Төлем балансы статистикасы бөлімінің жетекші маманы-экономисі (с-о-6). Функционалдық міндеттері



жүктеу 126,63 Kb.
Дата24.01.2018
өлшемі126,63 Kb.
#7895
түріКонкурс



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы, 050040, Алматы қ., Көктем-3 ш/ауд., 21-үй, анықтама үшін телефондар 8(3272) 70-49-04, 70-47-39, факс 8(3272) 70-49-03, мынадай бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға тағайындау үшін конкурс жариялайды:

Төлем балансы статистикасы бөлімінің жетекші маманы-экономисі (С-О-6).

Функционалдық міндеттері: сыртқы экономикалық қызметі бар кәсіпорындарды анықтау, кәсіпорындардың тізілімін қалыптастыру және оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды орындау; төлем балансы бойынша статистикалық ақпаратты уақтылы жинауды, автоматты түрде өңдеуді жүзеге асыру, оның шынайылығын қамтамасыз ету және елдің төлем балансын қалыптастыру үшін Ұлттық Банктің орталық аппаратына ұсыну; капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялар бойынша мәліметтерді тіркеу және жинауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңдарды білу; бухгалтерлік есеп негіздерін, валюталық реттеу және мемлекеттік статистика саласындағы заң және нормативтік құқықтық базаны, төлем балансы статистикасы жөніндегі жұмыстарды жүргізудің құқықтық мәртебесін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттарды, статистиканың негіздері мен әдістерін, төлем балансының методологиясын, ақша-кредит және қаржы саясаты бойынша методологиялық материалдарды, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін (есеп беру тәртібін бұзу бөлігінде) білу. Мамандығы бойынша мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық; автоматтандырылған деректер базасымен жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы облыстық филиалы, 040008, Талдықорған қ., М. Төлебаев көшесі, 58/64-үй, анықтама үшін телефон 8(3282) 24-49-60, факс 8(3282) 27-03-67 мынадай бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қызметке тағайындау үшін конкурс жариялайды:

жетекші маманы-заң кеңесшісі (С-О-6)

Функционалдық міндеттері: еңбек мәселелерін және мемлекеттік қызметке, мүлікті басқару тәртібіне, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға, бюджетті (шығыстар сметасын) пайдалануға, валюталық реттеу және бақылауды құқықтық қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді, ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру, банктік шоттар режимі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормаларын қолдану мәселелерін қарау. Облыстың сот және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білімі. Негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу. Қазақстан Республикасының азаматтық, банктік қызмет заңнамасын, өзге де заңнамасын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін білу. Шағым-талап жұмысының тәжірибесі болуы құптарлық. Мемлекеттік тілді білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақмола филиалы, 020000, Көкшетеу қ., М. Әуезов көшесі, 214-үй, анықтама үшін телефон 8(3162) 25-78-51, факс 8(3162) 25-07-50 мынадай бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қызметке тағайындау үшін конкурс жариялайды:

жиынтық-экономикалық бөлімінің бас маманы-экономисі (негізгі қызметкердің баланы күтуге байланысты демалыс кезеңіне, С-О-5)

Функционалдық міндеттері: статистикалық бюллетеннің кестелері мен сызбаларын жасау үшін ақпарат жинау және өңдеу. Мемлекеттік органдар және статистиканың басқа пайдаланушылары үшін статистикалық ақпарат ұсыну. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін жетілдіру жөніндегі әдістемелік жұмысты жүзеге асыру: филиалдың басшылығына және Ұлттық Банктің орталық аппаратына мониторинг нәтижелерін ұсынуды жетілдіру, экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі сауалнамаларының сұрау көрсеткіштерінің жүйесімен жұмыс, кәсіпорындардың сауалнамалар көрсеткіштерін толтыруын бақылау және талдау. Төлем балансын қалыптастыру және бөлімнің құзыретіне кіретін талдау жұмыстарын жүзеге асыру мақсаттары үшін статистикалық және өзге де ақпаратты жинау мен өңдеу. Деректердің ақпараттық-талдау базаларын жүргізу, есеп беру материалдарын дайындау. БАҚ-на және телевидениеге мақалалар дайындау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық білім. негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық; «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені және қаржы институттарының қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Статистиканың жалпы теориясын және оның әдістерін: бухгалтерлік есеп негіздерін, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөніндегі методологиялық материалдарды, макроэкономикалық менеджментті, қаржылық талдау мен бағдарламалауды білу. Экономика саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы, 060002, Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2 «а», анықтама үшін телефондары 8(3122) 32-85-69, факс 8(3122) 32-23-04, мынадай бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қызметке тағайындау үшін конкурс жариялайды:

экономикалық талдау және статистика бөлімінің жетекші маманы-экономисі (негізгі қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыс кезеңіне, С-О-6)

Функционалдық міндеттері: ақша-кредит саясатының инфляция деңгейінің жай-күйіне ықпалын зерделеуге бағытталған экономикалық жұмыс, долларизация және қала экономикасындағы басқа да процестердің мәселелері бойынша функцияларды орындау, филиалдың статистикалық жинағын шығару, аймақ экономикасының нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі бойынша іс-шараларды өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарын апта сайын шолу үшін материалдарды, жиынтық есептерді және филиалдың басқа да жиынтық материалдарын, филиал қызметінің жалпы мәселелері бойынша мәжіліс хаттамаларын, заңды және жеке тұлғалардың сұратулары бойынша қайта қаржыландыру ставкасы туралы ақпарат дайындау, филиалдың басшылығы жанында мәжіліс және техникалық оқу жоспарларын жасау. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін жүргізу, экономикалық конъюктура мониторингінің деректері негізінде зейнетақы жүйесінің ағымдағы жай-күйін және даму перспективаларын талдауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ұлттық Банктің банк қызметі жөніндегі заң және нормативтік құқықтық актілерінің негізгі ережелерін білу. Мемлекеттік органдарда автоматтандырылған ақпарат базаларымен жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.

Экономикалық талдау және статистика бөлімінің маманы-экономисі (С-О-7)

Функционалдық міндеттері: экономикалық конъюнктура мониторингінің деректері негізінде макроэкономикалық үрдістердің көрсеткіштерін талдау және болжау. Экономикалық конъюнктура мониторингінің деректері негізінде экономика саласының нақты секторының дамуына ақша-кредит, валюта саясаты әсерінің тиімділігін талдауды жүзеге асыру. Экономикалық және методологиялық әдебиетке шолу дайындау. Филиалдың Статистикалық Бюллетеніне кестелер мен графиктерді қалыптастыру үшін ақпарат жинау және өңдеу. Филиалдың Статистикалық Бюллетенін уақтылы дайындау және шығару. Ақпарат және құжаттар құпиялылығының тиісті режимін қамтамасыз ету. Филиалдың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, банк қызметі бойынша Ұлттық Банктің заң және нормативтік құқықтық актілерінің негізгі ережелерін білу; мемлекеттік органдарда автоматтандырылған деректер базасымен жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалы, 467019, Қызылорда қ., Ы. Жақаев көшесі, 20-үй, анықтама үшін телефон 8(3242) 27-22-15, факсы 8(3242) 22-23-04, мынадай бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға қызметке тағайындау үшін конкурс жариялайды:

жиынтық-экономикалық бөлімінің жетекші маманы-экономисі (негізгі қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыс кезеңіне, С-О-6)

Функционалдық міндеттері: статистикалық бюллетеннің кестелері мен сызбаларын жасау үшін ақпарат жинау және өңдеу. Мемлекеттік органдар және статистиканың басқа пайдаланушылары үшін статистикалық ақпарат ұсыну. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі жөніндегі жұмысты жүзеге асыру: филиалдың басшылығына және Ұлттық Банктің орталық аппаратына мониторинг нәтижелерін ұсынуды жетілдіру, экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі сауалнамаларының сұрау көрсеткіштерінің жүйесімен жұмыс, кәсіпорындардың сауалнамалар көрсеткіштерін толтыруын бақылау және талдау. Төлем балансын қалыптастыру мақсаттары үшін статистикалық және өзге де ақпаратты жинау мен өңдеу. Деректердің ақпараттық-талдау базаларын жүргізу, есеп беру материалдарын дайындау. БАҚ-на мақалалар дайындау. Бөлшек саудаға, айырбастау операцияларына, орындалған міндеттемелерге байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, әділет органдарында тіркеу үшін рұқсат беру, екінші деңгейдегі банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттеріне тіркеу куәліктерін беру, валюталық заңнама саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау және қарауға дайындау жөнінде ұсыныстарды дайындау бойынша құжаттарды қарастыру жұмысына қатысу. Екінші деңгейдегі банктердің және уәкілетті ұйымдардың валюталық заңнама нормаларын сақтауына тексеруді жүзеге асыру, бөлімнің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстарды әзірлеуге қатысу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық немесе математикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық; «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені және қаржы институттарының қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, «Валюталық реттеу туралы», «Лицензиялау туралы» Заңдарды, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексті (валюталық реттеу бөлігінде), валюталық реттеу бойынша нормативтік құқықтық актілерді білу. Статистиканың жалпы теориясын және оның әдістерін: бухгалтерлік есеп негіздерін, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөніндегі методологиялық материалдарды, макроэкономикалық менеджментті, қаржылық талдауды және бағдарламалауды білу. Мемлекеттік органдарда мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінің, автоматтандырылған деректер базасымен жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.

жиынтық-экономикалық бөлімінің маманы-экономисі (негізгі қызметкердің баланы күтуге байланысты демалыс кезеңіне, С-О-7)

Функционалдық міндеттері: статистикалық ақпаратты, конъюктуралық тексерулер мен бақылаулардың деректерін жинауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асыру. Ақпараттық-талдау деректер базасын жүргізу. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингінің және сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары кәсіпорындардың аймақтық тізбесін көкейкестілендіруге қатысу. Төлем балансын қалыптастыру мақсатында статистикалық және өзге де ақпаратты жинау мен өңдеу. Өзінің құзыреті шегінде ақпарат, мәліметтер, есептер дайындау. Екінші деңгейдегі банктердің және уәкілетті ұйымдардың валюталық заңнама нормаларын сақтауына тексеруді жүзеге асыру, бөлімнің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстарды әзірлеуге қатысу. Өзінің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ басқа да сыртқы институттармен іскерлік байланыстарды жүзеге асыру. Бөлімнің істер номенклатурасын жасау. Бөлімнің басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы», «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін (валюталық реттеу бөлігінде), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені, валюталық реттеу бойынша нормативтік құқықтық актілерді білу. Экономика саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Павлодар филиалы, 140000, Павлодар қ., Академик Сәтпаев көшесі, 44-үй, анықтама үшін телефон 8(3182) 32-38-25, факсы 8(3182) 32-10-29, мынадай бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға қызметке тағайындау үшін конкурс жариялайды:

қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі бас маман (С-О-5)

Функционалдық міндеттері: қызметкерлерді іріктеу, таңдау және жалдау, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, ауыстыру, қызметтік іссапарларға жіберу, ынталандыру, тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерге әлеуметтік төлемдер жасау жөніндегі құжаттарды уақыты ресімдеу жөніндегі жұмыстар, қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру, жұмыс уақытын есепке алу табелін жасау, қызметкерлер бойынша деректер базасын қалыптастыру мен жүргізу. Филиалдың басшылық құрамының резервін қалыптастыру, қызметкерлерді оқыту, аттестациядан өткізу бойынша жұмыстарды жүргізу. Жоғары оқу орындарының студенттерін филиалда практикадан өтуін ұйымдастыру. Филиал қызметкерлерінің еңбегін бағалау бойынша жұмыстарды үйлестіру. Банк жүйесінің жұмыс істемейтін зейнеткерлерінің, ардагерлерінің есебін жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу. Қызметкерлерді медициналық сақтандыру бойынша және қызметкерлерді жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша жұмыстарды үйлестіру. Филиалдың адам ресурстарының статистикасы жөніндегі есептерді жасау. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын қарау. Қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі жоспарлар мен есептерді әзірлеу, қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: кәсіби білім; адам ресурстарын басқару бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық. Еңбек қатынастарын реттейтін заң және нормативтік құқықтық актілерін және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін білу. Қызметкерлерді басқарудың отандық және шетелдік тәжірибесін білуі құптарлық. Мемлекеттік органдарда адам ресурстарымен жұмыс тәжірибесінің, қызметкерлердің есебін жүргізудің автоматтандырылған деректер базасымен жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік тілді білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан филиалы, 070019, Өскемен қаласы, Ушанов көшесі, 3, анықтама үшін телефоны 8(3232) 25-46-09, факс 8(3232) 25-47-17, мынадай бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қызметке орналасу үшін конкурс жариялайды:

бас маман - заң кеңесшісі (С-О-5)

Функционалдық міндеттері: еңбек мәселелерін және мемлекеттік қызметке, мүлікті басқару тәртібіне байланысты мәселелерді қарау, мемлекеттік сатып алуды, бюджетті (шығыстар сметасын) пайдалануды, валюталық реттеу мен бақылауды құқықтық қамтамасыз етуді, төлемдер мен ақша аударымдарын, банктік шоттар режимін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс нормаларын қолдану мәселелерін қарау. Облыстың сот және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу.

Үміткерге қойылатын талаптар: заңгерлік білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстардан мерзімді түрде қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Банктер және банк қызметі туралы» Заңдарды білу. Қазақстан Республикасының азаматтық, банктік заңнамасын, өзге де заңнамаларды, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін білу. Шағым-талап жұмысынан тәжірибесі болуы құптарлық. Мемлекеттік тілді білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.

валюталық операцияларды бақылау бөлімінің жетекші маманы-экономисі (С-О-6)

Функционалдық міндеттері: бөлшек саудамен байланысты қызметті жүзеге асыруға, айырбастау операцияларына, орындалған міндеттемелерге лицензиялар беру, әділет органдарында тіркеу үшін рұқсаттар, екінші деңгейдегі банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттеріне тіркеу куәліктерін беру, валюталық заңнама саласында облыстағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауды қозғау және дайындау жөніндегі ұсыныстарды дайындау бойынша құжаттарды қарау жұмыстарына қатысу. Екінші деңгейдегі банктер мен уәкілетті ұйымдардың валюталық заңнама нормаларын сақтауына тексерулерді жүзеге асыру, бөлімнің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірлеуге қатысу, бөлімнің жоспарларын әзірлеу, есептерін жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді түрдегі қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Валюталық реттеу туралы», «Лицензиялау туралы» Заңдарды білу, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексті (валюталық реттеу бөлігінде), валюталық реттеу бойынша нормативтік құқықтық актілерді білу; мамандығы бойынша мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік тілді білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.

Сынаққа қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінде немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Астана, Алматы, Талдықорған, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы аймақтық сынақ орталықтарында белгіленген тәртіппен сынақтан өтеді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тиісінше жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша осы конкурс бойынша сынақ жүргізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.



Осы қызметтерге тағайындалған тұлғалар үшін көтермеақы шығыстары төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
жүктеу 126,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау