66
Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкiмшiлiк
қамау түрiнде әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолданудан азаматқа кел-
тiрiлген зиянды өтеуге байланысты еңбек құқықтарын қалпына
келтiру туралы талаптар талап қоюшының тұратын жерi бойынша
қойылуы мүмкiн.
Талап қоюшы iс соттауына жататын бiрнеше соттың арасынан
бiреуiн таңдап алады.
67
ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТIК
ӘРIПТЕСТIК
9
Еңбек құқығындағы
«әлеуметтiк әрiптестiк» – бұл қыз-
меткерлер, жұмыс берушiлер, мемлекеттiк билік, жергілікті
өзін-өзі басқару органдары арасындағы еңбек және олармен тi-
келей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелерi
бойынша
қызметкерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерін
келісуге бағытталған өзара қатынастар жүйесi.
Әлеуметтік әріптестік жүйесінде қызметкерлердің мүдделерін
кәсіподақ органдары, олардың бірлестіктері және/немесе өзге де
жеке және/немеесе заңды тұлғалар, уәкілетті қызметкерлер; ал жұ-
мыс берушілердің мүдделерін – бірінші басшы, оның орынбасар-
лары, жұмыс беруші әкімшілігінің өзге қызметкерлері; жеке кәсіп-
кер, кәсіпкерлер одақтары (мысалы, Қазақстандық өнеркәсiпшiлер
мен кәсiпкерлер одағы) білдіреді. Оған қоса жұмыс берушілердің
өкілдері сондай-ақ құрылтай құжаттарының немесе сенімхаттың
негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер топтарының
мүдделерін білдіруге өкілетті жеке тұлғалар мен (немесе) заңды
тұлғалар болуы мүмкін.
Оған қоса мүдделерді келісуге келіссөздер арқылы қол жет-
кізіледі, олардың барысында тараптар еңбек жағдайлары мен
оның төлемі, қызметкерлерге берілетін әлеуметтік кепілдіктер
мен кәсіпорыны қызметіндегі олардың рөлі туралы уағдаласады.
Әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту ынтымақтастық, ымырала-
су негізінде қызметкерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерінің
тепе-теңдігіне қатысты қол жеткізу мүмкіндігін жасайды, әлеуметтік
келісімге әкеледі, әлеуметтік әділдікке қол жеткізуге жәрдемдеседі.
68
Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК НЫСАНДАРЫ
ұжымдық шарттар-
дың, келiсiмдердiң
жобаларын дайындау
және оларды жасасу
жөнiндегi ұжымдық
келiссөздер
қызметкерлер
мен жұмыс
берушiлер өкiл-
дерiнiң еңбек
дауларын сотқа
дейiн шешуге
қатысуы
еңбек қатынастарын және
олармен тiкелей байланысты
өзге де қатынастарды реттеу
мәселелерi бойынша келіссөз-
дер, қызметкерлердiң еңбек
саласындағы құқықтарының
кепiлдiктерiн қамтамасыз
ету және еңбек заңнамасын
жетiлдiру
Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары – бұл тиiстi атқарушы орган-
дар атынан мемлекет, белгiленген тәртiппен уәкiлеттiк берiлген өз
өкiлдерi атынан қызметкерлер мен жұмыс берушiлер.
Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары арасындағы келісімдерді
жасасу тәртібі ЕК-нің 30-тарауында реттелген.
Еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердiң жағда-
йын нашарлататын келiсiмнiң ережелерi жарамсыз деп таныла-
ды және қолданылмауға тиiс.
69
ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI
ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ
ҚҰҚЫҚТАРЫ
10
Еңбек қауiпсiздiгi – бұл қызметкерлерге зиянды және (неме-
се) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiн болғызбайтын не қы-
зметкердің денсаулығына залал келтіру мүмкіндігіне байланыс-
ты жол берілмеуі қажет қатер болмайтын жұмыс орнындағы
еңбек жай-күйi. Еңбек қауіпсіздігін жасау немесе қолдау бойынша
қызметті «техникалық қауіпсіздік» деп атайды.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптар
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен
белгiленедi және қызметкерлердiң еңбек қызметi процесi кезiн-
де олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ереже-
лердi, рәсiмдер мен нормативтердi қамтиды. Мысалы, 2011 жылғы
11 мамырдағы Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдасты-
ру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы; 2011 жылғы 28
қазандағы Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiм-
дерiн тексеру қағидалары мен мерзiмі; 2012 жылғы 25 қаңтардағы
Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім,
арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру
нормалары; Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл
сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының
жоғары мөлшерiне құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiп-
тер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдай-
лары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың
тiзбесi; 2007 жылғы 31 шiлдедегi Жұмыс уақытының қысқартылған
ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және
еңбекақының жоғары мөлшерiн беру қағидалары және т. б.
Жұмыс берушiлер мен қызметкерлер еңбек қауiпсiздiгi және ең-
бектi қорғау жөнiндегi талаптарды орындауға мiндеттi.
Еңбек қызметі процесіндегі
қызметкерлердің еңбек қауiпсiздi-
гi және
еңбектi қорғау құқықтары кепілдіктері ЕК-нің 311-бабын-
да бекітілген.
Сонымен,
жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң жағдайла-
ры ұлттық стандарттарға, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау