Договор присоединения



жүктеу 206,56 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.11.2018
өлшемі206,56 Kb.
#22559


 

  



  

«АЛЬФА-БАНК» ЕБ АҚ VISA/MASTERCARD  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӨЛЕМ 

КАРТОЧКАСЫН БЕРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША БІРІКТІРУ ТУРАЛЫ 

КЕЛІСІМ  

 

 



«Альфа-Банк» Еншілес Банк Акционерлік Қоғамы (бұдан ары - Банк),   «Альфа-Банк»  ЕБ 

АҚ VISA/MASTERCARD  халықаралық төлем карточкасын беру және қызмет көрсету бойынша 

біріктіру  туралы  осы  Келісіммен    жеке  кәсіпкерлер  болып  табылмайтын,  Клиенттерге  –  жеке 

тұлғаларға      «Альфа-Банк»  ЕБ  АҚ  VISA/MASTERCARD  халықаралық  төлем  карточкасын  беру 

және қызмет көрсетуді жүзеге асырудың қалыпты талаптарын анықтады. Клиенттің осы Келісімге 

бірігуі  Клиенттің  Банкке    «Альфа-Банк»  ЕБ  АҚ    негізгі/қосымша/  VISA/MASTERCARD  

халықаралық төлем карточкасын алу үшін Өтініш-міндеттеме (бұдан ары - Өтініш) ұсыну арқылы 

орындалады. Осы Келісімге  біріккен Клиент, және Банк Келісімде  белгіленген барлық төменде 

көрсетілген талаптар мен міндеттемелерді қабылдайды.        

1. 

Терминдер сөздігі  

1.1.  


Келісімде  қолданылатын  терминдер,  Келісімнің  бөлінбес  бөлігі  болып  саналатын 

Өтінішке  қол  қою  арқылы  Клиент  танысатын  және  келісетін,  Келісімнің  бөлінбес  бөлігі  болып 

саналатын  VISA/MASTERCARD  төлем  карточкаларын  пайдалану  Ережесінде  (бұдан  ары  – 

Ережелер) қолданылатын терминдерге сәйкес келеді.    



2. 

Келісімнің мәні  

2.1. 


Келісім  тәртібімен  және  талаптарымен  Банк  Клиенттің  атына  банктік  шот  ашады 

(бұдан ары – Шот), осы Шотқа карточка шығарады және Клиентке ұсынады, сондай-ақ Қазақстан 

Республикасының  заңнамасына,  VISA  International  /MASTERCARD  Worldwide  Халықаралық 

төлем жүйесінің қалыптарына, Келісімге, Ережелерге және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Шот 

пен  Карточканың  банктік  қызмет  көрсетілуін  қамтамасыз  етеді.  Өтінішке  қол  қойғаннан  кейін 

және Карточканы алғаннан кейін Клиент Шоттың иесі болып және Карточканы ұстаушы болып 

табылады.  

2.2. 


Клиент  Шот  пен  Карточканы  Ережелерге  және  Келісімге  сәйкес  қабылдауға  және 

пайдалануға, Банктің Шот пен Карточка бойынша көрсетілген қызметтерін  VISA/MASTERCARD   

халықаралық  төлем  карточкасы  мен  Банктің  басқа  Тарифтеріне  (бұдан  ары  –  Банк  Тарифтері) 

сәйкес уақытында төлеуге міндеттенеді.  

 

2.3. 


Клиенттің ықыласымен, оның Өтініші негізінде Банк Клиенттің өтініште көрсеткен 

тұлғалар/тұлғалар  тізімі  атына  Шотқа  қосымша  Карточка(-лар)  шығара  алады.  Мұндай  тұлға 

немесе тұлғалар қосымша Карточканы ұстаушы болып табылады. Клиент пен қосымша Карточка 

ұстаушы Банктің алдында Келісімнің талаптарын орындау үшін ынтымақтық жауапкершілікке ие.   

2.4. 

Карточкалар екі жылдық мерзімге шығарылады және осы Келісім  мен Ережелерде 



қарастырылған тәртіппен кезекті мерзімге ұзартылуы мүмкін.  

2.5. 


Карточка Банктің меншігі болып табылады және осы Келісім мен Ержелерге сәйкес 

Клиентке беріледі.    

2.6. 

Төмендетілмейтін  қалдық  термині  пайдаланылатын,  Келісімнің  тармақтары    жеке 



тұлғаларға арналған (Қалыпты талаптар) тарифтерге сәйкес немесе Банктің Уәкілетті органының 

шешімімен банкте қызмет көрсетілетін Клиенттер үшін қолданылады.      

2.7. 

Банк    Жұмыс  берушіден  Жұмысшымен  (карточка  ұстаушымен)  жасаған  еңбек 



шартын  бұзғаны  туралы  ескертуді  алған  кезден  бастап  немесе    жалақылық  жоба  бойынша 

Мекемеге банктік қызмет көрсетуі туралы шартты Бұзған жағдайда,  Жұмысшыға осы Келісімнің 

талаптары қолданылады және  Жеке тұлғалар үшін Банк тағайындаған  (қалыпты талаптар) немесе 

Банктің уәкілетті органының басқа  шешімі бойынша  тарифтер  жұмыс істей бастайды.   

2.8. 

Клиент/Карточка Ұстаушы Альфа-Чек қызметіне қосылған кезде, оның Карточкасы 



(-

лары)  бойынша  орындалған  операциялар  туралы  Клиенттің/Карточка  Ұстаушының  ұялы 

байланыс операторының абоненттік нөміріне  өтеу кестесіне сәйкес төленетін төлемдер, сондай-ақ  

қолданыстағы банктік қарыз шарты шегінде мерзімі өткен берешек туралы  SMS-хабарламаларды 

Банктің  жіберуіне  өз  келісімін  береді,  сондай-ақ  Клиенттің/Карточка  Ұстаушының  банктік 

операциялары туралы  банктік құпияны қамтитын ақпараттар, Шоттағы ақша қозғалысы, үшінші 

тұлғаларға, телекоммуникация компаниясының жұмысшыларына мәлім болуы мүмкін.   



 

2.9. 



Клиенттің  Өтінішінің  негізінде  Банк бір Карточка  бойынша келесі валюталарда  

бір  уақытта  үш  Шот  (бұдан  ары  Мультивалюталық  карточка)  аша  алады:  теңге,  АҚШ  доллары, 

Еуро.  Шоттарды  және    Мультивалюталық  карточканы  ашу,  жүргізу  және  жабу    Қазақстан 

Республикасының  заңнамасының,  Банктің  ішкі  құжаттарының  Келісімнің    талаптарына  сәйкес 

жүргізіледі. 

3. 

Тараптардың құқықтары мен міндеттері  

3.1. 


Клиенттің құқығы

3.1.1. 


Карточканы Ережелерге және Келісімнің талаптарына сәйкес пайдалану;  

3.1.2. 


Банк Тарифтеріне сәйкес Шот бойынша көшірмелер алу; 

3.1.3. 


Банкке  Ережелер  мен  Келісімде  қарастырылған  тәртіппен  Карточканы 

тежеу/тежеуден шығару туралы ауызша және/немесе жазбаша өтінішпен келу;   

3.1.4. 

Шот  бойынша  көшірмеге  енгізілген  сомаларды,  көшірме  алған  күннен  бастап  30 



күнтізбелік  күн  ішінде  даулау,  бірақ  операция  орындалған  күннен  бастап  40  күнтізбелік күннен 

кешіктірмеу  керек.  Сомаларды  даулау  Клиенттің  қолы  бар  чекті  немесе  дауланатын  сомаға 

арналған Слипті қыстыра отырып, Банкке жазбаша Өтініш беру арқылы жүзеге асырады; 

3.1.5. 


Банктің  ішкі  құжаттарына,  VISA/MASTERCARD  халықаралық  төлем  жүйесінің 

Ережелеріне  және  Банк  Тарифтеріне  сәйкес  Шот  бойынша  қосымша  Карточкаларды  алу  үшін 

Банкке келу;   

3.1.6. 


Карточканың  қолданылу  мерзімі  өткеннен  кейін  Банкке  оны  ауыстыру  үшін 

өтінішпен келу;  

3.1.7. 

Сақтандыру  депозитін,  Клиенттің  Карточканы  жабу,  Карточканың  қолданылу 



мерзімінің аяқталуы немесе осы Келісімнің қолданылу мерзімінің тоқтауы туралы өтініш берген 

кезінен бастап тек 45 күннен кейін пайдалану. 

3.1.8. 

Банкке Карточка бойынша лимиттер мен шектеулерді алуға/өзгертуге өтінім беру. 



3.1.9. 

банк арқылы  ПИН-кодты ауыстыруды жүргізу; 

3.1.10. 

Банктің банкоматтар желісінде шот валютасында және басқа валютада Шотқа қолма 

қол ақша қаражатын енгізу ( Банктің техникалық мүмкіндігі болғанда); 

3.1.11. 


Банктің  банкоматтар  желісінде  шот  валютасында  және  басқа  валютада  Шоттан 

қолма қол ақша қаражатын алу (Банктің техникалық мүмкіндігі болғанда);   

3.1.12.

келесі түрде  Мультивалюталық карточканың ағымдағы шоттарын ауыстыру;   



Клиент Банктің филиалы/бөлімшесіне тікелей жүгінгенде; 

-   

Клиент Call Center хабарлау арқылы; 



-   

«Альфа-Клик» ғаламтор банкинг жүйесінің жеке кабинетінде (техникалық тарату кезінен 

бастап); 

-   


«Альфа-Мобайл»  мобильді банк  жүйесі арқылы ((техникалық тарату кезінен бастап);   

 

 



3.2. 

Клиенттің міндеті

3.2.1. 


қосымша Карточкаларды Ұстаушыларды осы Келісімнің талаптарымен таныстыру;  

3.2.2. 


Шотқа қате есептелген ақшаны Банкке қайтару;  

3.2.3. 


Қазақстан  Республикасының  заңнамасының,  Келісімнің  және  Ережелердің 

талаптарын сақтау;  

3.2.4. 

Төлем  лимиті  шегінде  және  осы  Келісім  мен  Ережелерге  сәйкес  Төлем 



транзакцияларын жүргізу;  

3.2.5. 


Карточканың төлем қабілеттігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақша сомасын Шотта 

уақытында орналастыру;  

3.2.6. 

Банкке  осы  Келісім  мен  Банктің  қолданыстағы  Тарифтеріне  сәйкес  комиссиондық 



сыйақы мен айыппұлдарды уақытында төлеу;  

3.2.7. 


Банкпен  Карточканы  қолдану  арқылы,  ЖСН-код  терумен  немесе  Карточка 

ұстаушының  қолымен  куәландырылған  немесе  Карточканың  деректемелерін  пайдаланумен 

орындалған операциялар бойынша толық көлемде есеп айырысу;   

3.2.8. 


  

қолданыстағы  Тарифтерде  қарастырылған,  Төлем  транзакциялары  мен 

комиссиондық  сыйақының  Банкке  қажетті  сомасын  алу  үшін,  Шоттағы  ақша  сомасының 

жеткіліктігін бақылау;  




 

3.2.9. 



Карточканың  және  ЖСН-кодтың  сақталуын  қамтамасыз  ету.  ЖСН-код  туралы 

ақпаратты  үшінші  тұлғаларға,  Банк  қызметкерлерін  қоса,  жарияламау.  Карточкаға  ЖСН-кодты 

жазуға, сондай-ақ оны Карточкамен бірге сақтауға тиым салынады.   

3.2.10. 


Карточка  мен  ЖСН-кодты  үшінші  тұлғаларға  пайдалануға  бермеуге.  Егер  Клиент 

Карточканы  және/немесе  ЖСН-кодты  біреуге  пайдалануға  берсе,  Карточканы  пайдаланудағы 

барлық жұмсалған ақшалар сөзсіз Клиентке жүктеледі;  

3.2.11. 


Карточканы  жоғалтқан  немесе  ұрлатқан  жағдайда  тез  арада,  Ережелерде 

қарастырылған  тәртіппен,  Карточканы  тежеу  туралы  Банкке  ауызша  немесе  жазбаша  өтінішпен 

келу;  

3.2.12. 


Карточканың  сыртқы  және  алдыңғы  жағындағы  мәліметтерді  және  Карточканың 

сақталуын қамтамасыз ету   (Карточка нөмірі, әрекет ету мерзімі, Аты және Тегі, CVV/CVV2 код 

және т.б.);  

3.2.13. 


5  (бес)  банктік  күн  ішінде  Банкке  деректемелерінің  (Аты-жөні,  тұратын  жерінің 

мекен-жайы, байланыс деректерінің және т.б.) өзгеруі туралы жазбаша хабарлау;   

3.2.14. 

Карточкалар  бойынша  бұзықтық  операцияларды  болғызбау  мақсатында,  Банктен 

тиісті жазбаша, SMS-хабарлама арқылы хабарлар (хабарлау тәсілін Банктің өзі таңдайды)  алған 

кезде, Карточканы қолдануды тоқтату;    

3.2.15. 

салық ұйымдарымен барлық есеп айырысуларды өз еркімен орындау;  

3.2.16. 

Карточканы кәсіпкерлік мақсаттарда қолданбау;  

3.2.17. 

Келісімді  жасау  кезінде  Клиенттің  Банкпен  ерекше  қарым-қатынастағы  тұлғаларға 

жататыны туралы ақпарат ұсыну;  

3.2.18. 


Клиенттің кінәсінен және/немесе Карточканы тежеумен байланысты Банктің шеккен 

барлық залалдары мен сот шығындарын сөзсіз өтеу;   

3.2.19. 

Карточканы  қайта  шығару/айырбастау  қажеттілігі  туралы  Банктің  тиісті  жазбаша 

хабарламасында көрсетілген мерзім ішінде фродқауіпті елдерде (фрод – алдамшылық операция), 

қосымша  Карточкаларды  ұстаушылар  болғаннан  кейін,  Карточканы  қайта  шығару/айырбастау 

мақсатымен Банкке келу;   

3.2.20. 


Банкте Өтініштің таңдаған қалпына байланысты Банктің қолданыстағы Тарифтеріне 

сәйкес мөлшерде Сақтандыру депозитін орналастыру;  

3.2.21. 

Сақтандыру  депозитінің  сомасы  кішірейген  жағдайда,  Сақтандыру  депозитін 

Банктің  жазбаша  хабарлама  немесе  SMS  –  хабарлама  (хабарлау  тәсілін  Банктің  өзі  таңдайды) 

жіберуінен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде толтыру;  

3.2.22. 

Сақтандыру  депозитінде  ақша  жеткіліксіз  болған  кезде,  Шотта  Овердрафт  пайда 

болған  жағдайда,  берешекті  Банктің  жазбаша  хабарлама  немесе  SMS  –  хабарлама  (хабарлау 

тәсілін Банктің өзі таңдайды) жіберуінен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеу;  

3.2.23. 

бір  жұмыс  күнінен  кешіктірмей,  Банктің/Банк  бөлімшесінің  басшысына  Карточка 

бойынша Банкте және/немесе оның бөлімшелерінде және/немесе ЖАҚ «Альфа – Банк» 10 000,00  

(Он мың) АҚШ доллары эквиваленті сомасына қолма қол ақша алуға жазбаша өтінім беру;   

3.2.24. 

Карточканы Банктің бірінші талабы бойынша қайтару. Банктің осындай жіберілімін 

растау  ретінде,  Өтініште  көрсетілген,  Клиенттің  нақты  тұратын  мекенжайына  жіберілім  туралы 

берілетін ақпарат болып табылады; 

3.2.25. 

Тіркеу куәлігін, ескерту  туралы куәлік, келісімшарттың есептік нөмірін алуды талап 

ететін, валюталық операцияларды орындаумен байланысты, төлем карточкасын пайдалану арқылы 

төлемдер мен аударымдарды  жүзеге асырмау.   

3.2.26. 

Алаяқтық операцияларды болдырмауға қатысты Банк нұсқауларына сүйену. 

3.2.27. 

IVR  жүйесі  арқылы  ПИН-кодты  алмаған  жағдайда,  тез  арада  бірақ  3(Үш)  жұмыс 

күнінен  көп  емес  мерзімде    бұл  мәселені  реттеу  үшін  Банкке  хабарласу  қажет,  олай  етпеген 

жағдайда ПИН-код Клиентке қажетті түрде ұсынылды деп есептелінеді. 

3.2.28. 

Ғаламтор желісіндегі операцияларды, сондай-ақ 3D-Secure қарқынды және статистік 

паролі  расталатын  сайттардан  басқа  пошта-телефон  тапсырыстарын  растау  үшін  3D-Secure 

қарқынды және статистік паролін пайдалану.  

3.2.29.   

«Альфа-Мобайл»  қызметтерін  алу  үшін  пайдаланылатын  Ұялы  құрылғының 

Жоғалғандығы анықталған жағдайда, ПСН-код немесе Карта (оның деректемелері), және/немесе 

оны пайдалану (оның ішінде осыған ұқсас оқиғалардың туындау мүмкіндігіне күдік пайда болған 

жағдайда),  Клиенттің/Картаны  Ұстаушының  келісімінсіз,  сондай-ақ  «Альфа-Клик»  Паролін,  



 

«Альфа-Мобайл»  Паролін  пайдалану  тәуекелі  пайда  болған  жағдайда,  Банктің  Бөлімшесіне 



жүгініп,  немесе  Банктің 

www.alfabank.kz 

сайтында  көрсетілген  Call  center  телефонын  қоңырау 

шалып,  осы туралы Банкке дереу хабарлауға міндетті, бірақ қандай жағдай болмасын Жоғалған 

сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей. Клиент Банкке хабарлау мерзімін бұзған жағдайда, Банк 

Клиенттің  келісімінсіз  жасалған  операция  сомасын  Клиентке  қайтармайды.  Осы  ретте,  Клиент/ 

Картаны ұстаушы Картаның нөмірін, Картаның қолданылу мерзімінің аяқталған күнін, сондай-ақ 

Клиент Карта шығаруға өтініште көрсеткен құпия сөзді хабарлауға міндетті. Клиент өз кінәсінан, 

сондай-ақ  Клиенттің  Шотына  шығарылған  басқа  тұлғаның  Картасы  бойынша  Картаның 

Жоғалғаны туралы хабарлама қалдыра алады (Қосымша Карта бойынша). 

 

   


3.3. 

Банктің құқықтары:  

3.3.1. 


  

Банктің корпоративтік сайтында (

www.alfabank.kz

ақпарат орналастыру жолымен 



Клиентті ескертіп  бір жақты тәртіпте: 

Келісімнің  талаптарын,  Ереже  мен  Тарифті,  Төлем  карточкасын  пайдаланумен 



операциялар жүргізуге лимиттер мен шектеулерді; 

Ережелер мен Келісімдермен анықталмаған банктік қызмет көрсетудің басқа талаптарын 



өзгеруге.  

3.3.2.  


Клиенттің қосымша акцептінсіз Шоттан және/немесе Банкте ашылған Клиенттің кез-

келген  банктік  шотынан  операция  жасаған  күнге  Банктегі  қолданыстағы  Тарифтерге  сәйкес  

Банкте ашылған ұлттық / шет ел валютасында тура дебеттеу арқылы алу:   

− 

төлем транзакциясының сомасын;  



− 

Шотқа қате есептелген ақшаларды;  

− 

Карточканың қызмет көрсетуі үшін сыйақы төлеу бойынша Клиенттің берешегі;  



− 

  

Банк алдындағы Клиент берешектерінің басқа түрлері;   



     

Банкке  төлеуге  тиісті  соманы  есептен  шығару  үшін  ұлттық/шет  ел  валютасында  Клиенттің     

Шотында  ақша  болмағанда  немесе  жеткіліксіз  болғанда,  Банк  Клиентке  Банктің  ағымдағы 

Тарифтеріне  сәйкес  овердрафт  ұсынады.      Клиенттің  Шотына  ақша  түскенде  Банк  акцептсіз 

тәртіпте  (тікелей  дебеттеу  жолымен)    овердрафт  ұсынғаны  үшін  Банкке  төлеуге  тиісті  соманы 

есептен шығаруды жүргізеді.   

 

3.3.3. 


осы Келісімнің 3.1.4. т. қарастырылған тәртіпті бұзған жағдайда, Төлем транзакциясы 

бойынша Клиенттің наразылығын қарауға қабылдамау;   

3.3.4. 

Карточканы  тежеу  (оның  ішінде,  оны  бұдан  ары  алу  және  Келісімді  бір  жақты 



тәртіппен бұзу құқымен): 

− 

Клиенттің/қосымша  Карточканы  ұстаушының  Келісімнің  және/немесе  Банк 



Ережелері мен басқа талаптарын бұзған жағдайда;  

− 

Клиенттен  Карточканы  жоғалту/ұрлату  жөнінде  ақпарат  алу  кезінде,  сондай-ақ 



Шотқа рұқсат етпеу арқылы қол жеткізу кезінде;   

− 

Банкке  өкілетті  мемлекеттік  ұйымдардың  және/немесе  құзірлі  тұлғалардың  Шот 



бойынша  шығын  операцияларын  тоқтату  туралы,  Шоттағы  ақшаға  тежеу  қою 

шешімдері/қаулылары,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  ақшаны 

акцептсіз алу құқы бар үшінші тұлғалардың сілтемелері түскен жағдайда;   

− 

Банк  алдындағы  кез-келген  міндеттемесі  бойынша  Клиенттің  берешегі  бар  болған 



жағдайда;  

− 

Карточка бойынша алаяқтық операцияларды жүргізуге күдіктенген жағдайда;  



− 

Келісімде  және/немесе  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  қарастырылған 

басқа жағдайларда;  

3.3.5. 


өз  талаптарын  қанағаттандыру  мақсатында  Шотты  тура  дебеттеу  арқылы  Шоттағы 

ақшаларды алу құқымен Шотты (оның ішінде, Шот бойынша шығын операцияларын тоқтатумен) 

тежеу: 

− 

Банкке  өкілетті  мемлекеттік  ұйымдардың  және/немесе  құзірлі  тұлғалардың  Шот 



бойынша  шығын  операцияларын  тоқтату  туралы,  Шоттағы  ақшаға  тежеу  қою 


 

шешімдері/қаулылары,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  ақшаны 



акцептсіз алу құқы бар үшінші тұлғалардың сілтемелері түскен жағдайда;   

− 

Келісімде  және/немесе  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  қарастырылған 



басқа жағдайларда;  

3.3.6. 


Карточка/қосымша  Карточка  шыққан  күннен  бастап  6  (алты)  күнтізбелік  айдан  аса 

мерзімде  Карточканы/қосымша  Карточканы  алу  үшін  Клиент/қосымша  Карточканы  ұстаушы 

Банкке  келмеген  жағдайда,  оны  шығару/қайта  шығару  үшін  оған  төленген  сыйақыны  Клиентке 

қайтармау, Карточканы жою (негізгіні және/немесе қосымшаны);   

3.3.7. 

Клиенттің Шотында бірнеше рет Овердрафт пайда болған жағдайда, Карточканы өз 



қалауынша жою және/немесе алу;  

3.3.8. 


осы Келісімнің 3.2.т. талаптарды орындамаған жағдайда, Келісімді бұзу және Шотты 

жабу, Карточканы жою;  

3.3.9. 

осы Келісімнің 3.2.3., 3.2.9., 3.2.10., 3.2.25.т.т. қарастырылған талаптарды сақтамаған 



жағдайда,  Карточка  бойынша  жүргізілген  Төлем  транзакцияларының  даулы  сомаларын  Банк 

Клиентке өтемейді;   

3.3.10.  

Карточка  мен  оны  Ұстаушысы  туралы  деректер  заңсыз  жолмен  алынса  немесе 

Клиенттің заңды картасының электронды үлгісі скимминг арқылы алынса, транзакцияны орындау 

үшін  жасанды  Карточканы  пайдаланған,  не  Карточканың  заңды  Ұстаушысы  емес  тұлғаның 

транзакцияны орындағаны, тексеру нәтижесінде анықталса, Карточка бойынша орындалған Төлем 

транзакциясының даулы сомасын Банк Клиентке өтемейді;     

3.3.11.  

Келісімді  жасау  кезінде  Клиенттің  Банкпен  ерекше  қарым-қатынастағы  тұлғаға 

жататыны туралы ақпарат ұсынуды талап ету;  

3.3.12.  

Қазақстан  Республикасының  заңнамасының  талаптарына  және  Банктің  ішкі 

ережелеріне  олар  сәйкес  келмеген  жағдайда,  Шот  бойынша  шығыс  операцияларын  орындауды 

болдырмау;   

3.3.13.  

Карточка шығаруда Клиент Банк талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Клиентке 

бас тарту;  

3.3.14.  

өнімнің талаптарымен анықталған сыайқыларды (Банк Тарифтеріне сәйкес) шығару, 

сондай-ақ  Банк  белгілеген  қалып  негізінде  үшінші  тұлғаларға  Шот  бойынша  қосымша 

Карточкаларды ресімдеу;   

3.3.15.  

Шотқа  рұқсат  етпеу  арқылы  қол  жеткізуден  Клиентті  қорғауға  және  алаяқтық 

операцияларды  болғызбау  мақсатында  Карточка  бойынша  қолма  қол  ақшаның  ең  жоғарғы 

сомасын беру мен төлем транзакцияларының түрлеріне лимиттер мен шектеулер қою;   

3.3.16.  

Банктің  талаптарынан  тыс,  Шоттың  орандалмаған  талаптары  болмаған  жағдайда  

және қолданылу мерзімінің өтіп кетуіне байланысты Карточканы қайта шығаруға Банкке 30(отыз) 

күнтізбелік  күн  ішінде  өтініш  ұсынбаған  жағдайда,  Шот  пен  Карточка  бойынша  қызмет 

көрсетудің  екінші  жылы  үшін  сыйақы  төлемегенде/Шот  бойынша  соңғы  операцияны  орындаған 

күннен  бастап  12  (он  екі)  күнтізбелік  айдан  аса  мерзімде  Шотта  ақша  болмаған  жағдайда,  осы 

Келісімді бұзу;   

3.3.17.  

Шоттың орындалмаған талаптарының болуынан тыс, Шотты жабу және Карточканы 

жою үшін Клиенттің өтінішінсіз Шотты жабу және Карточканы жою: 

Шот бойынша соңғы операция орындалған күннен бастап 12 (он екі) айдан аса уақытта 



Шот  бойынша  ақша  қозғалысының  (кіретін  және/немесе  шығатын  төлемдер  және  ақша  аудару) 

болмауы кезінде;  

  

3.3.18.  



Шот бойынша соңғы операция орындалған күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде Шот 

бойынша  ақша  қозғалысы  (кіретін  және/немесе  шығатын  төлемдер  және  ақша  аударымдары, 

сыйақы  есептеу  бойынша  орындалатын  операциялардан  басқа)  болмаған  жағдайда,  Банк 

Клиенттің  акцептінсіз  Шотты  Банктің  ішкі  құжаттарының  талаптарына  сәйкес  қозғалыссыз 

жатқан шоттар қатарына жатқызуға құқылы

3.3.19.  

қозғалыссыз жатқан шоттар қатарына Шотты жатқызған күннен бастап 12 (он екі) 

ай  ішінде  Шот  бойынша  ақша  қозғалысы  (кіретін  және/немесе  шығатын  төлемдер  және  ақша 

аударымдары)  болмаған  жағдайда,  Шотта  ақша  қалдығы  болған  жағдайда,  Банк  Тарифтерінде 

белгіленген  көлемде,  Шоттан,  қозғалыссыз  жатқан  Банкке  тиесілі  Шотқа  қызмет  көрсету  үшін 

комиссиондық сыйақы сомасын Клиенттің Шотын тура дебеттеу арқылы Банктің алуға құқы бар 



 

және  Клиент  оған  өзінің  сөзсіз  және  даусыз  келісімін 



береді. 

 

Клиент 



Қазақстан 

Республикасының  заңнамасында  және  Келісімде  белгіленген  берешектердің  сомасын  алу  құқын 

Банкке  бере  отырып,    қозғалыссыз  жатқан  шоттар  қатарына  жатқызылған  Шот  бойынша  ақша 

қалдығының сомасын талап етуге құқылы;  

3.3.20.  

сақтандыру  депозитінің  сомасы  азайған  жағдайда  және  оны  10  (он)  жұмыс  күні 

ішінде  орындамаған  кезде,  Банктің  Тарифтеріне  сәйкес,  Сақтандыру  депозитінің  жетпеген 

сомасына айыппұл пайыздарын есептеу;  

3.3.21.  

Сақтандыру  депозитінде  және/немесе  ағымдағы  шотта  ақша  жеткіліксіз  болған 

кезде Овердрафт пайда болған жағдайда, осындай жағдай туындаған кезде қолданылатын Банктің 

Тарифтеріне сәйкес, пайда болған Овердрафтқа айыппұл пайыздары есептеледі;   

3.3.22. 

 

Банктің ықыласы бойынша Карточканы тежеген кезде, Клиентке жазбаша, не SMS-



хабарлама (хабарлау тәсілін Банктің өзі таңдайды) арқылы хабарлау; 

 

3.3.23.  



Банк  Клиенттің  келісімінсіз,  Банктің  Тарифтеріне  сәйкес  қызметтерді  ай  сайын 

қолданғаны  үшін  комиссия  төлеуге  Шотта  ақша  жеткіліксіз  болған  жағдайда,  «Альфа-Чек» 

қызметін көрсетуді тоқтатуға құқылы.  

3.3.24. 


Клиентке Карточка бойынша лимиттер мен шектеулерді алу/өзгертуге бас тарту. 

3.3.25. 


Шот бойынша  орындалмаған талаптардың бар болуына қарамай Карточканы  жоюға 

Клиенттің өтінішінсіз Карточканы жою; 

-

келісімнің  3.3.6.т.т. сәйкес негізгі Карточканы жоюда. 



        3.3.26.

Келісі жағдайларда өз бастамасы бойынша Карточканы қайта шығаруды жүзеге асыру:     

Карточканың техникалық ақауына байланысты (қайта шығарғаны үшін комиссия алмай); 



өтініште берілген мәліметтерге Карточкада көрсетілген ұстаушының тегі және/немесе аты сәйкес  

келмегенде  (қайта шығарғаны үшін комиссия алмай);   

егер  ПИН-код    түсініксіз  жазылса  немесе  жоқ  болғанда,  сәйкес  келмегенде  (қайта  шығарғаны 



үшін комиссия алмай);   

-

Карточканы компрометациялау жағдайында (қайта шығарғаны үшін комиссия алмай);     



Карточканы  қолдану мерзімі аяқталғанда Карточканы жоспарлы қайта шығарған жағдайда, 

қайта шығару үшін комиссиялық сыйақыны алу үшін Клиенттердің Карточка шоттарында ақша 

жеткілікті болғанда.   

3.3.27. 

Мына  талаптармен,  «Нөлдік  жауапкершілік»  қағидасы  шеңберінде  залалды  төлеуден 

Клиентке бас тарту: 

операциялар Chip and Pin және 3D-Secure арқылы жүргізілді; 



Клиент Ережелерді бұзды ( Карточканы 3-тұлғаларға берді, ПСН код пен Карточканы бір жерде 

сақтады, Клиент алаяқтық транзакцияларды және т.б. жасауға ықпал етті және т.б.).   

Клиент Келісімнің 3.2.29. т. белгіленген өзінің міндеттемелерін бұзды. 



3.3.28.  Клиент  Банкке  Клиенттің  жеке  деректерін,  сондай-ақ  қашық  арналарда,  электронды 

поштада  (email),  пошта  байланысында,  интернет-банкингте,  мобильді  банкингте,  телебанкингте, 

USSD/SMS- 

хабарламаларда,  мессенджерлер  бойынша  хабарламаларда,  телефонда,  факсте, 

банкоматта,  POS-терминалда,  өз-өзіне  қызмет  көрсету  терминалында,  жеке  кабинетте,  Интернет 

дүңгіршекте,  интернет-бөлімшеде,  әлеуметтік  желіде  Клиенттің  парақшасындағы  хабарламада, 

Сайттегі  хабарламада,  әлеуметті  желідегі  Банктің  ресми  парақшасында  көрсету  үшін  банктік 

құпияны  құрайтын  ақпаратты  пайдалануға  даусыз  құқық  береді 



(    ж.,  №  Басқармасының  мәжілісінің 

Хаттамасы).       

 

 



 

3.4. 


Банктің міндеті

3.4.1. 


өтініш  алған  күннен  және  Тарифтерге  сәйкес  Карточканы  шығару  және 

Карточканың қызметтері үшін Клиенттің сыйақы төлеген күнінен бастап 17 (он жеті) жұмыс күні 

ішінде,  Шот  ашу,  Клиентке,  не  оның  Клиент  ұсынған  нотариалды  куәландырылған  сенімхат 

негізінде әрекет ететін, сенімді тұлғасына Карточка және оған ЖСН-конверт беру;  

3.4.2. 

Карточка  Ұстаушыға  Visa International/  MasterCard  Worldwide  Халықаралық  Төлем 



Жүйесі қалыптарына және Ережелерге сәйкес қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;  

3.4.3. 


жазбаша  сұраныс  бойынша  Клиентке  Банктің  бекітілген  Тарифтеріне  сәйкес 

төленгеннен кейін қосымша көшірмелер ұсыну;   




 

3.4.4. 



Клиенттерге 

Келісімдегі,  Ережелердегі және Банк Тарифтеріндегі барлық 

өзгертулер  туралы  ақпараттарды  Банктің  копоративті  сайтында  (

www.alfabank.kz

)  орналастыру 

арқылы хабарлау.  

3.4.5. 

Банктің  ықыласымен  Карточканы  тежеген  жағдайда,  Клиентке  жазбаша  не  SMS-



хабарлама арқылы (хабарлау тәсілін Банк өз еркімен таңдайды) хабарлау.  

            

3.4.6.  Келесі  тәсілдердің  бірімен  Карточканы  пайдаланып  жасалған  операциялар  туралы 

Клиентке хабарлау: 

           3.4.6.1. «

Альфа-Чек» қызметіне қосылған жағдайда - SMS-хабарлама жіберу арқылы. 

          

Осы  ретте  «Альфа-Чек»  қызметіне  қосылған  кезде  хабарлама  жіберу  бойынша  банктің 

міндеттемелері, SMS-хабараламы жіберген кезде Картаны пайдаланып жасалған операция туралы  

мәлімдемені Клиент алған болып саналады;  

         

3.4.6.2.  «Альфа-Клик»  Ғаламтор-банкингі  болған  жағдайда  -  «Альфа-Клик»  Ғаламтор-

банкингінде жасалған операция туралы ақпарат орналастыру жолымен. 

          

Осы  ретте,  «Альфа-Клик»  Ғаламтор-банкингіне  қосылған  кезде  Клиентке  ақпарат  ұсыну 

бойынга  Банктің  міндеттемелерін  Банк  тиісті  түрде  орындаған  болып  саналады,  «Альфа-Клик» 

Ғаламтор-банкингіне жасалған операция туралы ақпарат орналастырған кезде, көрсетілген кезден 

бастап Банктің жасалған операция туралы хабарламасын Клиент алған болып саналады;  

3.4.6.3.  Клиентте  қосылған  «Альфа-Клик»  Ғаламтор-банкингі  және  «Альфа-Чек»  қызметі 

болмаған жағдайда  және/немесе егер Клиенттің көрсетілген қызметтерге енуіне оқшау қойылған 

жағдайда: 

3.4.6.3.1. қағаз түріндегі Үзінділерді Банктің Филиалдарына/ФҚЖ ұсыну жолымен.  

Осы  ретте  Банктің  қағаз  түріндегі  Үзінділерді  Банктің  Филиалдарына/ФҚЖ  ұсыну  жөніндегі 

міндеттері,  Банктің  Үзінді  жинақтаған  кезінен  бастап  орындалған  болып  саналады,  Клиент 

Үзіндіні алуы тиіс сәттен бастап, Банк Келісімде белгіленген тәртіпте жинақтаған Үзіндіні Клиент 

алу  мақсатында  келмегеніне  қарамастан,  Клиенттің  жасаған  операциясы  тураы  Банктің 

хабарлауын Клиент алған болып саналады;  

3.4.6.3.2.  Банктің Call Сenter-ы арқылы жасалған операция туралы ақпарат ұсыну жолымен. 

3.4.6.3.3. 

Банктің банкоматтарына жүгінген кезде, жасалған операция туралы ақпарат ұсыну 

жолымен.  

Осы  ретте,  Банктің  банкоматтарында  ақпарат  беру  жолымен,  Банктің  банкоматына  салынатын 

Картаны  пайдаланып,  соңғы  5  (Бес)  операциядан  аспайтын,  Банктің  жасалған  операция  туралы 

ақпарат  ұсыну  жөніндегі  міндеті,  Банк  Картаны  пайдаланып  жасалған  операция  туралы  ақпарат 

қалыптастырған кезден бастап орындалды деп саналады, сәйкесінше, ақпаратты Клиенттың алуы 

тиіс    кезінде,  Банктің Картаны  пайдаланып жаслаған  операциясы  туралы  хабарламасын,  Клиент 

Банктің банкоматтарына жүгінбегеніне қарамастан, Клиент тарапынан алынды деп саналады. 

3.4.6. 


Келесі  талаптарда,  «Нөлдік  жауапкершілік»  қағидасы  шеңберінде  дауға  түсетін 

операцияны Клиентке Қайтару: 

егер Клиент хабарлама алған кезден бастап 24 сағаттың ішінде Банкке хабарласа және Картаны 



оқшаулап тастаған болса; 

Келісімде немесе Ережелерде белгіленген жағдайдарда, Банкте Клиентке қайтарудан бас тартуға 



негіздер жоқ болса.  

 

 



   

4. 

Есеп айырысу жүргізу талаптары  

4.1. 


Есеп теңгемен/АҚШ долларымен/евромен орындалады.  

4.2. 


Шот пен Карточка бойынша көрсетілетін қызметтер үшін Банк Банк Тарифтерінде 

белгіленген көлемде сыйақы алады.  

           4.3.

Халықаралық төлем жүйесімен Банктің Карточкасы үшін есеп айырысу валютасы АҚШ 

доллары/евро  болып  табылады.  Карточка  шығарылған  Шот  валютасынан  басқа  валютада  Төлем 

транзакциясы  жасалғанда,  оны  пайдаланып  тиісті  операция  жасалғанда,  Шоттағы  блокқа  қоюға 

(

холдирлеуге) тиісті операция сомасы қайта есептелінеді:   



сыртқы  операция  валютасынан,  VISA  International  және  MasterCard  International  халықаралық 

төлем  жүйелері    есептеулер  жүргізу  үшін    белгіленген  ережелерге  сәйкес  және  бағамда  тиісті 

операция жасалынған, Карта шығарылған, Шоттан  есептен шығару жататын, VISA  International 




 

және  MasterCard  International    халықаралық  төлем  жүйелері  соманы  есептейтін  валютаға;   



(егер  көрсетілген  валюталар  сәйкес  келгенде  Айырбастау/конверсия  бұл  деңгейде    жүзеге 

асырылмайды);   

Карта  шығарылған,  оны  пайдаланып  тиісті  операция  жасалынған,  Шоттан  еасептен  шығаруға 



жататын,  халықаралық  төлем  жүйелері  VISA  International  және  MasterCard  International  сома 

есептейтін  валютадан,      Авторизациялау  кезіне  қолданыстағы  Банк  бағамы  бойынша  оны 

пайдаланып тиісті операция жасалынған, оған Карта шығарылған Шот валютаға (егер көрсетілген 

валюталар сәйкес келгенде, бұл деңгейде Айырбастау/ Конверсия жүзеге асырылмайды)».    

4.3. 

 

 



 

4.4. 


Ай сайынғы көшірме Клиентке, не Клиент берген сенімхат негізінде әрекет ететін, 

оның  сенімді  тұлғасына,  Клиентке  қызмет  көрсетуші  Банк  бөлімшесінде,  немесе  Клиенттің 

жазбаша өтініші бойынша электронды пошта арқылы беріледі, сондай-ақ Клиент  «Альфа-Клик» 

және  «Альфа-Мобайл»  Мобильді  банкі  жүйесін  пайдалана  отырып,  көшірмелерді  өз  еркімен 

құрастыра алады. Бұл ретте Банк осындай тәсілмен берілетін транзакциялар бойынша көшірмелер 

берумен байланысты, кез-келген негативті нәтижелерге жауап бермейді.    

4.5. 

Байланыс  арналарымен  ашылған,  төлем  карточкаларын  пайдаланумен  орындалған, 



транзакциялар  бойынша  көшірмелер  жіберген  жағдайда,  банктік  құпияға  қатысты,  құпия 

ақпарттардың  жария  болуы  мүмкін  болған  жағдайда  Клиент  Банкке  наразылық  білдірмейді, 

өйткені,  ашық  байланыс  арналарын  пайдалану  кезінде  Банк  берілетін  мәліметтердің 

құпиялығының толық сақталуына кепілдік бере алмайды.  

4.6. 

Авторизация  сомасы  келісімде  қарастырылған  негіздемелер  бойынша  Шоттан 



алынуына дейін Клиенттің Төлем лимиті сомасынан алынады, не Банктің авторизация сомасына 

төлем орындалмаған деген растау алғанға дейін орындалады.    

4.7. 

Банк  пен  Клиент  арасында  жасалған  тиісті  шарттарда  және/немесе  Қазақстан 



Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  және  мерзімде,  Банктің  заңды 

иелігіндегі/пайдалануындағы, Клиенттің мүлкіне Банктің қол салуына, сондай-ақ Банкте ашылған 

Клиенттің барлық банктік шоттарынан, Шотқа қате есептелген сомаларды, тұрақсыздық айыбын, 

шығындар  мен  залалдардың  сомаларын  тура  дебеттеу  арқылы,  Келісім  бойынша  берешектің 

барлық сомаларын Банктің алуына осынысымен сөзсіз және даусыз келісім береді.    

  

4.8.  Операцияның    жасалғаны  туралы  тиісті  растауды  өңдеу  күніне  белгіленген  Банктің 



айырбастау бағамы және/немесе  VISA International немесе  MasterCard International  халықаралық 

төлем  жүйесінің  айырбастау  бағамы    Авторизациялау  кезіне  белгіленген  тиісті  айырбастау 

бағамынан  өзгеше  болуы  мүмкін.    Осылайша  Карточка  шығарылған,  онымен  тиісті  операция 

жасалынған, Шоттағы блокқа қойылған (кейінге сақталынған) ақша қаражатының сомасы, Төлем 

транзакциясын  жасау  кезіне    Карточка  шығарылған,  онымен  тиісті  операция  жасалынған, 

Карточканы  пайдаланып  операция  жасау  туралы  расатуды  алғаннан  кейін,  Шоттан  есептен 

шығарылған ақша қаражаты сомасынан  өзгеше болуы мүмкін.   

4.9.   


Мультивалюталық  карточка бойынша Төлем транзакциясын жүргізгенде, Мультивалюталық  

карточка    шығарылған  Шот  валютасына  авторизацияға  сұрауда    тиісті  Халықаралық  төлем 

жүйесінде  көрсетілген,  осындай  Төлем  транзакциясы  валютасына  немесе  есептеу    валютасына 

айырбастау,  Авторизациялау  кезіне  белгіленген  Банк  бағамы  бойынша  жүзеге  асырылады 

(операция жүргізу күніне Банк белгілеген шет ел валютасын сатып  алу/сату/ айырбастау бағамы)   

Жүргізілген  Төлем  транзакциясы  бойынша    Мультивалюталық    карточка  Шоттарынан  ақшаны 

есептен  шығару,    Мультивалюталық    карточка    Шоттарынан  ақшаны  есептен  шығару  кезіне 

белгіленген Банктің бағамы, Жүргізілген Төлем транзакциясы бойынша  растаушы құжаттардың 

негізінде Банк комиссиясы ескеріліп, жүзеге асырылады.  

 

   



Мультивалюталық  карточка  Шоттары ауысқанда Банк  есептен шығару кезіне, Карточка Шоты 

болып  табылатын  Шоттан,  немесе    операция  жасау  кезіне  Карточканың  Шоты  болған    Шоттан  

ақша  қаражатын  есептен  шығаруға  құқылы.  Егер  Клиент    үшін    тиісті  Төлем  транзакциясы 

бойынша ақша қаражатының қандай шоттан есептен шығарылуы  маңызды болса,  осындай Төлем 

транзакциясы    үшін  нақты  ақша  қаражатын  есептен  шығару  кезіне  дейін      Мультивалюталық  

карточка   Шотын өзгерту ұсынылады.  




 

    



Клиент    тікелей  Банкке    жүгіну  немесе   Банктің  Call-center    қоңырау  соғып  «Альфа-

Клик» және/немесе «Альфа-Мобайл» (техникалық тарату кезінен бастап) жүйелері арқылы  Төлем 

транзакциясының сомасы Шоттан есептен шығарылғаны немесе шығарылмағаны туралы ақпарат 

ала алады.   

 

 

5. 



Тараптардың жауапкершіліктері  

5

.1. Банк келесілерге жауап береді: 



− 

Банктік  құпияны  ашу  -  осы  Келісімнің  4.8.т.  қарастырылған  жағдайлардан  басқа,  

Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес;  

− 

Шот бойынша қате орындалған операцияларға. Бұл реттегі Банктің жауапкершілігі 



қате орындалған операция мен ол үшін алынатын комиссияны болдырмаумен шектеледі.  

5

.2. Банк келесілерге жауап бермейді:  



− 

үшінші жақтың Карточкамен қызмет көрсетуінен/алып қоюынан бас тартуы;  

− 

ұялы  байланыстың  сапасына  және  ұялы  байланыс  операторының  немесе  үшінші 



тұлғалардың кінәсінен ақпарат беру мүмкін болмаған жағдайларда; 

− 

Карточкамен алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сапасы;  



− 

Клиенттің/қосымша Карточка ұстаушының мүддесіне нұқсан келтіретін, үшінші жақ 

белгілеген, Карточканы қолдану арқылы орындалатын Төлем транзакциялары бойынша лимиттер, 

шектеулер мен қосымша сыйақылар;  

− 

Клиенттің/қосымша 



Карточканы 

ұстаушының 

карточканың/қосымша 

жоғалған/ұрланған карточканы тежеу туралы өтінішпен Банкке уақытында келмеуінің салдары;  

− 

электронды құрылғының бұзылуы немесе дұрыс қалыптаспауы нәтижесінде түскен, 



Клиент  жауап  беретін,  тура  қаржылық  шығындар,  егер  мұндай  құрылғының  бұзылуы  туралы 

ақпарат  Клиенттің  осы  электронды  құрылғы  арқылы  Төлем  транзакциясын  орындау  кезінде 

визуалды, жазбаша және басқа түрде болған жағдайда;    

− 

Альфа-Чек қызметі мен Шот бойынша ай сайынғы көшірмелер ұсыну кезінде ұялы 



байланыс  арналары  мен  электронды  поштаға  басқа  тұлғалардың  берілетін  ақпараттарды  немесе 

кейбір мәліметтерді басқа тұлғалардың кідіртуі, тыңдауы. 

− 

Карточканы      санкцияланбаған  түрде  пайдалану  нәтижесінде  туындаған  Клиентке 



келген шығындар, соның ішінде Ғаламтор желісі, пошта-телефон тапсырысы және т.б. арқылы; 

− 

Карточканың  сыртқы  және  алдыңғы  жағындағы  ақпаратты  дұрыс  сақтамаған  себептер 



бойынша  туындаған  шығындар  (Карточканың  нөмірі,  әрекет  ету  мерзімі,  аты-жөні  және  тегі, 

  

CVV/CVV2 код және т.б.); 



−    

ПИН-кодтқа санкцияланбаған түрде қол жеткізу/алу/пайдалану және жариялау (Банктің кінәсі 

бойынша), ПИН-код пен Ғаламтор желісінде операцияларды растау үшін 3D-Secure статистік 

паролін,  сондай-ақ  пошта-телефон  тапсырыстарын  растау  үшін,  соның  ішінде  тыңдау, 

берілетін ақпаратты ұстап қалу немесе Клиенттің   IVR ПИН-кодты орнату процессінде ұялы 

байланыс және стационарлық телефондар арналарына басқа қол жеткізулер (Interactive Voice 

Response модуль, Банктің байланыс орталығының жүйесі). 

5.3. 


Клиент келесілерге жауап береді:  

− 

жоғалған/ұрланған  Карточканы  тежеу  туралы  өтінішпен  Банкке  уақытында 



келмеудің салдары – Банкке толық көлемде келтірілген залал;  

− 

Шотқа  қате  есептелген  ақшаны  Банкке  қайтармау  –  Қазақстан  Республикасының 



заңнамасына сәйкес;  

− 

Шот  бойынша  ақшаны  жұмсауды  жеткіліксіз  бақылау,  Келісімнің  нұсқаулары  мен 



Ережені сақтамау -  Банкке толық көлемде келтірілген залал;  

− 

Карточка ұстаушының кінәсінен Банкке келтірілген залалдар мен сот шығындары - 



Банкке толық көлемде келтірілген залал;  

− 

фродқауіпті  елдерге  барғаннан  кейін,  Карточканы  қайта  шығару/ауыстыру  туралы 



өтінішпен  Банкке  уақытында  келмеуінің  салдары  үшін,  оның  ішінде  қосымша  Карточканы 

ұстаушының,  сондай-ақ  Клиенттің/қосымша  Карточкаларды  ұстаушының  фродқауіпті  елдерге 

барғаннан  кейінгі  Карточканы  қайта  шығару/ауыстырудың  осындай  қажеттілігі  туралы  Банктің 



 

10 


хабарлауы 

кезінде 


Карточканы 

қайта  шығару/ауыстырудан Клиенттің бас тартуының 

(кез-келген  негіздемелер  бойынша)  салдарына.  Бұл  ретте  Банк  жауап  бермейді  және  жоғарыда 

көрсетілген жағдайларда Шоттан санкцияланбаған алымдардың ақшалай сомасын өтемейді;  

− 

даулы  жағдайларға  жататын  (мысалы,  қолма  қол  ақшамен  тауарларды/қызметтерді 



төлеу, даулы жағдайларды өз еркімен реттегісі келетін Клиенттің пиғылын көрсетуші, Интернет-

кәсіпкермен  хат  жазысулар  туралы  материалдар  және  т.б.),  даулы  жағдайларды  және/немесе 

құжаттарды қарауға Банктің сұранысы бойынша өтінішті ұсынбау немесе уақытында бермеу;   

− 

Банкпен  ерекше  қатынаспен  байланысқан  тұлғаларға  Клиенттің  жататыны  туралы 



Келісім жасаған кезде ақпарат ұсыну. 

− 

Карточканың  көмегімен  жүргізілген  операциялардың  зардаптары,  соның  ішінде 



ғаламтор желісі , сондай-ақ пошта және/немесе телефон тапсырыстары арқылы. 

          5.4. 

Тараптар    Келісім  бойынша  өз  міндеттерін  толық  немес  жеке-дара  орындамау 

жауапкершілігінен  босатылады,  егер    мұндай  орындамаушылық  Келісім  жасасқаннан  кейін 

еңсерілмейтін күштің салдарының туындаса, оларды Тараптар алдын-ала болжай алмаған болса, 

саналы  шаралармен  болдырмай  алмаса.  Төтенше  сипаттағы  мұндай  жағдайлардың  қатарына 

мыналар  жатады:  су  тасқындары,  өрттер,  жер  сілкінулері  мен  табиғаттың  басқа  құбылыстары, 

сондай-ақ  әскери  әрекеттер,  заңнамалық  актілердің,  үкімет  қаулыларының  және  мемлекеттік 

ұйымдардың  жарлықтарының  күшіне  қабылдану,  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкінің 

нормативті құқықтық  актілері  осы  Келісім  бойынша  Тараптардың  міндеттерін  орындауына  тура 

немесе  жанама  түрде  кедергі  келтірген  болса,  компьютерлік  жүйелердің  істен  шығуы  және 

Тараптардың саналы бақылауынан тыс туындаған басқа жағдайлар.   

         5.5. 

Осы  Келісім  бойынша  Тараптар  өз  міндеттерін  орындамаған  немесе  тиісті  жолмен 

орындамаған жағдайда, Тараптар осы Келісімге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы 

заңнамасына сәйкес жауап береді.   



6. 

Дауларды шешу тәртібі  

6.1. 


Келісімді  орындау  барысында  туындаған  барлық  даулар  мен  наразылықтар 

мүмкіндігінше Тараптардың арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.  

6.2. 

Келісімге  келе  алмаған  барлық  даулар  Қазақстан  Республикасының  соттарында 



Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған тәртіппен шешіледі.   

6.3. 


Тараптар  дауларды  шешу  кезінде  дәлел  ретінде  қолданылатын  машиналық 

тасушылардағы операциялар туралы осы ақпараттарды мойындауға келіседі.    

6.4. 

Жазбаша  хабарламалар  екінші  Тарап  тарапынан  алынған  болып  саналады,  егер  олар 



оған  қол  қоюы  арқылы  берілсе  немесе  Карточка  (пошта  квитанциясы  болған  кезде)  алу  үшін 

берген өтінішінде көрсетілген мекен-жай бойынша арнайы тапсырыстағы хатпен жіберілген болса.  



7. 

Келісімнің қолданылу мерзімі, оны бұзудың, тоқтатудың және өзгертудің  талаптары  

7.1. 


Келісім күшіне Клиенттің Банкке қол қойылған Өтініш ұсынған күннен бастап енеді.  

Келісім Келісімнің талаптарына сәйкес бұзылады, тоқтатылады.  

7.2.   

Осы Келісімге қосыла отырып, Клиент/Карточка ұстаушы Банктің ғаламтор-қорында 



орналастырылған  «Бонустық  милялар»  Ниеттестік  бағдарламасына  қосылу  туралы  Келісімге 

қосылады.  

7.3. Сондай-ақ осы Келісімге қол қоя отырып, Клиент Банкке келесіні ұсынады: 

Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкіне,  құқық  қорғаушы  органдарға  жүргізілген 



аударымдар мен төлемдер туралы ақпаратты беруге келісу; 

өзі  туралы  ақпаратты,  оның  ішінде  алаяқтық  жолмен  алынған  (AML-процедуралары) 



кірістерді  заңдастыруға  қарсы  әрекет  ету  бағдарламасы  аясында  банк-корреспонденттердің 

сұраныстары бойынша банктік құпияны құрайтын ақпараттарды ашуға құқық беру; 

-   

өзі  туралы  ақпаратты,  оның  ішінде  банктік  құпияны  құрайтын  және  Клиенттің  жеке 



деректерін ашуға/жинауға/өңдеуге келісім беру. 

7.4.  Клиент  IVR  (Interactive  Voice  Response  модуль,  Банктің  байланыс  орталық  жүйесі) 

жүйесі  арқылы  Ғаламтор  желісінде  жүргізілетін  операцияларды  растау  үшін  ПИН-код  пен  SD-

Secure 


статистік  паролін  орнатуға  келісетіндігін  растайды.  ПИН-кодты  орнату  жөніндегі 

нұсқаулар  (осы  Келісімнің  №1  Қосымшасы)  Банктің  ғаламтор-қорында  орналастырылған 




 

11 


(

www.alfabank.kz

)



Ғаламтор 



желісінде  жүргізілетін  операцияларды  растау  үшін  SD-

Secure 


статистік паролін орнату жөніндегі нұсқаулар Банктің ғаламтор-қорында орналастырылған 

(

www.alfabank.kz



). 

7.5. 


Келісімге  кез-келген  өзгертулер  мен  толықтырулар  Қазақстан  Республикасының 

Заңнамасына  сәйкес  оларды  Банктің  копоративті  сайтында  (

www.alfabank.kz

орналастырған 



кезден бастап 10 (он) күн ішінде өз күшіне енеді.  

            7.6. 

Клиент Келісімді ұйғарымды бұзуына дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде, Келісім 

шегінде  шығарылған  барлық  карточкаларды  Банкке  өткізу  және  белгілі  қалыпта  жазылған 

жазбаша өтінішіті Банкке ұсыну арқылы, Келісім бойынша орындалмаған міндеттердің болмауы 

кезінде, бір жақты тәртіппен Келісімнен бас тартуға құқылы.  

7.7. 

Келісімді бұзу кезінде:  



− 

Карточканы шығару/қайта шығару үшін Клиенттің төлеген сыйақысы қайтарылмайды;  

− 

Банк алдында Клиент берешектерін өтегеннен кейін Шот бойынша ақша қалдығы және 



Сақтандыру депозитінің сомасы, Клиенттің жазбаша нұсқау берген кезінен бастап 45 (қырық бес) 

күнтізбелік  күн  өткеннен  кейін,  немесе  басқасы  Келісімде  және/немесе  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасында  белгіленбеген  болса,  Карточканың  қолданылу  мерзімінің 

аяқталуынан бастап 45 (қырық бес) күн өткеннен кейін, 3.3.16.т. көрсетілген жағдайда Клиенттің 

банктік шотына аударылады.    

7.8. 


Келісім Тараптар арасында өзара есеп айырысу толық аяқталғаннан кейін өз әрекетін 

тоқтатады. Келісімнің әрекетін бұзу мен тоқтату Шотты жабу мен Карточканы жоюға негіз болып 

табылады.  

7.9. 


Келісім  мен  Ережелерде  қарастырылмаған  барлық  басқа  жағдайларда,  Тараптар 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Ережелерге сүйенеді.  

 

 

1



 

1

ПСН-конверт  Клиентке,  егер  осы  өнім  бойынша    IVR  арқылы  ПСН-кодты  орнату  мүмкіндігі  қарастырылмаған 



жағдайларда беріледі. Басқа жағдайларда ПСН-кодты орнату IVR арқылы жүзеге асырылады. 

 

жүктеу 206,56 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау