53
Әлеуметтік жәрдемақы мөлшері, тағайындаудың тәртібі мен
оны төлеу ҚР Үкіметі бекіткен
Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау
және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесімен
айқындалады.
Нақты қызметкердің айлық жәрдемақысының мөлшері оның ор-
таша күндік жалақысын еңбекке уақытша жарамсыздық парағына
сәйкес төленуге жататын жұмыс күндерінің санына көбейту жо-
лымен айқындалады.
Егер еңбекке уақытша жарамсыздық алдыңғы жылда басталып,
ағымдағы жылда аяқталатын болса, онда жәрдемақыны есептеу
мен оның мөлшерінің айлық шектеуі тиісті жылдағы айлық есептік
көрсеткіш қолданыла отырып екі бөлініп жүргізіледі.
Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүге-
дектері мен оларға теңестірілген адамдарға жәрдемақы еңбек қа-
білетін жоғалтқан алғашқы күннен бастап орташа айлық жалақы-
ның 100 % пайызы мөлшерінде төленеді.
Қызметкердің еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына
байланысты жәрдемақыны жұмыс беруші еңбекке жарамсыздық
басталған алғашқы күннен бастап жұмысқа шыққанға немесе мү-
гедектік белгіленгенге дейін орташа жалақының 100 % мөлшерінде
төлейді.
Жәрдемақы еңбек ақы төленетін мерзімде төленеді.
54
Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
Еңбек құқықтарының бұзылуы әдетте жұмыс берушілердің ең-
бек заңнамасының нормаларын білмеуіне байланысты болады.
Алайда жұмыс беруші еңбек заңнамасы туралы жақсы хабардар
бола отырып, бұзуға жол берген жағдайлардың болуы жиі кезде-
седі.
Еңбек қатынастарының мейлінше әлсіз қорғалған тарапы қыз-
меткер болып табылатындықтан оны жұмыс берушінің заңсыз-
дығынан мемлекеттік қорғау қажет.
Еңбек кодексі қызметкердің жеке деректерін қорғау туралы нор-
маны бекітеді. Қызметкердiң жеке деректерi – еңбек қатынастары
туындаған, жалғасқан және тоқтатылған кезде қажет болатын қыз-
меткер туралы ақпарат (ЕК-нің 64).
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК
ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢДЫ
МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ
6
Еңбек құқықтарын қызметкерлердің өздері, қызметкер-
лердің өкілдері, келісу комиссиялары, бітімгершілік комиссия-
лары, еңбек төрелігі, делдал-медиаторлар, мемлекеттік еңбек
инспекторлары, прокуратура органдары мен соттар қорғай
алады.
Қорғау шараларымен қатар, еңбек заңнамасы сондай-ақ
ең-
бек заңнамасын сақталуына бақылауды көздейді (ЕК-нің 6 бөлімі,
328–337-баптар).
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мем-
лекеттiк бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге
асырады. Мемлекеттiк еңбек инспекторына қызметтiк мiндеттерiн
орындауға кедергi келтiрген тұлғалар Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жауапты болады.
Мемлекеттiк еңбек инспекторларының мiндеттерi қатарына
еңбек заңнамасын сақтауға бақылауды жүзеге асыру; еңбек заңнама-
сын сақтау бойынша тексеру; қызметкерлер мен жұмыс берушілердің
өтініштерін қарау, еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша
түсіндіру жұмыстарын жүргізу кіреді.
55
Жұмыс берушi еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттiк
бақылауды жүргiзу кезiнде:
1) мемлекеттiк еңбек инспекторының тексерiлетiн объект аумағы-
на және үй-жайларына кедергiсiз кiруiн қамтамасыз етуге;
2) тексеру жүргiзетiн мемлекеттiк еңбек инспекторына және
ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерiне тексеру нәтижелерi туралы ак-
тiге қоса тiркеу үшiн қағаздағы және электрондық тасығыштардағы
құжаттарды не олардың көшiрмелерiн беруге, сондай-ақ тексерудiң
мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған деректер
базасына қол жеткiзуiне мүмкiндiк жасауға;
3) мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерiн орындау үшiн қа-
былдауға және актiнiң екiншi данасына оны алғаны туралы тиiстi
белгi жасауға;
4) тиiстi мерзiмдерде мемлекеттiк еңбек инспекторының ак-
тiлерiн орындау жөнiнде ақпарат беруге
мiндеттi.
Мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерi
нұсқама
әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iс
бойынша iс жүргiзудi
тоқтату туралы қаулы
әкiмшiлiк құқық
бұзушылық тура-
лы iс бойынша
қаулы
әкiмшiлiк
құқық бұзу-
шылық туралы
хаттама
Нұсқама:
– еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою тура-
лы;
– жарақаттану қаупi бар және авариялық жағдайлардың туын-
дауын болғызбау үшiн өндiрiстiк объектiлер мен жабдықтардағы,
сондай-ақ өндiрiстiк процестердегi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi
қорғау жөнiндегi алдын алу жұмыстарын жүргiзу туралы;
– жекелеген өндiрiстердiң, цехтардың, учаскелердiң, жұмыс
орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алған-
да ұйым қызметiне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы болуы
мүмкін.
Актiлер екi дана етiп жасалады, оның бiреуi қолы қойғызылып, жұ-
мыс берушiге тапсырылады. Лауазымды адамдар, жеке және заңды
тұлғалар оны орындауға мiндеттi болып табылады.
56
Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ
7
Ұжымдық шарт – бұл ұйымдағы әлеуметтiк-еңбек
қатынас тарын реттейтiн, қызметкерлердiң уәкiлеттiк берiл-
ген өкiлдерi арқылы олардың ұжымы мен жұмыс берушiнiң ара-
сындағы жазбаша келiсiм.
Ұжымдық шартты әзiрлеу мен жасасу тәртiбi ЕК-iң 282-бабында бел-
гiленген.
Қызметкерлер және жұмыс берушi ұжымдық шарттың тараптары
болып табылады. Ұжымдық шарт ұйымдарда да, шетелдiк заңды тұлға-
лардың филиалдары мен өкiлдiктерiнде де жасалуы мүмкiн.
Кез келген тарап ұжымдық шарт жобасын әзiрлеудiң және жасасу-
дың бастамашысы бола алады.
Ұжымдық келiссөздерге қатысушылар келiссөздер жүргiзу кезiнде
орташа айлық жалақысы сақтала отырып, еңбек мiндеттерiн орындау-
дан босатылуы мүмкiн, бұл мерзiм олардың еңбек өтiлiне қосылады.
Комиссия дайындалған ұжымдық шарт жобасы ұйым қызметкер-
лерімен міндетті түрде талқылауға жатады. Тараптардың келiсiмiне қол
жеткiзiлген кезде ұжымдық шарт кемiнде екi данада жасалады және
оған тараптардың өкiлдерi қол қояды. Келiспеушiлiктер болған кезде
ұжымдық келiссөздер басталған күннен бастап бiр ай iшiнде тараптар
бiр мезгiлде келiспеушiлiктер хаттамасын жасай отырып, келiсiлген та-
лаптармен ұжымдық шартқа қол қоюға тиiс. Ұжымдық шартты өзгерту
және толықтыру тараптардың өзара келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.
Жұмыс берушi тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған
күнiнен бастап бiр ай мерзiм iшiнде еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның
аумақтық бөлiмшесiне мониторинг үшiн ұсынуға мiндеттi. Тараптардың
өкiлдерi қызметкерлерге ұжымдық шарттың орындалу барысы туралы
мезгiл-мезгiл хабарлап отыруға мiндеттi.
Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар айқын-
дайды (ЕК-нің 284-бабы).
Ұжымдық шарттың міндетті шарттары:
1) еңбекке ақы төлеудi нормалау, оның нысандары, жүйелерi, қыз-
меткерлерге, оның iшiнде ауыр жұмыстарда, зиянды және қауiптi еңбек
жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге тарифтiк ставка-
Достарыңызбен бөлісу: |