Экономикалық шолу экономическое обозрение құрылтайшы – Қазақстан Ұлттық Банкі «Экономикалық шолу»



жүктеу 1,51 Mb.
Pdf просмотр
бет9/49
Дата21.12.2017
өлшемі1,51 Mb.
#5100
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ       1 /2013

12

ҚАРЖЫ СЕКТОРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ



қатысушылары мен электрондық төлемдердің әртүрлі 

жүйелері  арасында  операциялық  өзара  іс-қимылды 

қамтамасыз  етуге  бағытталған.  Көрсетілген  жүйе 

осы  кезде  банктер  мен  өзге  де  қаржы  ұйымдарын 

қосуға  техникалық  және  функционалдық  жағынан 

дайын.  Бұл  жүйе  операциялық  өзара  іс-қимылды 

ұйымдастыру,  банкаралық  төлемдерді  онлайндық 

өңдеу және мобильдік төлемдердің әртүрлі жүйелері 

арасында есеп айырысуды жүзеге асыру үшін тиімді 

арна болуы мүмкін. 

Нарық  үшін  бәсекелестікті  қолдаудың  ғана 

емес,  сол  сияқты  құрылатын  инфрақұрылым 

мен 

қолданылатын 



технологиялардың 

үйлесімділігін 

қамтамасыз 

ету 


мақсатында 

жалпы  салалық  стандарттарды  әзірлеу  және 

қолдау 

саласында 



нарыққа 

қатысушылар 

арасында 

ынтымақтастықты 

дамытудың 

да 


елеулі  маңызы  бар.  Мобильдік  төлемдердің 

ауқымын  кеңейтуге  қарай  әртүрлі  жүйелер  мен 

қызметтердің  функционалды  үйлесімділігі  мен 

операциялық  өзара  іс-қимылы  проблемасы,  атап 

айтқанда  бір  жүйе  пайдаланушысының  басқа 

жүйенің  пайдаланушыларымен  өзара  байланыста 

операцияларды  жасау  мүмкіндігінің  маңызы 

арта  түсуде.  Осыған  байланысты,  мобильдік 

технологияларды  бұдан  әрі  іске  қосу  мобильді 

байланыстың  барлық  абоненттері  үшін  мобильдік 

төлемдер  бойынша  сервистердің  қолжетімділігін 

арттыру  мақсатында  ашық  стандарттарды  әзірлеу 

және  қолдану  бойынша  нарыққа  қатысушылар 

(банктер, мобильдік операторлар және технология 

провайдерлері)  арасындағы  ынтымақтастықты 

және өзара іс-қимылды күшейтуді талап етеді.



Қазіргі кезде әлем елдерінде әртүрлі мобильдік 

сервистердің және мобильдік төлемдер жүйесінің 

таралуы  үдерісі  жүріп  жатыр.  Бұл  ретте, 

мобильдік  төлемдердің  халқының  көбінің  банк 

шоттары  жоқ,  ал  мобильдік  байланыс  елдің 

негізгі  аумағында  дамыған  және  қолданылатын 

дамушы  елдерде  белсенді  дамуы  байқалады. 

Мобильдік құрылғылар халық, оның ішінде әртүрлі 

себептерге байланысты банктік қызметтермен 

қамтылмағандар  үшін  төлем  қызметтерімен 

қамту  және  қамтамасыз  ету  міндеттерін 

шешу  маңызды  құралдарының  бірі  болып  отыр. 

Қазақстандағы  мобильдік  төлемдер  нарығының 

ауқымды  өсу  әлеуеті  бар.  Елге  мобильдік 

байланыстың ену деңгейі бүгінгі күні 140% асады. 

Мобильдік  банкингтің  дамуы  банк  клиенттері 

үшін  ғана  емес,  сол  сияқты  банктердің  өзі 

үшін  де  операциялық  шығасыларды  қысқарту 

және  жаңа  технологияларды  қолдану  негізінде 

клиенттер 

талап 

ететін 

қызметтерді 

көрсетуді  ұйымдастыру  тұрғысынан  пай-

далы.  Нарықтың  бұл  сегментінде  бүгінде 

әртүрлі  шешімдер  және  технологиялар  бар. 

Бұл  ретте  бұдан  былай  мобильдік  төлемдердің 

жетістігі  банктердің,  электрондық  төлемдер 

инфрақұрылымы провайдерлерінің және мобильдік 

операторлардың  бірлескен  күш-жігеріне  байла-

нысты.  Мобильдік  төлемдер  бойынша  клиринг 

механизмін  «Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 

Банкінің Қазақстанның банкаралық есеп айырысу 

орталығы» РМК Жаппай электрондық төлемдер 

жүйесі базасында ендіру Қазақстандағы мобильдік 

төлемдер  нарығының  бұдан  әрі  дамуына  жаңа 

серпін береді.

Әдебиет тізімі

Анализ  международного  опыта  использо-

вания  сетей  мобильной  связи  для  совершения 

платежных  операций.  Авторлары:  Сарьян  В.К., 

Золотарев О.А., Кузнецов И.В., Кожевников С.В. 

«Мобильные системы» журналы- 2005 - № 3.




13

ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ       1 /2013

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАНК 

СЕКТОРЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ 

ЖАҒДАЙЫ

Н.К. Ромазанова – «Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесі Павлодар 

филиалының директоры,

А.А. Акильбекова – «Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесі Павлодар 

филиалының экономикалық талдау және 

статистика бөлімінің бас маман-экономисі

«Әлемдік экономикадағы қолайсыз ахуалды еске-

ре  отырып,  біз  әрбір  қазақстандықтың  кірістерін 

қорғауды қамтамасыз етіп, экономикалық өсім үшін 

инфляцияның  лайықты  деңгейін  ұстап  тұратын 

боламыз.  Бұл  жай  ғана  макроэкономикалық  мәселе 

емес,  бұл  елдің  әлеуметтік  қауіпсіздігінің  мәселесі. 

Және де бұл – 2013 жылдан бастап Ұлттық Банк пен 

Үкімет жұмысының басты мәселесі.

Қазақстандық  банктер  өз  кезегінде  өзінің 

мақсатын  орындауға  және  нақты  экономика 

секторының 

кредиттік 

ресурстарға 

деген 

қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс».

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан. 

2012 жылғы 14 желтоқсан.

Павлодар  облысының  банк  секторы  екінші 

деңгейдегі  банктердің  32  филиалы  мен  1  дербес 

банктен тұрады.

2012  жылы  облыс  экономикасындағы  банктердің 

кредиттері  бойынша  несиелік  берешектің  жалпы 

көлемі соңғы 4 жыл ішінде алғаш рет 1,4 есе өсіп, 200 

млрд. теңге белгісінен асты. Өткен жылы кредиттер 

бойынша  несиелік  берешектің  жалпы  көлемі  2012 

жылғы 1 қаңтардағы (бұдан әрі – базалық көрсеткіш) 

ұқсас  көрсеткішпен  салыстырғанда  213  134,2 

миллион  теңге  болып,  30  717,4  миллион  теңгеге 

немесе  16,8%  көтерілді,  бұл  аймақтың  екінші 

деңгейдегі  банктерінің  кредит  беру  белсенділігінің 

өсуі туралы куәландырады.

1-кесте

2009-2012 жылдардағы несиелік берешектің динамикасы, млн. теңге

көрсеткіш

01.01.2010

01.01.2011

01.01.2012

01.01.2013

несиелік берешек, барлығы

153 247,7

147 358,4

182 416,8

213 134,2

соның ішінде:

- қысқа мерзімді

23 695,7


29 633,5

38 477,0


48 042,5

- ұзақ мерзімді

129 552,0

117 724,9

143 939,8

165 091,7

- заңды тұлғаларға берілгені

66 411,2


67 040,5

91 907,0


104 356,6

- жеке тұлғаларға берілгені

86 836,5


80 317,9

90 509,8


108 777,6

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемінің басымдық үрдіс 

сақталады,  олар  2013  жылғы  1  қаңтарда  165  091,7 

миллион  теңге  немесе  несиелік  берешектің  жалпы 

көлемінен  77,5%  құрады  (2012  жылғы  1  қаңтарға  – 

78,9%),  базалық  көрсеткішпен  салыстырғанда,  ұзақ 

мерзімді кредиттердің көлемі 21 151,9 млн. теңгеге не-

месе 14,7% көтерілді.

Қысқа  мерзімді  кредиттердің  көлемі  2013  жылғы 

1  қаңтарда  48  042,5  миллион  теңге  немесе  несиелік 

берешектің  жалпы  көлемінен  22,5%    болды  (2012 

жылғы  1  қаңтарға    21,1%  құрады),  базалық  көрсеткішпен 

салыстырғанда,  қысқа  мерзімді  кредиттердің  көлемі  

9 565,5 млн. теңгеге немесе 24,9% көтерілді.

2012  жылы  кредит  нарығындағы  валюта 

сегментіндегі  кредиттеу  белсенділігінің  төмендеуі 

байқалды,  бұл,  өз  кезегінде,  теңгедегі  кредиттердің 

үлес  салмағының  жалпы  көлемінде  89,7%-дан 

91,0%-ға  дейін  өсуін  қамтамасыз  етті.  2013  жылғы 

1  қаңтардағы  жағдай  бойынша  долларландыру 

дәрежесі  9,0%  құрады  және  базалық  көрсеткішпен 

салыстырғанда 1,3% төмендеді.

2012 жылы аймақтың банк жүйесінің пайыздық сая-

саты кредиттердің барлық санаттары бойынша, ұлттық 

валютада берілген ұзақ мерзімді кредиттерден басқа, 

орташа  алынған  сыйақы  ставкасының  төмендеуімен 

сипатталады, олар бойынша пайыздық ставка 15,1% 

болып,  0,6%  көтерілді.  Мәселен,  2013  жылғы  1 

қаңтарда  (2012  жылғы  1  қаңтармен  салыстырғанда) 

ұлттық валютада берілетін қысқа мерзімді кредиттер 

бойынша  орташа  алынған  сыйақы  ставкасы  12,1%, 

ЕАВ-дағы – 9,6%, ЕАВ-дағы ұзақ мерзімді кредиттер 

бойынша – 11,4% құрады.

Салалар  бойынша  банктердің  экономикаға 

кредиттерінің  неғұрлым  жоғары  сомасы  сауда  са-

ласына  бағытталды,  олардың  үлесі  28,0%  құрайды, 

сондай-ақ экономиканың өнеркәсіп саласына – 11,9%, 

көлік  пен  байланыс  саласына  –  4,9%,  құрылысқа  – 

3,7% және ауыл шаруашылығына – 2,9 % тиесілі.

2013 жылғы 1 қаңтарда заңды тұлғаларға берілген 

кредиттер  бойынша  берешек  базалық  көрсеткішпен 

салыстырғанда  12  449,6  млн.  теңгеге  немесе  13,5% 

көтерілді, 104 356,6 млн.теңге құрады. 2013 жылғы 1 

қаңтарда жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойын-

ша  берешек  базалық  көрсеткішпен  салыстырғанда,  

18  267,8  млн.  теңгеге  немесе  20,2%  көтерілді,  

108 777,6 млн.теңге құрады. 

2012  жылы  заемшылардың  барлық  санаттары 

бойынша берілген кредиттердің көлемі 236 121,3 млн. 

теңге  құрады,  бұл  алдыңғы  жылмен  салыстырғанда  

40  662,2  млн.  теңгеге  немесе  20,8%  жоғары  (2011 

жылы  –  195  459,1  млн.теңге).  Берілген  кредиттердің 

негізгі үлес салмағы заңды тұлғаларға берілген кредит-

терге келеді. Мәселен, 2012 жылы заңды тұлғаларға 

берілген  кредиттердің  көлемі  168  823,8  млн.  теңге 

құрады,  бұл  алдыңғы  жылмен  салыстырғанда  

19  432,6  млн.  теңгеге  немесе  13,0%  жоғары  (2011 

жылы  –  149  391,2  млн.теңге).  Берілген  кредиттердің 

негізгі мақсаты – айналым қаражатын толықтыру.

2012 жылы жеке тұлғаларға берілген кредиттердің 

көлемі  67  297,5  млн.  теңге  құрады,  бұл  алдыңғы 

жылмен  салыстырғанда  21  229,6  млн.  теңгеге  неме-

се  46,1%  жоғары  (2011  жылы  –  46  067,9  млн.теңге). 

Негізгі  үлес  салмағы  тұтынушылық  мақсаттарға 

берілген кредиттерге келеді. 



жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау