Елдігіміздің белгісі №12 (193), маусым, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



жүктеу 6,64 Mb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата23.11.2018
өлшемі6,64 Mb.
#23629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 12 (193), 

маусым, 2015 жыл

Халқымыз құрметтеген



ТАҒЗЫМ

Конференцияны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, 

тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Сыдықов ашты. Ғалым өз сөзінде Рымғали Нұрғалидың 

өмір жолы мен шығармашылығына тоқталды. 

« – Қазақ халқы таланттарға, қоғам қайраткерлеріне кенде емес. Әсіресе кешегі ел басына күн туғанда 

ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған алпысыншы жылдардың тас түлектерінің орыны ерекше. Солардың 

қатарында болған ғалым, жазушы, журналист, педагог, баспагер сыншы Рымғали Нұрғалидың жөні бөлек. 

Мен Рәкеңді бала кезімнен білуші едім. Өйткені ол Абыралы, Абай топырағында туып өсті, Шұбартау 

өңірінде мектепте оқыды. Ол бақиға озғанға дейін байланысымыз үзілген жоқ еді. Әбіш Кекілбайұлы, 

Мұхтар Мағауин, Рымғали Нұрғали, Сейіт Қасқабасов, Едіге Тұрсынов, Сұлтан Оразалин, Төлен Әбдіков 

сияқты алпысыншы жылдардың атпал азаматтары күні кешеге дейін бір ғана өңірдің емес тұтас қазақтың 

кумирі болды, бола да береді. 

Еуразия ұлттық университеті қазір әлемдік деңгейге көтеріліп, белді рейтингтердің көш басында 

жүр. Егер маған дейінгі ректорлар, басшылары және осы оқу орнының сан салалы ғылыми мектебі 

болмаса, әрине бұл жеңіс олқы соғып тұрар еді. Мен солардың арасында мемлекет және қоғам қайраткері 

Мырзатай Жолдасбековті ерекше атаймын. Өйткені Рымғали Нұрғалидай әдебиетшілер шоғырын, 

Мұхтар Өтелбаевтай математиктер көшбасшысын астанаға шақырып жағдай туғызып,  Еуразия ұлттық 

университетінің беделін көтерді. Яғни Еуразия ұлттық университетінің академиктер арнасын толықтыруы 

тарихи фактіге айналып отыр. 

Университетімізде Рәкеңнің айырықша даңғыл жолы бар. Шәкірттері, жинақтары, кітаптары тіпті 

әзілдеріне дейін алымдыларға олжа  салды. Биыл Ракеңнің туғанына дәл бүгін тірі болса жетпіс бес жасқа 

келер еді. Ғалым қайтқалы әр жыл әр туған күн атаусыз қалған емес. Ғалым атында аудитория, қазір қыз-

қыз қайнаған ғылыми орда әдебиет тану мен сынының шығармашылық алаңына айналып отыр. Академик 

басқарған кафедраны академик басқарсын деп, осы университетке еңбегі сіңген Сейіт Асқарұлын аттай 

қалап Алматыдан шақыртып алдық. Кафедрада әдебиет тану мен фольклор тану қатар дамып, елдің аузына 

ілінді. Кешегі 100 томдық бабалар сөзі мен күні кеше шыққан 10 томдық «Ержүрек» жинағы соның айқын 

мысалы. 

Ғылым бір орнында тұрмайды Бүгінде қазақ әдеби сыны мен  драматану саласы серпіліс күтіп жатқаны 

жасырын емес. Тәуелсіздіктен бері қаншама драмалық, комедиялық туындылар өмірге келді соған кім баға 

береді. Біз осындай сұрақтар туғанда Рәкеңнің шәкірттеріне қараймыз, үміт күтеміз ағамыздың алдаспандай 

сын жазған кездерін сағынып, сол бүгінгі жастарға жұғысты болса деп тілейміз. Энциклопедия жайы да бізді 

ойландырады. Рәкең ұлт тұрмысы мен түсінігіне байланысты елеулі әлемді  кеңес тұсында және азаттықтың 

алғашқы жылдарында толайым таныстырды.

Осы бағыт неге тереңдемей тұр идея жоқ па идеяны орындаушылар жоқ па? Нұрғали тағылымы дегенде 

міне осы мәселелер еске түседі ойтүрткі болады. Шүкір қазір ел жүрегі Астана ұлттық кейпін айшықтай түсті. 

Көше,  даңғылдың атын қараңызшы бір сәт жан-жаққа қарап Қозыбасы, Алтай, Ұлытау, Ақыртас, Үстірт. Осы 

елдік істе Рекеңнің де еңбегі зор. Осы ғылыми жиынға  шетелдерден де  еліміздің  қалаларынан ғалымдар 

келіп отыр. Татар Республикасы, Түрік елдері тағы да басқа мемлекеттерден ірі  ғалымдар отырғанын айта 

кеткім келеді. Сіздерге ризашылығымызды білдіре отырып, Ракеңе қатысты шаралар сіздерде де жалғасын 

табады деп есептейміз».  

Алғашқы сөзді Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 

Әбіш Кекілбаев алды.

«-  Зуылдап өтіп жатқан уақыт, оның не бітіріп не қоятынын тек осындайда байқайсыз. Халқымыз 

құрметтейтін қайраткер ұлдың жеткен жетістіктері бөлек әңгіме.  Рымғали осы отырған көпшілігіміздің 

ағалап артынан ерген сүйікті ұстазымыз. Қалай жүр екен деп қабағына, не ойлап жүр екен деп қаламына 

көз сүзген әріптесіміз, құрдасымыз, досымыз, жолдасымыз. Осының бәріне ол жетпіске жетер жетпес 

ғұмырында ие болып үлгерді. Көзі тірісінде 14 ғылым докторы және 42 ғылым кандидатын даярлап шығарды. 

Бұл үшін ересен еңбекті, орасан талантты, табанды еңбекті керек етті. Рымғали Нұрғалидың бойында соның 

екеуі де молынан табылатын. 

Мен онымен мұншама атақ-даңқтың ешқайсысы әлі де бұйыра қоймаған шағында 1957 жылы таныстым. 

Ол кезде ауыл шаруашылығы институтында оқитын. Осынау мойыны құрықтай, ұзын бойлы, ылғи аузын 

ашып, тісін ақситып күліп жүретін дударбас, қапсағай бала жігіт біздің университеттің  әдеби бірлестігі 

жиындарына жиі келіп тұратын. Кейін көп ұзамай институтымен мүлдем қош айтысып біздің филология 

факультетіне  емтихан тапсырды. Орта мектепті медальмен бітірген, қай пәнге де алғыр жігіттің бұл қылығы 

тек әдебиетке деген елден ерек құштарлықтан басқа ештеңемен де түсіндіре алмайсыз. 

Ол кездегі университет жас әдебиетшілерінің құлшыныстары бүгінде айта жүрер аңызға айналды. Тек 

талапкер студенттер ғана емес, белгілі жас ақындардың да жинақтарын осында әкеліп талқылайтын. Мұхтар 

Әуезовтің өзі келіп сөз сөйледі, Ғабиден Мұстафин «Дауылдан кейін», Зейін Шашкин «Тоқаш Бокин» 

романын талқылауға  әкелді.  Әбдіжәміл Нұрпейісов біздің талқылауымыздан кейін баспаға тапсырған «Қан 

мен тер» романының бірінші кітабының қолжазбасын қайтып алып, қайта қарап шықты. Сол жылдары 

жастар арасындағы мұндай жарастықты өрлеуді Рымғали бір мақаласында «астрономиядағы жұлдыздар 

әлемінің жеке жеке салалардан құралмай шоғыр-шоғыр болып тұтаса жаратылатындықтарын ұғындырды. 

Студент кезінде 1961 жылы Сабыр Шәріпов туралы кітап шығарды. Сонда әдебиет тарихына мейілінше 

үйірсектігін, бірақ онымен шектелмейтіндігін байқатты. Ол кезде XX ғасыр басындағы таластар мен 

тартыстар туралы ешкім жұмған аузын ашпайтын. Жабулы қазан жабулы күйінде тұрды. Ол айтыла ма, 

айтпаса жаңа ақталып жатқан Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сабыр Шәріповтен 

ары қарай қадамдар жасала ма?. Жасалмаса ұлттық ойымыздың келешегі не болмақ?. Бәрі орта белге 

дейін ояз тартып жартыкеш, күлді-көмеш күйінде қала бере ме?. Бұл ол кезде некен-саяқ адамдар болмаса 



Академик Рымғали Нұрғалидың туғанына 75 жыл

Еуразия ұлттық университетінде көрнекті әдебиеттанушы 

ғалым, ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 

Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері, 

филология ғылымдарының докторы, профессор Рымғали Нұрғалидың 

туғанына 75 жыл толуына орай «Әдебиеттанудың теориялық 

мәселелері және Рымғали Нұрғали зерттеулері» атты халықаралық 

ғылыми-теориялық конференция болып өтті. 


жүктеу 6,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау