Елдігіміздің белгісі №12 (193), маусым, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



жүктеу 6,64 Mb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата23.11.2018
өлшемі6,64 Mb.
#23629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

8

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 12 (193), 

маусым, 2015 жыл

Әз Тәуке ханның ордасы Күйгенжар маңында болды 

деген әңгіме ел арасында ертеден бар. Бірақ ел аузында 

жүрген мәлімет газет бетінде алғаш рет 1994 жылы 

жарияланыпты. Авторы Р.Нуртазина: «Близ озера Есил, 

в частности, где он умер в народе называют Куйгенжар, 

которое находится в 5 километрах от центра совхоза 

п.Мичурино, это ныне Акмолинская область», – дейді. 

Бұл мәлімет жұртқа белгісіз болып қала берер ме 

еді, бірақ Ақмола өңіріне белгілі өлкетанушы Клара 

Әмірқызының назарына ілігіп, ол кісі 1997 жылы Ақмолада 

шыққан «Қиылған ғұмырлар» кітабында «Жаугершілік 

күшейіп кеткен заманда Тәуке ханның Күйгенжарда 

жерленуі күмән туғызбайтын тәрізді» деген пікір білдірді 

(2, 24-25 бб).

Осыдан кейін Әз Тәуке ханның Күйгенжарда ордасы 

болды деген пікірлер аздап салмақты кітаптарға да 

ене бастады. 2008 жылы жарыққа шыққан «Астана» 

энциклопедиясында Ресей елшілері Ф.Скибин мен 

М.Трошиннің жазбаларына сүйене отырып «онда Тәуке 

ханның өзен жағасында тұрған ордасына жету үшін 

Нұраны кешіп өткендері, Қорғалжың көлі мен хан ордасы 

аралығындағы Нұра өзені жағасында Ботағай атты қаланың 

қанат жайғаны баяндалады. Тәуке ханның қалаға жасаған 

қамқорлығын айтып, елшілер дінге сенушілерге арнап 

салынған керемет үйлердің көптігіне қызығады» деген 

суреттеме жасайды (1, 35 б.).  

Бұл жерде асыра сілтеу бар. Біздің қолымыздағы мұрағат 

дерегі: «Статейный список пребывания в Туркестане, 

в Хиве и в Бухаре казаков Федора Скибина и Матвея 

Трошина, посланных из Тобольска для переговоров с 

Тевкиханом»  деп басталады. Одан әрі екі елшінің өз 

қолжазбасынан үзінді келтірейік: «В прошлом 202 году 

(орыстың ескі жыл есептеу дәстүрі бойынша жазылған, 

қазіргі есеппен  1692 жыл - Ж.А.), апреля в 4 день, по 

наказной памяти ближнего столника и воевод Андрея 

Федоровича Нарышкина с товарыщи, посланы они Федка 

и Матюшка из Тоболска в Казазчью Орду к Тевки хану с 

его Тевкихановым посланцом Такомурком Аталыковым 

(дұрысы Тайкоңыр Құлтабай Аталыкұлы - Қазақ ордасының 

сол замандағы бас елшілерінің бірі, қазақ хандарына 

кеңесші, тәрбиеші болған аталық әулетінің өкілі - Ж.А.), да с 

ними же отпущен Килдей мурза, который взят был в полон 

у Ямыш озера в прошлом во 199 году и держан в Тоболску; 

да с ними же Федкою и Матюшкою посланы Тоболские же 

для толмачества (тілмаш деген мағынада-Ж.А.): Юртовской 

служилой татарин Уразайка Чачканов, да в вожи (жолбасшы 

деген мағынада  - Ж.А.) ясашной татарин Таушко, с ними 

два человека кашеваров татар же» (4, с.285) .

Бұлар «Тобольскіден (Бұл қала Сібір хандығының 

астанасы болған Ескер қаласының орнына салынды - 

Ж.А.) шығып, Адбаш острогы (бекінісі бар қалашық 

осылай аталады-Ж.А.) арқылы Кокоркина слабодкасының 

жанында» Есілден бірінші рет өтеді.  Одан Шәмші Қарағайға 

жетеді. Мамырдың 20-нда елшілер өзіміздің Қараөткелге 

келді, оны орыс деректері «дальный Ишимский брод» 

деп атайды.  Елшілердің жолжазбаларында Қараөткел 

маңында олардың қазақтың жортуылда жүрген жігіттерімен 

кездескені айтылады «у того броду объявились воинские 

люди Казачьей Орды и Каракалпаки, и шли за ними четыре 

дня». Бұдан әрі елшілердің  Нұра өзеніне келетіні жазылған, 

мәтінде «Нор Ишим река» деп аталады.

– Міне осы жерде олар ертеде салынған құрылыстарды 

көрді: «у Нор Ишиму реки знать было прежде сего 

каменное строение две полаты». Бұл біздің ойымызша 

Қорғалжыңға іліге бергенде, Нұра өзенінен өтетін өткелдің 

аузында тұрған Бытығай қаласы. Елшілікпен бірге келе 

жатқан Келдей мырза бұл қаланы ертедегі хандардың мекені 

деп түсінік береді, бірақ қалашықта адам болды, тіршілік 

іздері бар деген деректі жолжазба атамайды. Ендеше ХVІІ 

ғасырдың соңында Есіл-Нұра бойындағы орта ғасырлық 

қалашықтар отырықшы мәдениеттің орталығы есебінде 

өмір сүруін тоқтатқан деп есептеуге болады.

Елшілік бұдан 

әрі Сарысуға, одан 

Бетпақ даламен төрт 

күн бойы жүріп Созақ 

арқылы Түркістанға 

келдік дейді. Жазбада 

Қаратаудың терістік 

жағындағы Ақсүмбені 

«Казачьи караул» деп 

атайды: «через Чюю 

речку, мимо казачьего 

караула Аксубы 

камень на Калмыцкую 

дорогу по Сауранской 

дороге».  Елшіліктің 

ұзақ жолын, сол жолда 

көрген мехнатын бір 

мақалада 

суреттеп  

беру мүмкін емес. Тек 

бір ескеретін мәселе – 

Сарысудың бойында 

қазақпен аралас 

қалмақ ауылдарының 

болуы.  Сібір өлкесінің 

халықтарымен жақсы 

аралас елшілердің 

қазақ пен қалмақты шатастыруы мүмкін емес сияқты, 

деректерде «и те калмыки говорили нам: мурза Келдейко 

им свойственный человек. И учали звать к себе в деревню, и 

хотели везти в Тургустан к Тевкихану с честию» дейді. 

Бірталай қиындықтармен Түркістанға жеткен елшілікті 

алдымен аталық Барқы батыр қабылдады. Әз Тәуке ханның 

заманында Орда жұмысын жоғарыда Ресей елшілері 

жазатын аталық Барқы батыр ұйымдастырып отырғаны 

белгілі.  Қазіргі тілмен айтқанда аталық ханның әкімшілік 

қызметінің басшысы және ақылшысы. Оның мөрі ханның 

мөрімен қатар жүре береді. Ташкенттік сарт саудагері 

Нұрмұхамбет Әлімұлы орыстарға айтқан әңгімесінде: 

«Ұлы жүздің ханының Тәшкент, Орта жүздің ханының 

Түркістан сияқты басты қалаларда ерекше сарайлары бар, 

бірақ өздері қырда елмен бірге көшіп жүреді, олар жоқта 

хан сарайларында аталықтар тұрады және елді басқарады» 

дейді (3,  с.56). Елшілік қағаздарының бір тұсында 

Барқы аталықтың аты ерекше аталады: «Осы мезетте 

Тобылдың татары Тәуішке Мерген де ханға келіп, Бұхарға 

жолдастарымен сауда жасауға жіберуін өтінді. Андрей 

Неприпасов Тәуішке Мергенге айтты: 

 – Сен Бұқарға баруға өтінесің, ал сол кезде қазақтар 

слабодаларға, бекіністерге  барады, қазақ ордасының 

адамдары ұлы ағзамның құзырындағы слабодаларға 

жасырын  барып тонап кетпесіне  сен жауап бере аласың ба? 

Тәуішке Мерген айтты: 

 – Ұлы ағзамның слабодаларында біздің жұмысымыз  

қанша? Бізге салса бәрін қиратсын, өртеп жіберсін мейлі, біз 

әскери адамдар емеспіз, біз бар жоғы саудагерлерміз. 

Тәуке ханның басты адамы Аталық Барқы батыр келеңсіз 

сөздері үшін Тәуішкеге қатты ұрысты».

Елшілік жазбаларынан жортуылдың иісі сезіліп тұрады. 

Бұл ахуалды Қытайдың  «Шилу»  жазбасында  Сыбан-

Рабданның  император Кансиге  жазған  хатынан да 

сеземіз: «Цыван Алабудан (Рабдан) жазады:  Өзіңіздің 

құлдығыңызға бас июші қызметшіңіз қазақтармен соғысты 

әлі тәмамдай алатын емес. Бұрынырақта Қалдан қазақ ханы 

Тәукенің ұлын тұтқынға алып, оны Далай-Ламаға жіберген. 

Бұл іске байланысты Тәуке бұрынғы реніштерін ұмытып, 

ұлын қайтаруға көмектесуін өтініп, маған  өз адамдарын 

жіберді.

Мен Далай-Ламаға елшілер жіберіп, Тәукенің ұлын 

қайтаруын өтіндім, оны еліне жеткізіп салу үшін күзетке   

500 адам бөлдім. Тәуке хан болса, 500 адамды түгел қырып, 

менің қол астымдағы Уэрхудэ батырды да өлтіріп, адамдарын 

тұтқынға алған. Істің соңында ол  100-ден аса  менің 

адамдарымды тонап, отбасылармен  тұтқынға түсірген. 

Менің қайын атам Аюци (Аюка) қызын – менің зайыбымды  

маған жіберіп, қауіпсіздік үшін қасына әйелімнің үлкен ағасы 

Саньци Чжабуды қоса жіберген.  Жолда оларға да қазақтар 

қарулы шабуыл жасаған.

Өткен жылдың күзінде Олостан (Ресей) келе жатқан 

менің саудагерлерім де тоналған. Қазақтар маған қарсы 

бірнеше мәрте қылмыс жасады. Осы жасаған барлық 

қиянаттары үшін оларды жазалау мақсатымен қалың 

әскермен  соғыс  ашуға мәжбүрмін» (6, с.70-71). 

Әрине Сыбан Рабдан өз саясатын ақтап отыр, 

дегенмен қазақ даласында жаугершіліктің үдеп кетуіне  

қалмақ-қазақ арасындағы шиеленісті жағдай  әсер еткені 

сөзсіз. Жоңғардың жаулап алу саясаты туралы қытайдың 

жазбалары көп деректер береді. Қытайдың  «Дай  Цин  

Шэнхуанди  шилу»  /Шилу/   аталатын  жазбасында  «бүкіл 

Орта  Азия /Бұхар, Самарқанд,  Қазақ Ордасы, Қырғыз, 

Жаркент, Қашғар, Сайрам, Тұрфан, Хами/  өңірлерін   бірге  

есептегенде  Қалдан  Бошогтуға   бағынышты   қаланың  

саны 1200  болады»  деп санайды. Көзі  тірісінде  Қалдан  

Бошогтумен  жауласса  да,  оның  немере  інісі Сыбан  Рабдан  

таққа  мінісімен немере  ағасының  жүргізген  саясатын  

жалғастырды. Оның  ең  басты  бағыты  –  батыстағы  қазақ  

сияқты  елдердің  несібесінен жайылымдық  жер,  қалалық  

өлкелерді  тартып  алу. 

Қалай болғанда да Есіл бойында Әз Тәуке ханның 

ордасы болды деген әңгіме осылайша елге тарай 

бастағандықтан біз орданың орнын анықтауды мақсат 

еттік.  Орда болған соң оның құрылысы да болса керек 

деген жоспармен былтырғы жылы Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің «Археология және 

этнология» кафедрасының ғалымдары Күйгенжар маңында 

этноархеологиялық іздестіру жұмыстарын  жүргіздік. 

 

Есілдің осы Күйгенжар тұсында қазақтың бірнеше мың 



жылдық тарихына қатысты толып жатқан ескерткіштер 

кездеседі. Оның ішінде тас дәуірінің қоныстары мен қару-

жарақтары, ерте көшпелілердің жан-жағын орлаған үлкен 

обалары, қазақтың ірілі-ұсақты қыстаулары мен қорымдары. 

Әсіресе, қазақтың қазіргі күнге дейін жалғасып келе жатқан 

қорымдары ашық аспан астындағы бірнеше мыңжылдықтың 

мұражайы сияқты. Қазақ даласының қай жерінде болса 

да өзіне дейінгі мәдениеттің ескерткіштерін жатсынбай 

өзінің қорымы есебінде сақтаған  елден айналсаң болмай 

ма?   Ақыр түбінде Әз Тәуке ханның ордасы Күйгенжардың 

қорымының ішінен шықты. Енді Әз Тәуке хан және дала 

билеушілерінің жазғы ордасы туралы мәселеге келейік. 

Деректерге қарағанда Әз Тәуке ханның билік құрған 

уақыты 1680-1715  жылдар.  Қазақ халқына Әз Тәуке атымен 

мәшһүр болған  билеушінің туған жылы шамамен 1620 

жылдар болса керек. Енді Салқам Жәңгір қайтыс болған 

1652 жыл мен Әз Тәуке хан есебінде таныла бастаған 1680-

шы жылдар арасында кім билік етті деген мәселе ашық 

қалады. Мырза Мұхаммед Әминнiң жазуы бойынша ХVІІ 

ғасырдың соңғы ширегінде  Тәуке хан Ташкент қаласы мен 

маңайындағы қалашықтарға иелік жасады және осы қалада 

1687 жылы Бұхар ханы Нәдiр Мұхамедтің ұлы Сұбхан 

Құл ханның елшiлiгiн қабылдаған. Ол елшiлiктi Қошыке 

би аталық басқарған, оның мақсаты қазақ ханы Тәукемен 

кездесiп шекара мәселесін талқылау болды.

Кейбір деректерге қарағанда, сол жылдары Тәукенiң 

басшылығындағы қазақтар Ташкенттiң батыс алқабында, 

Зерафшан бойында мекендеген қытай-қыпшақ аталатын 

жауынгер тайпамен соғыс жағдайында. Деректерде 

Тәукенiң қытай-қыпшақтарға қарсы екi соғысы туралы 

айтылады. «Тәуке хан 1694 жылы 20 мың адаммен қытай 

-қыпшақтардың екi қаласын басып алып, 3 мың адамын 

қырып салып, бiрталайын тұтқынға алды. Кейiннен ол 

тұтқындарды қайтарды, ал келесi жылы ол 15 мың адаммен 

шабуыл жасап, құр, олжасыз оралды» делінеді деректерде. 

Бұл соғыстар Сырдария бойындағы көне дәуірлерден бері 

қазақ саудасының көзі болған қалалар үшін Бұхар хандығына 

қарсы жүргізілгені сөзсіз.  

Біздің қолымыздағы көптеген деректер Тәуке ханның 

Ресей, Жоңғария, Орта Азия елдерiмен тығыз мәмлегерлік 

және сауда байланыстарын ұстап тұруға барлық күшін 

жұмсаған ел басшыларының бірі екенін дәлелдейді. Ең басты 

қауіп бұл кезеңде ойрат (қара қалмақ, жоңғар) тарапынан 

болды деуге келеді. Тарихи деректер Әз Тәуке ханның 

заманында қазақ-қалмақ арасындағы қарым-қатынастар 

 

кейде бейбіт, кейде жаугершілікпен шешіліп отырғанын 



көрсетеді. 

Әз Тәуке қазақтың  атақты ханы Салқам Жәңгірдің 

отбасында дүниеге келді. 

1640 жылдары Тәуке сұлтанның әкесінің тапсырмасы 

бойынша атақты тәшкенттік Шайхантаур нәсілі Жүніс 

қожамен бірге қазақ Алты шаһар деп атайтын Шығыс 

Түркістан өлкесіне елшілікке барғаны белгілі. Шах Махмуд 

бен мырза Фазыл Чорастың «Тарих» деген шығармасында 

Жәңгiр ханның елшiлiгiнiң Шығыс Түркiстанға келгендігi 

жазылады: «Сол кезде Жаћангер ханнан елшi болып Шайх 

Хаванд Тахурдың (Шайхантаур) ұрпағы Жүнiс қожа 

деген адам келдi.  Мына жақтан Софы қожа жiберiлдi, ол 

Әз Тәуке Орталық Азия саяси қарым- 



жүктеу 6,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау