Экономикалық шолу экономическое обозрение құрылтайшы – Қазақстан Ұлттық Банкі «Экономикалық шолу»



жүктеу 1,51 Mb.
Pdf просмотр
бет17/49
Дата21.12.2017
өлшемі1,51 Mb.
#5100
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49

23

ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ       1 /2013

ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ПАЙЫМДАУЛАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

АЛТЫН НАРЫҒЫ: НЕГІЗГІ 

МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ДАМУ 

ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Сайлаубекұлы Н. – Монетарлық операциялар 

департаментінің Дилинг операциялар басқармасы 

бастығының орынбасары

Есалиева М.М. – Монетарлық операциялар 

департаментінің Дилинг операциялар 

басқармасының жетекші маман-дилері

Берілген  мақала  Қазақстан  алтын  өндіру 

саласының  ағымдағы  жағдайын  және  алтын 

нарығын  реттеудегі  соңғы  өзгертулерді  сипат-

тайды.  Соңғы  жылдардағы  заңдық  өзгертулер 

саласындағы  айтарлықтай  жақсартулардың  бо-

луына қарамастан, осы кезге дейін ішкі нарықтың 

дамуына  кедергі  жасайтын  бірқатар  проблема-

лар  бар,  атап  айтқанда,  бұлар  -  құрамында  ал-

тын  бар  шикізатты  Қазақстаннан  тыс  әкету 

мен  отандық  аффинажды  зауыттардың  толық 

қуатымен жұмыс істемеуі. Авторлардың пікірінше, 

осы  проблемалардың  шешілуін  мемлекеттік 

бақылауды  және  салық  жүйесін  реформалау 

көмегімен іске асыруға болады.

Алтын өндіру саласы

АҚШ  Геологиялық  қызметінің  (USGS)  деректеріне 

сәйкес  алтын  кен  орындарының  әлемдік  резервтері 

52  000  тонна  деп  бағаланады,  ал  Қазақстан  барлау 

деректері бойынша әлемдегі алтын қоры бойынша 10-

шы орын (ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейін  

3-орын)  және  өндіруі  бойынша  25-ші  орын  алады.

2012  жылы  Қазақстанда  өңделмеген  және  жартылай 



өңделген  алтынды  өндіру  40  тоннаға  жетті,  ол  2011 

жылғы  өндіріспен  салыстырғанда  тазартылған  түрдегі 

21  тоннаны  есептегенде,  8,6%-ға  көп  (өткен  жыл-

мен  салыстырғанда  26,9%-ға  өсу).

2

  Елімізде  барлығы 



шамамен  280  алтын  кен  орны  бар,  бірақ  олардың 

шамамен  жартысының  лицензиясы  бар  немесе 

өнеркәсіптік  әзірлеу  сатысында.  Алтынның  кен  орын-

дары Қазақстанның барлық аймақтарында бар екендігі 

анықталды, қор деңгейі бойынша Шығыс, Солтүстік және 

Орталық Қазақстан алдыңғы орында. Олардың ішіндегі 

ірілері – Васильковское, Бақыршық, Варваринское, Ақсу 

және Суздальское. Алтын жергілікті алтын кен орында-

рында да, түсті металдарды өндіру кезінде полиметалл 

шикізатының  құрамдас  бөлігі  ретінде  жол-жөнекей  де 

өндіріледі. Алтын өндірісінің көп бөлігі металдарды және 

мысты қайта өңдеу көмегімен жүргізіледі. 

Қазіргі  кезде  елде  шикізатты  тазартылған  алтынға 

қайта өңдейтін екі тазарту зауыты («Қазмырыш» ЖШС-ға 

және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ға тиесілі) бар. 

Қазмырыш зауыты Қазақстандағы ең ірі өндіруші және 

Лондонның  бағалы  металдар  нарығына  қатысушылар 

қауымдастығы  (LBMA)  аккредиттеген  жалғыз  алтын 

жөніндегі  зауыт  болып  табылады.  Тазартылған  алтын 

өндіру бұл зауытта 2011 және 2012 жылдары тиісінше 

шамамен  427  мың  және  497  мың  трой  унциясын 

құрады, қайта өңдеу полиметалл кенінен жүргізіледі. Ал 

Қазақмыс зауыты 2011 және 2012 жылдары тиісінше 151 

мың және 129 мың трой унциясын өндірді.

3

Заңнамалық база 

Кеңес  одағы  құлағаннан  кейін  кен  өндіру  са-

ласы  күрт  төмендеді.  Соған  байланысты  үкімет 

жергілікті  және  шетелдік  компанияларды  тарта  оты-

рып,  секторды  жекешелендіру  қажет  деп  шешті. 

Алайда  ырықтандыруға  байланысты  бағалы  метал-

дар  нарығын  реттеу  жөніндегі  көптеген  құқықтық 

мәселелер шешусіз күйінде қалды. «Бағалы металдар-

мен және асыл тастармен байланысты қатынастарды 

мемлекеттік  тіркеу  туралы»  Қазақстан  Республи-

касы  Президентінің  заң  күші  Жарлығының  күші 

жойылған 1998 жылғы шілде мен 2010 жылғы 1 қаңтар 

аралығындағы  кезеңде  Қазақстанда  алтынның  айна-

лымын және экспортын қандай да бір реттеу болған 

жоқ.  Алтынды  елдің  ішінде  өткізуге  ҚҚС  стандартты 

мөлшерлеме бойынша салынды, ал экспортқа нөлдік 

мөлшерлемемен салық салынды. Осылайша, алтын-

ды  ішкі  нарықта  өткізуден  гөрі  алтынның  экспорты 

көбірек ынталандырылды. Мұндай жағдайларда, ішкі 

нарықтағы  сұраныс  мардымсыз  болды.  Өндірушілер 

бұрын  төлеген  салықтарын  қайтаруды  талап  ету 

мүмкіндігінің  болуына  байланысты  алтынды  елден 

тыс жерлерде тазартуға және сатуға шығаруды ынта-

лы болды. 

Алайда,  Қазақстанның  Кеден  одағына  кіру  сәтінен 

бастап  арнайы  нормалар,  атап  айтқанда  бірыңғай 

тарифтік емес реттеу және импорты және экспорты Ке-

ден  одағы  елдерінен/елдеріне  үшінші  елдерге/елдер-

ден шектелуге жататын тауарлардың бірыңғай тізбесін 

әзірлеу енгізілді. Бұл тізбеге алтын, күміс, платина және 

платина тобының металдары сияқты бағалы металдар 

кіреді. 


Жоғарыда  көрсетілген  шараларды  іске  асы-

ру  мақсатында  2011  жылы  шілдеде  ҚР  Президенті 

төмендегілерді  енгізуді  айқындайтын  Жарлыққа  қол 

қойды:


• 

Кеден  одағына  кірмейтін  елдерден  ҚР  аумағына 

және  ҚР  аумағынан  осы  елдерге  бағалы  металдар-

ды  және  бағалы  металдары  бар  шикізат  тауарларын 

әкелуге және әкетуге мемлекеттік бақылауды;

• 

Ұлттық Банкке берілген тазартылған алтынды са-



тып алуға мемлекеттің басым құқығы.

Үкімет  Кеден  одағына  кірмейтін  елдерден  ҚР 

аумағына және ҚР аумағынан осы елдерге бағалы ме-

талдарды  және  бағалы  металдары  бар  шикізат  тауар-

ларын  әкелу  және  әкету  қағидаларын  2011  жылғы  та-

мызда әзірледі. Бір мезетте 2012 жылдан бастап салық 

заңнамасына  өзгерістер  енгізуге  бастама  жасалды. 

Атап айтқанда, Ұлттық Банкке басым құқық шеңберінде 

өндірушілер сататын алтынға ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі 

енгізілді.



Басым құқық 

Ең  алдымен  ел  ішінде  алтынды  сатып  алуға 

мемлекеттің басым құқығын әзірлеудің алғышарттары 

мынадай  факторлар  болғанын  атап  өту  керек. 

Біріншіден  –  бұл  Қазақстан  Республикасының 

экономикалық мүдделерін қорғау. Алтын стратегиялық 

1

http://www.usgs.gov



2

http://www.stat.kz

3

http://www.kazzinc.com, http://www.kazakhmys.com




жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау