6
Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
Сұрақ: Егер мен өз еркіммен 31 мамырдан бастап жұмыс-
тан шығу туралы өтініш жазған болсам, мен қай күннен бастап
жұмысқа шықпауым қажет – 31 мамырдан ба немесе 1 маусымнан
ба?
Жауап: Бұл жағдайда мерзім күнтізбелік күнмен анықталған,
оның үстіне жұмыстан шығу күні жұмыстың соңғы күні болып та-
былады. Сондықтан сіз 1 маусымнан бастап жұмысқа шықпай-
сыз.
Мысалы, сәбиін 3 жасқа толғанға дейін күтіп-бағуы бойынша
демалыстан жұмысқа келген әйел екі жыл бұрын өзінің келісімісіз
төмен лауазымға ауыстырылғандығын білді. Заңмен өз құқығын
қорғауға берілетін бір жыл мерзім оны заңсыз ауыстыру туралы
бұйрықтың шыққан күннен бастап емес, оның бұл туралы нақты
білген күннен бастап өтетін болады.
Мерзiм күнтiзбелiк күннен басқа жылдармен, айлармен, ап-
талармен немесе күндермен есептелетiн уақыт кезеңiнiң аяқта-
луымен
айқындалады. Мысалы, «сәби үш жасқа толғанға дейін».
Мерзiм басталуға тиiс
оқиғаны көрсетумен де айқындалуы мүмкiн.
Мысалы, қызметкер объектісінің құрылысы уақытына жұмысқа қа-
былданған. Құрылыстың аяқталуы мұнда басталуы тиіс оқиға бо-
лады.
Кодексте көзделген жағдайларда мерзiм күнтізбелік күндермен
емес, жұмыс күндерiмен есептеледi.
Уақыт кезеңiмен айқындалатын мерзiмнiң ағымы оқиғаның
басталуы белгiленген күнтiзбелiк күннен кейiнгi күнi басталады.
Мысалы, ЕК-нің 172-бабы жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi
органдарға жүгiну үшiн мынадай мерзiмдерді белгiлейді:
1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – еңбек шартын
бұзу туралы бұйрық көшiрмесi табыс етiлген күннен бастап
үш ай.
Бұл үш ай мерзім бұйрықтың көшірмесін табыс еткеннен кейінгі ке-
лесі күннен бастап өтетіндігін білдіреді.
2) басқа еңбек даулары бойынша – қызметкер немесе жұмыс
берушi өз құқығының бұзылғаны туралы бiлген немесе бiлуге тиiстi
күннен бастап
бiр жыл.
7
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТУЫНДАУЫ.
ЕҢБЕК ШАРТЫ
2
Практикада
еңбек шартын белгілі жұмыс түрлері немесе қыз-
мет көрсетулерді орындауға арналған
азаматтық-құқықтық шарт-
пен жиі
шатастырады.
Еңбек құқығы қатынастарының субъек-
тілері (қатысушылары)
Жұмыс беруші (заңды
немесе жеке тұлға)
Қызметкер
(жеке тұлға)
ЕҢБЕК ШАРТЫ
– қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша
келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функ-
циясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін
сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісіл-
ген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте,
Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік
құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің ак-
тілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызмет-
керге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндет-
тенеді.
8
Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
Еңбек шартында мына талаптардың бiреуiнiң болуы (ЕК-нің
27-бабы):
1) қызметкердiң жұмысты белгiлi бiр бiлiктiлiк, мамандық,
кәсiп немесе лауазым бойынша орындауы;
2) мiндеттемелердiң еңбек тәртiптемесiне бағына отырып
жеке орындалуы;
3) қызметкердiң еңбегi үшiн жалақы алуы еңбек шартының
шарттардың өзге түрлерiнен айырмашылық ерекшелiгi болып
табылады.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ БОЙЫНША
ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУҒА
16 ЖАСҚА ТОЛҒАН АЗАМАТТАРМЕН ЖОЛ БЕРІЛЕДІ (ЕК-НІҢ 30-
БАБЫ)
Сондай-ақ 16 жасқа толмаған адамдармен
ата-анасының
бiреуiнiң, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап
алушысының жазбаша келiсiмiмен келесі жағдайларда еңбек
шарты жасалуы мүмкін:
сабақтан
бос
уақытында, денсау-
лығына зиян кел-
тiрмейтiн және оқу
процесiн бұзбайтын
жұмысты
орын-
дау үшiн, 14 жасқа
толған оқушылар-
мен. Мұндай еңбек
шартына сондай-ақ
оның ата-анасының
бiреуi, қорғаншысы,
қамқоршысы
қол
қоюы тиiс.
кинематография
ұй-
ымдарында,
театрлар-
да, театр және концерт
ұйымдарында,
цирктер-
де денсаулығына және
адамгершiлiк тұрғысынан
дамуына нұқсан келтiрмей,
шығармалар жасауға және
(немесе) орындауға қатысу
үшiн сабақтан бос уақытын-
да, денсаулығына зиян кел-
тiрмейтiн және оқу процесiн
бұзбастан, 14 жасқа тол-
маған адамдармен.
ж а л п ы
орта
бi-
лiм
алған
жағ дайда,
15
жасқа
толған аза-
маттармен