|
Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы « » __________
№ ____ қаулысымен
бекітілді
|
«Павлодар облысы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Жалпы ережелер
1. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Павлодар облысы әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140009, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 49-үй.
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде толық атауы: государственное учреждение «Аппарат акима Павлодарской области».
Мемлекет Павлодар облысы әкімдігінің тұлғасында «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
Осы Ереже «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемле-кеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыс әкімінің өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу жөніндегі қызметін қамтамасыз ету.
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мақсаты: Павлодар облысы әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету іс-шараларын облыстық деңгейде іске асыру.
Облыс аумағында мемлекеттік саясатты жүргізу жөніндегі облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні болып табылады.
Міндеттері:
1) облыс әкімінің өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу жөніндегі қызметін қамтамасыз ету;
2) қоғамдық келісімнің, саяси тұрақтылықтың, экономикалық дамудың, қазақстандық отансүйгіштіктің конституциялық қағидаттарын іске асыруға, өңірдің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешуге жәрдемдесу;
3) Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес облыстың әлеуметтік-экономикалык даму, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тетіктері мен тактикасы жоспарларын әзірлеуге қатысу;
4) орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау;
5) облыстағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру.
20. Функциялары:
облыс әкімдігі отырыстарын, облыс әкімінің қатысуымен өтетін іс-шараларды, мәжілістерді, семинарларды, шетел делегацияларын қарсы алуды, облыс әкімінің өңірлерге сапарға баруын ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, консультативтік, материалдық-техникалық жағынан дайындауды және өткізуді, сондай-ақ облыс әкімінің қатысуымен өтетін көрсетілген және өзге де іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ету;
келесі мәселелер бойынша ақпараттық материалдарды дайындау және ұсыну:
индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру;
өнеркәсіптік өндірісті және құрылыс индустриясын, шағын және орта бизнесті дамыту;
бюджет саясаты және мемлекеттік активтерді басқару, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, бағалар мен тарифтерді қалыптастыру;
білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы бағдарламаларды іске асыру;
ауылшаруашылық өндірісін дамыту және азық-түлік тұрақтандыру қорын құруды ұйымдастыру;
агроөнеркәсіп кешенін дамыту, қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау бағдарламаларын іске асыру;
ақпараттық, тіл және ономастика, жастар және дін саясатын ұйымдастыру;
қоғамдағы қоғамдық-саяси өзгерістерді ақпараттық сүйемелдеуді іске асыру;
облыс әкімдігі мен әкімінің норма шығармашылық қызметін қамтамасыз ету:
заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, облыс әкімінің норма шығармашылық кызметінің тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау;
облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілерге құқықтық талдауды жүзеге асыру;
4) Павлодар облысының терроризмге қарсы комиссиясының қызметін үйлестіру;
5) Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының штабымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік наградалармен марапаттау, құрметті атақтарды беру және облыс әкімінің мадақтаулары жөнінде облыс әкіміне ұсыныстар енгізу;
7) облыс әкіміне және облыс әкімдігіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік және консультативтік-кеңестік органдарға қатысты облыс әкімінің өкілеттіктерін қамтамасыз ету:
облыс әкіміне жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар және облыс әкімі мен әкімдігіне тікелей бағынатын және есеп беретін консультативтік-кеңестік органдарды құру, қысқарту және қайта ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
облыс әкімі мен әкімдігіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік және консультативтік-кеңестік органдармен өзара іс-қимылды және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
8) облыс әкімінің өңірлік саясат саласындағы өкілеттіктерін іске асыру:
облыс әкімі үшін өңірлік саясаттың стратегиясы, қалалар мен аудандардың өкілетті және атқарушы органдарының конструктивті бірлесіп жұмыс істеуі, олардың облыстық және орталық мемлекеттік және өкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жөнінде болжам жасауды және ұсыныстар тұжырымдауды жүзеге асыру;
облыс әкімінің қалалар мен аудандар әкімдерімен өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларын сөзсіз және түбегейлі орындауын қамтамасыз ету;
9) облыс әкімі тапсырмаларының орындалуына жүйелі түрде мониторинг жүргізу, тапсырмалардың толық және сапалы орындалуын талдау және бақылауды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
10) облыс әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру:
ішкі саяси ахуалға, облыстың мемлекеттік органдары мен лауазымдық тұлғаларының жұмысына талдау жүргізу, қоғамдық пікірді зерделеу, саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдың дамуына, этносаралық қатынастарға болжам жасау, қоғамдық маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар дайындау;
ақпаратты жинауды, өңдеуді жүзеге асыру және облыс әкімін ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдармен қамтамасыз ету;
облыс әкімінің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланысын бекітуді және үнемі дамытуды қамтамасыз ету, облыс ассамблеясының іс-шараларын өткізуге, облыс әкімдігі мен әкімінің қабылдайтын актілерін түсіндіруге қатысу;
11) облыс әкімінің персоналды басқару және мемлекеттік қызметтің кадр саясаты саласындағы бағытты жүргізуін қамтамасыз ету:
кадр жұмысының, мемлекеттік қызметтің жай-күйін және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін кәсіби даярлаудың деңгейін талдау, «А» корпусының әкімшілік лауазымдарына кадр резервін қалыптастыруға қатысу;
«А» және «Б» корпусының саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін қызметке тағайындау мен қызметтен босату кезінде материалдарды ресімдеу, облыс әкімімен тағайындалатын және келісілетін лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты өзге де мәселелерін шешу және олардың жеке істерін жүргізу;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік кызметшілерінің кәсіби қайта даярлықтан өтуін ұйымдастыру;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің, облыс әкімімен тағайындалатын басқа да лауазымды тұлғалардың қызметіне жыл сайынғы бағалауды және аттестаттауды жүргізу;
12) персоналды басқару жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізу, осы бағыт бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
13) облыс әкімінің қызметін құжаттамалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру:
облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін тіркеуді жүргізу;
облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің, консультативтік-кеңестік органдары құжаттарының тиісті түрде ресімделуін, таратылуын және жариялануын қамтамасыз ету;
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде іс жүргізуді ұйымдастыру;
облыс әкімінің, оның орынбасарларының және «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің атына келіп түскен қызметтік және басқа хат-хабарларды есепке алуды жүзеге асыру, хат-хабарлардың жедел жылжуы, қаралуы және жіберілуі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
құжат айналымына талдау жүргізу;
облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің сақталуын, бір жүйеге келтірілуін және кодификациялануын қамтамасыз ету;
мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуына, іс жүргізу ережелерінің сақталуына, жұмыс стилі мен әдістерін жақсартуға бағытталған шараларды қабылдау;
азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі құпиялық тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің, басқа да облыс әкімі тағайындайтын лауазымды тұлғалардың құпия құжаттарды пайдалануға рұқсат етілуіне арналған материалдарды ресімдеу;
14) облыс әкімінің қызметін байланыс құралдарымен, ақпараттық есептеу және ұйымдастыру техникаларымен қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер құру, оларды пайдалану және жөндеу жөніндегі бағдарламалар әкімшісінің функцияларын атқарады;
15) облыс әкімінің қызметіне әлеуметтік-тұрмыстық және көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді жүзеге асыру:
облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын шығыстар сметасының жобаларын әзірлеу, оларды үнемді жұмсау және мақсатты пайдалануға кажетті шараларды қабылдау;
қызмет көрсетуді, күрделі және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру, оның иелігіндегі ғимараттар мен құрылымдарды қайта жаңартудың тапсырыс берушісі болады;
жедел бухгалтерлік және статистикалық есептерді жүзеге асыру, қаржы және басқа органдарға белгіленген тәртіпте шығыстар сметасын орындау жөніндегі баланстар мен есептерді ұсыну:
электр, жылу және сумен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі, ғимараттарды күзету, оларды күзгі-қысқы және жазғы кезеңдерге дайындау жөніндегі шарттық және келісім шарттық жұмыстарды жүргізу;
аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізуді және қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
16) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте облыстық бюджеттен, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауды жыл сайын жүргізуді қамтамасыз ету, осы мақсатта келесідей жұмыстарды өткізу:
жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін облыс әкіміне енгізу;
жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері жөніндегі есептік ақпаратты орталық мемлекеттік органдарға жіберу;
жыл сайынғы бағалау нәтижелері бойынша облыс әкімін жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігі мәселелері жөніндегі қажетті ақпараттық-талдамалық материалдармен қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің әзірленуіне мониторинг жүргізу, жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметін үйлестіру;
құжат айналымын жетілдіру және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу;
дерекқорды құру, облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлерін жаңа ақпараттық технологияларға оқыту бойынша жұмыс жүргізу;
қолданыстағы ақпараттық жүйелерді басқару бойынша, облыс әкімі сайтының жай-күйіне және орналастыру үшін ақпараттың уақытында келіп түсуіне әкімшілік бақылауды жүзеге асыру;
17) жалпыға бірдей әскери міндеттілікті орындау шеңберінде жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
18) жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және төтенше жағдайлар, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
19) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайда, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдер қабылдау.
21. Құқықтары мен міндеттері:
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерді орындау және осы Ережеде қарастырылған өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды өтеусіз негізде сұратуға және алуға;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әкімдік пен облыс әкімінің қарауына ұсынуға;
3) шарттар, келісімдер мен өзге де заңды мәмілелерді жасасуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының (қатысушылардың жалпы жиналысының) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша акционер (қатысушы) ретінде мемлекеттің мүддесін білдіруге құқылы.
3. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын облыс әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады.
23. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
25. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады, «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді;
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы жобаларды облыс әкімінің бекітуіне ұсынады, оның құрылымы мен штаттары жөнінде ұсыныстар енгізеді;
өзінің орынбасарларының, облыс әкімі кеңесшілерінің, көмекшілерінің жұмысын үйлестіреді, «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыт-бағдар береді, өзге де мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшы қызметіне тағайындау үшін кандидатураларды облыс әкімімен келісімдеуді қамтамасыз етеді;
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне және облыс әкімі тағайындайтын бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға мамандарды конкурстық іріктеуден өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Қазақсан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылым шеңберінде кадрлық өзгерістерді жүргізеді;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде орындалуын бақылайды;
облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарларын, облыс әкімінің кеңесшілерін, көмекшілерін облыс әкімімен келісім бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
облыс әкімі аппаратының бас инспекторларын, бас мамандарын, жетекші мамандарын және азаматтық қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
облыс әкімі тағайындайтын лауазымды тұлғаларға тәртіптік жазалар қолдану не оны алу туралы ұсыныстарды облыс әкімінің қарауына енгізеді;
11) «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
12) облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің, тапсырмаларының орындалуын және «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде құжаттардың жылжуын бақылау жұмысын үйлестіреді;
облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын, сондай-ақ облыс әкіміне жіберілетін өзге де құжаттар мен материалдарды облыс әкімінің қол қоюына және қарауына ұсынады;
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бұйрықтар шығарады;
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасын бекітеді, соның шеңберінде қаржылай қаражатқа иелік етеді;
қызметтік құжатқа қол кояды;
облыс әкімінің келісімімен «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін мадақтайды және оларға тәртіптік жаза қолданады;
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін іссапарларға жібереді;
нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен тұжырымдама-лардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтары мен уақытша шығармашылық ұжымдарды ұйымдастырады;
азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихатпен, облыстық атқарушы органдармен, облыстық сотпен, облыс прокуратурасымен, Ұлттык қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департамен-тімен, өзге де мемлекеттік органдармен тұрақты негіздегі байланысын қамтамасыз етеді;
мәслихаттың ашық және жабық мәжілістеріне қатысады;
облыс әкімдігінің, консультативтік-кеңестік органдардың мәжілістеріне дайындық жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
облыс әкімінің қатысуымен өтетін іс-шараларды ұйымдастыру жұмысын үйлестіреді;
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді.
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
26. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
27. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын облыс әкімі аппаратының басшысы басқарады.
28. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасы-ның қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
29. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
30. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкім-шілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Респуб-ликасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
4. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
31. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
32. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдык меншікке жатады.
33. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және
қысқарту (тарату)
34. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
35. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін тарату кезінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте қалады.
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
1) Павлодар облысы әкімі аппаратының «Офис-сервис» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Павлодар облысының автошаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3) «Ақпараттық-техникалық сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
4) Павлодар облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру дайындығын және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |