15
ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ 1 /2013
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР
құрастырды. «Теңгелік» депозиттердің негізгі үлесін –
59,5% халықтың салымдары құрайды. «Теңгелік» де-
позиттер бойынша нақты кірістіліктің деңгейі халықтың
теңгедегі депозиттерге артықшылық білдіруінің басты
себебі болып табылады, 2012 жылы ол «валюталық»
депозиттер бойынша кірістілік деңгейіне қарағанда
жоғары болды. Мәселен, 2013 жылғы 1 қаңтарда
жеке тұлғалардың «теңгелік» депозиттері бойынша
кірістілігі 8,2%, ал жеке тұлғалардың «валюталық»
депозиттері бойынша – 5,3% құрады.
Заңды тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойын-
ша орташа алынған сыйақы ставкасы 2013 жылғы 1
қаңтарда 4,5% құрады, ал заңды тұлғалардың шетел
валютасындағы депозиттері бойынша – 1,9% болды.
Тұтасында алғанда, 2012 жылы аймақтағы
банк секторының баяу, бірақ тұрақты даму үрдісі
сақталды, бұл болашақта экономиканың нақты
секторының кредиттік ресурстарға ұлғайып жатқан
сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге банктердің кредиттік қызметіне
кедергі жасайтын жұмыс істемейтін қарыздардың
өсу үрдісі алаңдатады. Банктердің төмен сапалы
активтері проблемасының шешілуіне Қазақстан
Республикасының ақша-кредит саясатының 2013
жылға арналған негізгі бағыттары шеңберінде
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі іске
асыратын шаралар кешені мүмкіндік туғызады.
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ
ҮЛГІСІНДЕ ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫМЕН
АЙЫРБАСТАУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ АЙЫРБАСТАУ
ПУНКТТЕРІН ТІРКЕУ ҚЫЗМЕТІН
ЛИЦЕНЗИЯЛАУ
Мұстафин Ә.Ж. – «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Алматы
облыстық филиалы директор орынбасары
Аумақтық филиалдың валюталық реттеу
және бақылау мәселесі бойынша қызметінің негізгі
бағыттарының бірі шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыру мәселесі бойынша банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыра-
тын ұйымдардың қызметін лицензиялау болып табы-
лады.
13.06.2005 ж. №57 Қазақстан Республикасының
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау ту-
ралы» Заңымен (бұдан әрі – Заң) белгіленген
Қазақстандағы валюталық реттеудің негізгі мақсаты
еліміздің экономикасының тұрақты дамуы және
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Республика аумағында шетел валютасымен ай-
ырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметін
жүзеге асыруға қойылатын талаптар, оның ішінде
айырбастау операцияларын ұйымдастыруға ли-
цензияны алу қажеттілігі Заңның 6-бабымен
белгіленген.
Осындай ұйымдарды құру және олардың жұмыс
істеуін реттейтін жалпы талаптар ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 27.10.2006ж. №106 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол
шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру ережесімен анықталған (бұдан әрі –
Ереже).
Шетел валютасымен айырбастау операцияла-
рын ұйымдастыруға құқылы заңды тұлға (бұдан
әрі – уәкілетті ұйым) жауапкершілігі шектеулі
серіктестік нысанында құрылады. Оған Қазақстан
Республикасының аумағында және одан тысқары
аумақтарда өкілдіктер құруға, сондай-ақ өзге
де заңды тұлғалардың жарғылық капиталында
құрылтайшы болуға және қатысуға тыйым салына-
ды.
Уәкілетті ұйым Ұлттық Банктің лицензиясын алу
үшін біліктілік талаптарға сәйкесті болуы тиіс.
Айырбастау
операцияларын
ұйымдастыру
қызметін жүзеге асыруға өтініш берушілерге
қойылатын біліктілік талаптарға айырбастау
пункттерінің санын ескере отырып, ақша түріндегі
жарғылық капиталын құрастыру үшін Ұлттық Банк-
пен бекітілген ең төменгі мөлшерден кем емес ақша
түрінде жарғы капиталы болу тиістігі жатады.
Өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкесті
болуын растайтын құжат ретінде өтініш берушінің
лицензия алатын күні банк шотында ақшасының
бар болуын растайтын екінші деңгейдегі банктің
құжаты ұсынылады.
Облыстық әкімшілік орталықтарда, сондай-ақ
Астана және Алматы қалаларында орналасқан
уәкілетті ұйымдар үшін жарғылық капитал 5 мил-
лион теңгені құраса, өзге қалалар мен мекенжайда
орналасқан уәкілетті ұйымдар үшін жарғылық капи-
тал 3 миллион теңгені құрайды.
Облыстық әкімшілік орталықтардағы, Астана
және Алматы қалаларындағы уәкілетті ұйымдар
қосымша айырбастау пункттерін ашқан болса,
олардың ақша түріндегі жарғылық капиталының
мөлшері жаңа ашылған әрбір айырбастау пункті
үшін 1 миллион теңгеге ұлғаюы қажет. Ал өзге
қалалар мен мекенжайда орналасқан уәкілетті
ұйымдар үшін жарғылық капиталының мөлшері
жаңадан ашылған әрбір қосымша айырбастау
пункті үшін 600 мың теңгеге ұлғаюы қажет.
Өтініш беруші лицензия алу үшін Ұлттық Банк
Филиалына өтініш беруге дейін Салықтар және
басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы ҚР
кодексінің (Салық кодексі) 471-бабымен белгіленген
сомадағы лицензиялық алымды төлейді, ол
қазіргі күні 40 айлық есептік көрсеткішті құрайды
(69 240,00 теңге). Төлем жергілікті бюджетке 105402
бюджеттік жіктеу коды бойынша төленеді.
Лицензия
беру
реті
толығымен
автоматтандырылған
және
«Е-Лицензиялау»
мемлекеттік
деректер
базасы»
ақпараттық
жүйесінде жүргізіледі.
Лицензия беру мерзімі 30 жұмыс күнді құрайды.
Шетел валютасымен айырбастау операцияла-
рын тікелей ұйымдастыруды уәкілетті ұйымдардың
тіркелген айырбастау пункттері жүзеге асырады.
Сонымен қатар, айырбастау операцияларын
ұйымдастыруға құқылы: уәкілетті органның лицен-
зиясы бар екінші деңгейдегі банктер және ұлттық
оператор почта.
Айырбастау
пункттері
(автоматтандырыл-
ғандардан басқа) Ұлттық Банктің филиалында