Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу Зиян келтіргені үшін жауапкершілік түрлері



жүктеу 232,25 Kb.
Дата26.01.2022
өлшемі232,25 Kb.
#35045

Азаматтың өмірі мен

денсаулығына

келтірілген зиянды өтеу

Зиян келтіргені үшін жауапкершілік түрлері

♦Азаматтың шарттық және өзге де мiндеттемелердi орындау кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу

♦ Денсаулықты зақымдау арқылы келтiрiлген зиянды өтеудiң көлемi мен сипаты

♦Кәмелетке толмаған адамның денсаулығы зақымданған кезде зиянды өтеу

♦Азаматтың қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеу

♦Заңды тұлға тоқтатылған ретте зиянды өтеу

♦Жерлеуге жұмсалған шығындарды өтеу

♦мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және олардың лауазымдарымен зиян келтіргені үшін жауапкершілік.

Азаматтың шарттық және өзге де мiндеттемелердi орындау кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу

    


Азаматтың шарттық мiндеттемелердi, еңбек (қызмет) мiндеттерiн, әскери қызмет мiндеттерiн орындауы кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян, егер заң актiлерiнде немесе шартта көтерiңкi жауаптылық көзделмесе, осы тараудың ережелерi бойынша өтеледi.

Денсаулықты зақымдау арқылы келтiрiлген зиянды өтеудiң көлемi мен сипаты


Азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан, онда болған не анық иелене алатын табыс (кіріс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығыстар (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, протез салғызуға, басқа адамның күтім жасауына, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке даярлауға және басқалар), егер жәбірленуші көмек пен күтімнің осындай түрлеріне мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылса, өтелуге жатады.

      Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, протез салғызуға, басқа адамның күтім жасауына, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке даярлауға және басқалар), қызметкердің денсаулығына зиян келтірген жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген шектерде өтейді.

Кәмелетке толмаған адамның денсаулығы зақымданған кезде зиянды өтеу


Жасы он төртке жетпеген және табысы жоқ кәмелетке толмаған адам (жас бала) жарақат алған немесе денсаулығы өзгедей зақымданған жағдайда зиян үшiн жауапты адамдар денсаулықтың зақымдануына байланысты шығындарды өтеуге мiндеттi.

      2. Жәбiрленушiнiң он төрт жасқа толғаннан кейiн, сондай-ақ табысы (кiрiсi) жоқ он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағанға зиян келтiрiлген жағдайда зиян үшiн жауапты адамдар денсаулығының зақымдануынан туындаған шығындардан басқа, еңбекке ақы төлеудiң заң актiлерiмен белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштi негiзге ала отырып, оның еңбек қабiлетiн жоғалтуына және еңбек қабiлетiнiң төмендеуiне байланысты зиянды да жәбiрленушiге өтеуге мiндеттi.

      Егер денсаулығы зақымданған кезде кәмелетке толмаған адамның табысы болса, зиян осы табыстың мөлшерi негiзiнде, бiрақ еңбекке ақы төлеудiң заң актiлерiмен белгiленген кемiнде он еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтеледi.

Азаматтың қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеу


Азамат қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адамдардың, қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейiн туған баласының, сондай-ақ ата-анасының бiреуі, зайыбы не еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан жұмыс iстемейтiн және қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерiн, жасы он төртке толмаған не аталған жасқа толса да, медицина органдарының қорытындысы бойынша денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның күтуiне мұқтаж аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын (жас балаларды) күтумен айналысатын, отбасының басқа да мүшесiнiң зиянды өтетiп алуға құқығы бар.

      2. Қайтыс болған адамның асырауында болған және ол қайтыс болғаннан кейiн бес жылдың iшiнде еңбекке жарамсыз болып қалған адамдардың да зиянды өтетiп алуға құқығы бар.

    

Заңды тұлға тоқтатылған ретте зиянды өтеу


Өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты болып танылған заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда тиiстi төлемдердi төлеу жөнiндегi мiндетiн оның құқықтық мирасқоры алады. Оған зиянды өтеу жөнiнде талаптар қойылады.

      2. Өмір мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн белгіленген тәртiппен жауапты болып танылған заңды тұлға таратылған жағдайда тиiстi төлемдер заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген ережелер бойынша оларды жәбiрленушiге төлеу үшiн капиталдандырылуы тиіс.



      3. Таратылатын заңды тұлғада мүлiктiң болмауы немесе жеткiлiксiз болуы себептi төлемдердi капиталдандыруды жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайларда тағайындалған сомаларды жәбiрленушiге заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен мемлекет төлейдi.

Жерлеуге жұмсалған шығындарды өтеу


Жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты зиян үшiн жауапты адамдар жерлеуге қажеттi шығындарды осы шығындарды көтерген адамға өтеуге мiндеттi.

      Осы шығындарды көтерген азаматтардың жерлеуге арнап алған жәрдемақысы зиянды өтеу есебiне қосылмайды.

Назарларыңызға рахмет
жүктеу 232,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау