Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығЫ



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет14/22
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12454
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

44

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Жұмыстан  шыққан  кезде  жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалы-

сын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл 

сайынғы  ақылы  еңбек  демалысының  пайдаланылмаған  күндерi 

үшiн өтемақы төлемi жүргiзiледi (ЕК-нің 110-бабы). 

Еңбек кодексінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен қа-

тар  ұзақтығы  қызметкер  мен  жұмыс  берушінің  келiсiмi  бойынша 

қыз меткердiң  өтiнiшi  негiзiнде  белгіленетін  оған 

жалақы  сақтал-

майтын демалыс берiлуi мүмкiндігі көзделген (ЕК-нің 111-бабы). 

Неке  тiркелген,  бала  туылған,  жақын  туыстары  қайтыс 

болған жағдайларда күнтiзбелiк бес күнге дейiн жалақы сақтал-

майтын демалыс беру жұмыс берушінің құқығы емес, мiндетi бо-

лып табылады.

Бiлiм  беру  ұйымдарында  оқып  жүрген  қызметкерлерге  еңбек, 

ұжымдық шарттарда, оқу шартында айқындалатын 

оқу демалыс-

тары берiледi.

Оған  қоса,  жүктi  әйелдерге,  баланы  (балаларды)  туған  әйел-

дерге,  жаңа  туған  баланы  (балаларды)  асырап  алған  әйелдерге 

(еркектерге) 



баланың  туылуына  байланысты  мынадай  дема-

лыстар: 

1) жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс; 

2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер-

ге демалыс; 

3) бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жа-

лақы сақталмайтын демалыс берiледi. 

Әйелге, қалауы бойынша, жүктiлiкке және босануға байланысты 

демалыстың алдында немесе тiкелей одан кейiн не балаға күтiм 

жасауға арналған демалыс бiткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек 

демалысы берiледi.



Жүктiлiкке  және  босануға  байланысты  демалыс  (ЕК-нің 

193-бабы).  Әйелдерге  жүктiлiгiне  және  босануына  байланысты 

ұзақтығы  босануға  дейiн  күнтiзбелiк  70  және  босанғаннан  кейiн 

күнтiзбелiк 56 (қиналып босанған немесе екi немесе одан да көп 

бала  туған  жағдайда  –  70)  күнге  дейiн  өтiнiшi  және  белгiленген 

тәртiппен  берiлген  еңбекке  жарамсыздық  парағы  негiзiнде  дема-

лыс берiледi. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргiзiледi және 



45

демалыс,  әйелге  босанғанға  дейiн  нақты  пайдаланған  күндерiнiң 

санына  және  жұмыс  берушiдегi  жұмысының  ұзақтығына  қара-

мастан, толық берiледi.



Жаңа  туған  балаларды  асырап  алған    қызметкерлерге 

берiлетiн  демалыс  (ЕК-нің  194-бабы).  Жаңа  туған  баланы  (ба-

лаларды) асырап алған қызметкерлерге (ата-ананың бiреуiне) ба-

ланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен 56 күн 

өткенге дейiнгi кезеңге демалыс берiледi. Оған қоса, ЕК-нің 195-ба-

бына сәйкес жұмыс берушi қызметкерге:

1) ата-анасының қалауы бойынша – баланың анасына не әкесi-

не; 

2) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-ананың бiреуiне; 



3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы iс жүзiнде тәр-

биелеп отырған әжесiне, атасына, басқа туысына немесе қамқор-

шысына;

4) жаңа  туған  баланы  (балаларды)  асырап  алған  қызметкерге 



бала  үш  жасқа  толғанға  дейiн  баланың  күтiмiне  байланысты  жа-

лақы сақталмайтын демалыс беруге мiндеттi. 

Бала  үш  жасқа  толғанға  дейiн  оның  күтiмiне  байланысты  жа-

лақы  сақталмайтын  демалыс  қызметкердiң  жазбаша  өтiнiшi  не-

гiзiнде оның қалауы бойынша толық немесе бөлiнiп пайдаланылуы 

мүмкiн. Демалыс уақытында қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) 

сақталады. 

Мұндай  демалыс  уақыты  жалпы  еңбек  стажына,  мамандығы 

бойынша  жұмыс  стажына  есептеледi. 

Бала  үш  жасқа  толғанға 

дейiн бала күтiмi бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс 

аяқталғанға дейiн жұмысқа шыққан жағдайда, қызметкер жұ-

мыс берушiге өзiнiң ниетi туралы жұмыс басталуынан бiр ай 

бұрын ескертуге мiндеттi.



46

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Қызметкерлердiң

  еңбегiне  ақы  төлеу  саласындағы  мемле-

кеттiк кепiлдiктер (ЕК-нің 120-бабы): 

айлық жалақының ең төменгi мөлшерiн; 

сағаттық жалақының ең төменгi мөлшерiн (ЕК-нің 122-бабы);

еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарттарын; 

үстеме жұмыс үшiн ақы төлеудi; 

мереке және демалыс күндердегi жұмыс үшiн ақы төлеудi;

түнгi уақыттағы жұмыс үшiн ақы төлеудi;

жұмыскердiң жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерiн шектеу-

дi; 

жалақының  толық  және  уақтылы  төленуiн  және  еңбекке  ақы 



төлеу  саласындағы  мемлекеттiк  кепiлдiктердiң  iске  асырылуын 

мемлекеттiк бақылауды; 

жалақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн қамтиды. 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК  

ЗАҢНАМАСЫНДА КӨЗДЕЛГЕН  

КЕПІЛДІКТЕРІ

5

Айлық  жалақының  ең  төменгi  мөлшерi  –  бiлiктiлiктi 

қажет  етпейтiн  қарапайым  еңбек  қызметкерi  осы  қалыпты 

жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезiнде 

еңбек нормаларын орындаған кезде бiр айда оған төленетiн ақ-

шалай төлемдердiң кепiлдiк берiлген ең төменгi мөлшерi.

Айлық  жалақының  ең  төменгi  мөлшерi  ең  төмен  күнкөрiс 

деңгейiнен кем болмауға тиiс және ол қосымша ақылар мен үстеме 

ақыларды,  өтемақы  төлемдерi  мен  әлеуметтiк  төлемдердi,  сый-

лықақылар мен басқа да ынталандыратын төлемдердi қамтымай-

ды және жұмыс iстелген уақытқа барабар төленедi.

Сонымен,  «2012–2014  жылдарға  арналған  республикалық 

бюджет  туралы»  2011  жылғы  24  қарашадағы  ҚР  Заңында  айлық 

жалақының ең төменгi мөлшері; базалық әлеуметтік төлемдердің 

мөлшерін  есептеудің  ең  төменгі  күнкөріс  шамасы  белгіленді. 

Ең 

төменгі күнкөріс мөлшері – бұл ең төменгі тұтыну себетінің құны 

шамасына тең болатын бір адамға арналған қажетті ең төмен ақ-

шалай кіріс.



жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау