«Кеме жасау және кеме жөндеу ұйымдарын техникалық қадағалауды және куәландыруды жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметтің атауы – «Кеме жасау және кеме жөндеу ұйымдарын техникалық қадағалауды және куәландыруды



жүктеу 91,14 Kb.
Дата26.05.2018
өлшемі91,14 Kb.
#17856


Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
20_____ жылғы __________
№ _____ қаулысымен
бекiтiлген
«Кеме жасау және кеме жөндеу ұйымдарын техникалық қадағалауды және куәландыруды жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметтің атауы – «Кеме жасау және кеме жөндеу ұйымдарын техникалық қадағалауды және куәландыруды жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiмен әзірленген.

3. Мемлекеттік қызметті беруші (бұдан қызметті беруші) - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi болып табылады.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру қызметті берушімен жүзеге асырылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

тану туралы куәлікті беру күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады (қызметті берушімен құжаттарды қабылдаған күннен бастап);

қызметті алушымен құжаттар пакетін тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етiлген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;

қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етiлген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттiк қызметтің нысаны: қағаз түрінде

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

тану туралы куәлікті беру немесе қағаз тасығышта тану туралы куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

7. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

Тану туралы куәлікті беруге 56,84 айлықтық есептегіш көрсеткіш мөлшерінде төлем алынады.

Тану туралы куәлікті растауға 20,38 айлықтық есептегіш мөлшерінде төлем алынады.

Төлем қолма қол ақшасыз нысанда (түбіртек немесе төлемді растау туралы құжат) екінші деңгейлі банк және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асыралады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жұмыс кестесі:

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында 13.00 – ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

Қабылдау кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы (ұйым) қызметті берушіге осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттар қоса берілетін өтінімді ұсынады:

1) ұйым туралы ақпарат – ұйымдық-құқықтық құрылым және басқару жүйесі.

Ұйым тіркелген елдің ұлттық заңнамасына сәйкес тиісті құқық белгілейтін және тіркеу құжаттарының көшірмесімен қоса ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген ұйымның толық атауы;

Құрылтайшы құжаттар (жарғы, құрылтайшы шарт немесе ереже, жеке (басқа) орындаушы органды тағайындау туралы шешім) немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

Мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасынан тыс жерде табылатын ұйымдар үшін, оның заңды тұлға/жеке кәсіпкер ретінде тиісті мемлекетте тіркелуін растайтын құжат);

ұйымды тану кезінде қызметті берушімен қарым қатынас жасауға уәкілетті ұйым жұмыскерінің лауазымының атауы, тегі, аты, жөні, байланыс телефоны;

Өндірістің орналасқан мекенжайы;

Тану туралы куәлікті алуға мәлімделген жұмыстарды орындаушы ұйымның немесе өндірістік учаскенің ұйымның техникалық бақылау органымен жалпы құрылымдық схемасы келтіріледі (мәлімделген жұмыс түрлеріне қайда және қандай маман қатыстырылатыны көрсетіледі).

Мәлімделген жұмыс сапасына әсер ететін (мердігер) және қандай да бір процесті орындауға басқа ұйымға толықтай немесе жартылай тапсыру туралы және тапсырылған процеске дайындаушы –ұйыммен бақылауды қамтамасыз ету туралы ақпарат көрсетіледі;

Сонымен бірге мәлімделген жұмыс сапасына әсер ететін қандай да бір процесті толықтай немесе жартылай орындайтын (мердігер) тарапты ұйымда Кеме қатынасы тіркелімінің Тану туралы куәлігі болуы тиіс;

2) ұйыммен орындалатын жұмыстар туралы ақпарат.

Ұйым Тану туралы куәлік алуға үміттеніп отырған, қызмет түрі және өндіретін жұмыс түріндегі шығарылатын өнім номенклатурасы туралы ақпарт көрсетіледі;

3) персоналдардың кәсіби дайындығы және біліктілігі туралы мәлімет.

Тану туралы куәлікті алу үшін мәлімделген жұмыстарға қатысушы штатты (штаттан тыс) жұмысшылардың және инженер-техникалық персоналдардың мамандығы, саны туралы жалпылама мәліметтер келтіріледі.

Ұйымда жұмыс істейтін дәнекерлеушілердің саны міндетті түрде көрсетіледі.

Сонымен бірге штаттық және жұмылдырылатын дәнекерлеушілерде Кеме қатынасы тіркелімімен берілген дәнекерлуешінің рұқсат куәлігі болуы тиіс.

Ұйымда толықтай немесе жартылай штатты жұмысшылар болмағанда, мәлімделген жұмыстарды орындау үшін қандай ұйымнан және қандай құжаттар негізінде жұмыскерлерді жұмылдырылатынын көрсету қажет.

4) қолданылатын жабдықтар және құралдар туралы қысқаша бейнелеу және сипаттама.

Тану туралы куәлікті алу үшін мәлімделген жұмыстарды орындауға ұйыммен қолданылатын жеке (жеке емес) жабдықтарының (станоктік, стенділік, дәнекерлеуші, сынау) саны және сипаттамасы туралы жалпылама мәлімет келтіріледі.

Тексеру және сынау нәтижелерінің шынайылығын қамтамасыз ету туралы ақпарат (тексеру және өлшеу құралдарын калибрлеу) – құралдардың паспортының, құралдарды тексеруді растайтын құжаттардың көшірмелері немесе мұндай қажеттіліктің болмауы және тексеру мерзімдері туралы мәліметтер.

Басқа ұйыммен ұсынылған жабдықтарды қолданған кезде (құралдар, жабдықтар) анықтамада көрсетілген жабдықтар туралы (құралдар, жабдықтар) олар қандай негізде ұсынылды және тексеру мен сынау (өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеу) нәтижелерінің шынайылығына кім жауапты болып табылатындығы туралы жалпылама мәлімет көрсетілуі тиіс.

Тану туралы куәлікті алу үшін мәлімделген жұмыстарды орындайтын ұйымның жеке немесе жалға алынған өндіріс алаңдарының болуы туралы ақпарат;

5) жауапты тұлғамен бекітілетін, жұмыстарды орындауға арналған нұсқаулық;

6) хаттамалар немесе басқа да есепті құжаттардың нысаны.

Сынауларды қабылдау-тапсыру нәтижелері бойынша ұйыммен ресімделетін құжаттардың атауы келтіріледі;

7) ішкі сапа жүйесінің болуы туралы ақпарат.

Өзіне кіру бақылауы, пооперациялық бақылау, шығу бақылауы, мерзімдік тексеру және/немесе өлшеу құралдарын калибрлеу жататын ұйыммен орындалатын жұмыстар сапасын бақылау туралы ақпарат келтіріледі.

Егер шығу бақылауды заңды тәуелсіз сынақ зертханасы жүзеге асырған жағдайда – сынақ зертханасында қызметті берушімен берілген Тану туралы куәліктің болуы.

8) төлемді растайтын құжаттың көшірмесі (төлем тапсырмасының көшірмесі).

Тану туралы куәлік алу үшін Сынақ зертханасы (бұдан әрі - СЗ) қызметті берушіге мыналар қоса берілетін осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді жолдайды:

1) Құрылтайшы құжаттардың (жарғы, құрылтайшы шарт немесе ереже, жеке (басқа) орындаушы органды тағайындау туралы шешім) көшірмелері;

2) салық төлеушісі ретінде мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

3) сынақ зертханасы паспортының көшірмесі.

СЗ паспорты болмаған жағдайда осы стандарттың 1)-7)-тармақшаларында көрсетілген ақпаратты ұсынады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы уәкілетті органға осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша немесе еркін түрде мыналар қоса берілетін өтінімді ұсынады.

1) ұйым туралы ақпарат – ұйымдық-құқықтық құрылым және басқару жүйесі (құрылтайшы құжаттар -жарғы, құрылтайшы шарт немесе ереже, жеке (басқа) орындаушы органды тағайындау туралы шешім, мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі Қазақстан Республикасынан тыс жерде табылатын ұйымдар үшін, оның заңды тұлға/жеке кәсіпкер ретінде тиісті мемлекетте тіркелуін растайтын құжат, салық төлеушісі ретінде мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі.

2) ұйыммен орындалатын жұмыс туралы ақпарат.

3) персоналдың кәсіби дайындығы және біліктілігі туралы ақпарат.

4) қолданылатын жабдықтың және құралдың қысқаша бейнелеуі және сипаттамасы.

5) жұмысты орындауға арналған бекітілген нұсқаулық;

6) хаттама нысандары немесе басқа да есепті құжаттар.

7) ішкі сапа жүйесінің болуы туралы ақпарат (менеджмент жүйесі сертификатының көшірмесі немесе жұмыстың орындалу сапасына жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі).

8) қосымша ақпарат.

9) төлемді растайтын құжаттың көшірмесі (төлем тапсырмасының көшірмесі).



Шағымдану тәртiбi

20. Уәкілетті органның лауазымды адамының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру, сондай-ақ шағымды толтыруға көмектесу 010000 Астана қаласы, сол жағалау, «Евро-центр» бизнес орталығы ғимараты, Сығанақ, 29 , 1107 бөлме мекенжайы бойынша орналасқан уәкілетті органның мамандарымен жүзеге асырылады.

22. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым 010000 Астана қаласы, сол жағалау, «Евро-центр» бизнес орталығы ғимараты, Сығанақ, 29, 1107 бөлме мекенжайы бойынша уәкілетті органға жолдайды.

Жұмыс кестесі күнделікті (сенбі және жексенбіден басқа) сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен 09.00-ден 18.60-ға дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына мына мекенжай бойынша жолданады:

010000, Астана қаласы, сол жағалау, «Евро-центр» бизнес орталығы, Сығанақ көшесі, 29, 1107 бөлме.

23. Мемлекеттік қызмет көрсетуші нәтижесімен келіспеген жағдайда қызметті алушы заңнамалық белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар

Шағымды қабылдауды растау қызметті алушыға шағымды қарау барысы, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректерін көрсете отырып, өтініштің (шағымның) көшірмесіне тіркеу туралы белгі қойылады.

26. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты министрліктің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша, сондай-ақ техникалық бақылау және кеме жасау және кеме жөндеу ұйымдарын куәландыру рәсімдерін түсіндіру бойынша уәкілетті органнан 8 (7172) 79-07-25 телефон нөмірі бойынша жүгінуге балуға болады.

«Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау» Мемлекеттік қызмет стандартына

қосымша

ҰЙЫМДЫ ТАНУҒА АРНАЛҒАН ӨТІНІМ

____________________________________________________________________



өтінім беруші ұйымның толық атауы

__________________________________________________________тұлғасында



лауазымы, тегі, аты, жөні

мынадай жұмыстар түрлерінің орындалу мүмкіндігін бағалау мақсатында ұйымды тану жүргізілуін сұрайды: ______________________________________



Қағиданың тармақтарына сәйкес дайындалатын материалдар мен бұйымдардың, орындалатын сынаулардың, жұмыстардың тізбесін көрсету

Заңды мекенжайы (индексті қоса) ___________________________________

Нақты мекенжайы (индексті қоса) ____________________________________

телефон (қала кодын көрсетумен) ______________________________________

факс ________________________________________________________________

E-mail ______________________________________________________________

Банк деректемелері ________________________________________________

ЖИК ____________________________________________________________

БИК ___________________________________________________________

Банк атауы _______________________________________________

Тану туралы куәліктің деректері_________________________

Бұрын берілген Тану туралы куәлік болған жағдайда толтырылады

№‚ қолданылу мерзімі ___________________________________

Қосымша мәліметтер

Ұйым:


- Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерлеріне ұйымды куәландыру бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті жағдайлар жасауға міндеттенеді;

_______________________ ________ ________



Басшының лауазымының атауы қолы , күні аты-жөні‚ тегі
М.О.

күні



жүктеу 91,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау