ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ 1 /2013
14
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР
Кредиттердің мерзімі өткен берешегі 2013 жылғы
1 қаңтардағы жағдай бойынша 17 400,7 млн. теңге
немесе несиелік берешектің жалпы көлемінен
8,2% құрады, және де базалық көрсеткішпен
салыстырғанда 2 586,7 млн. теңгеге немесе 17,5%
көтерілді (2012 жылғы 1 қаңтарға – 14 814,0 млн.
теңге немесе несиелік берешектің жалпы көлемінен
8,1% құрады).
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға об-
лыс банктері 2012 жыл ішінде шағын кәсіпкерлік
субъектілерін қолдау және дамытуға 62 511,9 млн.
теңге сомада кредит берді, бұл алдыңғы жыл ішінде
берілген кредит сомасынан 18 823,3 млн. теңгеге не-
месе 43,1% жоғары (2011 жылы – 43 688,6 млн. теңге).
Кредиттердің осы санаты бойынша жалпы берешек
2013 жылғы 1 қаңтарда 46 343,2 млн. теңге болды,
бұл базалық көрсеткіштен 8 224,5 млн. теңгеге неме-
се 21,6% жоғары (2011 жылы – 38 118,7 млн.теңге).
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылған заем-
дар ішінде қысқа мерзімді кредиттердің үлес салмағы
34,4% (15 919,6 млн. теңге), ұзақ мерзімді кредиттер
– тиісінше 65,6% (30 423,6 млн. теңге) құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредит-
тер бойынша мерзімі өткен берешек 2013 жылғы 1
қаңтардағы жағдай бойынша 7 101,5 млн. теңге неме-
се несиелік берешектің жалпы көлемінен 3,3% құрады,
және де базалық көрсеткішпен салыстырғанда 1 038,1
млн. теңгеге немесе 17,1% көтерілді (2012 жылғы 1
қаңтарға – 6 063,4 млн. теңге).
Экономиканы кредиттеуге пайдаланылатын об-
лыс тұрғындары мен заңды тұлғалардың депозиттері
банк жүйесінің ішкі ресурстарының аса маңызды
көздерінің бірі болып табылады.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аймақта
депозит шоттарындағы қаражат қалдықтарының жал-
пы көлемі 154 637,8 млн. теңге құрады, бұл базалық
көрсеткіштің деректерімен салыстырғанда, 27 392,6
млн. теңгеге немесе 21,5%-ға жоғары.
2-кесте
2009-2012 жылдардағы аймақтағы депозит нарығының динамикасы, млн. теңге
көрсеткіш
01.01.2010
01.01.2011
01.01.2012
01.01.2013
ЕДБ-дегі депозиттер,
барлығы
84 720, 1
97 996, 7
127 245, 2
154 637, 8
оның ішінде:
- ұлттық валютада
56 744, 9
56 599, 8
97 646, 1
115 833, 2
- шетел валютасында
27 975, 2
41 396, 9
29 599,1
38 804, 6
халықтың салымдары,
барлығы
52 819, 3
64 264, 9
78 234, 8
103 601,1
оның ішінде:
- ұлттық валютада
31 731,6
42 170, 8
51 504,9
68 873,7
- шетел валютасында
21 087,7
22 094,1
26 729, 9
34 727,4
заңды тұлғалардың
салымдары, барлығы
31 900,8
33 731, 8
49 010,4
51 036,7
оның ішінде:
- ұлттық валютада
25 013, 3
14 429, 0
46 141,3
46 959,5
- шетел валютасында
6 887, 5
19 302, 8
2 869, 1
4 077,2
Кестенің деректері депозиттер көлемінің өсу үрдісін
көрсетеді. 2010 жылғы 1 қаңтардағы деректермен
салыстырғанда, 2013 жылғы 1 қаңтарға депозиттердің
көлемі 1,8 еседен аса көтерілді.
Банктердің қорландыру базасын қалыптастыру
кезінде ішкі көздердің орнықтылығын арттыру, қаржы
жүйесінің тұрақтылығын және депозиторлардың
мүдделерін қорғау мақсатында 2012 жылғы қыркүйекте
Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қорының
жарғылық капиталы 146,4 млрд. теңгеге дейін 13,31
млрд. теңгеге ұлғайтылды, бұл екінші деңгейдегі
банктердегі депозит шоттарындағы жиналған ақшаға
сенімділіктің көтерілуіне және нәтижесінде депозит-
тер көлемінің өсуіне әсерін тигізді.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
халықтың салымдары, бұрынғыша, депозиттердің
жалпы көлемінде жетекші орынды сақтап келеді –
103 601,1 млн. теңге немесе жалпы депозиттердің
көлемінен 67,0% құрайды, базалық көрсеткішпен
салыстырғанда, халықтың салымдары 25 366,3 млн.
теңгеге немесе 32,4% көтерілді.
Сонымен қатар заңды тұлғалардың депозиттері
көлемінің өсуі байқалды. 2013 жылғы 1 қаңтардағы
жағдай бойынша заңды тұлғалар депозиттерінің көлемі
51 036,7 млн. теңге немесе жалпы депозиттердің
көлемінен 33,0% құрады, базалық көрсеткішпен
салыстырғанда, заңды тұлғалар депозиттерінің көлемі
2 026,3 млн. теңгеге немесе 4,1% көтерілді.
Павлодар облысы тұрғындарының тұрмыс
жағдайының негізгі көрсеткіштерінің жағымды ди-
намикасы, және бәрінен бұрын табыстың өсуі жеке
тұлғалар депозиттерінің өсуінің негізгі факторы бо-
лып табылады. Павлодар облысының Статисти-
ка департаментінің деректері бойынша 2012 жыл
ішінде облыс халқының орта есеппен жан басына
шаққандағы атаулы ақшалай табысы 2012 жылғы 1
тоқсандағы 50 627 теңгеден 2012 жылғы 4 тоқсандағы
60 578 теңгеге дейін өсті.
Одан басқа, жеке тұлғалар депозиттерінің
өсуі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша
ақпараттық жұмыс және екінші деңгейдегі банктердің
жаңа клиенттерді тарту мақсатында өз өнімдерін на-
сихаттау бойынша жүргізетін жұмыстың нәтижесі бо-
лып табылады.
«Теңгелік» депозиттер «валюталық» депозиттерге
қарағанда басымдылық үрдісін сақтап келеді. Мәселен,
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «теңгелік»
депозиттердің үлес салмағы тартылған депозиттердің
жалпы көлемінің 74,9%, «валюталық» – тиісінше 25,1%