Экономикалық шолу экономическое обозрение құрылтайшы – Қазақстан Ұлттық Банкі «Экономикалық шолу»



жүктеу 1,51 Mb.
Pdf просмотр
бет12/49
Дата21.12.2017
өлшемі1,51 Mb.
#5100
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ       1 /2013

16

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР



міндетті түрде тіркелуі тиіс.

Айырбастау пункттің Ұлттық Банктің филиалын-

да тіркелуі оның жұмыс істеуіне негіз болып табы-

лады. 


Айырбастау пунктін тіркеу туралы өтініш 10 (он) 

жұмыс  күн  ішінде  қарастырылады.  Айырбастау 

пункті  тиісті  талаптарға  сәйкесті  болған  жағдайда 

Ұлттық Банктің Филиалы лицензия береді.

Қазіргі  таңда  Алматы  облысында  қолма-қол 

шетел  валютасымен  айырбастау  операцияларын 

ұйымдастыруға  құқылы  47  уәкілетті  ұйым  және 

олардың  78  тіркелген  айырбастау  пункті  жұмыс 

істеуде.

Банктердің  айырбастау  пункттері  мен  ұлттық 

оператор  почтаны  қоса  алғанда,  тіркелген  барлық 

айырбастау  пункттер  ішінде  уәкілетті  ұйым  саны 

38,8% құрайды.

Уәкілетті  ұйымдардың  айырбастау  пункттерінің 

көпшілігі облыс орталығында (айырбастау пункттерінің 

жалпы  санының  32%),  Қарасай  ауданында  23%, 

Қапшағай  қаласында  20%  шоғырланған.  Сондай-ақ 

облыс  аймағы  бойынша  банктік  емес  айырбастау 

пункттері Талғар, Іле аудандарында 11% құрайды. 

Уәкілетті  ұйымдардың  айырбастау  пункттерінің 

шетел валютасымен айырбастау операцияларының 

негізгі  объектісі  АҚШ  доллары  болып  табылады. 

2012  жылы  жалпы  айналымы  195,2  млн.  бірлігін 

құрады.  Осы  кезеңде  айырбастау  пункттерімен 

сатып  алынғаны  және  сатылғаны  3,7  млн.  бірлік 

еуросын  құраса,  ресей  рублі  –  172,8  млн.  бірлігін 

құрады.

Әрине,  қазіргі  уақытта  айырбастау  пунктіне 



халықтың  сенімі  жоғары.  Банк  жүйесіне  кірмейтін 

айырбастау пункттері ақша айырбастау қызметімен 

ғана  шектелгендіктен  ешқандай  да  кезекті  тудыр-

май, қызметін жедел көрсетуімен қолайлы. Банктік 

емес  айырбастау  пунктінің  банктік  айырбастау 

пунктінен тағы бір айырмашылығы, ол тәулік бойы, 

демалыс және мереке күндері де жұмыс істейді.

Бүгінгі  күні  валюта  айырбастау  нарығын 

бәсекелестікке  сай  деп  сенімді  түрде  айтуға  бо-

лады.  Өйткені  облыстағы  ірі  тұрғын  пункттерінде 

орналасқан  халыққа  ақша  айырбастау  қызметін 

көрсету  толығымен  орындалуда.  Халық  үшін 

бәсекелестік  орта  қолайлы  жағдайды  тудырады  – 

айырбастау  пунктінде  валютаны  сатып  алу  және 

сату арасында аздаған айырмашылық байқалуда.

Ұлттық 


Банк 

Филиалдары 

айырбастау 

пункттердің 

Ереже 

нормаларын 



сақтауына 

бақылау жүргізеді, Филиал мамандары айырбастау 

пункттердің  қызметін  кезең-кезеңімен  жоспарлы 

түрде тексереді.

Қаржылық 

ұйымдарды 

тұтынушылардан 

арыз  түскен  жағдайда  Ұлттық  Банк  Филиалы 

қаржылық  қызмет  тұтынушылардың  құқықтарын 

бұзу  деректерін  анықтау  мақсатында  айырбастау 

пункт  қызметіне  жоспардан  тыс  тексеру  жұмысын 

жүргізеді.

Қаржы  ұйымдарының  қызметін  тексеруді 

ұйымдастыру  және  жүргізу  тәртібі  02.03.2001ж. 

162-ІІ  «Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі 

туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңымен 

белгіленеді.

Айырбастау пункттің бекітілген нормаларды не-

месе қаржылық қызметті тұтынушылар құқықтарын 

бұзған  деректері  анықталған  жағдайда,  Ұлттық 

Банк бұндай ұйымға шектеу қою шараларын неме-

се  санкция  қолдануға  құқылы.  Бұзушыларға  санк-

ция  түрінде  айырбастау  пунктінің  тіркеу  куәлігінің 

іс-әрекетін  уақытша  тоқтату,  алты  айлық  мерзімге 

лицензияны  тоқтату  қолданылады.  Сонымен 

қатар,  Ұлттық  Банк  уәкілетті  ұйымды  қолма-қол 

шетел  валютасымен  айырбастау  операцияларын 

ұйымдастыруға  арналған  лицензиясынан  айыруға 

да құқылы. 

Нәтижесінде,  қолданылып  жүрген  уәкілетті 

ұйымдардың қызметін лицензиялау нормасы өзінің 

тиімділігін  дәлелдеп,  айырбастау  пункттерінің 

жұмысына  тиісті  бақылауды  қамтамасыз  етуге 

қабілетті деп сенімді түрде айтуға болады.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ҚОЛМА-ҚОЛ 

АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ДАМЫТУ

Тарихова Ғ.Ж. – Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкі Атырау филиалының қолма-қол 

ақшамен жұмыс және кассалық операциялар 

бөлімінің жетекші маман-экономисі

Соңғы  жылдарда  облыстың  қолма-қол  ақша  ай-

налымында  заңды  тұлғалар  арасында  және  заңды 

тұлғалар  мен  жеке  тұлғалар  арасындағы  есеп 

айрысуларда  қолма-қол  ақшаны  пайдаланудың 

ұлғаюы  орын  алуда,  ал  әлемдік  тәжірибеде  бұл 

үірдіс  керісінше.  Қолма-қол  ақша  айналымын 

біртіндеп  қолма-қол  ақшасыз  есеп  айырысу  ны-

санымен  ауыстыру  әр  елдің  төлем  жүйесінің 

жетілу  көрсеткіші  және  сыртқы  елдермен  қарым-

қатынастағы экономикалық интеграцияның басты 

талаптарының бірі болып табылады.

Жалпы  қолма-қол  ақшасыз  есеп  айырысу 

төлемдерін  енгізудегі  көзқараспен  қарасақ,  оның 

ішінде  пластикалық  карталарды  пайдалану  ерек-

ше маңызды. Бірақ бүгінгі таңда облыстың бөлшек 

саудасы іс – тәжірибеде 100% қолма-қол ақша ай-

налымын құрайды. Банкілік шоттары бар клиенттер 

қолма-қол  ақшаны  алып,  шығындарын  қолма-қол 

ақшамен  төлегенді  жоғары  бағалайды.  Қолма-

қол  ақшаның  негізгі  бөлігі  ұсақ  сатып  алуларға 

жұмсалады.  Осы  ұсақ  төлемдер  бойынша  бөлшек 

сауда  нарығында  алақол  жеткізушілер  есепке 

алынбаған көлемді тауар сатулары мүмкін. 

2009  жылғы  9  наурыздан  бастап  «Заңсыз  жол-

мен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) 

және  терроризмді  қаржыландыруға  және  ақшаны 

қолма-қол  ақшаға  айналдыруға  қарсы  іс-қимыл 

мәселелері  туралы»  Заң  шеңберінде  қаржы 

мониторингі  механизімінің  енгізілуі  өкінішке  орай 

қолма-қол  ақша  айналымының  көлемін  қысқарту 

бойынша оң нәтиже әкелген жоқ.

Мәселен, Атырау облысының заңды тұлғаларымен 

тауарлар,  қызмет  көрсетулер  мен  жұмыстар  үшін 

төлемдерге  екінші  деңгейдегі  банктер  (бұдан  әрі  -   

ЕДБ)  филиалдарымен  2011  жылы  18,5  млрд.  теңге 

сомасында қолма-қол ақша берілсе, 2012 жылы 23,3 

млрд. теңге беріліп, аталған нысан бойынша қолма-

қол  ақшаны  пайдалану  көлемінің  өсімі  25,7%-ды 




жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау