50
Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
Жалақы төленетiн күн еңбек шартында, ұжымдық шартта
көзделедi. Жалақы төлеу кезiнде
жұмыс берушi әрбiр қызмет-
керге тиiстi кезеңдегi тиесiлi жалақының құрамдас бөлiктерi,
жүргiзiлген ұстап қалулардың мөлшерлерi мен негiздерi туралы,
оның iшiнде
ұстап қалынған және аударылған мiндеттi зейнетақы
жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиiстi
жалпы ақша сома-
сы туралы мәлiметтердi жазбаша түрде ай сайын
хабарлауға
мiндеттi.
Жалақы төлеу күнi демалыс немесе мереке күндерiне
тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргiзiледi.
Тиiстi төлем төлеуге байланысты оқиғаның алдындағы 12
күнтiзбелiк ай орташа жалақыны есептеу үшiн есептiк кезең болып
табылады. Күнтiзбелiк 12 айдан аз жұмыс iстеген қызметкерлер
үшiн орташа айлық жалақы нақты жұмыс iстелген уақыт бойынша
айқындалады.
Сұрақ: Біздің ұйымымызда еңбек ақыны бір-екі айға жиі
кешіктіреді. Газеттерде тіпті жарты жыл және бір жыл бойы
еңбек ақы төлемеген жағдайларды прокурордың анықтағаны ту-
ралы жазады. Өз құқықтарымызды қорғау үшін қандай шаралар-
ды қолданған жөн ?
Жауап: Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жалақы төлемдерiн төлеу-
ді кешiктiрген кезде, жұмыс берушi қызметкерге берешек пен
өсiмақыны төлейдi. Өсiмақы мөлшерi жалақы төлеу күнiне Қа-
зақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру
ставкасын негiзге ала отырып есептеледi және төлем жүр-
гiзiлуге тиiстi күннен кейiнгi күннен бастап әрбiр кешiктiрiлген
күнтiзбелiк күн үшiн есептеледi және төлем жасалған күнмен
аяқталады. Өсімақыны өндіру үшін мемлекеттік инспекторға не
сотқа жүгінуге болады.
Осы ереже қызметкердің жұмыстан шығуы кезінде оған тиесiлi
барлық сомаларды уақытылы төлемеген кезде де қолданылады.
Атап айтқанда, жұмыстан шыққан кезде қызметкерге тиесілі сома-
ны төлеу жұмыстан шыққан кейінгі 3 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей
жүргiзiледi.
Қызметкердiң
жалақысынан ұстап қалу сот шешiмi бойын-
ша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
51
жағдайларда жүргiзiледi. Мысалы, Қазақстан Республикасының
Қылмыстық-атқару кодексінің 103-бабында сотталған адамдардың
жалақысынан, зейнетақысынан, жәрдемақысынан және өзге де
кiрiстерiнен атқару парақтары немесе басқа да атқару құжаттары
бойынша сомаларды ұстап қалу көзделген. Түзеу мекемелерiнде
сотталған адамдардың жеке шотына ұстап қалғаннан кейiн оларға
есептелген жалақының, зейнетақының немесе өзге де кiрiстерiнiң
кемiнде 50 % аударылады.
Қызметкердiң өзi жұмыс iстейтiн ұйымға берешегiн өтеу үшін
оның жалақысынан ұстап қалу бұйрықтың және қызметкердiң жаз-
баша келiсiмі негiзiнде жүргiзiледі.
Ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мөлшері қызметкерге ти-
есілі жалақының 50 пайызынан аспауға тиіс.
ЕК-нің 13-тарауы
қызметкерлерге кепілдіктер мен өтемақы
төлемдерін көздейді. Сонымен, 149-бап жұмыс орнын (лауазы-
мын) сақтай отырып мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi
орындауға тартылған уақытқа қызметкерлерге кепілдіктерді бекі-
теді: жалақы аталған мiндеттердi орындайтын жерi бойынша, бiрақ
негiзгi жұмыс орнындағы орташа жалақысынан төмен емес жалақы
төленедi.
Әскерге шақыру және мерзімді әскери қызмет уақытында
қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Сондай-ақ жұмыс орыны (лауазымы) мен жалақысы жұмыс бе-
рушінің қаражаты есебінен мерзімді медициналық тексеруден өту
кезінде; донор болып табылатын қызметкердің, тексерілу уақы-
тына және қан және оның компоненттерін өткізу; сондай-ақ ісса-
пар уақытында да сақталады. Оған қоса, іссапарларға жiберiлетiн
қызметкерлерге iссапарда, оның iшiнде жолда болған күнтiзбелiк
күндерi үшiн тәулiктiк төлемдер; баратын жерiне дейiнгi және керi
қайтудағы жол жүру шығыстары; тұрғын үй жалдау шығыстары
төленедi (ЕК-нің 152-бабы).
Қызметкер жеке мүлкiн жұмыс берушiнiң мүддесiне және оның
келiсiмiмен пайдаланған кезде жұмыс берушi құрал-саймандарды,
жеке көлiктi, басқа да техникалық құралдарды пайдаланғаны, тоз-
дырғаны үшiн және оларды пайдалану шығыстарына тараптардың
келiсiмi бойынша өтемақы төлеуді жүргiзедi.
52
Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
Жұмыс жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипаты бар не қызмет
көрсету учаскелерi шегiндегi қызметтiк сапарлармен байланыс-
ты болғанда, тұрақты тұратын жерiнен тысқары жерде болған әр
күн үшiн өтемақы төлемдерi жүргiзiледi. Мұндай жұмыстар қыз-
меткерлеріне темiржол, өзен, теңiз, автомобиль көлiгi, азамат-
тық авиация, автомобиль жолдары, магистральдық байланыс
желiлерi мен олардағы құрылыстар, радиорелелiк желiлер және
олардағы құрылыстар, электр берiлiсiнiң әуе желiлерi және олар-
дағы құрылыстар, байланыс объектiлерi қызметкерлері, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы учаскелерiне
қызмет көрсететiн қызметкерлер жатады.
Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық, iздестiру
ұйымдарының қызметкерлерiне далалық жағдайда жұмыстар орын-
даған кезде далалық жабдықталым ақшасы төленедi.
Далалық жаб-
дықталым ақшасын төлеу жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын-
да болған уақытты қоспағанда, дала жұмыстарында болған барлық
күнтiзбелiк күндер үшiн жүргiзiледi. Қызметкер далалық ұйымнан iс-
сапарға шыққан кезде оған далалық жабдықталым ақшасын төлеу
тоқтатылады, ал iссапарға байланысты шығыстар өтеледi.
Оған қоса, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерлерге
әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу үшiн негiз болып табылатын еңбек-
ке жарамсыздық парақтары бойынша уақытша еңбекке жарамсыз-
дығы бойынша
әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге міндетті.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы
төлемеудің негіздері
еңбекке
уақытша
жарамсыз-
дық iшiмдiк,
есiрткi
және уытты
заттарды
пайдалануы
салдарынан
туындаған
кезiнде
жыл
сайынғы
ақылы ең-
бек дема-
лысымен
сәйкес
келетiн
уақытша
еңбекке
жарамсыз
күндер
үшiн
соттың
ұйғарымы
бойынша
қызметкердi
мәжбүрлеп
емдеген
(психикалық
аурулардан
басқа) уақыт
үшiн
Қызмет-
кердi күзет-
пен қамауда
болған уақыт
үшiн және
сот-меди-
циналық
сараптама
жасалған
уақыт үшiн
қызмет-
кердің қыл-
мыс жасауы
кезiнде алған
жарақат-
тарының
салдарынан
болған
еңбекке
уақытша
жарамсыз-
дық