2
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 12 (193),
маусым, 2015 жыл
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
ТАЛҚЫЛАУ
Мемлекетті нығайтудың жаңа кезеңі
Университетте «100 нақты
қадам – Қазақстан мемлекеттігін
нығайтудың жаңа кезеңі» атты
дөңгелек үстел болып өтті.
Мемлекет және қоғам
қайраткерлері, белгілі ғалымдар,
факультет декандары және кафедра
меңгерушілері қатысқан дөңгелек
үстелде ҚР Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың 2015 жылдың 6
мамырында Үкіметтің кеңейтілген
мәжілісінде айтқан «Ұлт жоспары –
100 қадам баршаға арналған қазіргі
заманғы мемлекет» бағдарламасы
талқыланды.
«100 нақты қадам» – бұл
жаһандық және ішкі сын-қатерлерге
жауап және сонымен бір мезгілде,
жаңа тарихи жағдайларда
ұлттың дамыған мемлекеттердің
отыздығына кіруі жөніндегі
жоспары. Жоспардың негізгі
мақсаты «Аурулардың сыртқы
белгілерін» сылап-сипап қою емес,
оларды «жүйелі емдеу» болып
табылатын қоғам мен мемлекетті
түбегейлі қайта өзгертуге негіз
қалайды" делінген маңызды
құжатта.
Жоспар негізіне 5
институционалдық реформалар
кіреді: кәсіби мемлекеттік аппарат
құру, заңның үстемдігін қамтамасыз
ету, индустрияландару және
экономикалық өсім, біртектілік
пен бірлік, есеп беретін мемлекетті
қалыптастыру.
Дөңгелек үстел басындағы
әңгімені жүргізген Л.Н. Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық
университетінің әлеуметтік-
мәдени даму жөніндегі проректоры
Дихан Қамзабекұлы бүгінгі
әңгіме халықтық бағдарламаны
түсіндіру бойынша елімізде
ең алғашқылардың бірі болып
отырғандықтарын жеткізді.
Тақырып бойынша
алғашқылардың бірі болып
экономика ғылымдарының
докторы, профессор, «Тұран»
білім беру корпорациясының вице-
президенті, академик Орақ Әлиев
сөз алды. Ол өз кезегінде елімізді ең
алдымен үш негізгі бағыт бойынша
дамытуды ұсынды: ауыл, туризм
және су шаруашылығы.
Экономика ғылымдарының
докторы, профессор Мырзагелді
Кемел мемлекеттік қызметкерлер
қатарына мұғалімдер, дәрігерлер
мен мәдениет қайраткерлерін қосу
жөнінде әңгімеледі. Экс-депутат
сонымен қатар мемлкекеттік
қызметкерлерді басқа бюджеттік
сала мамандарынан бөлуді дұрыс
деп санамайтындығын айтты.
ҚР ҰҒА академигі, Еуразия
ұлттық университетіне қарасты
клеткалы биология және
биотехнология институтының
директоры, профессор Рахмет-
қажы Берсімбай бағдарламаның
64-пунктін, яғни «Өндіріске
инновациялар енгізу жөніндегі
жұмыстарды қаржыландыру»
мәселесін толықтай қуаттайтынын
білдірді.
Заңның үстемдік құруын
қамтамасыз ету мәселесі және
сот әділдігінің тиімділігі жайлы
ЕҰУ заң факультетінің деканы,
заң ғылымдарының докторы,
профессор Сәуле Қошанова
кеңінен әңгімеледі.
Жақында универси
теті
мізде Қазақстан Рес
публикасы Премьер
Министрінің орынбасары
Бердібек Сапарбаевтың
жастармен кездесуі өтті.
Кездесудің басты тақырыбы
«5 институционалдық
реформаны іске асыру
жөніндегі 100 қадам»
Ұлттық жоспарын талқылау
болды.
Іс-шараға Парламент
Мәжілісінің депутаттары,
орталық мемлекеттік орган-
дардың бірқатар басшылары,
облыстардың және Алматы,
Астана қалалары әкімдерінің
орынбасарлары, Ұлттық
компаниялардың өкілдері,
жергілікті атқарушы органдар,
білім мекемелері, жастар және
жастар ұйымдары мен БАҚ
өкілдері қатысты.
ҚР Премьер-Министрінің
орынбасары Бердібек
Сапарбаев бүгінгі таңда
үкіметтік емес жастар
ұйымдары мемлекеттік
органдар мен Қазақстан
халқының төрттен бір бөлігіне
ие қолдау мен жәрдемге
мұқтаж жастар арасындағы
байланыстырушысы,
пат -
риоттық тәрбиелеу жұмы-
сында басымды рөлге
ие екенін атап өтті.
Сонымен қатар, үкіметтік
емес жастар ұйымдарын
«5 институционалдық
реформаны іске асыру
жөніндегі 100 қадам» Ұлттық
жоспарының жүзеге асуына
белсене қатысуға шақырды.
Сөйлеген сөзінде вице-
«Елбасымен бірге жастардың жүз қадамы»
премьер Елбасы саясатының
арқасында мемлекетте
жастарды қолдау және
үйлесімді дамыту үшін барлық
жағдайлардың жасалғандығын
айтты. Алайда, оның ойынша,
жастармен жұмыс тиісті
деңгейде жүзеге асырылмауда.
Үкімет басшысының
орынбасары жастар саясаты
саласында 100 қадам –
Ұлттық жоспарын және
«Мәңгілік Ел» идеясын
тиімді жүзеге асыру үшін
шешілуі тиіс, бірнеше
жүйелік мәселелерді атады.
Мәселен, соңғы үш жылда
21 мыңнан астам колледж
түлектері және шамамен
35 мың ЖОО түлектері
жұмысқа орналастырылмаған.
Қылмыс та бар: жыл
сайын республикадағы
қылмыстардың шамамен
50 пайызы жастардың
қатысуымен жасалуда, тек
өткен жылы 900-ге жуық
осындай жағдайлар және 2150
оған әрекеттенулер тіркелген.
«Мұның бәрі салауатты өмір
салтының әлсіз насихаты,
жастар ұйымдарының
қызметінде қатысудың төмен
деңгейін көрсетеді» деді ол.
Сонымен қатар Қазақстанның
мәдениетті және жалпы адами
құндылықтарды насихаттау
бойынша жұмыстың қана-
ғаттандырмайтынын тілге
тиек ете келіп, ажырасудың
көрсеткіші жоғары екенін
қынжыла жеткізді. Мысалы,
бұл көрсеткіш 2010 жылдан
2013 жылға дейінгі аралықта
Қазақстанда 24 пайызға
артқан. Вице-премьер барлық
ажырасулардың шамамен
70 пайызы 30 жасқа дейінгі
жас тобына тиесілі екендігін
айтты.
Аталған мәселелердің
негізгі себептері ретінде
Премьер-Министрдің орын-
басары жергілікті атқарушы
органдардың әлсіз жұмысын,
оларды шешуге қатысты
ресми тәсілдемені атады.
Сонымен қатар, ол БҒМ-не
қағаз шығармашылығымен
ай налыспай,
жергілікті
органдардың жұмысын
үйлестіруді және жастар
саясатын тиімдірек жүзеге
асыруды тапсырды.
ҚР Білім және ғылым
министрі Аслан Сәрінжіпов,
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Төрағасының бірінші
орынбасары Ералы Тоғжанов,
Мәдениет және спорт
министрлігінің жауапты
хатшысы Қуатжан Уәлиев,
Парламент Мәжілісінің
депутаты Мейрам Бегентаев
білім беру, мәдениет және
спорт ұйымдарын жетілдіру,
мемлекеттік жастар саясатын
құру мен жүзеге асыру
жұмысына жастарды тарту
мәселелері бойынша сөз
сөйледі.
Өз кезегінде, «Қазақ-
станның Азаматтық альян-
сы», ЗТБ-нің президенті
Н.Ерімбетов, «Өрлеу»
Ұлттық орталығы» АҚ
директорлар кеңесінің төр-
ағасы М.Әбенов, «Мәңгілік
ел жастары – индустрияға!»
әлеуметтік жобасының
жүзеге асырылу барысы
жайлы мәселелерді көтерді.
Республикалық жастар
ұйым дарының
өкілдері
кезд есуге
қатысушыларға
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық
идеясын іске асырудағы жаңа
жобаларды ұсынды.
Кездесу қорытындысы
бойынша Бердібек Сапарбаев
мемлекеттік органдарға
бірқатар тапсырмалар жүк-
теді.