Орындаған: Болатбекова А. Б. Тексерген: Сәдуақас Н.Ә. Ақтөбе, 2023 жыл Жоспар



жүктеу 18,71 Kb.
бет1/2
Дата18.12.2023
өлшемі18,71 Kb.
#44800
  1   2
Болатбекова А 7 апта


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

Баяндама
Тақырыбы: Қазақ орфографиясы және көрнекті ғалым Сәрсен Аманжолов. Латын әліпбиі және ғалым Ә. Қайдар зерттеулері.

Орындаған: Болатбекова А.Б.
Тексерген: Сәдуақас Н.Ә.

Ақтөбе, 2023 жыл


Жоспар:

  1. Қазақ орфографиясы және көрнекті ғалым Сәрсен Аманжолов.

  2. Латын әліпбиі және ғалым Ә. Қайдар зерттеулері.

  3. Пайдаланылған зерттеулер



  1. Қазақ орфографиясы және көрнекті ғалым Сәрсен Аманжолов

Сәрсен Аманжолов – қазақ жазуының орыс графикасына негізделуін алғашқылардың бірі болып қызу қуаттап, «Жаңа алфавит және қазақ әдеби тілінің орфографиясы (орыс алфавиті негізінде)» деген еңбегінде әліпбидің алғашқы жобасын жасаған. Қазіргі қолданылып жүрген қазақ алфавиті мен қазақ орфографиясының негізгі
принциптері 1940 жылы қараша айында өткен Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің
V сессиясында ғалым Сәрсен Аманжолов жасаған жоба негізінде қабылданған. 
Күні бүгін қолданылып, қазақ тілі орфографиясында негізгі дәстүрге айналып отырған морфологиялық принцип те Сәрсен Аманжолов көтерген тың мәселелердің бірі болатын. Бұл принцип 1938 жылға дейін жазу тәжірибемізден жүйелі орын 
ала алмай келген еді. Түбір сөздерді жазудағы морфологиялық принцип сөйлеу, жаз мәдениетімізді бірізділендірді. Сөйтіп, тілімізге техникаға, ғылымның түрлі салаларына байланысты орыс тілі арқылы енген термин және интернационалдық 
сөздердің түбірін сақтап жазуға негіз болды. Сонымен бірге, мұның өзі біріккен сөздердің құрамындағы компоненттерді де (мысалы, қарақат, бірқазан, қонақасы) түбірін сақтап, дұрыс жазуымызға жағдай жасады. Сондай-ақ, соңғы кезге дейін 
естілуінше жазылып, біріккен сөздер тобында қаралып келген көптеген тұрақты сөз тіркестерінің (идиома, фразалардың) құрамындағы сөздер бірбірінен бөлініп, дұрыс жазылуына да морфологиялық принцип басты себеп болды. 
Жаңа алфавиттің құрамында 41 әріп болды. Бұл алфавитте орыс әріптері түгел сақталып, қазақ тіліне тән 8 әріп қосылады. Кейбір тілшілер, жазушылар жаңа сөздіккке щ, ц, ч, я, ю, ь, ъ әріптерінің алынуына қарсы болды. Бірақ Сәрсен Аманжолов бұл әріптердіалып тастау орыс тілінен еніп жатқан мыңдаған сөздердің берекесін қашырып, мағынасын бұзатындығын әбден сенерліктей, көңілге қонымды етіп дәлелдеп берді.
Сәрсен Аманжолов орфографиялық, екі тілді және түсіндірме сөздіктер жасау ісіне де зор көңіл бөлді. 1940 жылы үкімет бекіткен жаңа алфавит пен орфографиялық ережелер жинағына негіздей отырып, С.Аманжолов 1941 жылы өзінің көпшілік қолды орфографиялық сөздігін шығарады. Бұл сөздік орыс алфавиті негізінде қабылданған жаңа алфавитіміз бен орфографиялық ережелерді қазақ оқырмандарының жедел игеріп алуына, қазақ әдеби тілі жазу нормасының жақсарып, жетіле түсуіне айтарлықтай жәрдем етті. 
Сәрсен Аманжоловтың қазақ тілі ғылымында үнемі атсалысқан проблемаларының бірі – терминология мәселесі. 1934 жылы терминология жөнінде жазған мақаласынан бастап, өмірінің соңғы күніне дейін қазақ тілінің терминология мәселесіне үнемі арал-асып отырды. Сәрсен Аманжолов аударма туралы мәселені терминология саласымен тығыз байланысты деп қарады. Өйткені химия, геометрия сияқты пәндерге термин 
сөздердің жиі кездесетінін ескерді. Ал көркем шығармалардың аудармасы ұғымды болуы керек деген көзқараста болады. Сәрсен Аманжолов 1959 жылы аударма мен терминология жайында көлемді мақала жазып, нақты фактілермен география
адам анатомиясы мен физиологиясы, ботаника пәндерін және ауыл шаруашылығына байланысты әдебиетті аударуда терминдерді қолданудағы жетістіктер мен кемшілікте туралы кеңінен баяндайды. Бұл мақалада көркем әдебиет аудармасы туралы да сөз қозғалады. Ол тіл біліміне байланысты көптеген ғылыми еңбектер мен 
мақалалардың авторы, солардың ішінде, «Жаңа әліппенің кейбір дыбыстарын өзгерту, емле мен терминдерді дұрыстау туралы», «Әліппе мен емледегі жаңалықтар жобасы», «Емле айтысындағы түйінді мәселе», «Емле, әліппені өзгерту, дұрыстау жөніндегі жоба», «Усовершенствованный казахкий алфавит», «Қазақ тілінің орыс графикасына негізделген жаңа алфавиті мен орфографиясы», «Основные положения 
транскрипции географических названий Казахстане», «Жаңа алфавиттің принциптерітуралы», «Қазақ тіліндегі ғылыми терминология мен аударма мәселесі туралы» т.б. 




  1. жүктеу 18,71 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау