4
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 12 (193),
маусым, 2015 жыл
Нағыз дарындарға қолдау көрсету
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
Күлтегін күні мерекесі
аталып өтті
ЖАРАЙСЫҢ, ЖАСҰЛАН!
23 мамыр – ЕҰУ-дің туған күні. 1996
жылы 23 мамыр күні Елордамызда Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың тікелей қолдауымен
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің негізі қаланды.
Биыл университеттің туған күні –
Күлтегін күні мерекесі аясында көптеген
маңызды іс-шаралар өтті. Бұл мереке 14
мамыр күні Жастар саясаты орталығының
төрағасын сайлаудан басталған болатын.
Университет студенттері арасында
өткен тартысты сайлауда Ақпараттық
технологиялар факультетінің 3 курс
студенті Орманша Заңғар жеңіске
жеткен еді. 15 мамыр «Самұрық»
мектебінің бітіруші түлектеріне арналса,
18 мамырда «ЕНУШОУ» байқауы
өтіп, үшінші орынды Халықаралық
қатынастар факультеті, екінші орынды
Жаратылыстану ғылымдары факультеті,
бірінші орынды Заң факультеті иеленді.
Сондай-ақ, 20 мамыр күні «Дала сазы»
халық аспаптар оркестрі тамаша күй кешін сыйлап, Айгүл Сағатова жетекшілік ететін оркестрдің есеп беру
концертінде төл туындыларымызбен қатар шетелдік шығармалар да орындалды. Бүгінгі мереке сол өткен
шаралардың қорытындысы десе де болады.
Күлтегін күні мерекесіне арналған шарада Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Дихан
Қамзабекұлы жыл қорытындысын жасап, жиналған қауымды «Күлтегін күні» мерекесімен құттықтады.
Сонымен қатар 2014-2015 оқу жылында үздік нәтижеге жеткен ұстаздарымыз мен білімгерлеріміз 5
номинация бойынша марапатталды. «Көрнекті ғалым» - физика-математика ғылымдарының докторы
Рәтбай Мырзақұловқа, «Жарқын тұлға» - Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, медицина
ғылымдарының докторы Нэйла Шәпековаға, «Ғылым үміті» - Саясаттану кафедрасының доценті міндетін
атқарушы, PhD докторы Жақсылық Сәбитовке, «Үздік білімгер» - Халықаралық қатынастар факультеті
«Аймақтану» мамандығының студенті Динара Бексұлтановаға, «Топжарған» - Әлеуметтік ғылымдар
факультеті «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 4 курс студенті, жүзуден Параазиялық ойындардың
жеңімпазы Әнуар Ахметовке берілді.
Жеңімпаздарға марапатты Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Дихан Қамзабекұлы, ҚР ҰҒА
академигі Сейіт Қасқабасов, ҚР ҰҒА академигі Мұхтарбай Өтелбаев, саясаттанушы ғалым Нәубет Қалиев,
Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековтер табыс етті.
Сондай-ақ, шара барысында бір топ белсенді студенттер мен шығармашыл ұжымдар марапатталды.
Олардың ішінде «Шаңырақ» театры, «Е-студио» әншілер тобы, «Самұрық» би мектебі, «Еуразия
арулары» имидж тобы, «Күлтегін» жайдарман тобы, «ЕҰУ құрама» КТК командасы, «Дала сазы» халық
аспаптар оркестрі, «Сенім» студенттер мен магистранттардың кәсіподақ ұйымы, «Алтын белгі иегерлері»
қауымдастығы, «Жастар саясаты орталығы», «Ақ жебе» пікірталас клубы, «Жеті жарғы», «Парасат»,
«Оратор» дебат клубтары, іс-шара жүргізушілері Жандәулет Әбдіғалиев пен Аяулым Айдаболовалар бар.
Күлтегін күні мерекесі әнші Асанбай Ақмеңтаевтың «Жаса, Қазақстан» әнімен қорытындыланды.
Баспасөз қызметі
Оқу ордамызда жас
ғалымдардың «Үш би»
республикалық байқауы
қ о р ы т ы н д ы л а н д ы .
ЕҰУ заң факультетінің
экология және кәсіпкерлік
құқық кафедрасы ұйым-
дастырған байқау ҚР
Білім
және
ғылым
министрлігінің вице-
президенті, педагогика
ғылымдарының докторы
Тахир Балықбаевтың
төрағалығы және ҚР
Әділет министрінің
орынбасары Бақытжан
Әбдірайымовтың бас-
тамасымен мамыр айының
басында бастау алған
болатын.
Тұңғыш рет өткізіліп
отырған байқаудың
мақсаты – студент,
магистрант, докторанттар
арасында заң жүйесі
бойынша ғылыммен
айналысатын шығармашыл
жас ғалымдарды анықтау.
Жастардың ғылымға
деген қызығушылығын
арттырып, 35 жасқа дейінгі
оқытушылар мен ғылыми-
зерттеу институттарының
қызметкерлері, студенттер
арасындағы нағыз
дарындарды тауып, оларға
қолдау көрсету.
Жас ғалымдардың
республикалық бай-
қауын Оқу ісі жөніндегі
проректоры, заң ғылым-
дарының докторы, профес-
сор Еркін Оңғар-
баев ашып, шараға
қатысушыларды құт-
тықтады. Өз кезегінде
сөз алған ҚР Әділет
министрінің орынбасары
Бақытжан Әбдірайымов
байқауға 200 ғылыми
жұмыс түскенін айта
келіп, байқаудың ақтық
кезеңіне жолдама алған
жас ғалымдарға сәттілік
тіледі. Жиынды ЕҰУ заң
факультетінің экология
және кәсіпкерлік құқық
кафедрасының меңгерушісі
Анар Мұқашева жүргізіп
отырды.
Жас ғалымдардың
«Үш би» республикалық
байқау қорытындысы
бойынша студенттер
арасында І орынды
Е.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік
университетінің 2-курс
студенті Евгения Ким
және Ломоносов атындағы
Мәскеу мемлекеттік
университеті филиалының
2-курс студенті Санат
Сейітов, ал ІІ орынды
Қазақ мемлекеттік заң
университетінің 3-курс
студенті Айнагүл Такеева
мен Л.Н. Гумилев
атындағы Еуразия
ұлттық университетінің
3-курс студенті Тоғжан
Толқынбаева, ІІІ орынды
әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің
2-курс студенті Арнаш
Жаманкенова иеленді.
Сондай-ақ, магистранттар
арасында ЕҰУ магистранты
Жанна Абдрахманова ІІ
орын, докторанттар мен
оқытушылар арасында әл-
Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің
оқытушысы, заң
ғылымдарының кандидаты
Арайлым Жанғабылова
ІІ орын, Қарағандыдағы
«Болашақ» уни-
верситетінің оқытушысы
Айжан Мұхаметжанова
ІІІ орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар Беларусь
Республикасынан келген
Ольга Волынчик пен Эдита
Перожок және еліміздің
әр аймағына келген
қатысушыларға арнайы
сертификат табыс етілді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш
Президенті – Елбасы Қоры өткізген
«Болашақтың ғалымдары» атты
жаратылыстану, техникалық және
гуманитарлық ғылым салалары
бойынша студенттердің ғылыми
жұмыстарының республикалық
байқауында 5В10900 – «Математика»
мамандығының 4 курс студенті
Шалкенов Жасұланның «Бір көлденең
аумақтың сомаларымен туғызатын
көпмөлшерлі таратушылықтың
статистикалық бағалауы» атты ғылыми
жұмысы үздік деп танылды.
Аталмыш ғылыми жұмыс іргелі
математика кафедрасының доценті
Искакова Айман Серікқызының
жетекшілігімен орындалды және
тәжірибені қажет ететін жаңа
көпмөлшерлі таратушылықтардың
сыныбы қарастырылды.
Үздік ғылыми жұмыс
деп танылды