлемді дүр
сілкіндірген Ұлы Отан соғысы
1945 жылы Берлинді алумен,
ұлы жеңіспен аяқталды. Ауыр
жаралар мен соққылардан Ахат
атаның соңғы емделген пункті
Новосибирск. Сәуір айында
«қатарға жарамайды» деп,
Колутон станциясында мұғалім
қызметіне тағайындалады. 1950
1960 жылдары педагогикалық
институтты физика мамандығы
бойынша бітірген. Колутанда
1945 жылы соғыс біткен соң шым
үйде тұрып, қоғамдық, қала берді,
мемлекеттік істерге белсене
араласқан. 1988 жылы анасы
қайтыс болған соң қалаға көшіп
келеді. Қоғамдық ісшараларға
белсене араласқан. 1944 жылдың
күзінде марқұм Шәмшу апамен
отбасын құрады. Ұлдарын ұяға,
қыздарын қияға қондырған
ардақты әке. Бүгінде атамыз 2
қыз, 3 ұлдың әкесі, 5 немере, 4
жиеннің, 9 шөберенің атасы. 2010
жылы Ұлы Отан соғысының 65
жылдық мерейтойы қарсаңында,
атамыз Минскідегі мерекелік
шеруге қатысады. Шараға
бармас бұрын елімізде Минскіге
баратын барлық ардагерлерді
толықтай киіндіріп жіберген.
Еліміздің азаттығы іспеттес көк
туымыз түстес, маңдайында
елтаңба бейнесіндегі белгісі
бар бас киім кигізіп жібереді.
Мерекелік жиында әр елден
келген барлық делегаттар
дөңгелек үстелде бас қосады.
Қала мэрі, Лондон қаласының
мэрі, Париж қаласының мэрлері
мерекемен құттықтап өздері
әкелген сыйлықтарын табыстап
жатады. Атамыз қарап отырып,
«мен не сыйласам екен» деп көп
ойланады. Кезегі келгенде атамыз
тебіреніп, сөз сөйлейді. Өзін
киіндіріп жібергендегі бас киімін
қала мэріне сыйлайды. Мұндағы
басты ойы өз ұлтының намысы.
Сол жерде отырғандардың
барлығы таң қалып, орындарынан
тұрып ду қол шапалақтаған
екен. Кез келген жерде ұлт
намысын ойлайтын атамыздың
бұл ісіне көзіме жас толып мен
де қайран қалдым. Отанға деген
сүйіспеншілік мұншалықты
құдіретті болар ма?! Бір ғана
Ахат атаның өмірі тағылымға
толы тарих. Атамызбен болған
әңгіменің соңында атамыздан
арманыңыз бар ма дегенімде –
елінің амандығын, бейбітшіліктің
мәңгілік болуын, ұрпағымыздың
саулығын тілейтінін айтты.
Сондайақ, Мәскеу қаласында
орналасқан, тек қана мұржалары
көрініп тұратын жерасты үйлерін
өз көзімен көргісі келетінін де
жасырмады.
Соғыс аяқталып, жылдар
жылжып, уақыт зырлап жатса да,
Ахат атамыз сынды Алаштың арда
ұлдарының ерлігі халық жадында
мәңгілік жаңғырып тұратыны
ақиқат. Ел намысын өз жанынан
артық көрген атамыздың ғұмыры
ұзақ болсын деп тілейміз.
Жарқын жүзді, ақкөңіл, ең
бастысы қазақтың батыр ұлы
Ахат атаның батасын алған біз де
бақыттымыз.
Айтолқын
ӨМІРБЕКҚЫЗЫ
Тарих факультетінің
3-курс студенті
Қыпшақ рулы Қырықжігіттен шыққан
Боранбайдан Жылқыайдар, Мыңайдар,
Қаршыға тараған. Ал, Арқалық қаласының
құрметті азаматы Мыңайдар атамыз
1926 жылы мамыр айында Қостанай
облысы, Арқалық қаласында дүниеге
келген. 1933 жылдың кезінде ең алғаш
мектеп табалдырығын аттап, 1 сыныпқа
қабылданады. Атамыздың мектеп жасы
бір жүйеден екінші жүйеге ауысу, мал
кәмпескелеу, қолдан жасалған аштық, жала
жабу және т.б сынды ел басына күн туған
сәттермен тұспатұс келген. 7 сынып оқып
жүрген бала Мыңайдар ең алғаш рет соғыс
туралы суыт хабарды естиді. 19421943
жылдары Кеңес үкіметі соғыс бағытын
өзгертіп, жауға қарсы шабуылды бастайды.
Колхоздан 500ге жуық баланы комиссия
іріктеп, әскерге алынған. Арасында 17
жасар бала Мыңайдар да бар. Сәуір
айында Черколге соғысқа аттандырылған.
Ұлы Отан соғысы – талайдың тағдырына балта шапқан, миллиондаған
жандардың жанын жалмаған соғыс. Соғыстан соң миллиондаған жауынгерлер
туған елге мүгедек болып қайтып келді. Қаншамасы хабар-ошарсыз жоғалып
кетті. Қаншама отандастарымыз ұрыс даласында оққа ұшты, қаншама
бала жетім қалды, қаншасының ғұмыры қыршынынан қиылды десеңізші?!
Алайда, бәрібір рейхстаг үстінде Ұлы Жеңістің туы желбіреді. Ұлы Жеңісті
жақындатқандардың легінде Астана қаласының тұрғыны Мыңайдар
Боранбайұлы Боранбаев та бар.
Кейін Белоруссияға, Минскіге соғыс
ошақтарына жіберіледі. Штэтн жерін азат
етуге қатысқан. 19 жас шамасында 34
күн бойы беріспей, Штэтнді азат етеді.
Осы шайқаста батыр атамыздың көптеген
жауынгер достары мерт болған. Мамыр
бойы теңіз жағасында, маусым айынан
қазан айына дейін Германия, Чехияда
болды. 8 ай бойы Тбилисиде болған. Баку,
Ереван, Арарат тауының етегінің соғыс
ошақтарында болған. Мыңайдар ата
барлығы 7 жыл әскерде болып, елге тек
1980 жылы оралады. Әскерде жүріп 8, 9,
10 сыныптардың кітаптарын алып оқып
жүрген. 10 сыныпты елге келіп тапсырады.
Қай уақытта да ел қамын ойлайтын азамат
соғыстан оралысымен халық игілігіне
қызмет етеді. Педагогикалық институтты
бітіріп, ауылда ең алғаш рет Ш.Уәлиханов
атындағы мектепті ашады. Қарапайым
ауыл баласы совхозға 25 машина алып,
Порткомның хатшысы қызметін атқарады.
1986 жылдан бастап, зейнетке шығады.
Қазақтың қаһарман ұлы Мыңайдар ата
бүгінде 3 ұл, 4 қыздың әкесі, 15 немере,
3 шөберенің ардақты атасы. Атамыздың
ендігі бар арманмұраты елінің
аманшылығы мен бейбітшіліктің мәңгі
болуы. Бұл бір ғана ардагер Мыңайдар
атаның өмірінен үзік сыр... Қазақтың батыр
ұлының батасын алған біз бақыттымыз.
Соғыстың салған қан қақсатар жарасы
әлі күнге дейін толық жазылған жоқ.
Қазақтың батыр жауынгерлерінің Отан
үшін қан кешкен әрбір қадамы, адымы, Ұлы
Жеңісті біртабан болсын жақындата түскен
әрбір күні ел жадында. Себебі, Мыңайдар
ата сынды батыр ұлдың өнегелі ерлік жолы
ұрпаққа ұлағат, келер күнге үлгі болатыны
ақиқат. Біз Қазақ елінің жастары Ұлы Отан
соғысы ардагерлерінің жанкешті ерлігін
мәңгі есімізде сақтап, олардың алдында
басымызды иеміз!
Айтолқын
ӨМІРБЕКҚЫЗЫ