«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ» ШЫҒАРЫЛЫМЫНЫҢ МАЗМҰНЫ №1, 2013
ОГЛАВЛЕНИЕ ВЫПУСКА «ЭКОНОМИЧЕСКОГО ОБОЗРЕНИЯ» №1, 2013
Құбашева Н.А.
Үйлестіру департаменті (Астана қаласы)/
Департамент координации (г. Астана)
10. Қазақстанның аумағында сәйкестендіру нөмірлерінің қолданылуы .................................................................30
10. Применение идентификационных номеров на территории Казахстана ..........................................................63
Жармуханова А.М.
Орталық филиал/ Центральный филиал
11. Қазақстан Республикасы айырбастау пункттерінің заңсыз жолмен алынған кірiстерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы Қазақстан Республикасы
заңнамасының талаптарын орындауы ......................................................................................................................32
11. Соблюдение обменными пунктами Республики Казахстан требований законодательства
о противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных незаконным путем
и финансированию терроризма ................................................................................................................................65
ӘР ТҮРЛІ
РАЗНОЕ
Салкулова Г. К.
Батыс Қазақстан филиалы/
Западно-Казахстанский филиал
12. Банк тарихын жаңғырта отырып ..........................................................................................................................35
12. Воссоздавая историю банка ................................................................................................................................68
БАРЛЫҒЫ ....................................................................................................................................................................69
ВСЕГО ..........................................................................................................................................................................69
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ 1 /2013
4
ҚАРЖЫ СЕКТОРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТ-КРЕДИТ
НАРЫҒЫНЫҢ 2012 ЖЫЛҒЫ ҮРДІСТЕРІ
Осипов И.В. – Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Зерттеулер және стратегия
департаментінің бас маман-талдаушысы
Дағдарыстың шиеленіскен кезеңін еңсере
отырып Қазақстан экономикасы үшінші жыл
қатарынан өсуін жалғастыруда. 2012 жылы 5,0%-
ға дейін экономиканың өсу қарқынының баяулауы-
на қарамастан, жалпы өткен жыл қаржы секторы
үшін, атап айтқанда елдің депозиттік-кредиттік
нарығы үшін қолайлы болды. 2012 жылы банктердің
депозиттік базасы 7,2%-ға өсті, екінші жыл
қатарынан кредиттік белсенділіктің өсуі байқалып
отыр, соның нәтижесінде банктердің экономиканы
кредиттеуі өткен жылы 13,0%-ға ұлғайды.
Депозиттер. Еуропалық одақ экономикасындағы
рецессия және еуропалық одақ елдерінде жалғасып
келе жатқан борыштық дағдарыс халықаралық
капитал нарықтарындағы қарыз алушыларға қатысты
талаптарды күшейтті, осыған байланысты Қазақстан
банктерінің капиталдың сыртқы нарықтарына кіруі
бұрынғысынша қиындай түсті. Капиталдың әлемдік
нарықтарындағы құбылмалылық пен қаражат
тарту бағасы басқа проблемаға жатады. Мұндай
жағдайларда депозиттер банктер үшін негізгі
қорландыру көзі болып қалады.
2012 жылы депозит нарығының өсуі баяулады,
бұл заңды тұлғалар депозиттерінің төмендеуіне негіз
болды, ал халықтың жинақ ақшасының өсу қарқыны
іс жүзінде алдыңғы жылғы деңгейде сақталды.
2012 жылы депозиттік ұйымдардағы резиденттер
депозиттерінің көлемі 8 994,5 млрд. теңгеге дейін 7,2%-
ға ұлғайды (2011 жылы 14,3%-ға өсті). Бұл ретте, заңды
тұлғалардың депозиттері бір жыл ішінде 5 622,7 млрд.
теңгеге дейін 0,7%-ға төмендеді (2011 жылы 10,2%-ға
өсті), ал жеке тұлғалардың депозиттері 3 371,8 млрд.
теңгеге дейін 23,8%-ға (24,1%) өсті.
Валюталық салымдармен салыстырғанда теңгедегі
салымдар бойынша барынша жоғары сыйақы
мөлшерлемелеріне және бағамдық айырмада пайда
табуға мүмкіндік бермейтін теңгенің тұрақты айырбастау
бағамына негізделген банктердің депозиттік базасын
долларландыру деңгейі төмендеуін жалғастыруда.
2012
жыл
ішінде
ұлттық
валютадағы
депозиттердің көлемі 6 311,5 млрд. теңгеге дейін
9,6%-ға ұлғайды, ал шетел валютасындағы
депозиттер 2 683,0 млрд. теңгеге дейін 2,0%-
ға жоғарылады (1-сурет). Теңгедегі жинақ
ақшаның үдемелі өсу қарқыны нәтижесінде
депозиттерді долларландыру деңгейі төмендеді
және теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2011
жылғы желтоқсанмен алыстырғанда 2012 жылғы
желтоқсанда 68,6%-дан 70,2%-ға дейін артты
(2-сурет).
1-сурет
2-сурет
Халықтың банк жүйесіне деген сенімінің лимиті
жоғары деңгейде сақталып отыр. Бұл факторға
әсер еткен негізгі элемент мемлекеттің дағдарыс
кезеңінде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша
кепілдік мөлшерін 5 миллион теңгеге дейін ұлғайту
туралы шешім қабылдауы болды. Кепілдік мөлшерін
ұлғайту туралы шешім уақытша болды және 2011
жылы шектелді, алайда 2011 жылғы желтоқсанда
осы норманы тұрақты негізде сақтауды көздейтін заң
қабылданды.
Халықтың банктердегі салымдары (резидент
еместердің шоттарын ескере отырып) 2012 жылы
23,6% (2011 жылы – 22,6%) 3 409,5 млрд. теңгеге дейін
көтерілді. Халықтың салымдары құрылымындағы
теңгелік депозиттер 29,7%-ға 2 072,5 млрд. теңгеге
дейін, шетел валютасындағы депозиттер 15,2%-ға
1 337,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде,
теңгелік депозиттердің үлес салмағы 2011 жылғы
желтоқсандағы 57,9%-дан 2012 жылғы желтоқсанның
қорытындылары бойынша 60,8%-ға дейін көтерілді.