ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ 1 /2013
10
ҚАРЖЫ СЕКТОРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
сервистің бұл түрі мобильді телефондардың иелеріне,
негізінен, онлайн режиміндегі ақпараттық қызметтерді
(балансты тексеру және банк шоты бойынша жасалған
транзакциялар
туралы
хабарлама)
көрсетуге
бағытталған және мобильді телефонның көмегімен
төлемдерді жасау бойынша белсенді операциялар
жүргізуді ұйғармайды.
Қазіргі кезде мобильді телефонның көмегімен
ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру
қызметтерін өздерінің клиенттеріне барлығы 6 банк
көрсетеді. 2012 жылы мобильді құрылғыларды пайда-
лана отырып жасалған операциялардың саны шама-
мен 1,1 млрд. теңге сомасына 556,8 мың транзакцияны
құрады. Бір транзакцияның орташа мөлшері 1 972 теңге
болды. Бұл ретте операциялардың 95% мобильді бай-
ланыс қызметтерін төлеуге байланысты болды, 2%-ға
жуығы банк шоттары бойынша ақша аударымдарына
байланысты болды, қалғандары «Қазақтелеком» АҚ
және өзге де қызметтерді жеткізушілердің қызметтерін
төлеуге байланысты орын алды.
Қашықтықтан банк қызметін көрсетудің барлық
жүйелері мен арналары арасында 2012 жылы қолма-
қол ақшамен жасалмаған транзакциялардың саны
бойынша мобильді құрылғыларды пайдалану үлесі
барлығы 1%-ды құрады, бұл ретте қолма-қол ақшамен
жасалмаған төлемдердің жалпы санының тиісінше
банкоматтарға – 31%, POS-терминалдарға – 28%,
банк дүңгіршектері мен өзге де құрылғыларға – 27%,
ал Интернет банкингке – 13% тиесілі.
Қазақстанда
қолданылатын
технологияларға
жасалған талдаудың нәтижелері және мобильдік
төлемдерді дамытудың ағымдағы жағдайы бойынша
мынадай тұжырымдар жасау мүмкін болмақ:
1. Банктер арасында мобильді телефонды халыққа
жаппай қашықтықтан қызмет көрсету құралы ретінде
пайдалану бойынша жаңа технологияларды ақырындап
ендіру. Мобильді телефонды пайдалану негізінде
төлем жасау қызметтерін көрсететін банктердің саны
көп емес және негізінен бұл – ірі банктер. Бұл ретте
төлем операцияларын жүзеге асыру үшін мобильді
телефондарды пайдалану бойынша банктер ендіріп
отырған жаңалықтар мен технологиялар әлі де болса
соңына дейін жетілдірілмеген және жаппай таратылып
үлгермеген.
Мобильді телефонды пайдалана отырып, жүзеге
асырылатын операциялар мен қызметтер түрлерінің
тізбесі банктер ендіріп қойған технологияларда
шектеулі. Негізінен мобильді телефон мобильді бай-
ланыс қызметтерін төлеуге, Интернетке кіру және
«күрделі емес» төлемдер топтары арасындағы өзге де
жүйелі төлемдерді төлеу үшін қолданылады және Ин-
тернет банкингтің баламасы ретінде көрінеді.
2. Қазақстан банктерінің жобалары әртүрлі
шешімдер мен технологиялық платформаларға
негізделген, бұл болашақта банкаралық төлемдерге
қызмет көрсету бойынша сервистерді іске қосу және
мобильдік төлемдердің әртүрлі жүйелері арасында
операциялық өзара іс-әрекетті іске асыру үшін қауіпті
кедергілер туындатады.
Жекелеген банктер, атап айтқанда «Альянс Банк»
АҚ, «БТА банк» АҚ SMS технологияларын пайдалану
негізінде мобильді банкинг сервистерін ендірді. Келесі
ірі банк – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 2007 жылы
мобильді байланыс операторларының біреуімен
ынтымақтаса
отырып,
мобильді
телефонның
көмегімен төлем операцияларын жүргізу үшін
мобильді телефонның арнайы SIM-картасын (банк
аплеті орналасқан) пайдалануды көздейтін жобаны
ендірді. Оны іске асырған уақыт ішінде аталған сер-
вис Қазақстан халқының арасында сұранысқа ие бола
қоймады. Сервистің осы түрінің ерекшелігі клиент-
ке SIM-картаны сатып алу не өз телефонының SIM-
картасын ауыстыру қажеттілігінде болып табылады.
Соңғы жылдары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және
«Казкоммерцбанк» АҚ төлем операцияларын жүзеге
асыру үшін мобильді телефонда арнайы қосымшаны
пайдалануды көздейтін мобильді банкингтің жаңа
қызметтерін іске қосты. Алайда, бұл бастамалар әлі
де болса нақты дамуға ие болған жоқ, оның ішінде
пайдаланушылардың көп бөлігінің жеткілікті түрде ха-
бардар болмау себебі бойынша алға жылжыған жоқ,
өйткені бұл технологиялар банктердің клиенттерінен
кейбір технологиялық дайындықты – мобильді
қосымшалармен жұмыс істеу кезінде қосымшаларды
сала білуін және технологиялық сипаттағы белгілі бір
іс-әрекеттерді жасауын талап етеді.
3. Мобильді банкинг қызметтері және халық ара-
сында төлем жасаудың басқа да балама тәсілдері
аса танымал болып табылмайды. Халықтың негізгі
бөлігі мұндай мүмкіндіктер туралы білмейді және
осы саладағы хабарсыздық және білімсіздік нарықты
дамытуға кедергі келтіретін факторлардың бірі ретінде
көрінеді (қаржылық сауаттылықты арттыру мәселесі).
Банктердің жаңа технологиялар мен ақы төлеу
құралдарын ендіру жөніндегі іс-әрекеттері бірікпеген
және белсенділігі жеткіліксіз.
4. Соңғы уақытта нарыққа мамандандырылған
банктік емес компаниялардың – мобильдік төлемдер
жобасын бірлесіп іске қосу үшін банктерге өз
қызметтерін және шешім шығаруды ұсынатын тех-
нологиялар провайдерлерінің шығу үрдісі байқалып
отыр, бұл мобильдік төлемдердің отандық нарығының
мүмкіндіктерін дамытудағы және кеңейтудегі оң сәті
ретінде бағаланады.
Қазіргі кезде Қазақстан нарығында операторла-
ры жеке ұйымдар болып табылатын 2 сервис жұмыс
істейді:
1) «HandyPay» жүйесі. Осы жүйе шеңберіндегі
төлемдер мен аударымдарды пайдаланушылар банк
шотынан SMS-хабарлармен алмасу арқылы жүзеге
асырылады. Жүйеге бүгінде 3 банк қатысады.
2) «MyPay.kz» жүйесі. Қызмет мобильді телефонға
орнатылатын арнайы қосымшаны (Мидлет) қолдануға
негізделген және төлем карточкаларын ұстаушыларға
ғана қолжетімді болып табылады. Технология төлем
карточкасына тәуелді болғандықтан, тиісінше
барлық ақша төлемдері мен аударымдарын аталған
сервистің пайдаланушылары нақты уақыттағы төлем
карточкасымен жүзеге асырады. Сервисті пайдала-
нушылар халықаралық төлем жүйелерінің төлем кар-
точкаларын шығаратын кез-келген Қазақстан банкінің
төлем карточкаларын ұстаушылар болуы мүмкін.
Қызметтер жүйесін бүгінгі күні 21 банктің клиенттері
пайдаланады.
Мобильді
операторлардың
абоненттік
шоттарындағы пайдаланушылар қаражатын пайда-
лану негізінде ақы төлеу тетігі бүгінде Қазақстанда
ендірілмеген.
Қазақстан
Республикасының
қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес
ақша төлемдері мен аударымдарын жүргізу қызметтері