www.testent.ru
Болжалдық сан есім.
Лексикалық тақырып: Банк қызметі
Болжалдық сан есім
Болжалдық сан есім обозначают приблизительное или предположительное количество предметов или явлений и отвечают на вопросы қанша? неше? қай шамалы? қаншадан?
Они образуются, главным образом, от количественных числительных (есептік сан есім) с помощю аффиксов: 1. -лаған/ -леген; - -даған/-деген; -таған/-теген. Например, жүздеген, мыңдаған, қырықтаған, елулеген. 2. -лап, -леп, дап,-деп, -тап, -теп. Жүздеп, мыңдап, қырықтап, елулеп. 3) -дай, -дей, -тай, -тей. Жүздей, мыңдай, қырықтай, елудей. Иногда суффиксы -дай, -дей, -тай, -тей присоединяются на основе числительного, а к слову, с которым оно сочетается: екі аптадай, жүз жылдай, он күндей.
А также, они образуются аналитического способа – прибавлением к числительному слов шамалы, шақты, астам, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын. Например, елу шамалы, жүз шақты, алпысқа таман, сексенге тарта, жүзге жуық, қырыққа жақын.
(Д.Х.Ақанова, А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова, Қ.Қ.Қадашева, Э.Д.Сүлейменова. Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы, 2002)
1-грамматикалық жаттығу. -даған, -деген, -таған, -теген қосымшаларын қойыңыз. Вместо многоточия вставьте аффиксы -даған, -деген, -таған, -теген
1. Концертті тамашалауға жүз... адам қатысты.
2. Орын жетпегендіктен он... адам тұрып тұрды.
3. Футболды миллион... көрермендер тамашалайды.
4. Көп... адамдар қант диабетімен ауырады.
5. Бұл акцияға мың... қала тұрғындары қатысты.
6. Қырық.... кісі көлікке мінді.
2-грамматикалық жаттығу. -дай, -дей, -тай, -тей қосымшаларын қойыңыз. Вместо многоточия вставьте аффиксы -дай, -дей, -тай, -тей
1. Сенбілікке мың... адам қатысты.
2. Жеті мың... теңгеге кітап сатып алдым.
3. Көрмеге сексен... адам қатысты.
4. Конференцияға елу... шетелдік қонақтар келді.
5. Алаңға қырық.... адам жиналды.
6. Жеңіс мерекесіне арналған жиынға жетпіс... қарт қатысты.
Грамматикалық тест тапсырмалары.
1. Тиісті қосымшаны қойыңыз.
Вставьте нужный аффикс.
Көрмеге жүз... адам қатысты.
А) -леген
Ә) -даған
Б) -лаған
В) -деген
Г) -таған
2. Тиісті болжалдық сан есімді қойыңыз.
Вставьте необходимое предположительное числительное.
Тойға тоқсанға ... адам келді.
А) шақты
Ә) шамалы
Б) тарта
В) қаралы
Г) астам
3. Қайырымдылық көрсету тіркесімен мағыналық жақындықтағы сөз тіркесін белгілеңіз. Укажите к сочетанию қайырымдылық көрсету, слова близкие по значению.
А) демеушілік жасау
Ә) бағдарлама бойынша
Б) қызмет көрсету
В) компюьтерде оқыту
Г) білім беру
4. Сөйлемді жалғастырып белгілеңіз.
Дополните предложение.
Акцияларымызды сатып алушылар да, ... .
А) сенімді банктердің бірі.
Ә) үзбей ат салысып келеді.
Б) сұрақ қоюыма рұқсат етіңіз
В) менеджер болып істеймін.
Г) салымшыларымыз да өте көп
5. Тиісті сан есімді белгілеңіз.
Отметьте необходимое числительное.
Біздің банктің құрылғанына биыл ... толып отыр.
А) 90 жыл
Ә) 80 жыл
Б) 85 жыл
В) 86 жыл
Г) 95 жыл
6. Қызмет сөзінің синонимін белгілеңіз.
Отметьте синоним к слову «қызмет».
А) жаңалық
Ә) жұмыс
Б) капитал
В) қоғам
Г) көрсеткіш
7. Мағыналық жақындықтағы сөйлемді белгілеңіз.
Отметьте предложение близкое по значению.
Халыққа қандай қызмет түрлерін көрсетесіздер?
А) Қандай демеушілік жасайсыздар?
Ә) Қандай салымның түрлері бар?
Б) Жарғылық капиталдарыңыз қанша?
В) Көпшілікке қандай қызмет ұсынасыздар?
Г) Банктеріздің ісі қалай жүріп жатыр.
Банк қызметі
Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттап алыңыз. Слушайте, повторяйте, выучите.
банковская услуга
|
банк қызметі
|
банковская система
|
банк жүйесі
|
рыночная экономика
|
нарықтық экономика
|
главная структура
|
маңызды құрылымы
|
богатое учреждение
|
бай мекеме
|
оборудованное место
|
жабдықталған орын
|
частное лицо
|
жеке тұлға
|
юридическое лицо
|
заңды тұлға
|
вклад
|
салым
|
гарантирует
|
кепілдік береді
|
связь
|
байланыс
|
валютная политика
|
валюталық саясат
|
уставной фонд
|
жарғылық қор
|
предприятие
|
өнеркәсіп
|
организация
|
ұйым
|
финанс
|
қаржы
|
вкладчики
|
салымшылар
|
спонсор
|
демеуші
|
1. Тыңдаңыз. Қайталаңыз / Слушайте. Повторяйте
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды құрылымы. Дүниежүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер.
Қазақстан Республикасының банктік жүйесі мемлекеттік және коммерциялық банктерден тұрады.
Банктер ақша, кредит, валюталық саясатты жүзеге асырады. Банктер ақшаны сақтайтын, қабылдайтын арнайы жабдықталған орын. Сондай-ақ банктер шетел валюталарымен жұмыс істеуге лицензия алады.
Банктер жеке тұлғалардан салымдар қабылдайды және олардың сақталуына кепілдік береді. Банктердің жарғылық қорында миллиондаған қаржы болады. Банктер жүздеген клиенттерге түрлі операциялар бойынша қызмет көрсетеді.
Банктің клиенттері заңды және жеке тұлғалар, өнеркәсіп, мекеме, ұйымдар болып табылады. Ал халықаралық банктердің клиенттері тек заңды тұлғалар болады. Банктер басқа көптеген банктермен корреспонденттік байланыс орнатады.
Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» түрінде жауап беріңіз. Ответьте на вопросы утвердительно (иә) или отрицательно (жоқ).
1. Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды құрылымы
Иә
Жоқ
2. Дүниежүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер.
Иә
Жоқ
3. Банктік жүйе мемлекеттік және коммерциялық банктерден тұрмайды.
Иә
Жоқ
4. Банктер ақша, кредит, валюталық саясатты жүзеге асырмайды.
Иә
Жоқ
5. Банктер жеке тұлғалардан салымдар қабылдамайды.
Иә
Жоқ
6. Банктер салымдардың сақталуына кепілдік береді.
Иә
Жоқ
7. Банктер ақшаны сақтайтын, қабылдайтын арнайы жабдықталған орын.
Иә
Жоқ
Көп нүктенің орнына керекті сөзді әкеліп қойыңыз. Вместо точек вставьте подходящие слова.
1. Банк жүйесі – ... ең маңызды құрылымы.
2. Қазақстан Республикасының ... мемлекеттік және коммерциялық банктерден тұрады.
3. Банктер ақша, кредит, валюталық ... жүзеге асырады.
4. Банктер ақшаны сақтайтын, қабылдайтын арнайы ... орын.
5. Банктер шетел валюталарымен жұмыс істеуге ... алады.
6. Банктердің жарғылық қорында ... қаржы болады.
7. Банктер жүздеген ... қызмет көрсетеді.
миллиондаған лицензия жабдықталған саясатты
банктік жүйесі нарықтық экономиканың клиенттерге
Мәтін бойынша тест тапсырмалары
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз. Вместо многоточия вставьте нужные слова.
Банктер ... саясатты жүзеге асырады
А) валюталық саясатын
Ә) ақша саясатын
Б) кредит, саясатын
В) ақша, кредит, валюталық
Г) шетел валюталары саясатын
2. Көп нүктенің орнына тиісті тіркесті қойыңыз. Вставьте нужное словосочетание.
... – банктер.
А) Клиенттері аз мекемелер
Ә) Ең кедей мекемелер
Б) Ең бай мекемелер
В) Несие бермейтін мекемелер
Г) Ақшаны сақтамайтын мекемелер
3. Мағынасы жағынан жақын сөйлемді белгілеңіз. Отметьте близкое по значению предложение.
Банктер жүздеген клиенттерге қызмет көрсетеді.
А) Банктер көптеген тұтынушыларға қызмет көрсетеді.
Ә) Банктерде ақша айырбастайды.
Б) Банктер халыққа несие береді.
В) Банктер шетел валюталарымен жұмыс істейді.
Г) Банктер ақшаны қабылдайды.
4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Вставьте нужное слово.
Банк жүйесі –...
А) нарықтық жүйеге кірмейді.
Ә) нарықтық өмірдің заңы
Б) нарықтық жүйеге бағынбайды
В) нарықтық экономиканың ең маңызды құрылымы.
Г) нарықтық экономиканың маңызды құрылымы емес.
5. Сөйлемнің сұрағын белгілеңіз. Отметьте вопрос к предложению:
Банктер жеке тұлғалардан салымдар қабылдайды.
А) Банктерден заңды тұлғалар несие ала ма?
Ә) Банктерге жеке тұлғалар ақша сала ма?
Б) Банктер жеке тұлғаларға қызмет көрсете ме?
В) Банктер заңды тұлғалардан салымдар қабылдайды ма?
Г) Банктер кімдерден салымдар қабылдайды?
6. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Вставьте нужное слово.
Халықаралық банктердің клиенттері тек ... болады.
А) өнеркәсіп
Ә) жеке тұлғалар
Б) заңды тұлғалар
В) мекеме
Г) ұйымдар
7. Сөйлемнің сұрағын белгілеңіз. Отметьте вопрос к предложению:
Банктердің жарғылық қорында миллиондаған қаржы болады.
А) Банктердің жарғылық қорын кімдер тексереді?
Ә) Банктердің жарғылық қоры қалай жиналады?
Б) Банктердің жарғылық қорында қанша қаржы болады?
В) Банктердің жарғылық қорын кімдер басқарады?
Г) Банктердің жарғылық қоры қаншаға жетеді?
Диалогты тыңдаңыз, қайталаңыз. Слушайте, повторяйте.
- Әлия, сіздің Халық банкінде жұмыс істегеніңізге көп уақыт болды ма?
- Иә, біраз уақыт болды. Бес жылдан бері менеджер болып істеймін.
- Онда сізге банктеріңіздің қызметіне қатысты бірнеше сұрақ қоюыма рұқсат етіңіз. Банктеріңіздің қызметі туралы айтсаңыз?
- Біздің банктің құрылғанына биыл 86 жыл толып отыр. Банк ашық акционерлік қоғам болып табылады.
- Салымшыларыңыз көп пе?
- Иә, біздің банк сенімді банктердің бірі. Сондықтан акцияларымызды сатып алушылар да, салымшыларымыз да өте көп.
- Халыққа тағы қандай қызмет түрлерін көрсетесіздер?
- Халық банкі 2008 жылдан бері қайырымдылық көрсетудің бекітілген бағдарламасы бойынша демеушілік жасаумен айналысады. Мәселен, компьютерде оқыту, спорт және жастардың жоғары білім алуына үзбей ат салысып келеді.
- Әңгімеңізге рақмет! Банктеріздің ісіне табыс тілейміз!
- Рақмет!
- Сау болыңыз!
- Сау болыңыз!
Диалогты қажетті сөздермен толықтырыңыз. Дополните диалог подходящими словами.
- Әлия, Халық банкінде ... көп уақыт болды ма?
- Бес жылдан бері ... болып істеймін.
- Сізге банктеріңіздің қызметіне қатысты бірнеше ... қоюыма рұқсат етіңіз.
- Біздің банктің биыл ... 86 жыл толып отыр. Банк ... акционерлік қоғам болып табылады.
- ... көп пе?
- Халыққа тағы қандай ... көрсетесіздер?
- Халық банкі 2008 жылдан бері ... жасаумен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |