Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығЫ



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет20/22
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12454
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

63

Ереуiлдi  ұйымдастыру  немесе  оған  қатысу  қызметкердiң  еңбек 

тәртiбiн бұзуы деп қаралмайды және ол тәртiптiк ықпал ету шарала-

рының қолданылуына әкеп соқпайды. Ереуiл кезiнде қызметкердiң 

жұмыс орны (лауазымы), әлеуметтiк сақтандыру бойынша жәрдем-

ақы  төлемiне  құқығы,  еңбек  өтiлi  сақталады,  сондай-ақ  еңбек  қа-

тынастарынан  туындайтын  өзге  де  құқықтарына  кепiлдiк  берiледi. 

Ереуiлдi жалақының төленбеуiне немесе уақтылы төленбеуiне 

байланысты өткiзуден басқа жағдайларда, ереуiлге қатысушы 

қызметкерлердiң ереуiл кезiндегi жалақысы сақталмайды. 

Үздiксiз  жұмыс  iстейтiн  өндiрiстерде  ереуiл  негiзгi  жабдықтар-

дың,  тетiктердiң  iркiлiссiз  жұмысы  қамтамасыз  етiлген  жағдайда 

ғана өткiзiлуi мүмкiн. 

Ереуiлдi заңсыз деп тану туралы шешiмдi сот жұмыс берушiнiң 

немесе  прокурордың  өтiнiшi  бойынша  қабылдайды  және  дереу 

орындалуға,  ал  ереуіл  тоқтатылуға  жатады.  Ереуiлдi  басқарушы 

органның сот шешiмiне шағымдануға құқығы бар.



Ереуiлдi заңсыз деп танудың салдары жұмыс берушi ереуiлдi 

ұйымдастыруға немесе өткiзуге қатысқан қызметкерлердi тәртiптiк 

жауапкершiлiкке тартуы мүмкiндігін білдіреді (ЕК-нің 304-бабы).

Ереуiл өткiзудi қоса алғанда, ұжымдық еңбек дауын реттеу про-

цесінде 

локаутқа, яғни, соттың ереуiлдi заңсыз деп тану туралы не 

ереуiлдi тоқтата тұру туралы шешiмiн қызметкердiң назарына жет-

кiзілгеннен кейiн ол ереуiлге қатысуды жалғастырған жағдайларды 

қоспағанда, қызметкерлердiң ұжымдық еңбек дауына немесе ере-

уiлге қатысуына байланысты олармен жасалған еңбек шарттарын 

жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуға 



тыйым салынады.

Жеке еңбек дауларын қарау ЕК-нің 15-тарауында регламент-

телген (ЕК-нің 170–177-баптары).



Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдар 

келісу комиссиялары

соттар



64

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Егер  қызметкер  келiспеушiлiктердi  жұмыс  берушiмен  арадағы 

өзi немесе өз өкiлi қатысатын тiкелей келiссөздер барысында рет-

темеген болса, еңбек дауын 

келiсу комиссиясы қарайды. Келiсу 

комиссиясы  тепе-теңдiк  негiзiнде  жұмыс  берушiнiң  және  қызмет-

керлердiң  өкiлдерiнiң  бiрдей  санынан  құрылады.  Келiсу  комисси-

ясының  қызметкерлерден  құрылатын  мүшелерi  қызметкерлердiң 

жалпы  жиналысында  (конференциясында)  сайланады;  жұмыс 

берушiден  құрылатын  мүшелерi  жұмыс  берушiнiң  актiсiмен  таға-

йындалады. Келiсу комиссиясы еңбек дауын өтiнiш берген күннен 

бастап 7 күндiк мерзiмде қарайды. Қарау нәтижесi бойынша шешiмi 

қабылданады,  ол  қабылданған  күннен  бастап  үш  жұмыс  күнiнен 

кешiктiрiлмей өтiнiш иесiне берiледi (ЕК-нің 171-бабы).



Жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi органдарға жүгiну 

үшiн мынадай мерзiмдер белгiленедi: 

1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс бе-

рушiнiң  еңбек  шартын  бұзу  туралы  актiсiнiң  көшiрмесi  табыс 

етiлген күннен бастап 

үш ай; 

2) басқа еңбек даулары бойынша – қызметкер немесе жұмыс 

берушi  өз  құқығының  бұзылғаны  туралы  бiлген  немесе  бiлуге 

тиiстi күннен бастап 

бiр жыл. 

Дау  өтiнiш  берушiнiң  немесе  ол  уәкiлеттiк  берген  өкiлдiң  қа-

тысуымен  қаралады.  Келiсу  комиссиясы  отырысқа  куәгерлердi 

шақыр туға,  мамандарды  шақыруға  құқылы.  Ұйымның  басшысы 

оған қажеттi құжаттарды белгiленген мерзiмде табыс етуге мiндеттi.

Келiсу  комиссиясы  отырысқа  қатысып  отырған  комиссия  мү-

шелерiнiң жай көпшiлiк даусымен шешiм қабылдайды. Өтiнiш бе-

рушiнiң немесе комиссия мүшелерiнiң бiрiнiң талап етуi бойынша 

дауыс  беру  жасырын  өткiзiледi.  Келiсу  комиссиясының  шешiмi 

онда белгiленген мерзiмде орындалуға тиiс. Комиссияның шешiмi 

белгiленген мерзiмде орындалмаған жағдайда қызметкер немесе 

жұмыс берушi дауды сотқа беруге құқылы.

Бұрынғы  жұмысына  қайта  алынған  қызметкерге  амалсыз  бос 

жүрген барлық уақыты үшiн орташа жалақысы немесе төмен ақы 




65

төленетiн  жұмысты  орындағаны  үшiн,  бiрақ  алты  айдан  аспай-

тын уақытқа жалақыдағы айырма төленедi. Жеке еңбек дауын қа-

райтын орган қызметкердiң өтiнiшi бойынша қызметкерге жалақы 

төлеу туралы шешiм шығарумен шектелуi мүмкiн. 

Органның  қызметкердi  бұрынғы  жұмысында  қайта  алу  туралы 

шешiмi дереу орындалуға тиiс. Жұмыс берушi жұмысқа қайта алу 

туралы  шешiмнiң  орындалуын  кiдiрткен  кезде,  жеке  еңбек  дауын 

қарау жөнiндегi орган қызметкерге шешiмнiң орындалуы кiдiртiлген 

уақыт үшiн орташа жалақысын немесе жалақысының айырмасын 

төлеу туралы шешiм шығарады. 

Сотқа талап қою кезінде мына талап қоюшылар мемлекеттік баж 

төлеуден босатылады:

еңбек төлемі және 

еңбек қызметімен 

байланысты басқа да 

талаптардың сомасын 

өндіру туралы талап 

қою бойынша

асыраушы-

сының қайтыс 

болуынан келген 

зиянды өтеу ту-

ралы талаптар 

бойынша

мертiгуден немесе 



денсаулығының өзге де 

зақымдануынан келген 

зиянды өтеу туралы та-

лап қою бойынша

Еңбек дауларынан туындайтын істер азаматтық сот ісі жүргізуі 

тәртібінде соттарда қаралады (ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 

2-бабының 3-тармағы, бұдан әрі – ҚР АІЖК).

АІЖК-нің 32-бабы заңды тұлғаға да талап оның органының ор-

наласқан  жері  немесе  мүлкi  орналасқан  жер  бойынша  қойылуы 

мүмкiндігін айқындайды. Заңды тұлға филиалының немесе өкiлдi-

гiнiң қызметiнен туындайтын талап та филиалдың немесе өкiлдiк-

тiң орналасқан жерi бойынша қойылуы мүмкiн. Мертiгуден немесе 

денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысы-

ның қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талаптарды да 

талап  қоюшы  өзiнiң  тұрғылықты  жерi  бойынша  немесе  зиян  кел-

тiрiлген жер бойынша қоя алады. 

Жалақыны,  зейнетақы  және  жәрдемақыны  өндiрiп  алу  туралы 

талаптар, сондай-ақ заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз 




жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау